Халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып элементтерін физика сабағында қолдану


Кулмуханбетова Хамаруан Сейтмухамедовна 

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта  білім беретін мектебі физика-математика пәнінің мұғалімі

Халқымыздың салт-дәстүр,  әдет-ғұрып элементтерін

физика сабағында қолдану.

Оқушыларды ұлтжандылыққа,  халқын қастерлеп,  оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке,  қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесіне халықтық педагогиканың тағылымдарын енгізу кең өріс алып келеді.Міне,  өз ұрпағының өнегелі ,  өнерлі ,  еңбексүйгіш ,  абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану  әрбір ұстаздың міндеті   блып табылады.Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну  ілгерілеу жоқ. Халықтық оқу-тәрбие ісінің негізгі мақсаты – жалпы адамды ,  ең алдымен баланы сұлулық  хабардар ете отырып тәрбиелеу. Оқу мен тәрбие алдында ата-ана да,  тәрбиеші  мен ұстаз да ,  адамды қоршаған  ұжым да ,  тіпті көшедегі кездейсоқ халық та жауап береді. Сол себепті физика пәнін оқытуға мысалды алыстан іздемей-ақ халқымыздың пайдаланып келген ұлттық құрал-саймандарын,  ұлттық атауларын қолдануға болады.Қазіргі мектептерде қолданылып жүрген оқулықтарымыз орыс оқулықтарының аудармасы.  Олардың көбінде ұлттық психологияға сай келе бермейтін мысалдар келтірілген. физика пәнінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге  қызығушылығын меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге оқушы ойын дамытып,  өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыны құрғақ жаттандылықтан аулақтаты дербес ойлап әрекет етуге жетелейді.Халық педагогикасының тағылымдарын физика сабағында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп,  оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.Қазақтың әдет-ғұрып,  салт-санасында кездесетін кейбір элементтерді физика сабағында қолдануға болады. Біз осыдан жазу-сызуы болмаған халқымыздың табиғат құбылыстарын дұрыс түсіне білгендігін,  көргендігін ,  данышпандығын аңғарамыз.Мысалы,  7-сыныпта “Диффузия құбылысы” тақырыбын өткенде айран ұйыту,  құрт қайнату,  нан ашыту қалай орындалатынын айтып кеткен орынды. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы ,  температура жоғарсайын молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін көреміз. “Қысым” тақырыбын өткенде бабаларымыздың ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген тиімді. Аз күш жұмсап қазықты жерге тез кіргізудің тәсілін ерте игерген.Ал 8-сыныпта “Жылу өткізгіштік” тақырыбын оқытқанда малдың,  аңның терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгенін,  байланысты тұлып,  ішік тігіп кигенін түсіндіру керек. Осы сыныпта “сәуле шығару” тақырыбын өтеді. Сол сабақта не себепті киіз үйге ақ киіз жабатынын ,  не себепті ақ киім киетінін нақты мысалдар арқылы дәлелдесе оқушылар миында тақырып ұзақ сақталады.Сондай-ақ  9-сыныпта “Ньютонның қозғалыс заңдарын” өткенде қазақтың ұлттық спорт ойындары – “Арқан тарту “,  “Күш сынау”,  тағы басқаларын айтса,  сабақтың мазмұны байып ,  құндылығы артады,  оқушылардың білімі молаяды.