Ағылшын тілі сабағында кері байланысты қолданудың тиімділігі


Бекбулатова Эльмира  

Абай жалпы орта мектебі ағылшын тілінің оқытушысы

Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда  reflexio- кейінге  айналым мағынасын  білдіреді. Бұл терминді Джон Локи XVII ғасырда енгізген. «Рефлексия – адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі. Рефлексия мақсаты – еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Кері байланыс жүргізу  бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің  «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін  зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой-өрісінің  дамуы оқу үрдісі  кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы  білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу  үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан  кері байланыс жүргізілуі тиіс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен  алмасуы сияқты  әдістер  оқушылардың өз  біліміне  белсенді қатысу қабілетіне  әсер етеді. Оқушылар  жұппен де, өз беттерімен де  өз білім деңгейлерін  бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.

Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ  бөлімдерінен кейін және  тарау соңында  жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық  рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б.  Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.

                 Сабақтағы кері байланыстың түрлері

Описание: Картинки по запросу кері байланыс түрлері

1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен  бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу,  сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау)

Описание: Описание: Картинки по запросу кері байланыс

2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі.

Описание: Картинки по запросу кері байланыс

          1- баспалдағы  Мен…………. БІЛЕМІН:

          2- баспалдағы  Мен ………… ТҮСІНЕМІН:

          3- баспалдағы  Мен ……………  ЖАСАЙ АЛАМЫН:

3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен  білемін деген сияқты ой-пікірлерін  білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң  әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы, «Минус»-қолымнан келмей жатыр  немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын, «Қызықты»  –  деген бағанға өздеріне  не қызықты  болды соны немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады. Дұрыс жүргізілген кері байланыс арқылы оқушылардың өзіндік пікірін білуге  болатынын және мұғалімнің кері байланыс жасай отырып, өз ісіне сыни көзбен қарайтыны туралы баяндалады.

Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған. Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады.

Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен  білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл -ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының  себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады.

Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру, кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келгенде, рефлексия- көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет  оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз.  Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін  біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін: 1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 2-ден, рефлексия арқылы оқушының  қажеттілігін біле аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.

Оқытушылар үшін тиімді жағы:

  • оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды;
  • келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді;
  • уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.

Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:

оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;

оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;

оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;

оқытушы мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;

Сондықтан да кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймыз.

Пайданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым – 2012 жыл

2. «Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» – Зулкашева Ш.М. Орал 2013

3. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы  №8