РЕЦЕНЗИЯ №20 от 06.02.2020 г.


Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылы «№5 Агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

А.Б. Сулейменованың «Әлем тағамдары» атты әдістемелік жинағына

Пікір

Аталған жинақта Шығыс елдерінің ұлттық тағамдары қамтылған. Жапон, Қытай, Француз, Америка, Италия, Үнді, Қырғыз, Армиян, Түркия, Қазақ елдерінің тағам талғаудағы ерекшеліктерімен қоса, әр астың мәзірі де көрсетілген.

Әр халықтың дәстүрлі тағамдану жүйесі қоршаған экологиялық жүйемен және шаруашылығымен тығыз байланысты екендігіне назар аудара отырып, автор тағамдардың адам денсаулығына пайдасына да тоқталған. Әрбір тағамның шығу тарихына тоқталуы оқырман үшін өте пайдалы.

Ас құралдары, әр асты жеу мәдениеті туралы да маңызды ақпараттар берілген.

Қазақ  халқы асты  жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар  адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды  жоғары қойған.
Автор ұлттық тағамдармен таныстыру арқылы салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық тағамдарды қастерлеуге жетелейді. Сондай-ақ, әр елдің ас ішу күн тәртібі, таңертең, түскі, кешкі ас түрлерінде көрсетеді. Мысалы: «Америкалықтар шырын мен содалы суды көп тұтынады, және де жемістер мен көкөністерді аздаған нанды қолданады. Таңертен олар әдетте сүт қосылған арпа және бидаймен тамақтанады, шырын немесе сүт ішеді» деп, қызықты мәліметтер келтірген.  

Автор мерекелік күндері дайындалатын ас-сусындарға да, назар аударған. Әр халықтың ас ішу мәдениетін көрсете отырып, сол елге саяхат жасаушыларға көмек ретінде нұсқаулықтар берілген.

Жалпы, А.Б. Сулейменованың «Әлем тағамдары» атты әдістемелік жинағына ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру арқылы оқушылардың танымдылықтарын арттырады.

Еуразия гуманитарлық институты,

Қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының меңгерушісі,            

ф.ғ.,к доцент                                    Л.Н. Дәуренбекова                                                        

Жұмыс: http://oqu-zaman.kz/?p=39075