“Пайыздар” 4 сынып математика


Бекентаева  Гулнар Искендировна

А.Конкабаев атындағы  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы  Пайыздар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру; 5.1.2.34 берілген санның пайызын табу; 5.1.2.35 бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу; 5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу;
Сабақ мақсаты Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды таба білуге есептер шығара білу;
Сабақ түрі Қайталау
Бағалау критерийлері Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке ауыстыра алады; Санның пайызын таба алады; Пайызы бойынша санды таба алады; Екі санның қайсысы бөлінгіш, қайсысы бөлгіш болатындығын түсіне алады; Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше таба алады; Екі санның пайыздық қатынасын қолдана алады.
Тілдік мақсаттар Пән бойынша оқу мақсаты Оқушылар: – пайыздар мен бөлшектер арасындағы байланысты түсінеді; – шама мәндерінің пайыздық кемуін немесе артуын түсінеді; – бөлшектерді пайыз арқылы өрнектей алады және керісінше орындай алады; – санның пайызын, пайызының мәні бойынша санды табуға, сондай-ақ екі санның пайыздық қатынасын табуға есептер шығара алады; – берілген бөлімнен алған білім және біліктерін практикалық мазмұнды есептер шығаруда қолданады. Тілдік мақсат Оқушылар: – бөлшектерді пайыз арқылы және керісінше өрнектеу алгоритмін түсіндіре алады; – санның пайызын табу және пайызының мәні бойынша санды табуды түсіндіре алады; Пәнге қатысты лексика мен терминология – пайыз; – пайыздық қатынас; – пайыздық арттыру; – пайыздық кеміту ; – қарапайым пайыздық өсім; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер – санның жүзден бір бөлігі … деп аталады; – пайызды ондық бөлшекпен өрнектеу үшін … керек;
Құндылықтарды дарыту Белсенділік, шыншылдық, басқаларды тыңдай білу, жұптық, топтық жұмыстар арқылы құрметтеуді дарыту топ ішіндегі бір бірін бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы жауапкершілікті дарыту.
Бастапқы білім Оқушылар келесі -ғымдарды біледі: пайыз, пайызды санға өрнектеу, санды пайызбен өрнектеу, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақ басы 7 минут                                                 Сабақ ортасы   8 минут               /5 мин/ 1. Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа дайындығын тексеру. Тренинг Сабақтың тақырыбы мен мақсатын беру. Үй тапсырмасын тексеру. 2. Алдыңғы өтілген тақырыптарды жүйелеу және жалпылау. -Пайыз дегеніміз не? Шаманың жүзден бір бөлігі -Пайызды ондық бөлшекке қалай айналдырамыз? Шаманы жүзге бөлеміз. – Пайыздарды ондық бөлшек түрінде жазыңыз: -Ондық бөлшекті пайызға қалай айналдырамыз?  Жүзге көбейтеміз. -Ондық бөлшектерді пайыз түрінде жазыңыз: Е У
          240-тың бөлігі