Бинарлық сабақ : «Дүниежүзінің ғаламдық мәселелері»


Балғабаева Дуйсенкул Тойкенқызы

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі география пәнінің оқытушысы

Ашық сабақ

Тақырыбы:  «Дүниежүзінің ғаламдық мәселелері»

                                                                      Орындаған оқытушылар:

                                                                                            Балғабаева Д.Т.__________

                                                                                                      «Қоғамдық пәндер» кафедрасының

                                                                                   отырысында қаралды

                                                                       Хаттама № __  «___ »  ______ 2019

                                                                                  Кафедра меңгерушісі

                                                                                                   Бектибаева  З.Ш.____________

Шымкент, 2019ж

Күні:30.12.19ж

Тобы:ЕТ-02-19ж

Пәні:Дүние жүзі тарихы және география.

Оқытушылар: Балғабаева Д.Т.

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзінің ғаламдық мәселелері.

Сабақ түрі: Бинарлық сабақ

Сабақтың мақсаты: Студенттерге ғаламдық проблемалар және олардың пайда болу себептері туралы түсінік қалыптастыру; Студенттердің өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жастардың дүниетанымын қалыптастыру.

Білімділік: Білімді қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелік ұстанымын басшылыққа ала отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Ғаламдық проблемалардың пайда болу себептері, қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, климаттың жылынуы энергетикалық проблемалар және оларды жою туралы түсінік беру. Студенттердің ізденісін, шығармашылық белсенділігін, біліктілігін дамыта отырып оқыту.
Тәрбиелілігі: Табиғи ортаны қорғауға, сүюге, табиғат байлықтарын сақтауға және Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Проблемалық оқыту, түсіндіру, талқылау, талдау, ой қозғау, шығармашылыққа баулу, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан оқыту техноолгиясы;

Көрнекілігі: Көшбасшылық,   оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, жекелей, топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмалар, бейнематериалдар, слайдтар, презентация, карталар, постерлер, интерактивті тақта, плакаттар, мозайка, оқулық,  суреттер, атлас карта;
Пәнаралық байланыс: биология, химия, физика, экология, тарих, экономика т.б
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, кабинет тазалығын және студенттердің сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру Студенттерді топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару. Топ басшылары, бағалаушылар сайланады.

ІІ. Үй тапсырмасы. Блиц сұрақтары.

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуының себебі неде?
  2. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды? 1939  жж 1 қыркүйек
  3. Бразилияның астанасы- Бразилиа
  4. Латын Америкасындағы ОПЕК-ке мүше елдер?- Венесуэлла
  5. Дүние жүзіндегі ең ұзын мемлекет?-Чили
  6. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысындағы шайқасқа түскен әскери одақтар?- Үштік Одақ, Антанта
  7. Оңтүстік Американың түсті және сирек металлдарға бай аймағы?-Ла-плата.
  8. Урбандалу деген не?- қала халқының санының өсуі.
  9. Жер шары халқы негізгі  неше нәсілге бөлінеді?- 3 (негроид, монғолоид, европоид).
  10. Репарация деген не?- жеңілген мемлекеттің жеңімпаз елдерге төлейтін соғыс шығыны.
  11.  Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тек өзінің Тәуелсіздгі үшін күрескен мемлекет?- Сирия.
  12.  Дүниежүзінің саяси картасы деген не?- жекеленген аумақтар мен мемлекеттер белгіленген картаны айтамыз.
  13. Монархиялық билік деген не?- атадан балаға беріліп отыратын шексіз билікті айтамыз (мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сұлтан және т.с.с болып келетін басқару түрі.)

 ІІІ.Жаңа сабақ.  «Дүниежүзінің ғаламдық мәселелері»

        Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы – глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа – өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді.

ХХ ғасырдың 60 – 70жылдарында дүние жүзі халықтарын толғандыратын күрделі проблемалар туындады. Бүкіл адамзатқа қатысы бар мұндай проблемалар ғаламдық проблемалар деп аталады. Күннен күнге адамзат табиғатқа қаталдықпен қарап, жұмыр жер бетінде табиғаттың құрып кету қаупі тұр. Ағылшынның әйгілі жазушысы Артур Кларк «Біздің ұрпағымыз жер бетіндегі тіршілік атаулының көзін қалай құртудың әдісін біліп те үлгерген» деген екен. Табиғатқа жаны ашитын қаламгер мұны ашумен айтса керек. Біздер де сол ұлы қаламгердің халін кешіп отырған жоқпыз ба? Барлық қолдағы құндылығымыз жойылып біткеннен кейін ғана білетініміз қалай?

    Ғаламдық мәселелерді атап өтер болсақ, «Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану мәселелері», «Азық-түлік және шикізат мәселелері», «Ғаламдық экологиялық мәселелер», «Дүниежүзілік мұхит мәселелері», «Әлемдік демографиялық мәселелер».

БЙНЕРОЛИК: «Дүниежүзінің ғаламдық мәселелері» тақырыбында бейнематериал көру арқылы ой толғау, өтілетін тақырыпты ашып алу. Студенттердің сұрақтар қою арқылы ой-пікірлерін білу.

І- кезең.    Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану мәселелері;

ІІ- кезең.   Азық-түлік және шикізат мәселелері;

ІІІ- кезең. Ғаламдық экологиялық мәселелер;

ІҮ- кезең. Дүниежүзілік мұхит мәселелері;

Ү- кезең.   Әлемдік демографиялық мәселелер;  

Қорытынды кезең. «Қазақстан-болашақ көзімен»

Сауле: Ғаламдық проблемалар сипаты жағынан әр түрлі болады, олардың негізгілерінің қатарына бейбітшілік пен қарусыздану, экологиялық, энергетика және шикізат проблемаларын, демографиялық және азық-түлік проблемаларын атауға болады. Ғаламдық проблемалар бұл аталғандармен шектелмейді, іс жүзінде олардың саны өте көп. Мысалы, қазіргі кезде ғарышты бейбіт мақсатта игеру үшін дамушы елдердің артта қалушылығын жою, қатерлі аурулардың таралмауы проблемалары жағынан жоғарыда аталғандардан кем түспейді.

І-КЕЗЕҢ.  Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану мәселелері;

1. Тоқтасын Нұрдәулет  «Бейбітшілік пен қауіпсіздік». Бейнеролик.

1. Тұрғанбек Дильназ- «Бейбітшілік пен қарусыздану». Бейнеролик.

1. Бейсенбаев Санжар «Терроризм мен экстремизм». Бейнеролик.

Сауле: Азық-түлік проблемасының өзінің гуманистік маңыздылығына қарай және бұрынғы отаршыл және тәуелді мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық артта қалуын жеңудің күрделі міндетімен өзара тығыз байланысына қарай жаһандық сипаты бар. Жаһандық проблема басқа жағынан да айқындалады. Біл елдер аштықтан зардап шегіп жатқанда, екіншілері не тамақ өнімдерінің артығымен, не олардың артық тұтынылуымен күресуге мәжбүр болады.

         Азық-түлік проблемасына адамзаттың басқа жаһандық – соғыс және бейбітшілік, демографиялық, энергетикалық, экологиялық проблемаларын талдаудан үзіп алып қарауға болмайды.

ІІ-КЕЗЕҢ. Азық-түлік және шикізат мәселелері;

1. Дайыр Қуаныш -«Азық-түлік проблемасы» Мозайка.

1. Сахан Нұржігіт- «Жеміс-жидектердің пайдасы».

1. Есимбай Нұрзат –«Азық-түлік қауіпсіздігі-ғаламдық мәселе» Мозайка.

Дина:  Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

3-ши кезең «Ғаламдық экологиялық мәселелер» туралы кезекті топтарға берейік…

ІІІ-КЕЗЕҢ. Ғаламдық экологиялық мәселелер;

1. Рустембеков Нұрсұлтан «Шымкент қаласының экологиясы». Бейнеролик.

1. Елеусын Нұрсұлтан-«Арал теңізінің экологиясы». Бейнеролик.

1. Бүркитбай Мөлдір «Дүниежүзінің экологиялық мәселелері». Слайд.

Дина: Дүниежүзілік мұхит проблемалары қазіргі таңда ең елеулі проблемалардың бірі. Жер шарындағы тіршілік үшін Дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттекпен байытады, адамдарды күнарлы да пайдалы азык-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүние жүзі елдері арасындағы халықаралық карым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералды ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез үлғайып жаткан жағдайда мүхит суларынан кен өндірудің, өсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себешні болып отыр. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мүхит суларының биологиялық ресурс ретіңдегі қолданылу аясын да күннен-күнге кеңейтуде. 

ІҮ-КЕЗЕҢ. Дүниежүзілік мұхит мәселелері;

1. Қалшабек Жанель «Жер шарының және мұхиттың ластануы». Анимация.

1.Аман Даниял – «Адам планетаны өлтіреді». Анимация.

1. Ерсұлтанқызы Дария «Әлемдік мұхиттардың ластануы». Слайд.

Дина: Демография халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография –демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

Ү-КЕЗЕҢ. Әлемдік демографиялық мәселелер; 

1. Бейсебек Нұрдәулет  «Қазақстанның демографиялық мәселелері». Слайд.

1. Жолшы Зияш-  «Жер бетіндегі халықтардың жағдайы». Слайд.

1. Көпен Нұрсейіт «Қазақстандағы демографиялық үдеріс». Бейнеролик.

Сауле: Елбасымыз өзі атап айтқандай, мықты мемлекет жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен ерекшеленетін бұл Жолдау – болашаққа нық қадам жасайтын, Қазақстанның жаңа келбетін көрсететін, баршамызға жауапкершілік жүктейтін ел Президентінің халыққа арнаған он жетінші жолдауы екен. Әрбір Жолдау кемел Қазақстанмен, оның азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. Осыдан 15 бұрын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы қабылданғаннан кейінгі жылдарда еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеп өсуіне, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына жол ашты.

ІҮ.ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ. «Қазақстан-болашақ  көзімен»

1. Сүгір Ернар, Қапенов Ақсұлтан, Жұмабек Еркеайым- «Болашақ Қазақстан- менің көзімен»;  Постер қорғау;

1.Ашимхан Диас, Джумагалиев Диас, Илеш МейіржанБолашақ  Қазақстан келбеті»;  Постер қорғау;

1.Мусалиев Жомарт, Махсутбек Нұрсұлтан, Садық Самат-«Мен Болашақ Қазақстанды қалай елестетемін»;  Постер қорғау;

Ү. Үйге тапсырма беру.

“Ғаламдық жылыну проблемасы” туралы эссе жазып келу;

Бағалау.