Сиқырлы математика әлемі


Раимбаева Слушаш Кибадоллаевна

Сарысай орта мектебі жанындағы ашылған «Құлыншақ»шағын орталық балабақша тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

Тақырыбы: Сиқырлы математика әлемі.

Топ:II кіші

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету.Сандарды тура және кері санау.Балалардың тілін дамыту жұмыстарын дамыту .Ой –өрісің дамыту,есте сақтау қабілетін,ұсақ қол моторикасын дамыту.Дидактикалық ойын: Жоғалған сан,логикалық есептерді шығаруды үйрену таяқшалардың көмегімен.Сөйлемдерді аяқтауын үйрету,пішіндерді ажырату білу,түстерді ажыратуға үйрету.

Әдіс –тәсіл: түсіндіру, сергіту сәті,қимылды ойын: «Поезд»

Құрал –жабдықтар:таяқшалар

– Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз

Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен

Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз.

Ал қанекей бәріміз.
Амандасып алайық.

Жылулық шеңбер.
– Қане, балалар барлығымыз бір – біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
– Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)

– Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
– Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
– Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
– Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
– Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.

1 – тапсырма. 1 – ден 5 – ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
2 – тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 – ден 5 – ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады

3 – тапсырма. Логикалық есептер
– Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1) 
– Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
– Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма

Сергіту сәті ; Бала ,бала ,балапан.

                         Бала,бала ,балапан

                         Қәне қайсы алақан,

                         Саусақтарын айбат

                         Былай,былай ойнат .

4 –тапсырма. «Сөйлемді аяқта» ойыны

-Таңғы асты таңертең,ал кешкі асты ішеміз(кешке)

-Түнде ұйқтайды,ал жаттығу жасаймыз(таңертең)

-Күндіз күн шығады ,ал Ай. (түнде)

-Кешкі асты кеште ,түскі асты.ішеміз.(күндіз)

Ал енді пойызбен барайық.

Қимылды ойын.

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.

Пыш-пыш-пыш-пыш біз кеттік,

Жүрісті үдеттік

ГУ-гу гу-гу гуілде

Қалып қойма бірінде.

Тәрбиеші:

-Қәне балалар ,тоқтайық.Пыш-ш-ш.Мінекей балалар 5-тапсырмаға пішіндер әлеміне келдік

5- тапсырма.

Мына пішіндер қандай пішіндер деп аталады? Қанша бұрыштары бар?Түстері қандай?

Жарайсындар балалар.

Сергіту сәті: «Аңқайма,қайтала»

Қәне,достым,аңқайма

Менен кейін қайтала.

Бір тұрамыз ,созыламыз,

Екі-енкейіп,керілеміз,

Үш шапалақ соғамыз,

Басымызды шайқаймыз,

Төрт дегенде қол көтеріп,

Бес дегенде қол бұлғаймыз,

Еңтігімізді басамыз және орнымызға отырамыз.

6-тапсырма.Логикалық сұрақтар.

1.Аспанда қанша жұлдыз бар ?

2.Сиырда қанша мүйіз бар ?

3.Машинада қанша дөңгелек бар?

4.Адамда қанша қол бар ?

7 – тапсырма Жұмбақтар.
Адамға серік, күзетке берік.(ит)
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанатты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды. (Балық)
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым
Таба алмадым атамды, әжемді.
Үйімді сағындым.(Бауырсақ)
Бұл қай ертегі?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)

Балалар сендер бүгінгі «Сиқырлы математика әлемі» атты ашық сабаққа жақсы қатыстындар,жарайсындар, балалар қәнекей қонақтармен қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.