Ел ертеңі – білімді ұрпақ


Магауова Гулнур Кайратовна 

“Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі “КММ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Ел ертеңі – білімді ұрпақ

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

          Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру тәрбиешілердің ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Жаңартылған білім аясында өмірлік ұстанымды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері шыңдалады. Қазіргі таңда жаңартылған білім аясында  топпен жұмысты қолға алдым. Топтағы жұмыс барысында топ мүшелері «мұғалімнің пікірін қабылдау міндетті» деген ойдан аулақ болады, бірақ ол мұғалімнің өз ойын айтуға тыйым салынады деген сөз емес. Әр оқушының өз деңгейіне сай өсуіне мүмкіндік жасау. Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді.

          Топтық жұмыстың тиімді де қызықты болуы үшін мұғалімнің бойында қандай ерекшеліктер болуы керек?  Әрине өзімнің тәжірибемде, балалар бір-бірімен еркін қатынасқа түсетіндей, өзіне жаңа ақпарат алуына мүмкіндік беретіндей  жұмыс түрлерін ұсынамын. Расында, көп жағдайларда, топ мүшелері арасында жұмыстың бастапқы кезеңінде қарым-қатынасқа түсе алмау, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындайды. Топпен жұмыстың ұтымдылығы «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген бір жақты ой айтпайды, сондай-ақ, оқушылар барлық пікір дұрыс деген жалаң ойдың жетегіне де ілеспейді. Топ басшысы топ  мүшелерін ынталандырып отырады, жұмыстарының жетпей жатқан тұстарын толықтыруға бағдар береді. Өзінің жұмысқа деген ынтасымен әр оқушыны алға жетелейді.

          Бірлескен оқудың мәні неде?Топтық іс – әрекет  әлеуметтік өзара қарым-қатынастың дамуы  ең алдымен топ мүшелерінің тілдесу, сөйлесу, пікірлесу қабілеттерін дамытудың негізгі өзегі, әлеуметтік қарым -қатынастың бастауы. Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтиже немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Топтық жұмыстың тиімділігі неде? Топпен жұмыс жасау арқылы шәкірттерімнің  бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топтық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолданамын.  Тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру кажет, топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, онтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.