Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына арналған салтанатты мерекелік шара«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы»


Нурфазылова Алия Гайнуллаевна,

Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі,

музыкатанушы оқытушы

Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Еліміздің рәміздері, слайдты альбом (интерактивтік тақтаны пайдалана отырып).

Қазақстан Республикасының әнұраны

(Сахнаға екі жүргізуші шығады.)

1ж:  Армысыздар, құрметті жиналған қауым!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізілетін республикалық мерекелік шаралар бабындағы салтанатты концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2 ж: Добрый день, дорогие гости! 16 декабря – день Независимости Республики Казахстан. Это – главный государственный праздник.

(Фанфарлар)

(экранда слайдты альбом көрсетіле басталады)

 

1 ж: Сіздерді бүгінгі тәуелсіздік күніне 20 жыл толуымен құттықтаймыз! Қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін, өзінің ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлап, жаңа Ата заң қабылдап, қазақ тілі мемлекеттік тілі болды.

: 20 лет Независимости – это наша история, оставляющая неизгладимый след в сознании и памяти людей.

1ж: Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

1992 жылдың 4-інші маусымында мемлекет рәміздері бекітілген.

2ж.  Наш герб – это символ целостности мира и первоосновы государства – семьи, это олицетворение крылатой мечты и полета творческой фантазии. Это – путеводная звезда государства. Авторами герба являются – Жандарбек Мәлiбеков и Шот-Аман Уәлиханов.

1ж. Еліміздің аспаны ашық болсын деп, туымыз көк түспен бейнеленген. Ондағы оюлар қазақ елінің салт дәстүрі. Қыран бүркіт – қазақ халқының еркін ел екендігін білдіреді. Ту – тәуелсіздікті білдіретін белгінің бірі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

 

2ж: 15 ноября 1993 года Теңге  была закреплена национальной валютой Государства.

1ж:  Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады. Мемлекетіміздің ең алғаш Конституциясы 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданды. Қазақстан Республикасының қазіргі  Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

 

1ж:    Қазақстан арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.

 

2ж:  Пусть на твоей земле

Мой Казахстан прекрасный

Цветут сады смеются дети

Не будет тесно людям разных наций

Мы самые счастливые на свете

 

1ж: Ортаға домбырашылар ансамблін шақырамыз.

 

(домбырашылар ансамблі)

 

: 16 декабря 1986 года, Алматы. Пленум ЦК Компартии Казахстана, на котором был снят с должности Первый секретарь ЦК Кунаев и на его место поставлен Колбин, прибывший из Москвы, который имел поверхностное представление о Республике. Утром 17 декабря на площади собрались сотни людей, чтобы выразить свой протест против откровенного попирания гражданских прав. Демонстрация молодежи была мирной, не содержала  призывов к свержению государственного строя. Люди лишь выражали своё несогласие с решением верхов.  «Мы –  казахи, издревне мечтавшие о свободе» – эти слова выражали помыслы и дух народа. Но на площадь были брошены танки… Демонстрация была подавлена силой: применялись саперные лопаты, служебные собаки, задержанных избивали, вывозили за город, помещали без санкции прокуратуры в следственные изоляторы на несколько суток.

1ж:  Қонаевтың орнынан алып тасталу себебін білгісі келген қазақ жастары, оқу орындарының студенттері алаңға шықты. Ширек ғасыр Қазақстанды басқарған ел ағасының өз орнына қайтып келуін талап етті. Жастарға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар, Нашақорлар, Ұлтшылдар, Сатқындар» – деген кінә тағылды.

Көтерілді жастарымыз алаңға

Көтерілді студент қыз, балаңда.

Қан төгілді намысы үшін қазақтың,

Ерліктері жайылды кең ғаламға

Қаһарманын ұмытпайды халықтар,

Өткен күнді тарихымыз анықтар

Ерлігіңе тағызым еттім қашанда,

Тәуелсіздік алып берген алыптар!

(Қазақ драма бөлімі. Сахналық көрініс)

1ж:    Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді, – демекші, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін біз туған жерімізді, туған елімізді, оның рәміздерін құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

 

2ж.  Родина – это самое дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем свою семью, свой прекрасный город, всю нашу огромную Республику.

С патриотической песней «Туған жер» мы приглашаем учащуюся эстрадного отделения Есмаганбетову Ботакөз.

1ж: Тұлпарыңның шабысын,

Домбыраңның қағысын,

Күңіренткен тау ішін,

Дарияңның ағысын,

Сүйем десем бәрі шын,

Қазақстан – намысым!

 

2ж: Казахстан – ширь степей в ожерелье гор.

Казахстан – это неба бескрайний простор.

Казахстан – древний и молодой,

Казахстан, мое сердце навеки с тобой!

Приглашаем на сцену учащихся отделения «Народного танца».

(танец)

 

2ж: За 20 лет Независимости  наше Государство достигло многих высот. В разных отраслях наша страна вышла на мировую арену. Имена казахстанцев вписаны в мировую историю  искусства, спорта, науки.  Главная основа нашего Государства – это стабильность, мир и согласие.

 

1ж: Ата-баба салт-дәстүрін сақтап, өз тілін, елін, жерін әлемге паш еткен қазақ халқының төл мерекесі құтты болсын!

Өзінің құттықтауымен «Халық әні» бөлімінің  оқушысы Жакиев Елдосты Мұқағали Мақатаевтың «Қазағым-ай» әнімен  қарсы аламыз.

(ән орындалады)

 

2ж: Мы всегда должны любить, защищать, уважать свою Родину, продолжать традиции предков.

1ж:  Намысы еліміздің берік болсын,

Сертке жанған сенімің серік болсын.

Мәңгілік баянды боп тәуелсіздік,

Қыдыр бағың басыңа келіп қонсын.

 

2ж:  Праздничная программа, посвященная 20-летию независимости республики Казахстан подошла к концу. Желаем вам мира, благополучия и процветания.

 

1ж: Осымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шарамызды аяқтаймыз.  Көріп тамашалағандарыңызға алғыс айтамыз.

Сахна төріне «Қазақстан» әнімен  «Аяла» тобын шақырамыз.

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *