«Ұстаз-ұлы есім 2020»

Мырзалиева Асель Маратжановна, Каипова Айжан Алтаевна, Жуанышева Камшат Ержанқызы, Отарымбетова Алия Кнатовна, Кирабекова Марал Турсинновна, Жайлаубекова Куралай Куатовна

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагогтары

Сабақтың тақырыбы: « Құстар.Үй және жабайы құстар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Балаларды үй және жабайы құстардың түрлерімен таныстыра отырып,білімдерін нығайту,айырмашылықтарын табуға дағдыландыру.Тіршілік ету ортасы,қоректенуі  туралы мағлұмат беру. Түзете-дамытушылық:Үй және жабайы құстардың атауларына дыбыстық талдау жасату,меңгерген сөздерден сөйлем құрастыру,талдау,жинақтау дағдыларын қалыптастыру.Іс-әрекет сөздерге зат есімдерді табу (қаңқылдайды қаз т.б.)

 Тәрбиелік: Құстарды қорғауға және оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу, көрсету,түсіндіру, тапсырмаларды орындау,

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер

Оқу іс-әрекетінің қызметі   Мұғалім-логопедтің қызметі   Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!   Артикуляциялық жаттығулар: «Қақпа» «Түтікше» «Әткеншек» «Тәтті тосап» Тыныс алу жаттығулары:   «Шәй суытамыз» Әжеммен бір дастарханда Шәй ішейін қант салып Буы шыққан ыстық шәйді Үрлейін де суытайын «Уф-уф-уф-уф»  
  Бірге шаттық шеңбер сөздерін қайталайды.         Артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын орындау         «Уф-уф-уф-уф»  
Ұйымдастыру/қ ізденістік   -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қазір қыстың  қай айы?   -Қыс мезгілі несімен ұнайды?       -Қыстайтын құстарды білесіңдер ма?     -Қандай дыбыс шығарады?          Сонымен балалар, біз бүгін тірі табиғатқа жататын жануарлардың ең көп тараған маңызды тобы құстар туралы мағлұмат аламыз.Құстарды үлкен екі топқа бөлеміз. 1)Жабайы құстар 2) Үй құстары   Дала құстары табиғатта тіршілік етеді,яғни орманда.Құстардың пайдасы өте көп.Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды,өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайды.Барлық құстарға ортақ қасиет –олар ұшады,қанаттары,мамықтары,тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды,балапан басады.  -Балалар үй құстарына қандай құстар жатады?   -Үй құстары қалай дыбыстайды?     Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді.Үй құстарының пайдасы көп:жұмыртқасын,етін адамдар тағам ретінде пайдаланады,жүнінен жастық,көрпе жасайды.Сол себепті адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп,асырайды. «Сергіту сәті» Қарлығаш боп ұшайық, Торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, Бүркіт болып самғайық. Қане қанат жазайық, Ұшып-ұшып  алайық. Орнымызға қонайық.     Іс-әрекет сөздерге зат есімдерді табу:  Қаңқылдайды қаз;  Сайрайды бұлбұл;  Бытпылдайды үйрек.    Дидактикалық ойын: «Мекенін тап» Шарты:Үй құстарын үйге,дала құстарын тоғайға орналастырады.   «Әтеш», «қарға» сөзіне дыбыстық талдау жасау,сөйлем құрастыру.     «Санамақ» д/о  Бір дегенім –бірқазан,  Екі дегенім –ементұмсық.  Үш дегенім-үйрек,  Төрт дегенім –торғай.  Бес дегенім –безгелдек,  Алты дегенім –алабұлдырық, Жеті дегенім –жек (дуадақ)  Сегіз дегенім –сұңқар.  Тоғыз дегенім –тоқылдақ, Он дегенім –оқпақ. Үйге тапсырма құстың суретін салып келу Өз ойларын айтады. -Қыс мезгілі Қазір қыстың қаңтар яғни екінші айы. Қар жауады,аққала соғамыз,шанамен сырғанаймыз,Жаңа жыл мерекесі болады.   Қарға,тоқылдық,торғай,сауысқан, шымшық, Қарға (қар-қар-қар) Сауысқан (саңқ-саңқ-саңқ) Торғай (шиқ-шиқ-шиқ) Тоқылдақ(тук-тук)   Балалар мұқият тыңдайды                 Қаз,үйрек,тауық,әтеш Тауық (қыт-қыт) Әтеш( ку-ка-ре-ку) Қаз (қаңқ-қаңқ) Үйрек (быт-быт)           Балалар сергіту сәтін іс-қимылдар арқылы жасайды.         Тапсырманы орындайды   Тапсырманы орындайды     Тапсырманы орындайды
Рефлексиялық-түзетушілік.  Қорытынды:  -Бүгін сабақта не өттік?  -Құстардың қандай пайдасы бар?   Баланы мақтап,мадақтау. Баланың жауабы

Күтілетін нәтиже: 

Не білді:  Құстардың түрлерін.

Не игерді: Құстардың дауысын ажыратып,құстар туралы түсінгендерін әңгімелеп берді.

«Тірек – қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалардың әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру»

Жуанышева Камшат Ержанқызы

«Педагогикалық – психологиялық түзету кабинетінің» әлеуметтік педагогы

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы

    Тірек қимылы аппараты бұзылған балалар іс – әрекет түрлерінің дамуы бірқатар ерекшеліктермен жүзеге асады. Бұл біріншіден, қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, себебі, кез-келген әрекет белсенді сыртқы операциялардың орындалуына, машық-дағдылардың, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуына бағытталады. Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады. Бұзылудың нақты себептері де анықталмай қалуы мүмкін. 1-3 жас аралығындағы балаларды түзетудің педагогикалық емдік жұмысының басты мақсаты: заттық монипуляциялық іс-әрекетті, сенсорлық тәрбиені, қоршаған ортаға қатысты сөйлеу тілін, заттық іс-әрекетті, өз-өзіне қызмет ету мен әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту. Жұмыстың басты бағыты: ұсақ және жалпы маториканы дамыту, коммуникативтік тәртіпті қалыптастырып, дамыту болып табылады.

Басты, денені, аяқ-қолды қалыптастыруында артикуляциялық аппараттың жұмысын жеңілдетіп, көру-моторлық координаттарын жаттықтыру үшін түрлі қалыптастыру жұмыстары пайдаланылады.

Қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай қалыптасады ;

Ортада дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар; балалардың басым көпшілігі өздігінен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан.

Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;

Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады. Балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Ал, бұл дағдылардың қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты. Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.

        Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың бірізділіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:

— Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру;

— Тоқымаға шеңбер өткізу;

— Қағазға түйме, жіп, замок әр түрлі ұзындықта жапсыру жұмысы;

— Тиындарды іріктеу;

— Жарманы жинау;

— Сіріңкемен жұмыс;

— Қағазбен жұмыс;

— Жапсыру (балшықтан, пластелиннен, қамырдан);

— Арнайы шеңберге, бәтенкеге бау байлау;

— Жуан жіппен түйіншек жасау;

— Құммен, сумен ойнау;

— Өзінің саусағына жіңішке сымды орау (жүзік немесе орам жасалады);

— Бұрандалы шегені немесе гайканы бұрау;

— Конструктор немесе кубиктер ойнау;

— Ауада сурет салу;

— Әр түрлі материалдармен суреттер салу (қарындаш, қалам, бор, көмір, және т.б);

        Өзінің қажеттіліктерін өздігінен қанағаттандыру қабілеттерін қалыптастыру және тазалық ережелерін сақтау немесе тиісті көмекті қолдану. Дене күтімі дағдылары, дене мүшелерін атау және айыра білу қабілетін бекіту; тазалық және гигиеналық санитарлық заттарды аттау және айыра білу: сабын, щетка,тарақ және т.б, – қолын жуу және сүрту. -тісін тазалау. -шаш күтімі: тарау, шаш қыстырғышпен түйреу; Киіну және шешінуі дағдылары ,киім және аяқ киім заттарын атау және айыра білу, өзінің киімін айыру,бағыттарды айыру: жоғары-төмен, алды-арты. Тағамдар мен сусындарды,тамақ қабылдауға қажетті заттарды айыра білуге және атау: қасық, тарелке, стақан және т.б. Қасықпен өздігінен тамақтану: қасықты дұрыс ұстау,дұрыстап тағамдарды шайнап жеу, ыдыстан немесе кружкадан ұқыптылықпен ішу,тамақтану ережелерін сақтау,  үстелге үлкеннің рұқсатымен отыру және тұру. Үстелден шыққан соң, орындығын орнына қою. Өзіндік қажетіліктерді қалыптастыру, тазалық ережелерін сақтау және көмек арқылы орындау. Жағдайға байланысты өз күшін бағалауды қалыптастыру. Өз мүмкіншілігін білу және өзін ұстау, әртүрлі қиыншылықтарды түсіну; көмекті қабылдауға дағдыландыру. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса сол балалардың қоғамда өз орнын тауып, дамып жетілуіне үлесімізді қосайық.

Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға бейімдеу барысында ұсақ қол моторикасын дамыту.

    Қазіргі уақытта ерекше білім беруде қажеттілігі бар балаларға түзете-дамыту көмегін алуға айырықша көңіл бөлінген. Ерекше балаларға қатысты алға қойған мақсатымыз  қоршаған ортаға әлеуметтік бейімделуімен қатар толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасай отырып көмек көрсету. Әр педагог өзінің өмірлік тәжірибесінде күнделікті тұрмысындағы әлеуметтік –тұрмыстық  жағдайға бейімдеу барысында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды ұсақ қол моторикасын дамытуға қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Баланың ұсақ қол моторикасын ерте жастан дамытқан дұрыс. Ойшыл  В. А. Сухомлинский «Баланың ақыл ойының саусақ   ұшында»  деп айтқандай адамның бас миында саусақ қимылы орналасқан. Ұсақ қол моторикасын дамытқан  ерекше баланы ойлауға, сөйлеуге және  іс-қимылының икемділігі артатыны сөзсіз. Ұсақ моторика  қимыл-қозғалысы мен  қолдың икемділігі , бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Әсіресе, саусақтың қимыл-қозғалыс белсенділігін шынайы табиғи жолмен жалпы моторикасын дамыту кезінде жүргізіледі.  Ерекше балалардың ата-аналарына үй жағдайында дәнді-дақылдармен жұмыс жасауға болатын ойындарды ұсынамын. Дәнді дақылдармен ойналатын бірнеше ойын түрлеріне: «Ыдыстан-ыдысқа салу» ойыны

Балаға екі ыдыс беріңіз . Бар ыдысқа дәнді салыңыз. Екінші ыдысты бос қалдырыңыз. Балаға қасық беріп, бір ыдыстан , екінші ыдысқа салуды немесе қолымен бұршақты екінші ыдысқа теріп салуды тапсырыңыз.

 «Қолымызды жасырайық» ойыны

Үлкен ыдысқа дәнді салып, қолды ішіне салып, саусақтарымен ұстау. Балаға бұл қызықты

«Қазына іздеу» ойыны

Үлкен ыдысқа дәнді салып, оның ішіне майда заттарды-түймелер, тиындар және т.б ұсақ ойыншықтар салуға  болады. Әрі қарай балаға қолымен тауып, оны арнайы сиқырлы сандыққа салуды өтінеміз. Қазынаны арнайы тор қасықпен табуды ұсынамыз.

«Жас сұрыптаушы» ойыны

Макарон мен бұршақты іріктеп, сұрыптау. Үлкен ыдысқа макарон мен бұршақты араластырып саламыз, оларды бөлек-бөлек ыдысқа іріктеп салуды өтінеміз.

«Сиқырлы қапшық» ойыны

Сезу арқылы табу (түрлі заттардан жасалған, түймелер, түрлі   дәндері  бар қапшықтар) Бұл ойын балаға өте қолжетімді. Қатты матадан бірнеше қапшықтар тігу қажет. Оған қарақұмық , асбұршақ, тары саламыз. Бастысы қап жыртылмаса болды. Балаға үлкен адамның қадағалауымен беріледі. Бала қолын салып, ұстап, мыжып көреді. Әр дән әр түрлі сезім береді. Балалармен қандай дән екенін тауып ойнатуға болады.

 «Құстарды тамақтандыр» ойыны

Құстарға жем берудің өзі баланың саусақтарын дамытады. Балаға нанды немесе пістені үгітуді сұраңыз. Осы үгітілген нан мен пістені алып серуенде құтарға жем беріп ойнатуға болады. Егер баланы мазасы болмай тұрса немесе ауа-райы жайсыз болса, қағаз бетіне құстың суретін салып немсесе жабыстырып беріңіз. Суретті үстелдің бетіне қойып, балаға оны тамақтандыруды талап етіңіз.

Дәнді-дақылдар ұсақ қол моторикасын сезімталдыққа түс пен пішіндерді ажыратуға, логикалық   ойлау қабілетін, зейінін дамытады. Ерекше бала әлеуметтік –тұрмыстық  жағдайға талпынуына септігін тигізіп, ұсақ қол моторикасы бейімделгенде өзі-ақ,  икемделе бастайды. Сонымен қатар, бала отбасының тұрмысына көмектескісі келуі мүмкін.  Осы кезде баланың ұнатқан шаруасына  көңіл бөлген жөн. Баланы үй шаруасының жеңіл-желпісін істей беруге үйретуге де болады. Мысалы: балаңыз жуылған кірді жинауға көмектессін. Анасының көмегімен жеңіл-желпі киімдерді қыстырса, бір жағында киімдерді бірге жинастыруға болады. Осы орайда, балаға Қыстырғыштармен ойынды ұсынамын: Бір қолдан екінші қолға ауыстыру, себеттен қыстырғышты алу, тырнақтардың үстінен қыстырғышпен тістеу, бет-орамалды жаю, бет-орамалын жіпке ілу, жетіспеген заттардың бөлшегін тауып, қосу, матаның, киімнің үстіне пішініне қарай қыстырғышты тауып алу  ойындарын ойнатуға болады. Ең басты міндет-баланың өз-өзін қадағалауы мен бейімділігін арттыру және дамыту. Баланы үй-шаруасына жеңіл-желпісін істей білуге үйретуге де болады.  Сондай-ақ, үйде баланың күн тәртібін орындауда, ойыншықтарды өз орнына жинау, аулада және бөлме өсімдіктерін баптап күтуге баланы қатыстыру балаға үлкен қуаныш сыйлайды. Баланы  әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға  қатыстыру-үйді таза ұстауда емес, баланы еңбекке, тазалыққа, икемділікке үйрету болып табылады. Әр ата-ана екерше балаға-ерекше мән беріп, шыдамдылық пен махаббатпен  көңіл бөлсе , өмірге икемділігі арта түседі. Шыбықты қалай баулыса, солай қарай бой түзейтін тәрізді, бала да ата-анасына қарап өседі. Бала әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуде қарапайым дағдыларды орындаған сәтте, істеген ісін мадақдап отырса, баланың еңбекке деген қызығушылығы арта түседі.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті

 Әлеуметтік педагог: Каипова  Айжан  Алтаевна

Баланың аты-жөні: Аманғали Е., Сүйерқұл А., Марат К., Мырзабек А., Тәуекел А..

Тақырыбы: «Заттың санын сандық таңбамен сәйкестендіру»

Мақсаты:8-гедейінгі заттарды  цифрмен сәйкестендіруге үйрету

Міндеттері:

– 8 санымен таныстыру, затты таңбамен сәйкестендіру;

– таяқшалардан пішін жасау, пішіндерді атау;

– құстар туралы білімдерін толықтыру;

– ұзақ есте сақтау қабілетін дамыту;

– ойлау қабілетін дамыту;

– құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.

Үлестірмелі материал: құстар суреті, 8 дейінгі сандардың суреті

Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтың қызметі Баланың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Жылулық шеңбері. Әңгімелесу Педагог кішкентай ойыншық үлпілдек балапанды алып, оған жылы тілектер айтуды сұрайды.   Балалар шеңберге тұрып бір бірінен балапанды ала отырып тілек айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Әңгімелесу. Суретпен жұмыс. Педагог дала құстарының тіршілігі туралы әңгімелеуді жалғастырады. «Дала құстары табиғатта өз бетінше тіршілік өте отырып  әр түрлі жағдайларды бастан кешіреді. Олар бір-бірінің жұмыртқаларын  жеп қоюы, ұясын бұзып кетуі мүмкін. Сонымен қатар балалардың  да балапандары үйлеріне алып кетуі кездесіп  отырады. Құстың ұясын көрсең тиіспе! Жұмыртқасын ұстауға болмайды, себебі, шешесі жеріп тастап кетсе обал болады. Құстар көктем шығысымен бір немесе үш жұмыртқадан балапан шығарады. Оларды күз түскенге ейін ұшуға, жемін тауып жеуге, т.б. үйретеді. Алайда  өз жұмыртқаларын  басқа ұяға салатын құстарда кездеседі (көкек)». Тыйым сөздер Құстардың ұясын бұзба!Құстардың балапанына тиіспе!Құсқа тас лақтырма! «Құс болғым келеді» сергіту сәті Қане, қанат жазайық, қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық. Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, тоқылдақ боп шоқиық. 8 саны және цифрымен таныстыру. Тапсырма орындау. 8 санына дейін сандарды қайталап еске түсіру. Педагог 7 санына 1-ді қосып, 8 санын алуға болатынын, неше бірліктен құралатынын түсіндіреді.  Педагог тақтаға сым темірде қонып тұрған қарлығаштардың суретін іліп қояды. Олардың суреттерінің астында сандар ретпен білдіреді. Балалар тура және кері санайды. Осы қарлығыштардың жанына тағы бір қарлығаш келіп қонады деп суретін және 8 санын қойып, бұл 8-ші қарлығаш екенін айтып 8 санымен таныстырады. Тура және кері санау. Сегіз таяқшаны пайдаланып түрлі бейнелер құрастыру, құрастырған бейнелерді, геометриялық пішіндерді атау. «Қай сан жоқ?» д/ойыны Шарты: Сандарды үстелдің үстіне жайылып қойылады, балалар көздерін жұмғанда бір санды тығып қояды, жоқ санды балалар айтады. Жұмбақ Аспанға ұшты, 2 қарға, 1 көгершін, 2 көкек, 3 қарлығаш, бәрі неше?                                                      (8) Зат пен санды сәйкестендіру Шарты: Көптеген суреттер беріледі оны балалар жинап қанша екенін анықтап, қасына керекті сандарды қояды.               Балаларға жеке тапсырмалар беру; 8-ге дейінгі суреттерді қосып алу тапсырмасы.   Педагогты тыңдап сұаққа жауап береді                             Тыйым сөздерді қайталап айту.   Бойларын сергіту               Балалар мұқият қарап шығып, тура кері санайды.                             Балалар жоқ санды атайды   Жұмбақты шешеді.     Көптеген суреттер беріледі оны балалар жинап қанша екенін анықтап, қасына керекті сандарды қояды. Әр бала өзіне берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды сабақта белсендік танытқаны үшін мақтайды. Өздеріне баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: төрт цифрын; геометриялық фигура –тіктөртбұрышты;

Игереді: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді; таныс заттарды еніне қарай (кең-тар) сәйкестендіруді;

Меңгереді: заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті.

Үйге тапсырма: Торғайдың суретін бояп келу, 8 санын жазып келу.

«Есту қабілеті зақымдалған  балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшілігі»

Мырзалиева Асель Маратжановна

«Психологиялық– педагогикалық түзету кабинетінің» сурдопедагогы

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы

Қолайсыз жағдайлар мен факторлардың кешенді нәтижесінде 60 пайыздан астам балалар әртүрлі патологиялық кемшіліктермен туылуда, есту қабілеті бұзылған және нашар еститін балалар да саны аз емес. Елімізде 10000 баласыртқы және ортаңғы құлақтын кемістіктерімен туады.

Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизиологиялық даму үдерісі қалыпты дамыған балаларға тән даму заңдылығымен өтеді, бірақ психикалық үдерістің өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл ерекшелік бала дамуының ауытқушылық түрімен анықталады. Есту қабілеті бұзылған балалардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктері болады.

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету – қоғамдағы есту қабілеті бұзылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің маңызды шарты болып табылады.

Отандық сурдопедагогикада естімейтін тұлғаларға үздіксіз білім, тәрбие берудің нәтижелі жүйесі құрылды.

Қазіргі кезеңде психологиялық, педагогикалық, медициналық түзету жұмыстары, есту қабілеті бұзылған балалардың өмірінің алғашқы айларында көрсетіледі (есту қабілетінің төмендегенін анықтау сәтінен бастап).

Мектепке дейінгі жастағы естімейтін және нашар еститін балаларды арнайы балабақшаларда, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде  оқыту және тәрбиелеу мүмкіндігі бар. Мектеп жастағы балаларды арнайы мектептерде, инклюзиялық сыныптарда оқытуда мүмкіндіктері бар.

 Есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық – педагогикалық тексеру оның даму ерекшеліктерін жан-жақты  қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің кешенінің бір бөлігі болып табылады.

Психологиялық – педагогикалық тексеру міндеттері:

1.    Баланың сезімдік және коммуникативті даму деңгейін анықтау және мінездеме беру.

2.    Сенсорлық және қимыл- қозғалыс қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру.

3.    Ақыл-ой  және сөйлеу тіл деңгейін (сөйлеу тілінің психологиялық қызметін зерттеу) анықтау және мінездеме беру.

4.    оқужәне ойнау, манипулятивті, заттық қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру,

5.    Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау деңгейін анықтау және мінездеме беру.

6.    Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа мінездеме беру.

7.    Психикалық дамуды бағалау, баланың өз мүмкіндіктерін, сол сияқты түзету көмегінің жағдайы мен жолдарын анықтау.

8.    Балаға түзете көмек көрсететін ата-аналарға, мамандарға арналған нұсқауларды жетілдіру.

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету  келесі принциптеріне бағытталады:

• Баланың жас кезеңдік психофизикалық мүмкіндіктерін зерттеу негізінде есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі балалардың жалпы жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;

•  Баланың жеке ерекшеліктеріндегі бұзылуы құрылымының есебінен арнайы түзете дамыту жұмысын ұйымдастыру.

•  Естімейтін және нашар еститін баламен тәрбие жұмысының барлық түрін жүргізу.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық көмек көрсету арнайы білім беру мекемелерінде түзете-дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Түзете-дамыту жұмыстарының негізгі міндеттері мен принциптерінде балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған және есту қабілеті бұзылуы салдарын тиімді меңгеруге қажетті педагогикалық жағдайды құру, оқыту процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлық мүмкіндіктерін қосу) базасын қамтамасыз ету қарастырылған.

Естуді қабылдауды дамытуға арнайы еріннен оқу, дыбысты айту жұмысы, есту- көру негіздерін қалыптастыру ықпал етеді, балалардың ауызша сөйлеуін жетілдіруге және түсінуі дағдыларын қалыптастыруға, әр түрлі сөзге жатпайтын дыбыстар шығаруын, музыканы қабылдауына назар аударылады.

Есту қабілеті зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшеліктері:

Психологиялық-педагогикадық тексеру (диагностика) арқылы есту қабілеті зақымдалғандығының сатысын анықтау,

Есту қабілетінің бұзылу дәрежесіне байланысты, баланың даму ерекшелігіне қарай арнайы түзете дамыту жұмысын ұйымдастыру,

Мониторинг жүргізу,

Балаға түзете көмек көрсететін ата-аналарға, мамандарға арналған нұсқауларды жетілдіру.

Естімейтін және нашар еститін балаларды қоғамға әлеуметтендіру жұмыстарын жүзеге асыру.

Нашар еститін балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар

1) Есту қабілеті бұзылған баланың білім беру ұйымының тәртібіне, оның білім беру ортасына бейімделу процесінде жеке және жас ерекшеліктерін міндетті түрде ескере отырып сабақтастық, бірізділік, біртіндеп беру принциптерін сақтау қажет.

2) Педагогтерге бұндай баламен қарым-қатынаста барлық мүмкін және қолжетімді құралдарды қолдану қажет: ауызша сөйлеу тілі, табиғи ым-ишара мен мимика.

3) Педагогтер мен мамандарға бұндай баланы айналадағылар қабылдау үшін, қарым-қатынасқа және әр түрлі әрекет түрлеріне қосу үшін арнайы жұмыс жүргізу қажет.

«Психикалық дамуы тежелген балалардың ғылыми – теориялық және коррекциялық жұмыстарының ерекшеліктері».

            Психикалық дамуы тежелген балалар мәселесін жан-жақты зерттеу ХХ ғасырдың 1960 жылдардан басталған. Осы жылдары енгізілген орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуіне алып келді, соның нәтижесінде көптеген балалардың сабақ үлгерімі төмендеді. Тіптен, кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы күрт нашарлады. Осы кезеңде шет елдерде  де оқу үлгерімінің сапасы мен білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемлекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы «оқуға қабілеті төмен», «оқытуда қиындықтар кездеседі», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған», «тәртібі бұзылған», «бейімделмеген», «миында болмашы зақымданулары бар» балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік – үлгермеушілік. Ал оның басты себебі – кіші мектеп жасында анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптаспауы. Бұл ауытқу көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі. Оларды ақыл-ойы кемістігінің жеңіл түрлері бар балалардан ажырату үшін, Сухарева Г.С. «Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТБ)»  немесе «Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалар» деген терминді енгізді. Бұл термин осы уақытқа дейін қолданылады. ПДТ балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар ең алғаш рет У.В.Ульенкованың басшылығымен 1973 жылы Нижний Новгород қаласында ашылды.  Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған типтік бағдарламалар  1990 жылы ғана құжат түрінде шығарылды.

        Психикалық даму тежелуі –  әртүрлі себептер нәтижесінде пайда болуы мүмкін: соматикалық ауру, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде болады. Бұл ұғым психолого-педагогикалық түсінік болып табылады. Психикалық дамуы тежелген балаларды педагогикалық шектен шыққан балалардан ажырата білу керек, өйткені  екі жағдайда да  оқудың төмен деңгейі әртүрлі болып келеді. Психикалық дамудың тежелуі мидың органикалық зақымдануының (туғаннан бергі немесе кейін қалыптасқан жатырішілік, туу кезіндегі, сондай-ақ  өмірдің алғашқы кезеңдерінде) солғын көрінісіне байланысты пайда болады. Психикалық даму тежелуінің ақыл-ой кемістігінен айырмашылығы, патогендік факторлар балалар дамуы қарқынының бұзылуына әкеп соғады, бұл  ауру белгілерінің  қайтымдылығымен дәлелденеді. Бұл жерде  ауру белгілерінің толық қайтымдылығы түзету және емдік жұмыстары жүргізілгеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. ПДТ балаларды топтастыру мәсілесімен айналысқан ғалымдардың ішінен ең танымалдардың бірі – К.С.Лебединская, оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ПДТ-нің этиопатогенетикалық жүйесі ұсынылды. Психикалық дамуының тежелудің негізгі клиникалық типтері этиопатогенетикалық принциптер бойынша былай жіктеледі:

1) Конституционалды текті психикалық даму тежелуі тұқымқуалаушылық, яғни физиологиялық және психологиялық жағынан адам ағзасының даму сатысының баяу жүруі. Балалардың эмоционалды- өрісі жасына сәйкес келмейді. Бұндай балалар ойынға құмарлық басым болады.

2) Соматогенді текті психикалық даму тежелуі себептеріне әртүрлі текті соматикалық жетіспеушілік жатады, сонымен бірге тұрақты астения, я болмаса түрлі жұқпалы аурулармен ауыру салдары. Мұндай балалар қорқақ, өзіне өзі сенімсіз, кез келген келеңсіз жағдай жүйесіне тез әсер ететіндіктен аурушаң, ашуланғыш, жылауық болып келеді. 

3) Психогенді текті психикалық даму тежелуі тәрбиенің қолайсыз жағдайларымен байланысты болады, бұл бала тұлғасының патологиялық дамуына әкеп соғады. Отбасында шектен тыс қаталдыққа, қысымшылыққа, дөрекілікке тап болып, таяқ жеп өскен бала жасқаншақ келеді. Психологиялық басты ерекшелігі маңайындағылармен қарым-қатынас барысында кез келген әрекетті теріс қабылдап, қорғануға бейім тұрады. өзінше қорғана жүріп, қарсылығын ашу шақыру, қырсығу, ызалану арқылы білдіреді. Мұндай балалар құрбы-құрдастарымен тіл табысып түсінісе алмай қатты қиналады.

4) Церебралды-органикалық типті психикалық даму тежелуіне баланың эмоционалды реңк өрісі және танымдық іс-әрекеті бұзылады. Тежелудің бұл түрі баланың құрсақта жатып даму кезеңінен бастау алуы мүмкін. Бұл кемшіліктер әйелдің жүктілік кезінде өз денсаулығын қадағаламауының, ағзасы арқылы сәбиінің бойына баратын дәрумендерді қажетті мөлшерде қабылдамауынан өз жұмысына жауапкершілікпен қарамауының салдарынан орын алатыны анық.    

Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырған У.В.Ульенкова. Ол мұндай балалардың жас шамасына байланысты мүмкіндіктері орындалмай қалатынын айтады. Барлық негізгі психикалық жаңа түзілімдері кешігумен қалыптасады және сапа жағынан ерекшеленеді.

 ПДТ балалардың есте сақтау ерекшеліктері зейін мен қабылдаудың  бұзылуына байланысты. Ерікті және еріксіз естің дамуында бірқатар кемшіліктер байқалады. ПДТ балалар көрнекі материалдарды есінде жақсы сақтайды. ПДТ балалардың сенсорлы дамуы да сапалы өзiндiк ерекшелiкпен сипатталады. Балаларда  көру мен есту қабілеттері сақталған, бірақ  қабылдау процесінің ауытқушылығы байқалады: оның екпiнi баяу, көлемі аз және анықтығы жеткіліксіз. Л.И. Переслени жүргізілген  зерттеулердің нәтижелері бойынша, ПДТ балалардың уақыт бiрлiгiне қабылдайтын мәліметтердің көлемі аздау, яғни персептивті операциялардың орындау жылдамдылығы төмен. Заттардың қасиеттері мен сапаларын зерттеуге  бағытталған әрекеттері қиындатылған. Көрнекі-практикалық тапсырмаларды шешуде балалар алдын ала байқап, өлшеу жасап көруді көп талап етеді, затты толық жан-жақты  зерттеуге қиналады. Сонымен бiрге оларда іс-әрекетті және мінез-құлықты ерікті түрде  бағыттау  қабiлеттiлiгi жеткiлiксiз қалыптасқан, бұл оқу тапсырмаларын орындауды қиындатады.

«Педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті» кмм.

Педагог – психолог:  Отарымбетова Алия Кнатовна.