Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмайды!


Өмірзақ  Мәншүк Ақымқызы

Атырау облысы, Атырау қаласы №27  И.Тайманов атындағы орта мектебінің  тарих және құқық пәнінің  мұғалімі

         1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет, қантөгіс, өлім – жетім. Елдегі жарамды азаматтардың бәрі соғысқа аттанды.     Қалған тек балалар мен қарттар ғана болды. Тіпті өз-еріктерімен соғысқа сұранып барған қазақтың қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова болатын.Ол қыздарға сол кезде не- бары он алты-он сегіз жас. Олардың бірі пулеметші болса, екіншісі снайпер болды. Олар көптеген неміс солдаттарын атып түсіріп, қазақтың батыр жауынгер қыздары атанды. Ауыл-ауылдан тамақ, жылы киімдер фронтқа жіберіліп отырды. Жауынгерлер қасық қандары қалғанша соғысты. Ұшқыш Талғат Бегальдинов аспанда бірнеше неміс ұшқыштарын атып түсіріп Кеңес Одағының батыр атағын екі рет алды. Бауыржан Момышұлы Дивизияның командирі өз жауынгерлерімен неміс шебін бұзып,бірнеше рет талқандады.Берлинді алғанда, бірінші болып, Рейхстагқа ту тіккен қазақтың жауынгері Рақымжан Қошқарбаев болды. Осындай батыр жауынгерлеріміздің арқасында еліміз жеңіске жетті. Әрине соғыс елімізге көп зардап әкелді.Қанша халқымыздан айрылдық,қанша ғимараттарымыз күл-талқан болды. Жеңіс – біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. Бұл     соғысты  ешкім  де  ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек. Қазіргі таңдағы бақытты балалық шағымызға, тату да бейбіт өмірге, әрқашан қуаныштымыз, бақыттымыз! Біз болашақ жастар осындай ағаларымызға қарап өсудеміз. Оларды мақтан етеміз. Олардың аттарын ешқашан да ұмытпаймыз және әрқашанда еске аламыз.