«Елін сүйген Елбасы» воспитательный час


Батталова Жумагуль Байдуллаевна

зам.директора по ВР КГУ «Алматинский областной детский дом №1»

                                             « Елін  сүйген  Елбасы».

1 – ші жүргізуші: Армысыздар ,құрметті  ұстаздар оқушылар және қадірменді қонақтар! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. 1991 жылы 1желтоқсанда алғаш  рет  Қазақ ССР  Президентінің  жалпы  халықтық  сайлауы  өтіп,  ол сайлауда  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  ел  Президенті  болып  сайланды.Яғни  өз  тағдырын  өзі  айқындауға  алғашқы  қадам  жасаған  Қазақстан  үшін  1 желтоқсан  мемлекеттілік  тарихының  мерейлі  күні  саналуға  орны  лайықты.Нұрсұлтан  Назарбаев  1940 жылы   6  шілдеде  Алматы  облысы,  Қаскелең  ауданы  Шамалған  ауылында  дүниеге  келген. Атасының  есімі  Назарбай,  әкесінің  есімі  Әбіш,  Нұрсұлтан  деген  есімді  әжесі  Мырзабала  беріпті.

2 жүргізуші:   Ол  Қаскелең  қаласындағы  Абай  орта  мектебін  бітірген.  Еңбек  жолын  Теміртау  қаласында  темір  балқытушы  болып  бастаған. 1967  жылы  Қарағанды металлургия  комбинаты  жанындағы  жоғары  техникалық  оқу  орнын,  1976  жылы  партия  мектебін  бітірген.Қазақстан  Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан  бастап  заңды  түрде «Елбасы» мәртебесіне  ие  болды.Ол  осы  жетістігіне  өзінің  табандылығы  мен  еңбекқорлығының  арқасында  жетті. Жоғары   парламенттің  бекітуімен  2012  жылы  1 желтоқсан  Қазақстанда  алғаш  рет  Тұңғыш  Президенткүні  мемелекеттік  мереке  ретінде  аталып  өтіп,  бұл  баршамыз  үшін  қуанышты  оқиға  болды.  Ел  басына  деген  ел  құрметін  айрықша  айғақтауға  араналған  бұл  мерекенің  дәстүрлік  іс  шараға  айналуға  орны  бар  екенін  шынайы  сезіммен  айтып  өтуге  тура  келеді.Биыл  міне,  осы  мерекені  тағы  тойлағалы  отырмыз.     Керегеміз кең, шаңырағымыз биік, мемлекетіміз құтты болсын! 

1 ші  жүргізуші:  Қазақстан  Мемлекетінің  Тұңғыш  Президенті  күніне  арналған  мерекелік  салтанатты  жиын  ашық деп  жарияланады.

Гимн  орындалады.

2 ші жүргізуші:        Азаттық ,  теңдік  әлемі,

                                 Шаттыққа  елді  бөледі.

                                 Тағдыры  тарих  өрелі,

                                 Көк  тудың  желбірегені

Ән  «Көк  тудың  желбірегені».

Қазақстан  Мемлекетінің  Тұңғыш  Президенті  күні  мерекесіне  байланысты   құттықтау  сөз,  балалар  үйінің  директоры  Гульмира  Сансызбаевнаға  беріледі.

Назарларыңызға  балалар  үйінің  өнерпаздарының  мерекелік  концертін   ұсынамыз:

Кәусар:                               Әнұраным , жанұраным

                                 Айтар әнім сөйлер сөзім,

                                 Туған  жерім  сағынарым,

                                 Мәнгі бақи  шақырылады,

                                 Әнұраным  менің  Қазақстаным!

 2 –  ші жүргізуші:   Елім менің,тәуелсіз жерім менің                          

                                 Күннен  алған шуақты өмір деймін.                                                      

                                 Рухы  ұлттың  өсіпті өлместей боп,                                                                 

                                 Көк  байрағың  төбеңнен көрінген күн!

Тәуелсіздігімізді алған соң  халықтың басын біріктіріп, Н.Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздіке  жеткізгенде, өз алдымызға ел бола алатынындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізген,осы желтоқсан оқиғасының нәтижесі.  

НҰРДӘУЛЕТ:

Серпілгенде бодандықтың тұманын

Жетті әлемге ұраным мен жыр – әнім .

Өзің болдың көшбасшысы елімнің ,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Аман болсын Нұрсұлтандай ағамыз,

Халқымызға дана болған панамыз,

Жазық маңдай кең пейілді данамыз

Ақылгөйім , аман болшы Нұр ата

Туды – ау сізді адал етіп,бір ана.

Анаңыздан сізді туған айналдым,

Қамқор етіп, Қазақстан халқына.

Туды ұстап, тура жолға түсіріп,

«Елім, жерім»деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасадың –ау кісілік !                                                                   

Би : Қазақ биі (ұлдар) Жалын тобы.

1 – ші жүргізуші:                                                                               Қазақпын , еңселі елмін егеменді,                                                            Кеңейттім кең әлемге керегемді.                                                           Мұхиттың  ар жағында  жаттқан  жұрттар,                                         Таныды  тепе тең деп  тереземді.                                                  Қазақпын,  қойнауы-құт,  жері-дархан,                                                 Әнімді  бес  құрлықтың  бәрінде  айтам.

Тақпақ:  Аманқос

Мен – қазақпын,  мың  өліп,  мың  тірілген,

Құшақ  жая  таныстым  сан  тіліммен.

Жаман  үйдің  қонағы  билейді  деп,

Қала  жаздап  айырылып  өз  тілімнен.

Өзге  тілге  еліктеп ел  болмайық,

Қазағымның  артығы  жоқ  өз  тілінен

Мен – қазақпын,  мың  өліп,  мың  тірілген,

Жөргегімде  таныстым  мұң  тіліммен.

Жылағанда  жүрегім  күн  тұтылып,

Қуанғанда  күлкімнен  түн  түрілген.

Мен-жігітпін,  айқасқа,  сынға  асықпын,

Жүрегі  бар  кеудемде  шын  ғашықтың.

Жанар  таудай  жойқынмын   жұлқынғанда,

Шарықтасам  қыран  боп  қырға  шықтым.

Мен – қазақпын,  биікпін,  байтақ  елмін,

Қайта  тудым  өмірге,  қайта  келдім.

Ән:  «Жаса Қазақстан!»    Ұлықпанның  орындауында

2 –  ші жүргізуші: 

Барлық  ұлттың  басын  қосты  бұл  достық,

Ұлы  достық,  Нұрлы  достық,

Күн  достық,  Достық  деген  қасиетті  ұранға                                   Кең  даланың  жүрегі  де  үн  қосты.

Би: «Домбыра» ( «Карапуз» тобы)

1 – ші жүргізуші:

Қасиетті  Қазақстан  мекенім,

Ақиқаттың  алтын  бесігі  екенсің,

Елім,  жерім,  Отаным-бақ-дәулетім,                                            Болашағым,  өнер-білім,  өркенім.

Бейбіт  өмір  тілеймін  мен  халқыма,

Туған  тілім  шұбарланба  жарқыра.

Тарихымызда  таланттылар  көбейсін,

Бас  иемін  ата-баба  рухына.

Ән:  «Қазақстан»   Жігердің  орындауында

 1 – ші жүргізуші:

Ту  тігілді  халқымның  бүгін  бағына,

Жас  өркендер  желбіретіп  нық  ұста.

Ғасырларға  жалғастырып  елдікті,

Дақ  түсірме  ата-баба  рухына.

Бүгінгі  ұрпақ  болар  елдің  ертеңі   дей  келе  «Менің  Президентім» атты  мерекелік  кешіміз   өз  мәресіне  келіп  жетті.

2 –  ші жүргізуші: 

Ел  тынысын  тереңінен  танып  кең,

Шарапаты  бар  адамға  дарып  тең.

Ел  басының  есімі  бұл  тарихта,

Қалар  анық  өшпес  алтын  әріппен!

1 – ші жүргізуші:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы – білімді жастармен дейді – Елбасымыз. Сондықтанда біздің алдымызда бір ғана талап, міндет білім алу, білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын, еліміз көркейіп, өсе берсін!

Келесі  кездескенше  сау  саламатта  болыңыздар!

Ән : «Атамекен»

(Балалардың  қолдарында  жалауша  мен  шар)