«Интереактивті педагог»


Кушербаева Кулзада Исаевна, Берлибекова Куляш Конарбаевна, Тулегенова Сандугаш Искаковна, Аяулина Гулфира, Исмаилова Нуркул Бакытовна, Серикбаева Салтанат Махсутбековна

Қарағанды обл. «Сәтбаев қаласы Оқушылар сарайы» КМКҚ ұстаздары

«Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы»

«Эко әлем» үйірмесінің жетекшісі,

қосымша білім беру ұстазы

Аяулина Гулфира

Тақырыбы: Гүлдерді аялайық.

Мақсаты: Балалардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту, гүлдердің аттарын ажырата білу. Тақпақ, мақал-мәтел арқылы балалардың тілін жетілдіру. Табиғатты қорғау, сүйіспеншілігін ояту. Бөлме өсімдіктерін құмырыға отырғызу, баптап күту.

Керек-құрал жабдықтар: Хат, гүлдердің суреті, алжапқыш,қолғап, тамырланған гүлдер, құмыра ,топырақ, дренаж,суқұйғыш

Әдіс-тәсіл: Хат оқу, сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндіру, сыйлық.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер.

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз – нәзік қыздармыз,

Біз – ержігіт ұлдармыз.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін!

Ұл қолында ту жүрсін!

Қайырлы күн, достарым!

Қайырлы күн, қонақтар!

 Мұғалім сөзі:        Сәлеметсіздер ме!

-Балалар, қарандаршы, қандай әсем, әдемі, көрікті гүл әлеміне тап болдық. Қане, орындықтарға жайғасып отырыңдар. Жан-жаққа қарандаршы, өте көп гүлдер, өйткені біздің бүгінгі сабағымыз гүлдер жайлы болады.

Тосын сый «Ғажайып қобдиша»

 Осы кезде музыка ойнайды «Гүл падишасы» кіреді.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Мен сендерге сонау Гүлдер патшалығынан келген «Гүл падишасы » боламын. Егер де менің тапсырмамды дұрыс орындасандар, менің сиқырлы қобдишаның ішінде белгісіз затты танып мәңгі жас болып жүру құқына ие боласыңдар

Балалар, «Гүл падишасы » тапсырмасын орындаймызба?

-Иә.

1-тапсырма:

Жұмбақ шешу:

Бар әлемді бір өзіне қаратқан

Жылумен нұрын сеуіп таратқан

Ол не? (Күн)

Шешуін тапқан сон Күн бейнесін тақтаға орналастыру

2-тапсырма:

Гүл деген не? Оның түстері қандай болады? Өсімдіктің негізгі мүшелерін ата?

Жауабы: Гүл өсімдіктің бір түрі. Гүлдер түрлі түсті болады. Гүлдер өте әдемі әрі нәзік сұлулықтың белгісі , көңіл күйді көтереді. Негізгі мүшелері: тамыр, сабақ, жапырақ, күлте жапырақшалары болады.

(тапсырма орындалғаның айғақтап күннің жаннына гүлдің бір жапырағын іліп қою.

3-тапсырма «Гүлдер әлеміне саяхат»

Раушангүл, түймедақ, қызғалдақ, лалагүл, меруертгүл, көкнәр, қоңыраубас, бәйшешек, қалампыр, бақбақ.( қандай іс-шараға тартуға болады.)

Суретің тауып іліңдер?

Суретін тақтаға ілу.аттарын тауып айту

(тапсырма орындалғаның айғақтап күннің  жаннына гүлдің бір жапырағын іліп қою.

4-тапсырма

Абайдың «Жаз»  өлеңінде қай гүлдің аты аталды.

Жазды күн шілде болғанда

Көкорай шалғын Бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда

1.Дәрілік өсімдіктерді ата?

(тапсырма орындалғаның айғақтап күннің жаннына гүлдің бір жапырағын іліп қою.

5-тапсырма «Ой жүйрік»

1.Гүлге байланысты қойылған есімдерді ата?

2. Мақал-мәтел

Гүл – жердің көркі.

Бір гүл толып ашылады, Бір гүл солып ашылады.                 

 Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.        

 Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.  

 Гүл қайда болса, көбелек сонда.         

(тапсырма орындалғаның айғақтап күннің жаннына гүлдің бір жапырағын іліп қою.

6-тапсырма

(Ғажайып қобдишаның ішіндегі затты табуды ұсынамыз) тағыда жұмбақ жасырамын кім табады екен?

Жер- Ананың қойнауынан нәр алған,

Жер бетіне көрік беріп таралған

Мәңгі жастық белгісіндей, жаныңда

Қарағанда рахат сезім тараған.       (шешуі: Гүл)

 Ғажайып қобдишаны ашып, ішінен тамырланған гүлдерді алып шығып ыдыстарға отырғызуға ұсынылады

Сергіту сәті: «Гүлдер туралы әндерді табу»

 Слайд арқылы бөлме өсімдіктеріне тоқталу.

Практикалық жұмыс: керекті заттар алжапқыш, қолғап, тамырланған өсімдіктер, құмыра, топырақ, дренаж, суқұйғыш.

Қортындылау: Жүректен-жүрекке

Гүлдердің түстерін тарату келген қонақтарға

Гүл  туралы тілек

Гүлдей жайнаңыз,гүлдей нәзік болыңыз, Гүлдей құлпырыңыз т.б.

Ақ түсті гүлдер- көңіл күйді көтереді

Сары түсті гүлдер- жылу мен жарықтың белгісі

Қызыл түсті гүлдер- мерекелік көңіл күйді білдіреді

                                Қарағанды облысы

  «Сәтбаев қаласы Оқушылар сарайы» КМКҚ

                                                                «Домбыра» үйірмесінің қ.б.б. ұстазы

                                                      Кушербаева Кулзада Исаевна

Тақырыбы: «Дина Нұрпейсованың ауылына саяхат»

Білімділік мақсаты:  Ұлы  Құрманғазының  шәкірті,  лайықты  мұрагері   Дина  Нұрпейсованың  өмірі  мен  шығармаларымен  танысу.

Тәрбиелік  мақсаты:  Домбыра  арқылы  халық  шығармашылық  өнерін,  көркем  өнер  туындыларын  санамызға  сіңіруге  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ән –күйлер ойнап үйрену арқылы оқушылардың қолдарының техникасын дамыту. 

Сабақтың түрі: Ашық сабақ                                                                                                                                          Көрнекілігі: Динаның  суреті,  слайд,  буклет,  тірексызба,  той  бейнеленген  сурет. 

Сабақтың  барысы: 

1.Ұйымдастыру  кезеңі. 

2. Көрініс.

3. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

4.Сергіту  сәті.

5. Динаның күйлерін тыңдау.

6.Қорытынды «Ой  жинақтау»

7.Бағалау.

 І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. 

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.   

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты  Ұлы  Құрманғазының  шәкірті,  лайықты  мұрагері   Дина  Нұрпейсованың  өмірі  мен  шығармаларымен  танысамыз.

Көрініс. Құрманғазы Динаның аулына келіп, қымыз ішіп отыр.

Динаның әкесі: Құрманғазы сенің күйіңді көптен бері естіген жоқпыз,сағынып қалыппыз.

Құрманғазы. Құрманғазы қолына домбырасын алып «Балбұрауын» күйін күйін ойнайды. Сол кезде кішкентай қыз Дина  қасында күйді тыңдап отырады.         

Динаның әкесі:  Қарағым Динажан сенде бізге бір күй ойнап бер.

Дина: Қолына домбырасын алып, Құрманғазың «Адай» күйін ойнайды.

Құрманғазы  Динаның ойнаған күйіне риза болып.

Құрманғазы: Айналайын қарағым, қыз да болсаң, мұрамды ұстарлық болып туыпсың. Көп жаса, қызым. Өркенің өссін, қарағым Динажан.  Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді! – деп, домбырасын ұсынады.

Дина:Ата күйіңізді халыққа таратып жеткізуге ант етемін!- деп, домбыраны қолына алады.

Құрманғазы. Домбыра сенің де өмірлік серігін болсын! Динажан домбыраны  жақсы меңгеріп қалыпсың. Енді өзің күй шығар .

Дина: Құрманғазы ата, мен сізге енді өзім күй шығарамын деп уәде беремін.

Құрманғазы: Динажан енді өзің шығарған күйіңді тыңдауға келетін  болайын! Мен жүрейін.

Дина: Ата, біз сізді шығарып салайық, бәрі үйден шығады.

Мұғалім: – Оқушылар көріністен нені байқап, не түсіндіңдер?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалім: – Ия балалар көріністегі Дина апамыздың ұстазы, қазақ халқының  бір туар күйшісі Құрманғазы атамыз болатын. Оқушылар Қорқыт, Кетбұға, Асан қайғы, Қазтуған, Құрманғазы секілді ұлы тұлғалардың ізін басып, дәстүрін жалғастырып бүгінгі күнге жеткізген дәулескер күйшілер сирек. Сол сиректердің бірі әрі бірегейі — әйгілі күйші Дина Нұрпейсова.

 Ал, балалар бәріміз Дина Нұрпейсованың  ауылына барайық.

Оқушылар мен сіздерге Күй  атасы Құрманғазының батасын алған төл шәкірті Дина Нұрпейсова  туралы ізденіп, шығармашылық жұмыстар дайындап келуге бердім. Дайындалып  келдік  пе?  Олай болса, балалар  Дина Нұрпейсованың  өміріне  саяхат жасайық. 

Слайд  көрсетеді.

Дина Нұрпейісованың атындағы оркестрдің орындауында күй тыңдау.

Мұғалім:Оқушылар  Дина апамыз туралы  қандай қызықты мәлеметтер  дайындап  келдіңдер? 

Сергіту  сәті.

Мұғалім: Ал, оқушылар біраз сергіп, демалдық. Енді, Динаның күйлері, шығармалары туралы айтайық.

Дина әжеміздің өзінің орындауында  «Науысқы» күйін тыңдату.

Мұғалім: Оқушылар, Дина әжеміз күйшілігімен қатар, ардақты ана екенін білеміз. Осы туралы не айтасыңдар?  

              «Серпер» ансамблінің Дина күйлеріне «Күй шашуын» тыңдайық.

Мұғалім: Оқушылар Дина апамыз қай жылы дүниеден озды?

Енді оқушылар Дина апамыздың «Той бастар» күйін ансамбльмен ойнаймыз. 

Мұғалім: – Жарайсыңдар балалар, Дина апамыз туралы біраз мәліметтер алдық.

Мұғалім: Оқушылар,  бүгінгі  сабағымызда  кім не түсінді, өзіне қандай әсер алды? өз ойларыңмен бөлісіңдер. (Оқушылар  сабақтан  алған әсерлерін айтып, өз ойларын ортаға салды.)

Жақсы, оқушылар біздің негізі  үйренеріміз әлі алда, ата-бабаларымыздың   бізге  қалдырған  күй мұрасы  өте көп, сондықтан бұны бір күнде үйреніп, тыңдау да мүмкін емес. Күй ешқашан өлмейді, өйткені оны жалғастырушы болашақ сендерсіңдер.  Ал енді оқушылар, бүгінгі сабаққа белсене қатысып отырғандарыңыз үшін  барлықтарыңа көп рахмет.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Республикалық педагогикалық журнал.№10 2010ж

2.Мұғалім шеберханасы журналы №12 2010ж

3.Сынып жетекшісі журнал.№4 2011ж

4. Интернет ресурстары:

1. 45 minut.kz                                                                                                                                                  2.www.sabaqtar.kz

«Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы»

«Рухани орда»үйірмесінің жетекшісі,

 қосымша білім беру ұстазы

Исмаилова Нуркул Бакытовна

Ауылым құт мекенім

                                      «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»

   Менің кіндік қаным тамған жерім Жезді кенті.Атам мен әжем де әкем мен анам да осы жердің суын ішіп,осы жерден өсіп өнген үлкен бір әулет. Мен сол әулеттен тараған ұрпақтарының бірі Ақжүніс Бүркітқызымын.

  Жезді кенті Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Жезді өзенінің бойында орналасқан елді мекен. 1942 жылы пайда болған. Жезді өзені Сарысу алабы арқылы Ұлытау ауданы жерімен ағып жатыр. Алғашқы атауы Маргенец. Халық саны  2600шамасында. Қарапайым кент болғанымен  Жездінің  өз мұражайы бар және бұл ерекше мұражай. Тау кен және балқыту ісі тарихы мұражайы  1994 жылы құрылған. Мұражай экспонаттарының негізгі бөлігі  ашық аспан астында орналасқан және олардың дені тау-кен және бақылау ісіне арналған. Ғимарат ішінде өлкенің тарихы  жайлы мұра көрсетілген.

  Жезді кентіндегі Жезді маргенец кен орны 1941 жылы Қ.И. Сатпаевтің басшылығымен жедел барланып,өндіріске қосылған болатын. Небары 38 күннің ішінде кен өндіріліп, Жезқазған станциясы арқылы Магнитогорскіге жіберілген болатын. Осылай Жезді кентінен шыққан өнім Ұлы Отан соғысына өзінің  зор үлесін қоса түсті.

    Жезді тарихына үңілсек Жезді ауданы шаруашылық- экономикалық жағынан мәдени- әлеуметтік ахуалы жөнінен республикадағы алдыңғы қатарлы аудандардың бірі болды.1982- 86 жылдары Жезді ауданы үш рет Одақтық, республикалық деңгейдегі ең үздік белгі- Ауыспалы Қызыл тумен марапатталады. Бірінші бесжылдықта аса үздік табыстарға жеткені үшін аудан Қазақ ССР-нің, ал он бірінші бесжылдықта  аса үздік табыстарға жеткені  үшін Қазақ ССр-нің «Алтын құрмет» кітабына жазылды.

 Жезді кентінің гүлденуіне көптеген жақсылар мен жайсаңдар өз үлестерін қосты. Төрегелдин Мәкен, Қапанов Белгібай,Шамбулов Тағанбай, Исмаилов Бақыт,Аяшов Райымбек,Қазғұлов Бәкір,Үңгітпаев Қадір, Құрманов Жасан, Жақыпбеков Саруар, Ілясов  Амангелді, Мұқышов Сайлан, Әлібеков Совет, Маликов Қаппас сияқты кісілер Жезді кентінің өркендеп дамуына үлкен үлес қосқан, әр саланың тұтқасын ұстаған еңбек ардагерлері. «superstar. кz»жобасының жеңімпазы Нұржан Керменбаевтің да туған жері Жезді кенті.Ұлы Отан соғысына қатысып, елі үшін, жері үшін аянбай соғысқан соғыс ардагерлеріне  арналған Манументі бар.Сол Манументте  Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан аға- апаларымыздың есімдері тайға таңба басқандай болып, алфавит бойынша  жазылып тұр.

   Жезді кентінің бірінші директоры Макен Төрегелдин 1923 жылы 9 мамырда Ұлытау ауданы Қарсақпай кенті Береке елді мекенінде дүниеге келеді. 1923 жылы 9 мамырда Ұлытау ауданы Қарсақпай кенті Береке елді мекенінде дүниеге келеді.1939 жылы 16 жасында Одақтағы мыс өндірісінің тұңғышы –мемлекеттік  қарсақпай мыс қорыту комбинатында еңбек жолын бастады. Ол басқарған  16 жылда  Жезді ауданы шаруашылық –экономикалық жағынан ,мәдени- әлеуметтік  ахуалы жөнінде республикадағы алдыңғы қатарлы аудандардың бірі болды. Елбасымыз өз жолдауында «Туған жерге туың тік» деп бекер айтпаған. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас».Әрбір азамат өз туған жерінің өсіп –өркендеуіне, экономикасына, мәдениетіне экологиясына, ауыл-шаруашылығына аз да болса өз үлесін қосса нұр үстіне нұр болар еді.

  Жезді кенті бүгінде Ұлытау ауданына қарайды.Әкімі Серік Диханбайұлы.

Туған жерім Жезді халқының менталитеті өте жоғары,аса қонақжай,өте кішіпейіл. Табиғаты, жері ,суы,әрбір тасы маған  өте қымбат. «Туған ауылым» жобасын бір шумақ  өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құрметті үнін сүйем.

КГКП «Дворец школьников города Сатпаев»

педагог дополнительного образования и

руководитель кружка «Sunny English»

Тулегенова Сандугаш Искаковна

The date: 29.01.20

The subject: «Sunny English»

The theme: “Everything is good in its season”

The type of the lesson: конкурс

Objectives: применение знаний на практике

 -применение полученных ранее знаний  в конкретной ситуации, закрепление умений и навыков работы выражать свою точку зрения.

– активизация умений и навыков говорения, совершенствование  навыков  диалогической и монологической речи.

– воспитание  способности к взаимопониманию, интерес к результатам работы своих кружковцев, формирование чувство ответственности при работе в команде, воспитание  интереса к окружающему миру, литературе.

-совершенствование  умения работать с источниками, развитие способностей  к оценке и изложению, к формулированию выводов, к сравнению, анализу и соотнесению, развитие коммуникативных умений обучающихся, развитие творческих способностей, развитие памяти, внимания, логического мышления, цельности высказывания  

Materials: тематические рисунки обучающихся, ноутбук,   иллюстративная наглядность, журнал и портрет Абая Кунанбаева, магниты на доску, работы обучающихся по представляемым увлечениям, карточки  с вопросами, сигнальные карты.

Виды речевой деятельности: говорение, аудирование.

Connections: русский язык, казахский язык, физкультура, изо, литература, познание мира.

Procedure

I. Introduction.

Organization moment.  Greeting.

Teacher: Good morning, dear guests –teachers! Good morning, boys and girls!  Glad to see you today!

Pupils:  Good morning,  teachers!

Teacher: How are you?

Pupils: Fine, thank you

T: What date is it today?                                                                                           P.: Today is the 29- th of  January.                                                                                  T: What day of the week is it today?                                                                     Pupils: Today is Wednesday.                                                                                       T: Answer my questions .                                                                                                 Is it warm or cold today?                                                                                                     Is it windy?                                                                                                                   Is it snowing?                                                                                                                            Is it freeze?                                                                                                                 Is the sun shining bright?                                                                                           What colour is the sky?                                                                                                   Is it cloudy?                                                                                                                    What is the weather like today?                                                                                            Do you like this weather? Why?                                                                                        What season is it now ?                                                                                        Teacher:  Today is unusual day that’s why we have a model lesson. The theme of the lesson  is “Everything is good in its season ”. We  discuss our theme. Today we are going to speak about seasons.  We remember poems about seasons by well- know national writer, listen  poems about seasons,  proverbs, activity in different seasons.                                                                                                                   We have two teams :                                                                                                      The First team    Autumn –     Winter   short       A/W                                                        The second team  Spring  –  Summer  short        S/S                                                       Every team must describe its season. Every team has  graph  paper. You can write  on this paper your answers. You have markers and pens too.

II. Warm – up

1. Read and say these poems!

 Autumn/Winter

a. Who knows this  poem?

Spring is green

Summer isbright

Autumn is yellow

Winter is white.

Sping/Summer

b. Who knows this  poem?

Winter brings us snowflakes

Spring –  green buds and shoot

Summer brings us berries

Autumn – golden fruit.

2. Change underline words  and read your poems.

Now you must change underline words and make your poem.

III. Put  necessary words  in  proverbs.

Translate them.

 S/S

1. A …   day feeds a year .

2.    …  passed but the sun did not burn.

3. gathers,  winter eats.

4. Spring is red with …  . Autumn is with  .

 A/W

5. …    comes fast on the lazy .

6. A good brings a good summer. 

7. Chickens are counted in …  .

8. A man’s heart changes as often as does the …  sky.

1.A spring day feeds a year – Весенний день год кормит.

2. Summer passed but the sun did not burn. – Лето прошло но солнце необожгло.

3. Summer gathers,  winter eats.     –   Лето собирает, а зима поедает.

4.Spring is red with flowers. Winter is with pies. -Весна красна цветами, а зима пирогами.

5. Winter comes fast on the lazy .    –    Зима приходит быстро для ленивых.

6.A good winter brings a good summer.  – Хорошая зима приносит хорошее лето.

7. Chickens are counted in autumn. – Цыплят по осени считают.

8. A man’s heart changes as often as does the autumn sky. – Сердце человека меняется так часто, как осеннее небо.

IV. Names months for every seasons   and give characteristic.                                                                                            

Каждая группа по очереди называет своё время года. Каждая группа вклеивает в шаблон название времени года и иллюстрацию к нему.

1.What are the spring months, summer months, autumn months and winter months?

The winter months are … (и т.д.)

The autumn months are …

The spring months are …

The summer months are …

2. Look at the picture and say what the weather is like.

What is the weather like in different seasons?

 windy, sunny, rainy, snowy, cold, cloudy

Приклеивают карточки с погодой.

Отвечают по одному из группы.

In winter it is cold and snowy.

In summer it is sunny and fine.

In autumn it is rainy and cloudy.

In spring it is warm and nice.

V. Physical training

Relaxing

You can  relax.

Say together and do together!

Everybody stand up, stand up, stand up!                                                          Everybody stand up!                                                                                                Just like me!

Everybody march now, march now, march now!                                              Everybody march now!                                                                                           Just like me!

Everybody dance now, dance now, dance now!                                              Everybody dance now!                                                                                            Just like me!                                                                                                 Everybody tiptoe, tiptoe, tiptoe!                                                                         Everybody tiptoe, tiptoe!                                                                                        Just like me!                                                                                                     

Everybody sit down, sit down, sit down!                                                     Everybody sit down                                                                                                Just like me!  

VI. What can you do in your seasons?                                                                  Every team must write about   many activities in each season.

Autumn – Winter                                                                                                              -go  for an autumn walk in the forest                                                                               – pick apples, collect different leaves                                                                                      -go ice skating , go sledding , go  skiing                                                                                      –build a snowman, have a snowball fight , build a snow fort                                           -go ice fishing, feed birds, go with  dog  for a walk                                                                                                               – catch snowflakes o your tongue, play hockey

  Spring  –  Summer                                                                                                        -catch butterflies, visit the zoo, find a ladybug                                                           – find a rainbow, dance in the rain, fly a kite                                                                     – celebrate spring holidays

-go to the beach, go to the swimming pool, go camping, climb a mountain, go fishing, swim in the sea, river                                                                                                                                -travel by plane, by ship, by car , ride a bike, ride a roller, go the park, do a lot of sports,                                                                                                                             – go sightseeing, visit museum, take a lot of selfies, read funny stories

VII. What clothes do you need in every seasons?

Autumn & Winter clothes:  fleece jacket, jeans, cardigan, sweaters, raincoat,  glovers, scarf, long coat, boots, socks, beanies, knit hat,  mittens, fur coat, trousers, hat, long sleeve top, snow suit.

Spring & Summer clothes: hoodie, jeans, trainers, sneakers, dress pants, shoes, jumper, overalls,   polo shirt, shorts, singlet, skirt, dress, gym clothes, T- shirt, sandals, cap, sunhat, flip flops, sunglasses.

VIII.     What time of year more holidays?

Sping / Summer       

Thankgiving Day   –                   1-st of March

International  Women’s Day  –  8- th of March

Nauryz –                                      21-23 rd of March

Fatherland Defendere’s Day –     7 – th  of May

Victory Day –                               9-th of May

Political Repressions Victims Memory Day   – 31-st of May

Children’s Day               –               1-st of  June

National Symbols Day  –                    4- th  June

Day of Capital         –                       6 –th of July

Autumn /  Winter 

Knowledge Day     –                        1-st of September

Family Day                            –        the second Sunday of September

Day of   languages of

the people in Kazakhstan      –         the third Sunday of September

President’s Day               –         1 –st  of  December

Independence Day           –        16-17 th  of  December

New Year’s Day               –        31-st  of  December

IX. Why do you like your season?

Every  team  can protect lovely season.

Spring is a nice season. The weather is usually fine in spring. It is warm. The trees are green. We can see first flowers . At the end of March  the weather  gets warmer. The sun shines .The days  become  longer, the nights become  shorter. Nature awakens after a long winter sleep. Snow begins melting. They  returns from the South. People plant trees and flowers. The farmers begin to work in the fields.

Summer is the  hottest season of the year. The sun shines brightly. The sky is blue. It is warm or sometimes  hot. Children are happy   because they have their long summer holidays. They can  play, swim, in the river or go to the forest for berries, mushrooms, travel by plane, car, ship.

Autumn comes in September with the beginning of the school year. The trees and grass become yellow, red  and brown. There are many fruit and vegetables in the gardens. In  October  the days grow shorter and the nights grow longer. It becomes colder and darker. Cold winds blow  more and more. It often rains. Birds fly away to warm countries.

Winter is the coldest season of the year. The rivers and lakes are frozen over. The sun sets early and rises late. The days are short, the nights are long. The sky is grey. It often snows.There is a lot of  snow everywhere. The trees, the streets, the  houses are white with  snow. Children can ski, skate, play hockey and snowballs. They have merry winter  holidays.

X. Seasons in poems of great Kazakh poet  Abai Kunanbaev.

You know a lot of poems, but you ‘ll  recite poems about seasons by Abai Kunanbaev  and find out  who can do it very well. Who is the best in poems?

Summer  by Abai  Kunanbaev

Summer climbs the mountains.
Flowers overcolour and blanch.
Men leave the sun and sit,
tree-tented, by the cold creek.
Horses bray, each apart
in the warm air, and the long grass
whiffles in a lime plain.
Hushed and still, the horseherd stand
in wither-high water; and wave
the flies away with silk-swish tails;
and colts clatter the air,
rippling the quiet, and lifted eyes.

«Жаз»

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын,бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда:

Күркеріп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғада:

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан  жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпындап,

Арасында құлын – тай

Айнала шауып бұлтылдап.

“Spring” by Abai Kunanbaev

The earth was covered in soft velvet.
Freed from winter’s hibernation and heartache
all that lives dings with its heart to warmth and light.

The birds fly in and spring entered the blossoming garden,
and the youths made a racket like fledglings.
The old men rose again as from the grave
and are honestly happy to meet again their friends.

The families hurry to their kinsmen in the nearby aul:
embraces, exclamations—a happy commotion.
Young laughter is carried on the air in triumph.
The people have shaken off the winter worries.

«Көктем»

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар,адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер  күннің көзі.

Жаздың  көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып  жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай  кемпир мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел  ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп,құшақтасып.

Шаруа қуған  жастардың мойыны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап- қора да шу,

Көбелекпен,құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұрандатып ағады су.

“Winter” by Abai Kunanbaev

Broad-shouldered, white-coated, powdered with snow,

Blind and dumb, with a great big silvery beard,

Grandad Winter plods on with a frown on his brow,

By everything living hated and feared.

The grumpy old fellow does plenty of harm.

His breath stirs up blizzards, brings snow and cold.

With a cloud for a hat on his shaggy head,

He marches along, all the world in his hold.

His beetling eyebrows are knit in a frown.

When he tosses his head—dismal snow starts to fall.

Like a crazy old camel he acts in his rage,

Rocking and shaking our yurta’s thin wall.

«Қыс»

Ақ киімді, денелі,ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті  басы – ақ қырау,түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Дем алысы   – үскірік, аяз бен қар,

Қәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлыттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазанды алды.

Борандай бұрқ – сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті – қолы домбығып,үсік шалды.

  “Autumn” by Abai Kunanbaev

The clouds are grey and gloomy, boding rain,

An autumn mist envelops the bare earth.

Chasing each other through the spacious plain,

To warm themselves, run foals of last year’s birth.

No grass, no tulips. Silent everywhere

Are children’s noisy games and young lad’s mirth.

The trees  like poor old beggars stand ans star,

Bereft of leaves,as naked as the earth.

The men tan cow- and horsehides in big vast

 And  mend old padded gown and winter garb.

The housewives stitch up holes in the felt tents.

«Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып,дымқыл туман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жаста күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал- кемпірдей  түсі кетіп,

Жапырағынан айырлыған ағаш қурай.

Біреу  малма сапсиды,салып иін,

Салбыранқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды ұйін.

T: Oh, Excellent! Well done! You recite  these poems good!

IV. Conclusion:

T: It is time to make conclusion of our lesson. So, today we’ve spoken

about seasons. I’d like to say that you defend your lovely season very good.

You recite poems by our great Abai  Kunanbai, answer questions, remember proverbs, tell about seasons, holidays, season’s activities. Good for you! Both teams are equal!

Thank you very much for today’s lesson, you have worked very hardly. You are very clever boys and girls!

                                                                         «Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы» КМҚК

                                                                            «Домбыра» үйірмесінің  I санатты

                                                                             қосымша білім беру ұстазы

                                                                           Берлибекова Куляш Қонарбаевна

Тақырыбы:  Халық күйі «Келіншек»

Мақсаты:  Халқымыздың санғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан «Келіншек» күйі  туралы жан-жақты мағлұмат беру. Сонымен қатар Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 – жылдығына арналады.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Күйді орындау мен қатар, шығу тарихын, аңызын білуге, қазақтың күй өнерін қастерлей білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ән-күйлер тыңдау арқылы сезімталдығын арттыру, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Оқыту әдісі: Теория мен практиканың ұштастығы

Көрнекіліктері: Бейне ролик, тірек сызба, слайд-шоу,сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өлең оқу

3.Үй тапсырмасын тексеру

4. Бейне ролик

5.Теориялық білім беру. Сөзжұмбақ шешу

6.Топпен жұмыс « Ой қозғау»

7.  Тірек сызба. Қорытынды

                                   I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Оқушылармен амандасу.       Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Бүгін біз сабағымызда  оқушыларға халқымыздың санғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан  «Келіншек» күйі туралы толық  мағлұмат беру.

Сонымен қатар Ұлы ақын  Абай Құнанбаевтың 175 – жылдығына арналады.

Олай болса балалар!  Абай Құнанбаев туралы кім не біледі?

 1-оқушы: Абай Құнанбаевтың өмірі 

Қазақ   халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.Ол жас кезінен-ақ өлең-жыр, әңгіме,аңыз ертегілерді құмарта тыңдап өскен.Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның естіген ертегі-аңыздар Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері еді. Абай Құнанбаев Семей қаласындағы медресседе оқып жүргенде көп уақытын кітап оқуға, өздігінен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындарының ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұраларымен Абай осы кезде танысып, оларды қызыға оқыған. Осы медресседе оқуымен қатар ол өз бетімен орыстың мектебінен сабақ алып, орыс тілін үйренеді.Ұлы ақын Абай  өзінің бірқатар өлеңдерін жастарға арнаған

1-оқушы:« Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз,

Талап, еңбек, терең ой

Бес асыл іс, көнсеңіз

2-оқушы: « Күз»    

1.Сұрт бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болса дымқыл тұман, жерді басқан

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

2.Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш қурай

3-оқушы:« Қараша желі мен сол бір екі ай»     

1.Қараша желі мен сол бір екі ай

Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай

Ерте барсам жерімді жеп қоям деп

Ықтырмамен күзеуде отырар бай

2.Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып,

Тоңған үйін жылытып, тонын илеп

Шекпен тігер әйелі бүрсең қағып

4-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»  

1.Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім

2.Бұл махрұм қалмағына кім кінәлі

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген

Баланы оқытуды жеп көрмедім

Мұғалім сөзі: Балалар, біз күйді  қандай аспапта ойнаймыз?

Оқушылар: Домбыра

Мұғалім: Әрине, балалар, олай болса домбыра дегеніміз не өзі? Кім қалай түсінеді?

Оқушылар: Домбыра қазақтың ұлттық аспабы, екі ішегі, он тоғыз пернесі, үлкен тиегі, шайтан тиегі, сосын екі құлағы, шанағы, дыбыс шығатын ойығы болады.

Мұғалім: Иә, домбыра дегеніміз « Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра»- дегендей «Қолына домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықтың жылуы дарып, қатыгездік жолдан аулақ болады»,- деген нақыл сөзде үлкен шындық жатыр. Өйткені домбыра- үлкен рухани, адамгершілік мектебі, баға жетпес эстетикалық өмір оқулығы. Домбыра талай ғасырлар тарихын шанағына сақтап, батырлардың ерлігін жырлаған. Міне осы қайталанбас күш қолына домбыра ұстаған баланың көркемдік рухының көкжиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін ұштап, оны жыраулық термешілік, әншілік және күйшілік өнерге жетелейді. Міне оқушылар домбыра сондай қасиетті де қадірлі аспап. Енді оқушылар домбыраға арналған қандай ақындардың өлеңдерін білесіңдер?

                                      Өлең оқу:

1-оқушы:

Қолың босап отырғанда кей шақта,

Қанат қағып ой кетеді жан-жаққа,

Шертіп-шертіп жіберетін сол сәтте,

Бір домбыра керек екен қазаққа.

Небір сазды әнге салып өрлетіп,

Тыңдаушының көңілін баулап тербетіп

Домбыраның қасиетін қастерлеп,

Талай ұрпақ толысыпты ер жетіп

2- оқушы:

Ішек, құлақ, перне, шанақ, тиегі

Шебер саусақ әр жерден бір тиеді.

Жошы ханға баласын да ескерткен

Не тең келер домбыраға киелі.

Домбыра, жүрегіммен үндес едің,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.

                        II.Үй тапсырмасын тексеру:

Мұғалім: Балалар өткен сабақта нені қайталап келуге берілді

Оқушы:  Келіншек күйі

Мұғалім: Келіншек кімнің күйі?

Оқушы : Халық күйі

Мұғалім: Халық күйі қалай пайда болды?

Оқушы:  Өткен ғасырда сауаты жоқ кезде, дүниеге келген ән-күйлер өнерімен бірге қайнап, аңыздан-аңызда, қолдан-қолға көшіп, біздің заманымызға жетті. Біздің заманымызға жетем дегенше көптеген күйлердің  авторлары ұмыт болған. Ондай күйлерді халқымыз халық күйі деп атап кеткен.

Мұғалім: Олай болса балалар, « Келіншек»  күйінің тарихы қандай?

Оқушы: Қазақ халқы келіндерін қыздарындай көрген. Қазақтың келіндері өздерінен үлкен қайынағаларының, қайынсіңілдерінің , қайыныларының аттарын атамаған, оған өздері ат қойған. Үлкендердің алдын кесіп өтпей оларға сәлем салған, инабатты болған.  Бұл күй қыз- келіншектердің сұлу көркі мен олардың бейнелерін әсемдеп суреттеген.

 Балалар, экранға назар аударайық! «Келіншек»  күйін экраннан тыңдату.

Мұғалім: Бұл күйдің әуен сазы көңілге қонымды, әрі оңай жатталады. Бірақ күйдің ырғағын келтіріп дұрыс ойнау оңайға түспейді.

Енді балалар, осы күйді екі дауыста ойнап берейік!

                            III. Сөзбұмбақ шешу.

 Дұрыс жауабы: «Күйші» сөзі шығады.

           
 
     
     
       
К Ү Й Ш І
         
       
     
     

    1.Халық күйі.

    2.«Бозінген» кімнің күйі.

    3.Құрманғазының күйі.

    4.Динаның күйі.

    5.Халық күйі

                            IV.Топпен жұмыс. Ой қозғау.

Мұғалім: Оқушылар 2 топқа бөлінеміз. Біз қандай халық күйін білеміз?

Оқушы: «Тепен көк», « Жастар биі», «Кеңес», « Той бастар».

Мұғалім: Балалар жаңа біз қандай күй тарттық?

Оқушы. «Келіншек» күйін

Мұғалім: Енді оқушылар 1- тобымыз «Той бастар» күйін,  2-ші тобымыз «Келіншек» күйін талқылап, ой қозғаймыз. Кәне есімізге түсірейік.

Келіншек
Той бастар

Мұғалім: Осы күйлердің ұқсастығы мен айырмашылығын талқылайық

Оқушы: Айырмашылығы: «Той бастар» Динаның күйі, тойға арналған күй.

 Ал,  «Келіншек»  халық күйі,  қыз-келіншектерге арналған.

Ұқсастығы: Екеуі де төкпе күйлердің түріне жатады.

 V. Мұғалім: Оқушыларбүгінгі  сабағымызда не білдік, не үйрендік, сабақтан алған әсерлерің қандай? Өз ойларыңды ортаға салып, мына трексызба арқылы сабағымызды қорытындылаймыз!

Келіншек күйі  

                                        «Келіншек»

                                              Күйі

Мұғалім: Оқушылар біздің үйренеріміз әлі алда. Күй ешқашан  өлмейді, өйткені оны жалғастырушы сендерсіңдер.Ал енді оқушылар, бүгінгі сабаққа белсене қатысып отырғандарыңыз үшін  кө рахмет.

VII.Үйге тапсырма:  «Келіншек» күйін жатқа дайындалып келу

Қолданылған әдебиеттер:

1.«Қосымша білім беру журналы» № 2, 2015 ж.

2.«Қосымша білім беру журналы» №6, 2016 ж.

3.«Тәрбие журналы» №6, 2017ж.

4.«Мектептегі оқу – тәрбие жұмысы» №3, 2016ж

«Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы» КМҚК

«Арт-Дизайн» үйірмесінің жетекшісі,

Қосымша білім беру ұстазы

Серикбаева Салтанат Махсутбековна

Шеберлік сағаттың тақырыбы: Скрапбукинг

Өткізілген уақыты: 25.02.20ж. Сағ. 12.00

Деңгейі: Қалалық

Тәжірибе таратушы: қосымша білім беру ұстазы

Серикбаева Салтанат Махсутбековна.

Сабақтың мақсаты: Скрапбукинг өнері және тарихы жайлы мағлұмат беріп, скрапбукингке деген қызығушылықтарын ояту және скрапбукинг өнерінің орындау тәсілдерін көрсетіп, фотопапка жасауды үйрету

Шеберлік сабақты түрі(типі) Сарамандық сабақ, түсіндіру, слайд көрсету

Шеберлік сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:
Интерак. тақта(слайд), түрлі-түсті картондар, дайын фотопапка, ашықхат үлгілері, скрапқағаздар, вырубкалар, желім, қайшы, фигуралы қайшылар, сызғыш, қарындаш, өшіргіш.

Шеберлік сағаттың өту кезеңдері:

    1. Мотивациялық қозғаушы кезең

    2. Іздену-ұйымдастыру кезең

    3. Практикалық кезең

    4. Рефлексиялық кезең

Мотивациялық қозғаушы кезең:

Озат тәжірибелі мектептің жетекшісі Көшербаева Гүлзада Исаевна ортаға шығып,шеберлік сағат өткізуші мұғалімнің шығармашылығы мен оның өткізгелі тұрған шеберлік сағат жайлы қысқаша мәлімет береді де, ортаға Салтанат Махсутбековнаны шақырады.

Іздену-ұйымдастыру кезең:

Салтанат Махсутбековна: – Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әріптестер? Мен сіздерге осы сарай қабырғасында 13 жыл еңбек етіп келемін. Осы еңбек жолымда түрлі ұстаздарға арналған сайыстарға, семинарларға, курстарға, шеберлік сағаттарға, қашықтықтан өтетін байқауларға қатысып жүлделі орындарды иелендім. Оқушыларым да ашық республикалық, облыстық, қалалық көркемөнер байқауларына және қашықтықтан өтетін сайыстарға қатысып жүлделі орындарды алып келеді. Енді бүгін осы күнге дейін жинаған тәжірибелеріммнің бірімен бөліскелі отырмын. Бүгінгі шеберлік сағатым Скрапбукинг деп аталады.
Сабақтың барысы:
Скрапбукинг өнері – ағылшынның Scrapbooking: scrap-  кесу, book- кітап деген сөзінен шыққан, яғни «кітапқа кесіп қою, енгізу деген мағынаны білдіреді. Скрапбукинг өнері –арнайы түрде ерекше безендірілген фотоальбом, фотопапка, лэпбук, ашық хат жасау өнері. Скрапбукинг өнерінің тарихы сонау ықылым заманнан келе жатыр. Адамдар өз заманында тарихы, цитаталарды жазбаша түрде қойын дәптерлеріне жазып отырған. Заманауи скрапбукинг өнері 1980 жылдары Европада өте қарқынмен дамыды. Оның негізін салушылар ерлі-зайыпты Кристенсен мен Мэриэлен деген кісілер еді. Олар Мыңдаған фотоальбомдар жасап, Скрапбукинг дүкенін ашқан екен. 1996 жылы алғаш рет скрапбукинг саудасымен айналысатын интернет-сайт ашылған екен. Cол жылдары скрапбукинг өнерін үйрету үшін шеберлңк сабақтар өткізіле бастаған. Бұл өнерге деген қызығушылылар арта бастаған. Кеңес Одағы кезінде де бұл өнер дамыды, мәселен, дембельдік альбомдар, анкеталар, тілек альбомдарын үлкен қызығушылықпен жасаумен айналысқан.

Қазір скрапбукингпен айналысушылар өте көп. Шеберлер қазір инстаграмм желісі арқылы тапсырыс қабылдап, осы өнердің дамуына үлес қосуда. Отбасылық альбомдар, мысалы үйлену той, дүниеге келген сәбиге арналған альбомдар, фотопапкалар, лэпбук жасаумен айналысады. 

Сарамандық жұмыс: Ал ендіалдымызда тұрғанскрапқағаздардан фотопапка жасаймыз. Жақында  әдістемелік онкүндікте өткізген ашық сабақтарымыздан естелік болсын деп, артайы «Әдістемелік онкүндік» деген фотопапка жасайық. Мен фотопапканың мұқабасын әзірлеп қойдым, енді сіздерге берілетін тапсырма оның ішкі беттеріне фотосуреттер жабыстыратын құбылмалы негіздер жасап, өздеріңіздің ашық сабақтарыңыздың фотосын жабыстыру. Қайшымен, желіммен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек. Скрапбукинг әдістерінде фотоларды жабыстыратын беттерге арнайы қосымша сарқырама (водопад), разворот, открывашка, әтрүрлі ашылу-жабылу тәсілдерін жасаудың тәсілдерін менің түсіндіруім бойынша орындап отырамыз. Сондай-ақ, слайдқа қарап отырып орындау тәсілдерін қайталап жасаймыз. Скрапбукинг ісінде ең басты қағида тура өлшемде орындау, бір миллиметрдің өзі үлкен рөл атқарады. Ұстаздар нұсқау бойынша іске кіріседі, тапсырманы ойдағыдай орындап аяқтайды.

Рефлексия: Ұстаздар жасаған негіздеріне фотоларын жабыстырып, фотопапка мұқабасының ішіне әдемі ретпен жабыстырып шығады. Фотопапка дайын болды. Ұстаздар естелік үшін жұмыстарымен фотоға түседі.

 Күтілетін нәтиже:

Біледі: Фотопапкаға арналған  сан қилы құбылмалы беттерді жасауды.

Игереді: Скрапбукинг өнері жайлы түсініп, тарихымен танысты.

Меңгереді: Скрапқағазбен, картонмен жұмысты ұқыптылықпен, шеберлікпен орындауды.
Қорытынды: Сабақ өз дәрежесінде өткізілді. Ұстаздар белсене қызығушылықпен қатысты. Сабақ қызықты өтті.