Қазақстандағы ұжымдастыру 9 сынып


Рысбекова Булды  Тайшыкариновна 

Амангелді ауданы, Ақсай ауылы,  Бүйректал жалпы білім  беретін орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:    Қазақстандағы  ұжымдастыру      9 сынып
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы білу, негізгі идеясын түсіндіру, алған ақпаратын пайдалана алу дағдысын қалыптастыру. Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:   Топтық жұмыс, СТО элементтері, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ
Күтілетін нәтиже:  Жаңа тақырып бойынша өз бетімен ізденіс жұмыстарын меңгере отырып, өздігінен өзара оқытуға,талдауға,сыни көзқарастары қалыптасады.Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптарын танытуда негізгі идеясын түсінеді, алған ақпаратын пайдалана алу дағдысы қалыптасады.
Сілтеме 9 сынып «Атамұра» 2013ж Б.Ғ Аяған, М.Ж Шаймерденова 9 сынып Қазақстан тарихы. Электронды оқулық,
Ресурстар Электронды оқулық, постер, маркерлер,дидактикалық таратпа материалдар, слайд
Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі: мақсат қою,топқа бөлу. ІІ. Сабақ барысы. Блум таксономиясы III. Рефлексия ІV. Үйге тапсырма беру.  §19 Шығармашылық тапсырма «Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығының дамуы» ( эссе,презентация)
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының әрекеті
Білу минут
І. Қызығушылығын ояту: 1.Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» 2. Асық таңдау арқылы топқа бөлу 3. Үй тапсырмасы «Бір сөйлем» әдісін қолдану. Бағалау: Сандық ішінен жауап берген оқушыларға теңге таратылады Оқушылар шеңбер құрып отырады (сағат тілі бағытымен бір –біріне тілек айта отырып, жүрек сыйлайды .Өткен тақырып бойынша «бір сөйлем» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі. Егер бірін- бірі қайталайтын болса, барлығы сандарын соғады, егер дұрыс болса қол шапалақтайды.
Түсіну минут
1.Ой қозғау. «Ұжымдастыру» сөзжұмбақты шешу. Бағалау: Сандық ішінен жауап берген оқушыларға теңге таратылады 2. Мағынаны тану: Электронды оқулықты пайдаланып, білім беру. Слайд көрсету. Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Қолдану 15 минут
1- тапсырма: «Ақпаратты тапсырма» Оқулықпен жұмыс жасайтын топтық тапсырмалар беру. Постер қорғату. 1- топ: «Шаруалар» Ұжымдастыру бағыты2- топ: «Жұмысшылар» Астық, ет және жүн дайындау науқаны3-топ: «Кеңестер» Күштеп отырықшыландыру саясаты4-топ: «Достар» Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың зардаптары.   Топтар оқулықпен жұмыс жүргізеді, ойланады.Постер жасап, қорғайды.   Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бірін- бірі бағалайды.    
Талдау 3 минут
2- тапсырма:«Жылдар сөйлейді» сәйкестендіру кестесін толтыру. Мұғалім топтарға бірдей тапсырма жазылған үлестірме таратады. Әр топ бегілі уақытта дұрыс жауабын табуы қажет Топтар уақытты тиімді пайдаланып сәйкестендіру кестесін толтырады     Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
3-тапсырма «Венн диаграммасы» 1927-1937жж ауыл шаруашылығы мен қазіргі таңдағы ауыл шарушылығын салыстыру Бағалау: Бас бармақпен бағалау
Жинақтау 3 минут
7- тапсырма: «Қазақстандағы ұжымдастырудың салдары» ассосация құру Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы 3 минутта шапшаң жауап беруге тырысады.Алған білімдерін жинақтайды Бағалау: Бағдаршам арқылы өзара бағалау.  
Бағалау 5 минут
Бағалау Әр топ  бірін-бірі формативті және суммативті бағалайды.Критерий арқылы бағалау
Рефлексия «Хаттар ұяшығы » Әр оқушы өзінің сабақтан алған әсерін стикерге жазып, хаттар ұяшығына жапсырады.