Әр адам-бір жеке тұлға


Мырзағалиева Венера Мақсотқызы

БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №4 «Айгөлек» бөбекжайы тәрбиешісі

         Сайыстың бағыты: Педагогикалық мақала

Жұмыстың тақырыбы: «Әр адам –бір жеке тұлға»

Бала-ізін,бала деген ғажап шақ

Бір байыптап соңымызға қарасақ.

Ойынменен жетіледі балалар,

Бала шақтан бастау алар-

Болашақ!

Құттай ғана сәби әлі өзіндік «мен»деген көзқарасы толық қалыптаса қоймаған жан.Дегенмен,әлемнің бар байлығын анасы мен әкесі сол құйтымдай балаға сыйлағысы келері хақ.Ал,біз балабақша тәрбиешілері сол балақандарды ұжымдық ортада тәрбиелеу үшін жан аямай жүрген жандармыз.Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» деген әңгімесі естеріңізде болар.Сол әңгімеде қисық өскен ағаш пен түзу ағашты көрген баласы әкесінен бұның себебін-«күтімінде,ал адам баласының қисық болмай дұрыс өсуі берген тәрбиеден»демей ме? Жас бала-жас шыбық,қалай исең солай иіледі.Сол үшін де «балабақша» атты біздің ғажайып үйіміз ізденіспен,шығармашылықпен жұмыс істейді.

Сондықтанда мен Мырзағалиева Венера Мақсотқызы1983 жылы 6 наурызда дүниеге келдім.Мамандығым Орал Гуманитарлық Коледжін «мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту»мамандығы бойынша бітірдім.Мамандығым бойынша 2 жылдай еңбек етіп келемін,жас маманмын.Тәрбиешілік қызметтің  болмысы терең,игілігі мол іс.Тәрбиеші деген  сөздің мағынасына үңілсек,мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз.Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек,тәрбиешіге артылыр жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді.Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ,ол ертең мектепке барып саналы түрде білім алуға тырысады.Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады.

«Бала жүрегі-кішкентай күйсандық.Ол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылыды.Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» дейді ақын Мұхтар Шаханов.Тәрбиеші үнемі алға талпынып,жас ұрпақ тәрбиесінде белсенді араласуға,балалар арасында беделді болуға міндетті және де моралдық жағынан биік болуы,өз мамандығын жақсы көруі шарт.Сонымен қатар тәрбиеші бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін,қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог болуы керек екенін тәрбиешілік салада жүріп үйрене бастадым.Тәрбиешінің жүрегі болу керек.Бала да жақсы көру,еркелету сезімдерін жақсы түсінеді.Баланы тәрбиелеу ,оның жеке басы қасиетін қалыптастыру,күнделікті өмірде жүзеге асырылады.Сондықтан да тәрбиеленушінің күнделікті өмірі мен ісінің әр түрлі маңызды болуы,жасына қарай білім салаларының құзреттіліктерін қалыптастыруға құрылуы өте маңызды.Баланы өзге балалармен салыстыруға болмайды,әр баланың өзіндік ерекшеліктері,табиғи мүмкіндіктері,қабілеттері,даму қарқыны, бейімділігі тәрбиесі болады.Соны көре біліп,мінез ерекшелігін ашу керек.

Ақын Мұқағали ағамыз айтқандай «адам өмірінің бақыты-балалық шағы.Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түсіреді»деген екен.Бала бақытты болу үшін жүрек жылуын аямай ата-аналарымен бірлесе отырып түрлі қызықты шаралар өткізіп,балаларға қуаныш сыйлауға тырысамын.Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан деп Абай атамыздың айтқанындай кісілігі мол, рухани бай,бақытты,елжанды бала-біздің болашағымыз.

Сонымен мен-тәрбиешімін!…..

Әлемде мамандық түрі әр алуан,бірақ бұл менің мамандығым-менің таңдауым!

Тәрбиеші дегенің-ерекше сөз.

Бұл сөздің түбінде тұр асыл,жақұт.

Бала деген-бұлағы тұнық судың.

Сол бұлақтың жүрейік көзін ашып.