«Ана тілім – айбыным!» әдеби поэзиялық кеш


Садыкова  Айткул Әжібекқызы

Шымкент қаласы № 75 мектеп -гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Шымкент қаласы №75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садыкова Айткул Ажибекқызы (Сыныптан тыс жұмыс)

«Ана тілім – айбыным!» әдеби поэзиялық кеш

Мақсаты:

1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғу.

2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

1.Жүргізуші: Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар «Тіл мерекесіне арналған» «Ана тілім — айбыным» аттыәдеби поэзиялық кешімізді бастаймыз.

2.Жүргізуші:: Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық!

Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.

1. Жүргізуші:Тіл жанашыры, ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы5 қыркүйек1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданыСарытүбек ауылында дүниеге келген.  Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазды. Қазақ графикасының 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі – ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

2.Жүргізуші:Ахмет Байтұрсынұлының  туылған күніне орай 5-қыркүйек –Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі болып аталып өтілуде.
 Әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.

1.Жүргізуші: М.Қанафияұлының “Жасай бер, ана тілім!” өлеңі

                            Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

                            Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

                            Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

                            Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

2.Жүргізуші::     Жанымды жадыратқан бала тілім,

                            Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,

                            Жаралыпжерменбірге, күнкөзімен,

                            Жасасқанқазақтілі – анатілім.

1.Жүргізуші::     Жарысқанжылқұсыменүндітілім,

                            Жарасқан дала, малменсырлытілім.

                            ЖиһанкезжелмаялыАсанқайғы,

                            Жер-жергебағабергенсындытілім.

2.Жүргізуші:Жырлатқанқазақтардыңқазақтығын,

                            Жырлатқанелдік, ерліказаттығын.

                            Жұлдыздықұдіреттіңтуыболған,

                            Жауынгеранатілім – қазақтілім.

1-Жүргізуші:

Өлең – сөздіңпатшасы, сөзсарасы,
Қиыннанқиыстырар ер данасы.
Тілгежеңіл, жүреккежылытиіп,
Теп-тегісжұмыркелсінайналасы,- деп Абай атамызайтқандай, Халыққаәнменөріп, сөзтаратқан Анатілінің  құдіреті, қасиетітуралы  ақындардың  жүрекжардыжырларынмәнерлеп оқуға сахынатөрінеоқушылардышақырамыз!

(Оқушылар мәнерлеп өлең оқиды).

Диалог

 1.Жүргізуші:– Мен саған “осы тіл не үшінкерек?” дегенсұрақтықойғымкеліпотыр.

2.Жүргізуші:– Досым –ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай “Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?

1.Жүргізуші:. – Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

2.Жүргізуші:– Ой, айтқышбегім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

1.Жүргізуші:– Балалар, ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған  өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

2.Жүргізуші:– Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

1.Жүргізуші:– Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған  жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал  1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.

2.Жүргізуші:– Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер  мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.  

  Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!

1.Жүргізуші: 6 «Ә» сынып оқушысы Сейсенбек Гаухардың орындауындаӘ.Тінәлиевтің “Ананың тілі” әнін қабыл алыңыздар.

1..Жүргізуші:Ана тілі — адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп — өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан — ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

2. Жүргізуші:“Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Тіл – таусылмайтын байлық.

1..Жүргізуші:  «Бұлақ  көрсең, көзін аш» дегендей, «Балбұлақ» балауса жас ақын11 «А» сынып оқушысы Абдухайым Елдана «Менің тілім – ғасырларға аманат» тақырыбында жыр шашуын арнайды.Арнау өлең.

2. Жүргізуші : Монолог 8 «В» сынып оқушысы Абай Жанеляның орындауында

1. Жүргізуші: Кешімізді  «Ұйқасын тап»  мақал-мәтелдердің жалғасын табу ойынымен жалғастырамыз.

1. Бас кеспек болса да, ….. (тілкеспекжоқ)

2. Анасүті бой өсіреді, (анатілі ой өсіреді).

3. Тілменбайланған…( тіспеншешілмес).

4. Тілтасжарады,… ( тасжармаса бас жарады)

5. Жақсысөз… (жарымырыс)

6.Тіл – адамойының … (айнасы)

7. Тілқылыштан… (өткір)

8.Ойнап сөйлесең де… (ойлапсөйле)

10. Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)

11. Айтылғансөз, … оқпентең (атылған)

12. Бал тамғантілден … тамар (у)

13. Көпсөз – … (бос сөз)

14. Көпсөз – күміс, аз сөз – … (алтын)

15. Жетіжұрттыңтілінбіл,…(жетітүрліілімбіл)

16.Таза сөйлеу – биік … (мәдениеттілік)

17. Жақсыбайқапсөйлер…(жаманшайқапсөйлер)

18.Көре-көре көсемболарсың…(сөйлей-сөйлейшешенболарсың)

2. Жүргізуші: – Қане, арамызда тағы тіл туралы кім қандай мақал-мәтел біледі екен?

(Қатысушылар мақал-мәтелдер айтады)

1. Жүргізуші: Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің патриоты болуы шарт.

8 «Ә» сынып оқушысы Мұстафаев Арсеннің орындауында патриоттық ән.

2-Жүргізуші: Құрметті достар, тіл- мәдени мұрамыз сондықтан бай тілімізді келешек ұрпаққа сақтап қалауымыз керек. Тіл – тәуелсіздігіміздің алтын қазығы! Бүгін біз сіздермен тіліміздің тарихымен таныстық, тіл туралы білімімізді тереңдеттік, түркі тілдерін салыстырдық. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей Қазақ тілінің мәртебесін жоғары ұстайық, достар! Осымен, салтанатты кешіміз аяқталып келеді, келесі кездескенше қош- сау болыңыздар!!! 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

                           ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРІ

№75 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы:«Ана тілім – айбыным(әдеби поэзиялық кеш)

Ұйымдастырғандар қазақ тілі мен әдебиеті       пәнінің мұғалімдері: Садыкова А.А. Асылбекова Л.Ж

                                          Шымкент