Ильясова Жанат Сайлауовна


Ильясова Жанат Сайлауовна

ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің«№6 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық тәжірибесі: 18 жыл

Санаты: Жоғары

  •  
  • Сертификатталған ұстаздарға арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы 2018 ж – Сертификат (№4408)
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Халықаралық қашықтық олимпиадасы
  • «BS-PRESS» Республикалық білім беру порталы 2018 ж. – Диплом ІІ орын

(№ 17-02-2341)

  • «Просвещение» Республикалық ақпараттық – әдістемелік орталығы ұымдамдастырған “Жаңартылған оқу бағдарламасы”атты республикалық олимпиадасы 2019 ж. Диплом

 ІІ дәрежелі (№0000120)

  • «Просвещение» Республикалық ақпараттық – әдістемелік орталығы ұымдамдастырған “Кәсіби құзыреттілік: бастауыш сыныптардың мұғалімі”атты республикалық олимпиадасы  2019 ж. – Диплом І дәрежелі (№0000095)
  • USTAZtilegi Республикалық бастауыш сынып ұстаздары арасында  «Зияткерлік олимпиада» – 2019ж. – Диплом ІІ дәреже (№572458616Q5)
  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы Qaztest.kz cайтында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасы 2019 ж. – Диплом

ІІІ дәреже (№D-50050)

  • Республикалық педагогикалық фестиваль 2019 ж. – Диплом (№0070)
  • «Білім және Ғылым» атты Республикалық Шығармашылық  фестивалде «Үздік әдістемелік құрал» 2019 ж. – Диплом (№6584)
  • «Алые Паруса» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының жас суретшілердің  І Халықаралық шығармалар байқауына жеңімпаздарды дайындаған үшін Диплом 2019 ж. (№1918 )
  • «Оқу-тәрбие процесінде инновациялық технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру» облыстық педагогикалық шеберхана 2019 ж. – Сертификат (№000378)
  • «Педагогика: дәстүрлер және инновация» KIO Республикалық қашақтық олимпиадасы 2019 ж. – Сертификат (№І669353)
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған KIO Республикалық қашақтық олимпиадасы 2019 ж. – Сертификат (№I643522)
  • Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада ұймдастыруымен өткізілген пәндік олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны, дарынды оқушылардың ынталауына мүмкіндік тудырумен қатар шығармашылық қабілетін шыңдауға дағдыландырып, білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хат 2018 ж.
  • Жалпы орта білім алушылары арасында қашықтықтан ұйымдастырылып жатқан www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет олимпиада байқауында білім алушылардың ынтасын арттыруға, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Алхыс хат     2018 ж.

«kazrio.kz – жас өркен» – білім мен қабілетті дамыту орталығы қолдауымен ұйымдастырылған  «Мәнерлеп оқу» атты Республикалық шығармашылық байқауына шәкірттерді дайындағаны үшін Алғыс хат 2019 ж

Педагогикалық өмірбаяным

Ильясова Жанат Сайлауовна 1976 жылы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы ( Семей облысы ), Көкпекті  ауданында дүниеге келдім.

1991 жылы «Алтын ұямды» ойдағыдай өте жақсы аяқтап, Өскемен қаласындағы педагогикалық колледжге түстім. Төрт жыл оқып, «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша білім алдым. «Ел есінде бір жыл қалғын келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле»  дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық болғандықтан, білімімді Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінде жалғастырдым. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бакалавриатының толық курсын бітіріп, БАКАЛАВР академикалық дәрежесін және бастауыш сынып мұғалімі біліктілігін алдым.  Жоғарғы оқу орнын үздік аяқтадым. 2001 жылы Өскемен қаласындағы «№6 орта мектебі» КММ өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 18 жылдан аса уақыт болды. Осы мектепте бүлдіршіндерге жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім, тәрбие беру үстіндемін.

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық мақсатым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым – өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, қазақ елін әлемдік  кеңістікке еркін самғата алатындай, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу.