«Тілі байдың-ойы да бай»- атты Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5- сыныптарға арналған қосымша оқу -құралы құралы бойынша бағдарлама


 Досбаева Алуа Сайлаубекқызы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы»ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Түсінік хат

(Аннотация)

Көмекші құрал  қазақ тілінде емес мектептерде жүргізілетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа арналған. Бұл жұмыс   қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру мазмұны аясында қызмет жасайтын мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде жасалған.

         Мақсаты : орта білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру аясында  мұғалімдердің пән бойынша күнделікті сабақтарында  бөлім бойынша тапсырмаларды орындатуға  арналған  әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

– бөлім бойынша  тақырыптық  тапсырмаларын электронды нұсқада әрбір оқу процесіне  сай қолдану;

– тыңдалым, оқылым мәтіндерін негізгі тақырыпқа сай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес  жасау;

– жинақ тапсырмаларының мазмұны, формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

– тапсырма сай, нақты, валидті етіп жасау.

Күтілетін нәтиже : оқу мақсатына сәйкес жасалған тапсырмалар арқылы мұғалім  оқушылардың білімдерін пысықтай алады,  оқушының тақырыпты  меңгеруіне көз жеткізеді,  оқушылар  тапсырмаларды қызыға орындайды.

Бұл көмекші құрал тапсырмаларын орындау барысында оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.5 сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп құрастырылды. Бөлімдік тапсырмалар ұзақ мерімді жоспарға сүйеніп жасалды.Жалпы тапсырмалар  тыңдалым, оқылым бойынша жүйеленіп құрастырылған.Бағдарламаға сай грамматикалық тапсырмалар да берілген. Тілді үйретудің  басты мақсаты оқушылардың қазақша сөйлеуі .

болғандықтан : 

  • сөйлемдерді дұрыс құрастыру;
  • мәтіннің жүйелі ретін табу;
  • тапсырманың дұрыс,бұрыстығын анықтау;
  • сөз аудармаларын сәйкестендіру;
  • мәтін мазмұнына сай негізгі идеяны анықтау;
  • мәтін мазмұнына байланысты сұрақтарға дұрыс жауап беру т.б тапсырмалар құрастырылған.

Тапсырмалар толық оқушының өз –бетінше жұмыс істеуіне бағытталған.

Көмекші құрал  мұғалімдерге  және жас мамандарға қазақ тілін үйретуде септігін тигізіп, уақытты  үнемдеуге көмектеседі  деген  сенімдеміз.

” Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінен  5- сыныптарға арғалған қосымша оқу- құралы туралы негізгі мәліметтер:

  • Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық.

Өзектілігі: Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда 5- ші сынып мектеп оқушыларына қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру мазмұны аясында. оқу сауаттылығын тереңдетіп оқыту мақсатында лексика бөлімі бойынша оқушыға тілдің грамматикасы  жөнінде толық  тапсырмалар  беру көзделеді.

  • Бағдарлама: 5 -сынып оқушыларына арналған.
  • Қажеттілігі: Негізгі деңгейдегі оқушы білімі меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады. Ана тілінде оқытылатын құралдың мақсаты негізінде тілді жақсы меңгеру үшін оқушылардың оқу, сөйлеу, жазу сауаттылығын, яғни функционалдық сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарасты мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып, оқытуды басшылыққа алады.

МАҚСАТЫ:

 Қосымша оқу – құралының негізгі мақсаты – оқушының коммуникативтік дағдыларын, жеке тұлғаның тіл мәдениетін,тіл сауаттылығын  дамыту. Практика арқылы  тілді дамытудың қажеттілігі толықтырылады. Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне  соның ішінде  өз Отанымыздың тарихымына  деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.

Міндеттері:

  • Отанымыздың тарихы туралы мәлімет беру:
  • Салт-дәстүр мен мәдениеттілікті сақтау туралы түсінік;
  • Мәліметтті дұрыс тыңдап,оқу талаптарын меңгерту;

Оқу  құралы көлемінде оқушылар игеруге міндетті білік, дағдылар:

Нені білу керек?

  • тыңдалым материалын зейін қойып тыңдау арқылы тапсырмаларды орындау;
  • мәтіндердің мазмүнын  оқып және түсіну;
  • жазбаша жұмыстарды сауатты орындау білу.

Пікір  беруші:

Қазақстан Респуликасы Білім және Ғылым министрлігі «Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық институтының» филология ғылымдарының кандидаты, доцент К.М. Мырзағалиева.

” Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінен 5- сыныптарға арналған қосымша оқу –  құралы 5  сыныптарға арналған  А.С.Досбаева  –Қостанай,2020-6

” Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінен 5- сыныптарға арғалған қосымша оқу – құралы бойынша күнтізбелік жоспар.

Бөлім атаулары Тақырыптары
1 Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер Қазақ отбасы.
Бата
2 Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала Қазақ тілі сабағында
Мектеп өмірі
3 Қазақстандағы жан- жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Жан-жануарлар туралы ертегілер, жұмбақтар Қоянның құлағы неге ұзын?
Өсімдіктер әлемі
4 Ежелгі көшпелілер мәдениеті Алтын адам
Қасиетті Түркістан қаласы.
5 Су – тіршілік көзі Қазақстан көлдері.
Су –тіршілік көзі
6 Әлемдегі ірі кітапханалар Қазақстандағы ең көне және ең ірі кітапхана
Түйе үстіндегі кітапхана.
7 Денсаулық – зор байлық Денсаулық – зор байлық.
Ұйқының пайдасы.
8 Менің тәуелсіз Қазақстаным Ең танымал археологиялық қазба
Нұр-Сұлтан қаласы
9 Аспан әлемінің құпиялары Жеті қарақшы жұлдызы
Аспан жұлдыздары бағыты
10 Компьютердің тілін табу – өнер Компьютерді пайдалануға кеңес
Компьютердің адам ағзасына зияны мен пайдасы
11 Қазақстандағы ұлттар достастығы Қазақстан –көп ұлтты мемлекет
Бірлігі жарасқан ел
12 Ұлы дала табиғаты Науырзым мемлекеттік  табиғи  қорығы
Ұлттық саябақтар
13 Ер есімі – ел есінде Ғ.Мүсірепов. «Қазақ солдаты» романы  (үзінді) Ғабит Мүсірепов
Қазақ солдаты

Пайдалаңылған әдебиеттер тізімі:

1. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстұрлері мен әдет-ғұрптары.Алматы: Ана тілі, 1994

2. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық жобасы.Тыңдаушыларға арналған оқу құралы.  Алматы. 2015.

3. Зейнулина А.Ф., Балапанов Н.М. Іскери-кәсіби қазақ тілі. Павлодар. «Эко» баспасы. 2006.

4.  Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004 .

5.  Г.Тайсюганова, З. Рахмет. Қызықты грамматика. Алматы кітап. 2007 ж.

6.Досжан  Д.Сен білесін бе?.Алматы. 2002.

7.Султанбеков Т. Ғажайып  планета. Алматы, 2008.

8.  http://balalaralemi.kz/catalog/view/24

9. https://erketai.org/balalardin-olenderi/

10. http://engime.org/megilik-el–aza-elini-ltti-ideyasi.htm

11. https://u.to/V0nVEw