Қазақ тілі пәнінен факультатив бағдарламасы “Практикалық қазақ тілі” Орыс сыныптары: 3-4


Молдахметова Кенжегүл Бейсенбаевна

«Қостанай қаласы №11 орта мектебінің білім бөлімінің »ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі пәнінен факультатив бағдарламасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Молдахметова К.Б.

Бағдары: қазақ тілі

Факультативтің білім мазмұнының құрылымындағы орны: қазақ тілі пәні бойынша “Практикалық қазақ тілі”

Сыныбы: 3-4 сынып

Ұсынылып отырған факультатив бағдарламасы /3-4-сыныпқа аптасына 1 сағаттан/ барлығы 34  сағатқа арналып жазылған.

Түсінік хат

 Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын  тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар  оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты – оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау,  қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерте отыра оқушылардың функионалдық сауаттылықтарын  дамыту.

 “Практикалық қазақ тілі” факультативінің мақсаты – ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған,функционалдық сауаттылығы жоғары дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

 Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:

оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;

– оқушылардың тілдік дағдысы мен функционалдық сауаттылығын дамыту;

– оқушылардың фонетикалық,  морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;

– тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы  теориялық білімдерін жүйелеу;

– теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;

– оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

– оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;

– білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу әдебиеті мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі, оқушы деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды.

 Бағдарлама 34 сағатқа құрылған.1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған.

Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С. Кеңесбаевтың , Ғ. Мұсабаевтың “Қазіргі қазақ тілі” /лексика, фонетика/, С. Мырзабековтың “Қазақ тілінің дыбыс жүйесі”, А. Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тілі” /морфология/, атты еңбектері пайдаланылды.

Пәнаралық байланыс: «Әдебиеттік оқу» пәнімен: қазақ тілінде берілген аутентті мәтіндер негізінде оқушылар өз ойын қазақ тілінің танымдық ерекшеліктеріне сай жеткізуге дағдыланады, Отанын – Қазақстан Республикасын, қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын құрметтеуге тәрбиеленеді; «Бейнелеу өнері» пәнімен: қазақ тілінде берілген суреттер арқылы оқушылар өнердің адам табиғатымен, өмірімен үндестігін түсінеді, әдемілікті, сұлулықты көріп сезінеді, иллюстрацияларды ауызша/жазбаша суреттеу арқылы ойлау-қабылдау қабілеті мен тілдерін,функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамытады;

4) «Еңбекке баулу» пәнімен: қазақ тілінде берілген тәрбиелік мәтіндердің мазмұны арқылы оқушылар оқудың, білім алудың, тіл үйренудің маңызын игереді, еңбектің адам өміріндегі орнын түсінеді;

Факультативтің  жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:

1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;

2. Өтілген тақырыптар негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;

4. Деңгейлік тапсырмалар орындау;

 Қорытындылау: оқушылардың білімі  әр тақырыпты өткен сайын функционалдық сауаттылық аясында тапсырмаларды орындау арқылы бағаланады.

Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

Оқушылар нені білу керек:

– қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;

– білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

– функционалдық сауаттылық аясында  тапсырмалардыорындау қабілетінің басым болуы;

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрену;

оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы функционалдық сауаттылық талғамдарын қалыптастыру;

шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне түсініп;

 мәтін табиғатына талдау жасай білу.

Меңгеруі керек:

– тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін;

– тілдің танымдық, қатысымдық, әрекеттегі қызметтерін ;

– тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын ;

–  тілдің мәтін ішіндегі қолданысын ;

Оқушылар нені үйрену керек:

– функционалдық сауаттылықаясында  тапсырмаларды сауатты орындау;

– грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

– сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

– тапсырмаларды орындай алу;

ББД деңгейін тексеру:

1. Өзіндік жұмыс

2. Топтық жұмыстары

3. Талдау жұмыстары

Оқу-әдәстемелік кешендер:

1. Дидактикалық материалдар

2. Электронды оқулықтар

Факултатив бағдарламасын меңгергеннен кейін оқушылардан күтілетін нәтиже:

– салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;

– практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;

– сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;

Мұғалім пайдаланатын әдебиеттер:

1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі»  «Атамұра» 2006

2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі»    «Шың-кітап»  2007

3. «Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар»

4. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы»  Алматы «Кітап» 2007

5. Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті»  журналдары

7. «Жайық ұстазы» газеті

8. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

9. М. Томанов: “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” А-1988 ж.

Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын  әдебиеттер:

1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі»  «Атамұра» 2006

2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі»    «Шың-кітап»  2007

3. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы»  Алматы «Кітап» 2007

4. Энциклопедиялық анықтамалық.  Алматы,2005

5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  Алматы, 2008

6.  Газет, журнал материалдары

7. Бастауыш  сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.

« Практикалық қазақ тілі”  факультативі бағдарламасының  күнтізбелік- тақырыптық

                                                                                                  жоспар

Тақырып Грамматика Сабақтың мазмұны Көрнекі құрал Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
1. Кіріспе. Танысу Фонетика. -Мұғалім баяндамасы. -Сұрақтар беру. -Сызбалармен жұмыс.   Кесте, электронды оқулық Тіл білімінің салаларын зерделейді. Әр саласын жіктеп,  талдау жасайды. Оқушылар өз білгенін еске түсіріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алады.
2 Өзім туралы Дауысты дыбыстар. – Оқушыларды үш  топқа бөлу.  -Әр топ тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай бөлінуін  зерделейді. -“Ұтымды жауап” ойыны -Сұрақ-жауап – Сатылай кешенді талдау жасау Үлестірмелі парақша оқулықтар Оқушы сұрақтарға жауап береді, ойынға араласады, талдау жасайды, бір-бірін бағалайды. Сабақта белсенділік танытады, тақырыпты жан-жақты меңгереді, сатылай кешенді талдау үлгісін толықтырады.
3 Менің отбасым Жуан дауысты дыбыстар емлесі. – Кестемен жұмыс – Кесте арқылы тақырыпты ашу. – Жұппен жұмыстану. – “Есте сақтау” минуты арқылы қорытындылау. Электоронды оқулық Тақырыпты жаңа қырынан ашады. Мысалдардан ереже  жинақтайды. Жұппен жұмыстанады. Электоронды оқулық
4 Менің атам мен әжем. Атасы мен немересі  Жіңішке дауысты дыбыстар – Топқа бөлу – Дауыссыз дыбыстар – Талдау жасау –  Венн диаграммасы   Электронды оқулық. Кесте. Дыбыстарды жіктеп, қағаз арқылы пысықтайды. Фонетикалық талдау жасайды. Білгенін толықтырады. Талдайды. Ойланады. Бақылайды. Салыстырады.
5 Отбасындағы дәстурлер. Отбасы мүшелерiнiң мамандықтары  Дауыссыз дыбыстар. Топтастыру ” стратегиясы – Анықтамасын пысықтау   Интербелсенді тақта Анықтамасын еске түсіреді. Кесте арқылы білгенін пысықтайды. Сөздерге сипаттама жасау арқылы  естеріне сақтайды.   Топтастырады. Жұппен жұмыстанады. Зерттейді. Шығармашылық қабілеті шыңдалады.
6 Отбасындағы дәстурлер. Дауыссыз дыбыстар -Оқушы таныстырылымы -Жаттығулармен жұмыс. Шығармалармен жұмыстану. Интербелсенді тақта. Жаттығулармен жұмыстанып, шығармалардан орфографиялық заңдылықты табады. Өз бетімен жұмыстанады. Сыни тұрғыдан ойланады. Оқушы зеректігі артады.
7  Отбасы мүшелерiнiң мамандықтары.Қорытынды сабақ.  Қатаң дауыссыз дыбыстар. – Кесте арқылы тақырыпты ашу. – Жұппен жұмыстану. – “Есте сақтау” минуты арқылы қорытындылау. Электоронды оқулық Тақырыпты жаңа қырынан ашады. Мысалдардан ереже  жинақтайды. Жұппен жұмыстанады. Өз бетімен ізденеді. Оқушы ынтымақтастығы артады. Ойлау дағдысы жетіледі.
8 Достарым. Досым туралы Ұяң дауыссыз дыбыстар -Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу –  Сөз құрамына талдау жасау. Кеспе қағаздар, мәтіндер жазылған топшама Сұрақтарға жауап беріп, сөздерге құрамына қарай талдау жасайды. Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады.
9 Менің көшем. Менің үйім. Үнді дыбыстар емлес – Топқа бөлу – Әр топ өз атауы бойынша шолу жасау. -Екпіннің түрлеріне  мысалдар жазу. Интербелсенді тақта Топты тыңдайды. Тексереді. Тақырып бойынша жұмыстанады, талдау жасайды. Мысалдар ойластырады. Бір-бірін тыңдауға дағдыланады. Дұрыс-бұрыстығына талдау жасайды. Ойланып, пікірін талқыға салады.
10 Менің пәтерім. Менің бөлмем. Буын. -Тарауды қорытындылау – Тест жұмысын беру   Электоронды оқулық Тест жұмысын орындайды. Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады.
11 Қала көшесіндегі ескерткіш. Буын түрлері. -Мағынаны тану кезеңі /жеке жұмыс/ /жұптық жұмыс/ -Мысал жазу/жеке жұмыс/ -Сұрақтармен бекіту Үлестірмелі қағаз, кесте Жұппен және жеке жұмыстанады. Бір-біріне сауалдар қою арқылы білгендерін толықтырады. Лексика тарауы бойынша алған білімін еске түсіре алады.
12 Аялдама. Автобустағы оқиға.  Ашық буын. -“Топтастыру ” стратегиясы – Анықтамасын пысықтау – Зерттеу /сөздерге сипаттама/ – Шығарма жазу   Интербелсенді тақта Анықтамасын еске түсіреді. Кесте арқылы білгенін пысықтайды. Сөздерге сипаттама жасау арқылы  естеріне сақтайды. Топтастырады. Жұппен жұмыстанады. Шығармашылық қабілеті шыңдалады.
13 Досымның мекен-жайы. Мектеп мекен-жайы.    Тұйық буын. -Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу –  Сөз құрамына талдау жасау. Кеспе қағаздар, мәтіндер жазылған топшама Сұрақтарға жауап беріп, сөздерге құрамына қарай талдау жасайды. Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады.
14 Азық түлік дүкені. Нан қайдан келеді?  Бітеу буын. -Топқа бөлу – Ажырату – “Суретті сөз” – Кубизм стратегиясы -“Бейнелеп айту” Үлестірмелі, суретті парақша Тақырыпты ашады. Түсіндіреді. Еркін сөз тіркесі мен т.с.тіркесін ажыратады. Суретті сөйлетеді, пікірін айтады. Суреттейді. Салыстырады. Зерттейді. Қолданады.
15 Дастархан. Асханада. Екпін – Оқушы таныстырылымы – Жұптық жұмыс /омоним/ – Антонимге мысал жазу. Шығармашылық жұмыс -Венн диаграммасы Интербелсенді тақта, кесте Таныстырылымды тыңдайды, бағалайды. Жұптық жұмыс жасайды. Тақырыпқа талдау жасайды. Мысалдар келтіреді. Тақырыпты жүйелі меңгереді. Жұптық жұмысқа төселеді.  Шығармашылықпен жұмыстанады. Бір-бірін бағалайды.    
16  Біздің асхана. Қорытынды сабақ. Сөз мағынасы.   -Тарауды қорытындылау – Тест жұмысын беру Интербелсенді тақта Тест жұмысын орындайды.  тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады.
17. Қазақстан Республикасы.Астана- жаңа Елорда. Антоним. Топтастыру ” стратегиясы – Анықтамасын пысықтау   Интербелсенді тақта Анықтамасын еске түсіреді. Кесте арқылы білгенін пысықтайды. Сөздерге сипаттама жасау арқылы  естеріне сақтайды.   Топтастырады. Жұппен жұмыстанады. Зерттейді. Шығармашылық қабілеті шыңдалады.
18. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанның қалалары. Синоним. -Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу –  Сөз құрамына талдау жасау. Кеспе қағаздар, мәтіндер жазылған топшама Сұрақтарға жауап беріп, сөздерге құрамына қарай талдау жасайды. Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады.
19. Қазақстанның өндіріс орындары. Қазақстанның табиғаты Омоним. -Сұрақтар беру -Тәуелдеу, септеу. -Жіктеу -Сөз тұлғасына талдау. Электронды оқулық Жауап береді. Талдау жасайды. Талдау түрін меңгереді. Сөз тұлғасын толық талдай алады.
20. Қазақ халқының ұлттық тағамдары. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері. ҚосымшаларЖұрнақ пен жалғау. -Топқа бөлу -Сұрақтар беру – Зат есімге толық талдау жасау – Зат есімнің сөйлемдегі қызметіне мысалдар келтіру   Үлестірмелі қағаздар, кесте Сұрақтарға жауап береді. Зат есімге талдау жасайды. Сөйлем мүшесіне талдайды. Әңгіме жазады. Зат есімге талдау жасай алады.
21. Ұлттық аспаптар. Ұлттық киімдер. Көптік жалғау -“Зымыран сұрақ” ойыны Таныстырылыммен жұмыс -Мағынаны тани білу/жаттығулармен жұмыс/ -Семантикалық кестемен жұмыс -Бес жолды өлең -Өз-өзін бағалау Таныстырылым, үлестірмелі қағаздар Таныстырылыммен жұмыстанады. Сын есім туралы білігендерін жүйелейді. Өз-өзін бағалауға талпынады. Өз-өзін бағалайды. Сын есім туралы толық мағлұмат алады.
22. Қазақстан Республикасының мерекелері.Қорытынды сабақ Тәуелдік жалғау -Топқа бөлу -Кластер бойынша топтастыру -Сан есімнің түрлеріне талдау жасау -Жаттығулармен жұмыс -ББҮ стратегиясымен қорытындылау Сызбалар, мәтіндер Жаттығулармен жұмыстанады. Талдау жасайды. Қорытынды жасайды. Қорытынды жасай алады. Сан есімнің мағыналық түрін меңгереді.
23. Жыл мезгілдері.Қыс.бұл қай кезде болады ? Септік жалғау. -Топқа бөлу -Ой қозғау -Сұрақтар беру – Тапсырмалар орындау -Әдебиетпен байланыстыру -Мәтін құрау – Ойталқы Жетондар,үлестірмелі қағаздар Ойланады. Тапсырмалар орындайды. Мәтін құрап, пікір алмасады. Ептілікке үйренеді. Ойлау дағдысы артады. Күрделі тапсырмаларға жаттығады.
24. Қысқы демалыс.Қорытынды сабақ. Жіктік жалғау. -Кім жылдам? -Сызбамен жұмыс -Талдау -Венн диаграммасы -Тест -Зерделі сұрақ   Интербелсенді тақта Өлең жолдарын табады. Сызбаны сөйлетеді. Талдау жасап, салыстырады.  Бір-бірін тыңдап, ұтымды жауап жауап айтуға дағдыланады.
25. Спорт қашан пайда болды? Дене шынықтыру сабағында. Морфология. Сөз таптары. – Сұрақтар беру -Сызбамен жұмыс – Мәтінмен жұмыс   Сызба,үлестірмелі қағаздар  Сызба бойынша жұмыстанады. Үстеудің мағыналық түрлерін табады. Өз-өзін бағалайды. Үстеудің мағыналық түрін ажырата алады.
26. Денсаулық -зор байлық. Зат есім. -Сұрақтар беру -Сызба жасау – Мақал-мәтелмен жұмыс – Мәтін құрау   Шығармалар жинағы Сызбаны сөйлетеді. Сатылай кешенді талдау жасайды. Одағай  туралы білгендерін практикада қолдана алады.
27. Ұлттық ойындар.  Асық.Ханталапай. Сын есім. -Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу –  Мәтіндерге талдау жасау. –   Кеспе қағаздар, мәтіндер жазылған топшама Сұрақтарға жауап беріп,  талдау жасайды. Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады.
28. Тоғызқұмалақ.Қорытынды сабақ. Сан есім. -Тарауды қорытындылау – Тест жұмысын беру     Тест жұмысын орындайды. Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады.
29. Мектеп.Біздің мұғалім. Реттік сан есім -Оқушы түсініктемесі – Венн диаграммасы Тапсырмалармен жұмыс – Сұрақтар беру   Кесте, шығармалар жинағы Оқушы өзі ізденеді. Салыстырады. Тапсырмаларды орындайды. Сөз тіркесі.
30. Мен кезекшімін. Мектеп кабинеттері. .Жинақтық сан есім. -“Ой қозғау” стратегиясы -Сызбамен жұмыс -Талдау   Интербелсенді тақта Ойланады. Сызбаны толықтырады. Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады.
31. Мектеп кітапханасы. Етістік -Сұрақтармен пысықтау -Сөйлемді аяқтау   Шығармалар жинағы Әдеби шығарманың авторын тауып,  талдайды. Сөйлем мүшелеріне талдау жасап, тест жұмысын орындайды. Өткен шығармаларды еске түсіріп, сөйлем мүшелерін меңгереді.
32. Оқу құралдары. Есімдік (жіктеу есімдігі, сұрау есімдігі) – Мысалдар арқылы ереже шығару – Кестемен жұмыс -Талдау   Кесте Мысалдардан ереже шығарады. Сөздерді талдайды. Мысалдарды аяқтап, түсіндіреді. Бірыңғай мүшелерді меңгереді.
33. Жазғы демалыс. Жазғы саяхат. Шылау (болымсыздық шылау) -Тарауды қорытындылау – Тест жұмысын беру     Тест жұмысын орындайды. Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады.
34. Жылдық қайталау Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау.   – Барлық  өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беру – Тапсырмалармен жұмыстану Кесте,интербелсенді тақта Өтілген тақырыптар бойынша тыңғылықты дайындалып, жауап береді.  Сауалдарға жауап бере алады. Тақырыпты меңгергендігін байқатады.