Тіршілік орталары, экологиялық фактор.


Саулебаева Гулбаршын Коскалиевна

Маңғыстау облыстық медицина колледжінің басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары химия – биология пәні оқытушысы

Cабақтың тақырыбы :  Тіршілік орталары, экологиялық фактор.

Гүлбаршын Сәулебаева,

Маңғыстау облыстық медицина колледжінің химия  пәні оқытушысы.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділігі: Студенттерге тіршілік орталары,  абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлардың ағзаға қалай әсер ететінін нақты дәлелдер арқылы түсіндіру.

Дамытушылығы: Өткен  сабақпен  жаңа  сабақты  ұштастыра  келе, сұрақ-жауап, әр түрлі  деңгейлік  тапсырмалар  негізінде  студенттердің  бір – бірімен  пікірлесе  отырып ортақ  қорытынды  шығаруға, өз  ойларын  еркін  жеткізе  білуге  баулып,  білім-  білік  дағдыларын  қалыптастырып, сабаққа  деген  қызығушылығын  арттыру.

Тәрбиелігі:  Оқушылардың  туған  жерге, өлкеге  деген  сүйіспеншілігін  арттырып,  еліне  деген  мақтаныш сезімін  ояту. Туған  өлкесінің, жерінің  табиғатын  қорғауға  баулу, салауатты  өмір  салтын  сақтауға,  тапқырлыққа, алғырлыққ, шығармашылықпен  жұмыстануға  баулып,  эстетикалық  және  патриоттық  тәрбие  беру.

Сабақтың  түрі:   Саяхат сабақ.

Сабақтың  әдісі: Сұрақ – жауап,  деңгейлік  тапсырмалармен  жұмыс,  өзін-өзі  бағалау.

Сабақтың  көрнекілігі:  Деңгейлік  тапсырмалар, карточкалар, интерактивті тақта.

Пәнаралық  байланыс:  Экология, генетика,т.б.

Сабақтың формасы: жұппен жұмыс, ұжыммен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Сабақтың құрылымы және хронокартасы: 80 минут.

І. Ұйымдастыру: (5 мин)

1)Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

2) Оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үйге берген тапсырманы тексеру (20 мин)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (25 мин)

ІV. Сабақты қорытындылау (3 мин)

V. Жаңа сабақты бекіту(20 мин)

VІ.Бағалау (3 мин)

VІІ.Сергіту(3 мин)

VІІІ.Үйге тапсырма (1 мин)

I.Ұйымдастыру  кезеңі: Сабаққа қатысып отырған білімгерлерді түгендеу , сабақ құралдарын тексеру және реттеу.

Сергіту  сәті (оқушылар  бір – біріне  сәттілік  тілеу)

Қазақстан  Республикасының  рәміздеріне  тоқталу. «Қазақстандық  жол – 2050: Бір  мақсат, бір  мүдде,  бір  болашақ» жолдау  туралы  сипаттама  беріп  өту.

«Қазақстан-2050» стратегиясы

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр. Ол – әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру.

“Жасыл ел” бағдарламасының басты мақсаты – Жастарды жұмыспен қамту, аймақтарды көгалдандыру мен тазалығын сақтауға үлкен үлес қосып жүрген  «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған дәстүрлі жолдауының негізінде 2005 жылы 18 ақпанда құрылған. Штабтың басты мақсаты – жас ұрпақ бойына патриоттық және экологиялық тәрбие бере отырып, елдегі жұмыссыздық көлемін азайту.

Қазақстан тәуелсіздік ырысымыз.

Болашаққа бастайды әр ісіміз.

Егемен елімізді көркейтетін,

Жасыл елге айналу жұмысымыз.

Мақсатын хабарлау.

            Студенттер, бүгінгі біздің сабағымыз қатарға бөлініп, деңгейлік тапсырмаларды орындауды мақсат етеді. Сол үшін мен сендерді екі қатарға бөлдім. Топ басшысын сайлау. әр топ басшысы өз тобыңыздағы студенттердің аты – жөнін бағалау экранына жазу.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

   – Ал балалар біз бүгін Маңғыстау өлкесінің Шерқала, Ақмыш, Отпан тауларын  «Саяхат» ойыны арқылы тамашалап, әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында үйге берілген тапсырманы пысықтаймыз.

   Ойын шартымен таныстыру. Шарт бойынша «Жасыл ел» яғни биікке жету үшін 3 аялдамадан өтесіздер. Әр аялдамадан өткен сайын белгі қойып кетіп отырасыздар да, келесі аялдамаға дейінгі тапсырманы орындайсыздар. Бірінші аялдама «Шерқалаға» бару үшін сол аялдама туралы не білетінімізді ортаға салайық.

       Шерқала Маңғыстау облылысының төсінде орналасқан тау түзілісі. Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулер төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. 

Шерқала Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде  талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Халық сол жерде өмір сүріп,  дұшпандардың шабуылынан қорғанған екен. 

Таудың солтүстік бөлігі үздіксіз соққан желдің әсерінен қажалып, өзгеріске ұшыраған. Осы желдің әсерінен оның жан жағынан пайда болған жеке түзілістерді де байқауға болады. Ал оңтүстік бөлігі мен шығыс жағы тік жарлы. Жоғарғы жағы тегіс, адамның жүріп-тұруына ыңғайлы. Таудың етегінде төбесіне апаратын үңгір бар. Бірақ жергілікті қариялардың айтуынша, онда адамның кіруі қауіпті. Аңыз бойынша ол жерде өлген адамдардың жандары өмір сүреді екен. 

  1. «Шерқала»  аялдамасы   «Кім алғыр» деп аталады. 5 балл.

Шерқала тауының керемет әсемдігін тамашалай отырып, 1 – ші деңгей сұрақтарына жауап бресіздер, үш топқа да бірдей сұрақ беріледі. Ойлануға уақыт берілмейді. Топ басшысы жауап берген оқушыларды белгілеп, балын қойып отырасыздар. әр дұрыс жауапқа 5 балл. Экраннан тапсырманы көрсету.

1.Аймақтық экологиялық мәселелердің қандай ерекшеліктер бар?

2.Адамның табиғатқа ықпал етуінің екінші кезеңін сипаттаңдар.

3.Экологиялық апат дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

4.Қазіргі кездегі адамзатты толғандырып отырған жағымсыз факторларға нелер жатады?

5.Экологиялық дағдарыс дегеніміз не?

6.Экологиялық дағдарыстың экологиялық апаттан қандай айырмашылықтары бар?

Келесі аялдамаға кедергісіз жету үшін «Ақмыш » туралы білетінімізді ортаға салайық.

Ақмыш демалыс орны жұртқа мәлім Орталық Қаратаудың солтүстігіндегі жасыл желекке бөленген ең көрікті жер. Себебі мұнда жерасты бұлақ көздері мол. Қалың өскен сан ­алуан ірі бұталы шөп түрлері өскен ұзындығы бірнеше шақырымға созылған жылға бойы Иірдің ойына дейін созылып жатыр.

Кейбір деректерге қарағанда, Ақмыш өңіріне 1880 жылдардың аяғында Сұлтангелді Тауасар деген қолы ұзын дәулетті бір адам Астрахань қаласы жағынан 220 түп ағаш бұтағын алдырып егеді. Бұл көлемі ат шаптырымдай үлкен баққа айналыпты. Амал не, көздің жауын алатын құлпырып тұрған бақтың ағаштарын 1918 жылы қыста Ақмыштың үстімен өткен атаман Толстовтың отряды отынға пайдаланып отап өткен.
Кеңес дәуірінде де Ақмыш жеріндегі жұтаң тартқан бақта «Правда» деген ұжымшар орналасып, өсіп тұрған ағаштар отынға, құрылыс материалдарына пайдаланылып, бақтың тек болар-болмас орны сақталады. Сондағы баяғы үлкен бақтан елуге тарта «кәрі ағаштар» қалған екен. Көп жылдар бойы Ақмыш бағы көзден таса қалып, мал жайылатын құнарлы өріске айналды.
Тек 1970 жылдардың орта шеніне таяу бұл жер қайтадан қамқорлыққа алынып, айналасы қоршалып, жаңадан тал шыбықтары егілді. Мұны қолға алған сол кездегі №302 жол салу және пайдалану мекемесінің бастығы марқұм Қыдырбай Жүсіпов еді. Бақтың бағбаны халық емшісі Тұқымбай Түйебайұлы деген кісі болды. Ақмыш бір жағынан тарихи да орын. Бақтың терістік батыс жағында орта ғасырлық қаланың орны бар. Мұны археолог А.Е.Астафьев зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Қызылқала» керуен сарайының орнын ашты. Археологиялық қазбалар арқылы кезінде пайдаланылған бірнеше құнды заттар қалдықтарын тапты. Ал Ақмыш бағының шығысында төрт-бес шақырым жерде аңызға айналған Шерқала тауы тұр. Бұл туристерді өзіне тартып тұрған жолбарыс бейнелі табиғат сұлулығы.
Ақмыш бағы туралы өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың, айтулы ғалым географ Серікбол Қондыбаевтың еңбектерінде де оның ғасырлар бойғы тұңғиық шежіре-тарихы туралы біршама баяндалған.

2.«Ақмыш» аялдамасы  «Ойлан тап»  деп аталады.15 балл

«Ақмыш» аялдамасына тоқтала отырып, екі кедергіден өтіп, 3 – деңгей тапсырмаларын орындаймыз.

1- тапсырма:  «Биологиялық диктант»

 1-топқа

Адамның табиғатқа тікелей ықпал етуінің қарқындылығын үш  кезеңге бөледі.Бірінші кезең – бастапқы тас ( палеолит) дәуірін қамтиды.Осы дәуірдің өзінде –ақ адамның жануарларды ретсіз аулаудың нәтижесінде мамонттар ,алып бұғылар , жүнді мүйізтұмсықтар және т.б. аңдар жойылды. Екінші кезең –  неолит дәуіріндегі егіншілік  пен мал шаруашылығының  пайда болуымен ерекшеленеді.

Адамның табиғатқа тікелей ықпал етуінің қарқындылығын … кезеңге бөледі.Бірінші кезең – бастапқы … ( … ) дәуірін қамтиды.Осы дәуірдің өзінде –ақ адамның жануарларды ретсіз аулаудың нәтижесінде … , …  … , … … және т.б. аңдар жойылды. Екінші кезең – … дәуіріндегі … пен …  …  пайда болуымен ерекшеленеді.

2-топқа

Табиғи ортаның тіршілікке қажетті әрі қалыпты жағдайларын сақтау мақсатында белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір кеңістікті ұзақ бақылау … деп аталады.Оның жүргізілу аумағына сәйкес жергілікті , аймақтық және  ғаламдық деп бөледі. Жер бетіндегі едәуір ауқымды әлеуметтік , экономикалық, экологиялық зерттеулерде  қазіргі кезде  ғаламдық модельдеу әдісі қолданылады.

Табиғи ортаның тіршілікке қажетті әрі қалыпты жағдайларын сақтау мақсатында белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір кеңістікті ұзақ бақылау мониторинг деп аталады.Оның жүргізілу аумағына сәйкес … , … және  … деп бөледі. Жер бетіндегі едәуір ауқымды әлеуметтік , экономикалық, экологиялық зерттеулерде  қазіргі кезде  … … әдісі қолданылады.

2- тапсырма  «Ребус» шешу

Студенттер сендер «Саяхат» ойынының екі кезеңінің шартын орындап жақсы жетістікке жеттіңдер. Келесі кезеңдердің тапсырмаларын жаңа сабақты өту барысында орындаймыз. Ребусты шешу арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбы ашылды.

III.Жаңа сабақ

Cабақтың тақырыбы: Экологиялық факторлар , тіршілік орталары.

Тіршілік ортасының төрт түрі бар: су,құрлық-ауа, топырақ, организм тіршілік орталары.

Су — тіршілік ортасы.

Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі.

   Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы — гидробионттар (грекше “hydor” — су, “biontos” — тіршілік ететін) деп аталады. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасынажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі — су түбінде  тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.

   Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды планктондар деп атайды.

Құрлық-ауа тіршілік ортасы

Топырақ — тіршілік ортасы

  • Топырақ қабатын педосфера     қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық        заттарды ыдыратушы  ұсақ азғалар (бактерияларсаңырауқұлақтар, құрттар   және т.б.)   тіршілік етеді. Топырақ   тығыз,  онда  жарық болмайды,  температураның   ауытқуы шамалы   ғана әрі оттек аз, оның   есесіне    топырақта  көмірқышқыл  газы   көп   болады. Топырақ   ішіндегі   саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақта тіршілік ететін азғалар — педобионттар деп аталады.

Организм — тіршілік ортасы

  • Бір ағзаны екінші бір ағза тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән паразиті болады.Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын — эндобионттар (грекше “endon”—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөледі.
  • Экологиялық фактордың үш түрі бар: абиотикалық, биотикалық, антропогендік.

  1.) Абиотикалық  факторлар– өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

        2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

  3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

1.Абиотикалық: физикалық (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б ), климаттық (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.), химиялық(атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б).

           2.Биотикалық факторлар.

Топтық эффект

  • Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабылетін артуына әкелектін физиологиялық процесстердің тиімділігін «топтық эффект» деп атайды.Көптеген жануарлардың түрлері тек үлкен топқа біріккенде ғана қалыпты дамиды. Мысалы, африка пілдерінің өмір сүруі үшін үйірде 25 дарадан кем болмауы керек, ал солтүстік бұғыларының өнімділігі жоғары үйірлері 300 – 400 дарадан кем емес.

Бәсекелестік

  • Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсекелестік даралардың бір-бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасы тікелей өзара әсер болмайды.

Симбиоз

  • Симбиоз дегеніміз — әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Әр бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.

Комменсализм

  • Симбиоздың бір формасы, бір түр бірлесіп тіршілік етуден пайда көреді. Ашық мұхиттарда ірі жануарларда (акула, дельфиндер, тасбақалар) тіршілік ететін лоцман деген балық болады., олар қалдықтармен қоректенеді.

Жыртқыштық

  • Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқьш өлтірп, онымен қоректенеді. «Жыртқыш – жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды.

Паразитизм

  • Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді.

Нейтралдық

  • Нейтралдық   дегеніміз бір ареалда мекендеген түрлердің бір-біріне тимей тіршілік ету арақатынас формасы. Нейтралдық кезде даралар бір-бірімен байланыста болмайды.Мысалы, тоғайдағы тиіндер мен бұғылар бір-біріне байланыссыз болады, бірақ құрғақшылық екеуіне де әсер етеді.

Антропикалық фокторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін  табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бұкіл  тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға  және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады.Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастылуда.

“Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.
Қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, жаңбыр түрінде жерге түседі.

Озондық қабат — 22—25 км биіктіктегі үш атомдық оттегі шоғырланған атмосфера қабаты. Озон барлық организмдерді өлтіріп жіберетін Күн көзінің ультракүлгін сәулесін озон өзіне сіңіріп алады.

Озон қабаты 15 км-дан бастап 100 км биіктікке дейін жетеді.Егер атмосферадағы озон қабатының белгілі бір аймағындағы озонның дефициттік мөлшері 30%-дан асса, онда ол жерде Озон тесігі бар деп саналады. Оның жұқаруының негізгі себептері мыналар:
1. Ғарыш кемелерін ұшыру салдары;
2. 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар;
3. Атмосфераға фреондардың тасталуы. Озон қабатының тесілуіне ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен оның судағы қоспасы. Хлордың көп бөлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы тарайды. Ол «жарылуға» әкеп соғады.

Парникті эффект.Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. газдар парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

  • Жаңа сабақты бекіту.

Келесі аялдамаға кедергісіз жету үшін «Отпан тау» туралы білетінімізді ортаға салайық.

Отпантау – тарихи-мәдени кешен, кесене. 2007 ж. 25 қазанда ашылды. Кешен С.Адайдың бастамасымен 2004 ж. қолға алынған. Әуелі кешен жобасына байқау жарияланып, оған бірнеше үміткерлер қатысты; сарапшылар алқасының ұйғарымымен К.Демесіновтің жобасы кешен негізіне таңдалып алынды. Осы жоба бойынша Отпан таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, ол алтынмен апталынды. Үш құлпытастың ортасындағысының қас бетіне алтын әріппен «Адай ата» деген сөз жазылды. Отпантау кесенесіне кірер есік екеу: олар «қасиетті қос босаға» деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары, ал күмбездің ішкі бетіне Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған. Кіреберістегі керегелер биік мұнараларға бекітілген. 12 қанат керегенің ішкі беті гранитпен қапталып, оған әр түрлі тілдерде Адай туралы дерек-жазбалар ойылып түсірілген. Кесененің диаметрі 7 м, биіктігі 13 м. Кесене және оның шығысындағы төбе басында көк бөрілер мүсіні орнатылған.

«Отпан» тарихи-мәдени кешенінің салыну мақсаты — ата-баба рухынан нәр алу, оларды құрмет тұту, сол арқылы өткен өмір тарихымызды білу, олардың жүріп өткен өмір тарихы арқылы өзіміздің тәуелсіз жаңа тарихымызды жасау.
Әр адамның ең жақын пір тұтары — өз әке-шешесі. Тал бесікте жатқан сәби алғаш рет анасының тербете отырып баласын тыныштандыру үшін айтқан ән-жырынан әке-шешесіне, болашаққа деген құштарлығы оянса, өсе келе ата-анасын, өз шаңырағын, туған-туысқанын құрмет тұту, сүю арқылы халқына, туған жері – Отанына деген сүйіспеншілігі туындайды. Өзінің руын, ата-бабасын біліп, зерттеу арқылы, өзге қандастарының да тарихын біліп, түп-тамыры Қазақ деген киелі Атадан тарағанын сезінеді. Ал Адай ата — Адай ұрпағының атасы. Отпан тау — ата-бабаларымыздың аяғы, тұлпарларының тұяғы тиген жер. Батырларымыз бен билеріміздің басын қосып ақылдасып, ел тағдырын шешетін шешімдер қабылдаған жер. Аталарымыз осы жерде елдің амандығына садақа беріп, Алладан ұрпақтарына саулық тілеп, алыс жолға аттандырып отырған.

  • Ал балалар келесі 3 – аялдама «Отпан тау» «Сыйқырлы ұяшықтар» кедергісінде  үш деңгейдің де тапсырмалары бар. Мұнда 1-деңгей- 5б, 2-деңгей 10б,3-деңгей-15 балл. қойылады.

Отпан тау»  аялдамасы «Сыйқырлы ұяшықтар»

1-деңгей тапсырмалары:

1.Биотикалық фактор дегеніміз не?

 2.Абиотикалық фактор дегеніміз не?

3.Абиотикалық факторлар дегеніміз не?

2-деңгей тапсырмалары:

1.Абиотикалық факторға нелер жатады? Мысалдар келтір.

2.Биотикалық фактордың қандай түрлері бар? Мысалдар келтір.

3.Симбиоз және бәсекелестік дегеніміз не?

3-деңгей тапсырмалары:

1-тапсырма  «Сәйкестендіру тесті» 15-ұпай

Гидробионттар           Экотопта  тіршілік ететін барлық тірі  
Экотоп  Құрлықта тіршілік етуге   бейімделген  организмдер
Биоценоз   Суда тіршілік етуге бейімделген ағзалар тобы  
Террабионттар     Топырақта тіршілік ететін организмдер  
Эндобионттар     Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орта жиынтығы
Педабионттар    Организмдерді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер тобы  

2-тапсырма  Биологиялық  диктант 10-ұпай

  • Жер  бетіндегі  әр  түрлі  табиғи  жағдайлар  жиынтығы  ….    ….. деп   немесе  …  ….  деп  аталады.  Жер  бетінде  организмдердің  …..   түрлі  тіршілік  ортасын  ажыратады.  Балықтар бір  ғана  …  ортада  тіршілік  ете  алады. Организмдерде тіршілік ететін ағзаларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес   … , … , … және т.б. деп бөледі. Су түбінде  тіршілік ететін азғалар деп аталады.
  •  Жер  бетіндегі  әр  түрлі  табиғи  жағдайлар  жиынтығы  тіршілік ортасы  деп   немесе  қоршаған орта   деп  аталады.  Жер  бетінде  организмдердің  төрт  түрлі  тіршілік  ортасын  ажыратады.  Балықтар бір  ғана  сулы  ортада  тіршілік  ете  алады. Организмдерде тіршілік ететін ағзаларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес   паразиттер, симбионттар , комменсалдар және т.б. деп бөледі. Су түбінде  тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.

3-тапсырма   «Венн диаграммасы» 15-ұпай

Жыртқыштық және паразиттік тіршілік етудің ұқсастығын табу.

  • –  Міне балалар, біздер барлық аялдамалардан кедергісіз өтіп, «Жасыл елге» келіппіз, Отанымыз Қазақстан, өлкеміз Маңғыстау, өскен жеріміз Жаңаөзен қаласына ораламыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» бағдарламасында айтылған 2005 жылғы жолдауында «Жасыл ел» бағдарламасын ұсынып, 1 айдан соң  «Жасыл ел» ұйымы құрылып өз жұмыстарын атқарып келеді.«Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен Республика аймағын көгалдандыру мақсатында құрылған еңбек жасағы.Бұл ұйымды құрудың негізгі мақсаты:студентттер мен оқушыларды жазғы демалыста жұмыспен қамту.
  • Сонымен, балалар  бүгінгі сабағымыздаэкологиялық факторлар, тіршілік орталары туралы мәлімет алдыңыздар.Тапсырмаларды орындау барысында өз білімдеріңізді көрсеттіңіздер.Экрандағы  бағалау критериі бойынша бағаларыңыз қойылады.

4.Бағалау. «Студенттерді бағалау» парағы бойынша бағаланады.

5.Үйге тапсырма: Өзіңіз тұрған  өлкеңіздің экологиясы туралы реферат жазу.