«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру».(4-5жас) Тақырып . «Көңілді пішіндер»


Алменова Гүлнар Пионеровна

Қараганды облысы,Темиртау қаласы әкімдігі Темиртау қаласының Білім беру бөлімінің № 22 Нұрай «Бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің  №5 технологиялық картасы

                                                               «Самал» ересектер тобы № 6

 Өткізілетін күні, айы, жылы:     « 15» 10.2019ж 

 Білім беру саласы: Таным        

 Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

 Тақырыбы: «Көңілді пішіндеі»

 Мақсаты: Балалардың математикалық білімдерін бекіте отырып,геометриялық пішіндерді                   және есте сақтау қабілеттерін дамыту

 Міндеттері*?

 Білімділік: 5-ке дейін санауды және кері санауды пысықтау;сандарды салыстырудағы икемдігін және жасырын сандарды дұрыс табуда білімдерін бекіту;геометриялық пішіндердің атауларын бекіту;тор көзді қағаз бетінде бағдарлау икемдігін бекіту;

Дамытушылық:  Есте сақтау қабілетін,қиялын,тапқырлығын және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды дербестікке тәрбиелеу.

Көрнекілік және қажетті құралдар: Теңіздегі кеменің суреті (слайд), геометриялық пішіндерден аралдар ( «Санамақ» – үшбұрыш, «Ойлан-тап» – шаршы,  «Әзіл-уақыты» – дөңгелек, «Геометрия» – ромб, «Ғажайып әлемі» – трапеция)  (слайд,  « +»,   «-»,   « = » тапсырмалары бар қағаз әр балаға,  санау таяқшалары әр балаға, нанның көшірме суреті бар қағаз әр балаға;

 Сөздік жұмысы: аралдар – теңіздерде кездесетін кішкене жерлер.

Қостілділік компонент: аралдар- острава, геометриялық пішіндер – геметрические фигуры,

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың әрекеттері
Мотвациялық – қызығушылы  Қонақтармен сәлемдесу. Қайырлы таң; Доброе утро; Гуд монинг.  Шаттық шеңбер. Күндей жадырап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастайық.   Қонақтармен сәлемдеседі.   Шаттық шеңберіне тұрып барлығы бірге қайталайды.    
Ұйымдастыру іздестіру  -Балалар бүгін біз сендермен ғажайып және сиқырлы әлем жайында әңгімелесеміз. Күтілмеген сәт.Есік қағылып хат келеді.   Балалар,бізге матеметиканың ғажайып әлемінің Перизаты хат жолдапты,келіңдер оқып көрейік: «Құрметті балалар,мен сендерді,  ежелгі қамалдағы қазынаны іздеу үшін,  теңізде саяхаттауға шақырамын.Ол үшін «Ғажайып әлемі» аралына бару керек.Жолда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр.Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін сендер өздеріңнің білімдеріңді, тапқырлықтарыңды және зеректіктеріңді көрсетулерің керек.Сендерге сәттілік тілеймін. Перизат!». -Ал балалар,қызықты саяхатқа аттануға дайынсыңдар ма? -Айтыңдаршы балалар, теңізде саяхат жасау үшін қандай көліктерге  мінуге болады? (қайық,катер,кеме) – Немен баратынымызды білу үшін мына слайдқа қараңдар. -Нені көріп тұрсыңдар? -Біз сендермен саяхатқа кемемен барамыз.   – Көздеріңді жұмыңдар.(теңіз суының дыбысы) – Міне балалар біз теңіздеміз.Ал біз санамақ аралына келдік.Балалар бұл аралда қызық тапсырмалар бар екен.   1 2 3 4 5 6 7 8 9 10  1.«Санамақ» (үшбұрыш) аралы                 -Балалар қалай ойлайсыңдар, мына аралда нелер мекендейді?  (сандар мен цифрлар) «Үшбұрыш» аралындағы тапсырмаларды тыңдап,орындаңдауға дайынбыз ба? 1-тапсырма: 1-5 дейін ретімен үш тілде санау. 2-тапсырма:Қай санды мен өткізіп жібердім? (1,2,3,5); (1,2,,4,5,);  (1,3,4,5) 3-тапсырма: 3-тен үлкен және 5-ден кіші қай сан? 4-тапсырма: Қандай айлардың атауын білесіңдер? Бір жылда  неше ай бар? Аралдың санамақ тапсырмалары бітті. -Балалар біз әрі қарай жол жүреміз. (Балалар қол ұстасып,теңіз толынын жасайды.Теңіздің шуы естіледі)         3. «Әзіл-уақыты» (дөңгелек) аралы.                    
-Балалар,бұл аралда көңілді есептер мекендейді. (слайдпен көрсету) *Екі бала 4сағат шашки ойынын ойнады.Әр бала неше сағат шашки ойынын ойнады? *Анасының Мамық деген мысығы, Айжан деген қызы,Ақтөс деген иті болды.Анасының неше баласы бар?      *Егер әтеш бес жұмыртқа басатын болса,неше балапан басып шығады?                                *Әже 3 мойынорамал және 6 биалай тоқыды,Әженің неше немересі бар?     *Үстел үстінде 3 алма жатыр,1 алманы екіге бөлсек, неше алма болады? -Жарайсыңдар балалар, біз әрі қарай жол жүреміз. (Балалар қол ұстасып,теңіз толынын жасайды.Теңіздің шуы естіледі) Сергіту сәті. Сыңғыр ,сыңғыр сырғалар Құлағымда ырғалар Оң қолымда білезік, Сол қолымда білезік Саусақтарда сақина Сана салып ақылға. Бір,екі,үш.Бір,екі,үш. Демаламыз жинап күш.        4. «Геометрия» – (ромб) аралы. ⁄⁄⁄                  
Санау таяқшаларымен ойын тапсырмалар. *Барлық қабырғалары бірдей пішінді құрастыр (шаршы) *Екі қабырғасы ұзын,екі қабырғасы қысқа пішінді құрастыр (тіктөртбұрыш) *Бес бұрышы бар пішінді құрастыр.Не пайда болды? (бесбұрыш) *Үш таяқшадан пішін құрастыр. Не пайда болды? (үшбұрыш) *Енді осыған екі таяқшаны қосқанда,қандай пішін пайда болды? (ромб) -Жарайсыңдар балалар, біз әрі қарай жол жүреміз. (Балалар қол ұстасып,теңіз толынын жасайды.Теңіздің шуы естіледі) Балалар біздер қай аралға келдік.   5.«Ғажайып әлемі» -(трапеция) аралына жүзіп келдік.                        
-Балалар міне,біз «Ғажайып әлемі» аралына жетіп келдік. Осы аралдағы ескі қамалдың айналасында әдемі гүлдер өседі екен. Тапсырм.  Үстел үстіндегі  қағаздың сол жағындағы гүлдің, Көшірмесін оң жақа тор көз бойынша көшіріп жаз. -Қараңдаршы балалар ,еске қамалдың айналасында нелер өседі екен?                                                           Ал қазір балабақшаға қайтуымыз керек.Барлығыңның  көздеріңді жұмуларыңды өтінемін. (Балалар қол ұстасып,теңіз толынын жасайды.Теңіздің шуы естіледі)  
    Хатта не жазылғанын білу үшін қызығушылық танытады.       Хаттың мазмұннын тыңдайды.     -Ия дайынбыз.     -Қайық,катер,кеме   Слайдқа қарайды.     -Кеменің           Балалар қандай геометриялық пішін екенін атады және ондағы суреттерді анықтайды.             1).1-10 дейін ретімен үш тілде санайды.   2).  4;3 ; 2; 3). 4-саны .Желтоқсан,Қаңтар…..Бір жылда 12-ай бар.     Дөңгелек Жұма Ақпан                             ( балалар қандай геометриялық пішін екенін анықтайды және ондағы белгілерді айтады)           Әр бала 4 сағат ойнайды                       Анасының бір қызы бар.           Екеуінде 4 аяқ                       Әжемнің 3 немересі бар                       3 алма         Матіндер байланысты қимылдар жасайды.                                 3 алама               ( балалар қандай геометриялық пішін екенін анықтайды және ондағы ненің суреті екенін  айтады)             Санау таяқшаларымен  тапсырмаларды орындайды.                                 ( балалар қандай геометриялық пішін екенін анықта.                 Тор көз бойынша гүлдің көшірмесінің суретін салады.
Рефлекстік- түзету  -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? -Саяхатта сендерге қандай пішінді аралдар кездесті? -Ал қандай тапсырмалар қыйын болды? -Қандай тапсырмаларды орындаған ұнады? -Балалар сендердің бүгінгі сабаққа қатыстыңдарың өте ұнады..Себебі сендер тапсырмаларды орындағанда өжетті,зейінді және дербес  болдыңдар.       Сабақтан алған әсерлері жайында айтады.

Күтетін нәтиже:

Білді: Ретімен санауды,апта күндерін.

Игерді: Санау таяқшаларынан геометриялық пішіндерді жасауды.

Меңгерді:  Тор көз бойынша гүлдің көшірмесін салуды.

Тәрбиеші: Алменова. Г. П.                                   Қолы: