Жеңіс күні – тарихымыз, даңқымыз!


Исенова Гулмаржан Беришбайқызы

Қостанай қаласы Сырбай Мәуленов атындағы  гимназия тарих пәнінің мұғалімі  

Жеңіс күні – адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені күмәнсіз. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ емеспіз.Кешегі неміс – фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды.Бұл мереке әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке.Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасағаны баршамызға аян.Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 – мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9-ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.Дүние жүзі халқы бостандық алды. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Бiздiң ардагерлеріміз! Олар кемде-кемде қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек. Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.