Бұйымды көркемдеп безендіру


Тулекенов Асылан Қуанышбекович

“Жангелдин ауданының  білім беру бөлімінің  Ы.Алтынсарин  атындағы орта мектебі”КММ   көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Сабақ мақсаттары

  • Бұйымды жасау барысында қауіпсіздік техникасын қолдану.
  • Бұйымды әсемдеу.

Бағалау критерийлері

  • Ұлтық элементтерді бұйымға қолданады.
  • Материалдар мен құралдарды қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Бұйым туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

Зергерлік, білезік, жүзік, сақина, сырға, өңір жиек, алқа, бойтұмар, шашбау, шолпы.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

…………. әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?

Мен бұл………таңдау себебім, …

Мен бұны … материалдан жасалғанын білдім.

Мен … ……..пайдалы жақтарын білемін.

Мен … материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.

Бұйым мынадай …………. тұрады

Құндылықтарды дарыту

Өнерге қызығушылықтарын арттыру, өнерді құрметтеу.

Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыстар қарастырылмаған.

АКТ қолдану дағдылары

Бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалана білуде және ерекшеліктері мен дәстүрлі түрлерін зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім

Бұйымды әсемдеу әдістерімен таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың жұмыс орнын дайындау.

Сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен танысу

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Зергерлік бұйымдар

Сабақтың ортасы

5 мин

Талқылау үшін берілген сұрақтар:

Жұмыс орнын ұйымдастырудың шарттары.

  • Практикалық жұмыс барысында құрал-жабдықтар мен материалдар жұмыс орнында қалай орналасу қажет?
  • Көркем еңбек пәнінде оқушылардың еңбек формасы қандай болуы керек?
  • Қауіпсіздік техникасын сақтаудың шарттары қандай?
  • Қауіпсіздік техникасын не үшін сақтау қажет?

Бұйымды аяқтаудың соңғы кезеңдері.

  • Не аяқталмай қалды?
  • Бұйымыңда нені түрлендірер едің?
  • Бұйымыңның қандай элементтерін көркемдеуге болады?

Практикалық тапсырма.

Бұйымдарды көркемдеп безендіру.

Оқушылар жұпта, топта бұйымды безендірудің тәсілдері жөнінде ақылдаса алады. Дайын бұйымдарын таныстырудың әдістерін ойластыра алады. Безендірудің нұсқаларын қарастырып көріңіздер. Әшекейлерге арналған арнайы тіреуіш, қорапшалар және т.б.

Жұмыс аяқталғаннан кейін аудитория назарына ұсынылады.

Қорытынды сұрақтары:

1.Әшекей бұйымдарды ата?

2. Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?

3.Зергерлік бұйым жасаған кезде қандай әдіс тәсілдерді қолдандың?

4. Жұмыс барысында қиындықтар кездесті ме және қандай жетілдіру амалдарын пайдаландың?

Жұмыстар бүкіл сынып алдыңда талқыланып бағаланады.

Керек болатын заттар; фольга, сым, картон, әшекейге арналған түрлі түсті тастар, бисерлар, қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар

Қазақтың ұлттық әшекейлері https://www.youtube.com/watch?v=20wZuCDpxQM

Зергерлік өнерді жаңғыртушы шебер https://www.youtube.com/watch?v=IPCq1mtmHUU

Бағалау:

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс.

Кішігірім эссе жазу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді