Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері


Орындағандар: Керімбек Мөлдір,

Қуанышбайқызы Інжумаржан

                       Жетекшісі: 

Тарих және география пәндерінің мұғалімі

                        Өмірсейітов Талғат Жамшитұлы

Аңдатпа

Антропонимдердің  мағыналары әр түрлі қырынан зерттелініп, қарастырылып келеді. Алайда осы антропонимдердің қоғамдағы өзгерістерге байланысты өзгерістерге түсуі, бір антропонимдердің ұмытылып, енді біреулерінің қайта жаңғыруы жөніндегі мәселелерге көп назар аударылмай жүр. Соның нәтижесінде, қоғамдағы өзгерістер мен сол қоғамдағы антропонимдердің арасындағы тығыз байланыстың арнайы зерттеу нысанасына айнала қоймауы  осы жұмыстың жазылуына себеп.

Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойын тойлағалы отырған мемлекетіміздің  негізін қалыптастырушы ұлты болып табылатын қазақтардың антропонимдерінің әлі күнге дұрыс қолданылып, дұрыс жазылмауы, біздер үшін,  жанымызға батар үлкен мәселе болып қалып отыр.

«Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері» атты бұл жұмысымызда, осы қателіктер мен кемшіліктердің түп себептері мен олардың алдын алу жолдарын зерттеп, қарастырамыз.Тың ұсыныстар ұсынамыз.

Аннотация

В работе «Особенности применения казахских антропонимов» исследуются  и рассматриваются  значение антропонимов со всех сторон.   Сегодня уделяется мало внимания  проблеме антропонимов. Антропонимы изменяются взависимости от  изменений в обществе:если одни антропонимы забываются, другие  заново возрождаются.  В следствии этого,  проблема связи между общественными изменениями и антропонимами  стала объектом исследования нашей работы.

Так как в нашей стране на сегодняшний день  нет  правильного применения казахских антропонимов, их правильного написания и систематизации – это стало в нашей работе главной проблемой. В нашей работе мы исследуем  ошибки и недостатки в написании  и применении антропонимов, также указываем пути их решения.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2020/03/қазақ-антропонимдері.pdf” download=”all” viewer=”google”]