Мерекелік бағдарлама «Тәуелсіздік –тірегім»


                                                                  Ақмол облысы, Көкшетау қаласы

                       М.Ғабдуллин атындағы №3

                   көптілде оқытатын кәсіби

              мектеп-гимназиясының

                                          қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                 Жартанова Ақмарал Қайроллақызы

 Мақсаты:

оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып,Отансүйгіштік сезімдерге баулу;

– тәуелсіздікті сақтап ,Отанды,елді,жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту;

– жарқын болашаққа деген сезімдерін ояту,саналы да,білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Н.Ә.Назарбаев – ҚР Президентінің портреті

                        «Желтоқсан ызғары»слайд

Салтанат залы мерекеге сай безендіріледі.

Басталуы: фонфар

Ортаға жүргізушілер шығады.

 

 І жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге өрледі.

 

ІІ жүргізуші:

1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР-ның мемлекеттік Тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заң қабылданып,Қазақстан тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады.Төрткүл дүниені дүркіретіп,70  жыл бойы көзімізді көлегейлеген перде сыпырылды.

 

Тәуелсізбін,егеменмін,еркінмін,

Көңілім көкке шарықтады,серпілдім.

Көкірегім мұздап еді,ерідім,

Домбырадай күмбірледі көңілім.

«Кісен ашқан»күй болып бір шертілдім!

 

І жүргізуші:

Біздің ата-бабамыз жанқиярлықпен табанды күрес арқасында өзінің елін,жерін бірлік-берекесін сақтады.Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.Еркін де ерікті ел болдық.Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстан- біреулердің қазақтарға тартуы емес,олардың тарихи Отаны»,-деді.Сол тарихи Отанымызды әлем мемлекеттерінің бәрі дерлік танып,мойындап отыр.

Мен қазақпын ,мың өліп ,мың тірілген.

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйдің қонағы билейді деп ,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артығы жоқ өз тілінен

 

ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік- тірегім» атты салтанатты жиын ашық деп жариялаймыз.

ҚР әнұраны

ІІ жүргізуші:

1986 жылы 16 желтоқсан ызғарлы қыста қазақ елінің азаттығы үшін солақай саясатқа қарсы шығып, бас көтеріп,құрбан болған, ұл-қыздарымыз

қаншама?!

 

І жүргізуші:

Құрбандарым,жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Көзіме бүгін жас келіп тұр,халайық.

Әрбір істі зердеге алып қарайық.

Тәуелсіздік жолында жан пида еткен,

Ерлерімізді есімізге алайық.

(бейне үзінді «Мұзда жанған желтоқсан алаулары»)

 Тәуелсізідік құрбандарының рухына тағзым етіп, 1 минут еске алу үнсіздік.

 

ІІ жүргізуші:

 

1996 жылы 9 желтоқсанда президент жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке ҚР «Халық қаһарманы»атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісімен «Алтын жұлдыз »тапсырылды.

Сондай-ақ Сабира,Ләззат,Ерболға  «Ақтау» жөніндегі анықтама қағаз берілді.

Егемендік жолында құрбан болған ұл-қыздарымызды мәңгі ұмытпай ,ерлігін есте сақтап құрметтеу перзенттік парызымыз.

 

 

 «Желтоқсан желі» әні орындалады.

І жүргізуші:

Тәуелсіздік ,тәуелсіздік жыр әнім,

Ел іргесі берік болсын ұраным.

Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну ,

Салт-дәстірім қолдап тұрсын құралын.

Тәуелсіздік !

Не деп оны түсіндік

Тәуелсіздік ,ар-ұжданы кісілік.

Тәуелсіздік,  Менің байтақ отаным,

Бір өзіңсің Мұқтар,Абай,Шоқаным.

Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы.

Тәуелсіздік Ақ батасы ананың.

Тәуелсіздік,тәуелсіздік жыр-әнім,

Көк байрағым Елтаңба,Әнұраным.

 

І жүргізуші:

«Бабалар ұраны» әні орындалады

 

 І жүргізуші:

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы ,тең күні.

Егемендік деген сөзден естілер

Ата жұртты арғысы мен бергісі.

ІІ жүргізуші:

Баяндама  «Тәуелсіз -Қазақстан»  

І жүргізуші:

   Еркіндігім.

Қасиетім.Қастерім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер,мұң!

Кеше сенің келбетінді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердік!

Уа,Еркіндік!

Қош келдің!

 

«Қара жорға» биі орындалады.

 

ІІ жүргізуші:

Тәуелсіздік!

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне, азаттығым, теңдігім.

Шешіл енді шермен болған шерлі үнім.

Өзіңдікі –Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де.

Өзіңді өзің еткен Бақ –Тәуелсіздік төріңде.

 

«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

 

І жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын.Ел қорғаған ерлер рухына тағзым етіп,құрмет көрсетіп,мақтан тұту біздің парызымыз.Қойыны құт,қазыналы Қазақстанымызды мақтан ете отырып әрқашанда Отанымызды қорғауға ,гүлдендіруге,көркейтуге үлес қосайық. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

 

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *