«Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.» 6 сынып, Ашық сабақ


Шукатаева Дилара Нурмухамбетовна

учитель математики г.Костанай, средняя школа №10

  Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2В Алгебрлық өрнектер  Мектеп:  Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Шукатаева Дилара Нурмухамбетовна
Сынып: 6 А Қатысқандар: 25 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.    
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу; 6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді  орындау;
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Коэффиценттерді,ұқсас мүшелерді, жақшасы бар өрнектерді ажырату .Ұқсас мүшелерді біріктіру. Оқушылардың басым бөлігі: Таңбалар ережесіне сүйеніп, жақшаны ашып өрнектерді ықшамдау. Кейбір оқушылар: Тепе-теңдіктің дұрыстығын дәлелдеу.
Бағалау критерийі Оқушы: -ұқсас қосылғыштарды табады. – көбейтудің қосуға  және  азайтуға  қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып   өрнекті ықшамдайды. -жақшаны ашу ережесін қолдана отырып ұқсас мүшелерді біріктіреді. -теңдіктің дұрыстығын дәлелдейді.
Тілдік мақсаттар   Оқушылар: формулаларды оқи алады, есептерді талқылайды, өз ойын басқаларға математикалық тілде жеткізе алады, дәлелдейді, қорытынды жасайды.  Білім бойынша лексика мен терминология: коэффициент , ұқсас қосылғыш, көбейтінді, таңба,өректің мәні. Диалогпен жазу үшін пайдалы сөздермен тіркестер: -есептеуді тиімді тәсілмен орындау үшін…. -жақшаларды ашу үшін…. -өрнекті ықшамдау…. -коэффициент… -ұқсас қосылғыштар …..
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану ,талдау.
Құндылықтарға баулу     Жұптық жұмыста – өзара құрмет көрсетеді Топтық жұмыста өздігімен қарым-қатынас жасау,  ынтымақтастық ортада жұмыс жасату, бір- бірлерінің пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс Ағылшын тілі, геометрия
АКТ қолдану Презентация
Тақырып бойынша алдыңғы білім   -алгебралық өрнек -айнымалылары бар өрнектер -алгебралық қосынды -жақшаларды ашу

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  1. Оқушылар бірлесе отырып жұппен, топпен  жұмыс жасайды. Олар бір –бірлеріне көмек көрсету арқылы тапсырмадарды бірлесіп орындайды. Топтық жұмыс бойынша  әр топ  шығарған есептерін келесі  топпен талқылайды. Қабілеті төмен оқушыны сабаққа ынталандырып, тапсырманың түсініксіз тұстарын түсіндіріп, өзінің сыныптасын білімге баулып,  тақырыпты қайталау арқылы біліміндерін бекітеді. 

1.Оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды.

2. Мұғалім бағалауы:

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ», сонымен қатар  «Мен саған – сен маған»  әдістері арқылы жүргізіледі. Сәйкестендіру,

 «Медаль мен миссия»  және «Жетістік ағашы » әдісі арқылыкері байланыс орнатылады.

Оқушылардың топтық , жұптық жұмыс кездерінде тапсырмаларды орындау барысында  денсаулықтарына зақым келмес үшін орындықтар мен үстелдердің дұрыс орналастыруларына, сынып бөлмесіне жарықтың жақсы түсуі, тақтаның арақашықтығы талапқа сай қойылуына назар аударамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз ?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

5 мин

Сыныппен жұмыс

3 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.

Психологиялық ахуал

«Ыстық алақан» тренингі арқылы.

(алақан арқылы оқушылар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді)

ІІ.Саралап топқа бөлу.

«4-5»-ке оқитын 4 оқушы шақырылып ,әрқайсысы өз тобына оқушы таңдайды. Келесі оқушы да таңдай отырып топ құрастырылады т. с.с. Топ құрылып болған соң  топ басшысы  сайланады.

Әр топқа бағалау парағы таратылады .

ІІІ.Үй тапсырмасы

№ 719  

Қалыптастырушы бағалау: Слайд арқылы дайын шаблон  ( жұппен тексеру)

Дұрыс орындаған оқушыға 1 ұпай.

Кері байланыс

«Қол белгісі» әдісі

– қатесі мүлдем жоқ;      1-2 қате;       2 қатеден жоғары.

Түзету жолы:

  • Есеп қиындық туғызды ма?
  • Келесі жолы қате жібермеу үшін қандай ережені қайталау керек?

Презентация

Бағалау парақшасы

Топпен жұмыс

5минут

IV. Алдыңғы білімді қайталау мақсатында ұжыммен

«Миға шабуыл» өткізіледі.

Сәйкестендіру картасы.

Оқу мақсаты: Таңбалар ережесіне сүйеніп, жақшаны ашып өрнектерді ықшамдау.

Бағалау критерийлері: Жақшаларды ашып, өрнектерді ықшамдайды.

Интербелсенді тақтада тапсырма шығады қол көтерген оқушы жауап береді. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

Дескрипторлар

-Таңбалар ережесін пайдаланып жақшаларды  ашады.                           

– Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып,

алгебралық  өрнектерді ықшамдайды.

Қалыптастырушы бағалау .   Білім алушы.

Дұрыс жауабы слайдта көрсетіледі.

Кері байланыс . «Қол белгісі» арқылы бағалау .

Түзету жолы тақтада слайд арқылы  беріледі.

Презентация

 Сабақтың ортасы

Ұжымдықжұмыс

9  минут

V .Жаңа сабақты меңгеру.

Оқу мақсаты: Коэффиценттерді, ұқсас мүшелерді, жақшасы бар өрнектерді ажырату . Ұқсас мүшелерді біріктіру.

Бағалау критерийлері:

1)ұқсас қосылғыштарды табады.

2)жақшаны ашу ережесін қолдана отырып,  ұқсас мүшелерді біріктіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау.

Берілген тақырыпты талқылайды және тақта алдына шығып, қорғайды.

  • 1–топ.Коэффициент,   ұқсас қосылғыштар анықтамаларын түсіндіреді.
  • 2-топ.Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін түсіндіреді.
  • 3-топ. 1-2 мысалды қарастырып, түсіндіреді.
  • 4-топ. 3-4 мысалдарды түсіндіреді.

Дескрипторлар:

-коэффициент  анықтамасын біледі

-ұқсас қосылғыштарды біріктіру анытамасын түсіндіреді

– біріктіру алгоритмін жасайды

-ұқсас қосылғыштарды табады

-ұқсас қосылғыштарды біріктіреді

Қалыптастырушы бағалау .   Әр топтан 1 оқушы шығып, тақырыпты түсіндіреді. Алгоритмін қорғайды.

Дұрыс жауабы слайдта көрсетіледі.

Кері байланыс

– сабақтың мақсатын анықтадындар ма?

-мақсатқа жету үшін не істеуіміз қажет?

-ұқсас қосылғыштарды қалай біріктіреміз?

Презентация

А.Е.Әбілқасымова ,Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова , Математика-1 бөлім (163-164 бет )

Топпен жұмыс

15 минут

VI. Тапсырма бойынша саралау(деңгейлік тапсырмалар)

Әр топтың оқушылары деңгейлері бойынша есептерді таңдап, тақтадан слайд арқылы тексеріп отырады.

Оқу мақсаты: Коэффиценттерді, ұқсас мүшелерді, жақшасы бар өрнектерді ажырату .Ұқсас мүшелерді біріктіру. Тепе-теңдіктің дұрыстығын дәлелдеу.

Бағалау критерийі: Коэффиценттерді, ұқсас мүшелерді, жақшасы бар өрнектерді ажыратады .Ұқсас мүшелерді біріктіреді. Тепе-теңдіктің дұрыстығын дәлелдейді.

Ойлау дағдыларының  деңгейлері: түсіну, қолдану.

А деңгейінің есептері:

Дескрипторлар:    Білім алушы

-таңбалар ережесін пайдаланып жақшаларды ашады

-коэффицентін табады

-көбейтудің қосуға және азайтуға  қатысты  үлестірімділік қасиетін  пайдаланып түрлендіреді

– амалдарды орындайды;

В деңгейі:

Дескрипторлар:                                                                       -жақшаларды ашады                                                                 -коэффицентін табады                                                           -ұқсас қосылғыштарды біріктіреді                                        -амалдарды орындайды;

С деңгейінің есебі.                                                                     Алгебралық өрнекпен берілген тепе-теңдікті дәлелдеңіз.

Дескрипторлар:                                                                       -жақшаларды ашады                                                                                                     -ұқсас мүшелерді біріктіреді                                                                                         -ықшамдалған түрде жазады                                                                                            -амалдарды орындайды                                                                                                    -теңдіктің дұрыстығын көрсетеді.

 Қалыптастырушы бағалау: Білім алушылар топ ішінде өзін –өзі бағалайды.

Әр деңгейдегі тапсырмалар бойынша, дұрыс жауабы слайдта көрсетіледі .  «Бас бармақ» арқылы бағалау .

Кері байланыс: «Медаль мен миссия» әдісі

(Медаль орындаудағы жақсы тұстарын атап өтеді, миссия – орындауда қате жіберген немесе жетілдіру тұстарын атайды.)

Презентация

 А.Е.Әбілқасымова ,Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова , Математика-1 бөлім    №749 (1)

Презентация

Соңы

1 мин

Сыныппен жұмыс

2мин

VII. Бағалау парақтары арқылы бағалау.

Дереккөздер және тапсырма бойынша саралау. (жинаған ұпайлары )

 Үй тапсырмасы:

А-  № 737(оқулық)   

В,С- шығармашылық тапсырма (интерет)

(сөзжұмбақ ,тест,  ребус дайындап келу)

Рефлексия : Жетістік ағашы әдісі

Оқушылар жемістерді жетістік ағашына орналастырады.

Түсінбедім

Түсіндім, шығара аламын

Жақсы түсіндім, шығара аламын, түсіндіре аламын

(А.Е. Әбілқасымова ,Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова , Математика-1 бөлім, : Жалпы білім беретін мект. 6-сыныбына арн. / – Алматы: Мектеп  2018