Ашық сабақ “Тәуелсіздік – ел тірегі”


Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим ауылы

№2 Новоишим орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Калиева Жанар Кенжебайқызы.

Мақсаттары:

Білімділік:  Оқушылардың білім деңгейін көтеру,  ұжымдық түрде   білім алуға баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл, жігерінің дамуына әсер ету,  сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту, отансүйгіштікке   тәрбие беру, ішкі ой-толғаныс сезімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Өткізу формасы: коллаж

Өту барысы: 1. Сәлем – сөз атасы.

2. Топтық жұмыс.

а) Ой қозғау.

ә) Мағынаны ажырату.

б) Коллаж жасау, оны қорғау.

3. Қорытынды. «Соңғы сөзді мен айтайыншы». Мұғалім сөзі:

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтарымыздан ерекше боп өткелі тұр. Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сабағымызды бастамас бұрын осы қадірлі қонақтарымызбен амандасып алайық.

1-топ. Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі күні біз сіздерге мына төсбелгіміздегідей күннің шуақты нұрын тілейміз.

2-топ.  Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі күні біз сіздерге мына төсбелгіміздегідей бейбіт өмір, ашық аспан тілейміз.

3-топ. Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі күні біз сіздерге мына төсбелгіміздегі қырандай тек қана биікке самғап, үлкен асулардан көріне берулеріңізді тілейміз.

Жасқы балалар мен де сіздерге бүгінгі күні тек көп еңбектеніп  сапалы білімдеріңізді  көрсете білулеріңізге тілектеспін.

Сабағымыздың тақырыбын ашып алмас бұрын кеуделеріміздегі төсбелгілерінізге қараңыздар. Қазір әрқайсымыз төсбелгідегі жазуды оқып сол жазылған жазулармен бір-бір мақал айтып, мақалдардың мағынасын аша қояйық.

Отан

Туған жер

Ата-анат.б.

Өте жақсы, балалар. Отан-оттан да ыстық,- дегендей барлығымыздың өмірімізде Отанның алар орны ерекше. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы еліміз, Отанымызбен байланысты болмақ.  Қазір мен сіздерге сұрақ қоямын сіздер жауаптарын табасыздар. Сол айтылған жауаптардың бірінші әріптерінен біздің сабағымыздың тақырыбы құралады.

Т- адамның дүниеге келген алтын бесігі (туған жер).

Ә – туыстық атау (әже.)
У – киіз үйдің бір сүйегі (уық).

Е – дәнді дақылдар егілген алқап (егіс).

Л – ешкінің жасқа толмаған төлі (лақ).

С – сәндік үшін саусаққа салынатын жүзік (сақина).

І – адам, мал, аң т.б. аяғының жерде қалғандағы таңбасы (із).

З – биік, заңғар, асқақ сөзінің синонимі (зәулім).

Д – ақыл-білімі асқан ойшыл адам (данышпан).

І – ықпал түрі (ілгерінді).

К – жалғау түрі (көптік).

-Бастауыш пен баяндауыш бір сөз табынан болса, арасына қойылатын тыныс белгі    (сызықша).

Е – бүгіннен кейінгі келесі күн (ертегі).

Л – тілек білдіру дегенді тағы қалай айтуға болады. (лебіз білдіру).

Т –қарым-қатынас құралы (тіл).

І – кімнің, ненің деген сұраққа жауап беретін септік түрі (ілік).

Р – сан есімнің түрі (реттік).

Е – сөз табының бірі (есімдік).

Г – түрлі-түсті, үлбіреген хош иісті өсімдіктің жалпы атауы.(гүл).

І – жұмыс, қызмет, шаруа сөздерінің синонимі (іс).

Жақсы, балалар, сонымен  біздің бүгінгі сыныптан тыс шарамыздың тақырыбы:  ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТІРЕГІ ,-деп аталады. Ал осы «Тәуелсіздік» деген сөздің мағынасын ашып алайықшы.

1-оқушы: «Т» әріпі-білдіреді теңдікті.

2-оқушы: «Ә» әріпі-әдептілік, әлдікті.

3-оқушы: «У» әріпі-уайымсыз бақытты.

4-оқушы: «Е» әріпі-егемендік, елдікті.

5-оқушы: «Л» әріпі-дейді лағып, лепірме.

6-оқушы: «С» әріпі-сенімділік секілді.

7-оқушы: «І» әріпі-ілтипат пен ізет қой.

8-оқушы: «З» әріпі-зиялылық тілек қой.

9-оқушы: «Д» әріпі-шақырады достыққа

10-оқушы: «І» әріпі-іркілмей тек шындықты айт.

11-оқушы: «К» әріпі- дейді күн бұл көктегі.

Ал балалар, сонымен тәуелсіздік деген сөздің әрбір әріпінің білдіретін мағынасы бар екенін түсініп алдық. Біздің келесі жұмысымыз да осы Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналмақ. Туған жеріміз, еліміз, Қазақстанымыз туралы ойларымызды суреттер арқылы жеткізіп көрейік. Бұл жұмыс бізде коллаж деп аталады.

Коллаж деген сөздің өзі берілген тақыпты суреттер арқылы ашу деген мағынаны береді.

Бұл жұмысты 4 топ болып атқарамыз.

1-тобымыз «Денсаулық-зор байлық» деген тақырыпта, 2-тобымыз «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан», 3-тобымыз «Алтын ұям –мектебім» және  4-топ яғни келген қонақтармыз «Бала –өмірдің қызығы» деген тақырыптарда берілген тақырыпта суреттер жапсырып ой бөлісесіздер.

Коллаж жасау тәртібі тақтада да алдарыңызда да берілген.

1.Берілген тақырып туралы ойлан.

2.Тақырыпқа сай суреттерді таңда.

3.Суреттерді эстетикалық талғамға сай жапсыр.

4.Дайындалған коллажды корғау.

5.Жұмыс регламентін сақта жапсыру. 10минут,  қорғау 2 минут.

6.Тапсырманы топ болып орындау.

7.Өзін ұстау мәдениетін сақтау.

Әр топ жапсырып, қорғап болған соң марапаттау сөздер айт.

Топтың жұмысы эстетикалық талғамға сай жасалынды.

Топтың өздерінің шығармашыл екендігін көрсете алды. т.б.

Ал балалар, сабағымыз да соңына таяп қалды естеріңізде болса біз сабағымызды төсбелгіміздегі жазулардан бастаған болатынбыз. Енді осы белгілеріміздің беретін мағынасына тоқталайық.

Күн бейнесі — байлық пен берекенің белгісі. Сондықтан мен осы жердегі баршамызға сапалы білім алып, рухани байлығымызды молайта берейік демекпін.

Біз бүгінгі сабағымызда көк байрағымыздың бейнесімен шығып тұрмыз себебі көк түс адалдықтың, күріш залық пен пәктіктің нышаны. Ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға мегзейді. Сондықтан осындай Тәуелсіз елімізде тату-тәтті өмір сүруімізге тілектеспін.

Неге біз аспанымызда самғап жүрген бүркін бейнесін алдық? Себебі көшпелі халықтардың таным-түсінігінде қыран бүркіт–батылдықтың, батырлықтың, мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің символы.

Сондықтан біз келген қонақтарымызға шығармашылық табыстар тілейміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп еркін, бейбіт елімізде биікке самғап жүре беріңіздер демекпіз.

Жақсы балалар, сонымен біздің сабағымыз аяқталды. Мен де бүгінгі сабақтың сапалы өтуіне зор үлестеріңізді қосып, Тәуелсіз елдің азаматы екендіктеріңізді көрсете алғандарыңыз үшін сіздерге де биік асулардан көрінулеріңізге тілектеспін. Осы сіздердің Тәуелсіздіктің 24 жылдығына қосқан үлестеріңіз деп біліңіздер. Құрметті қонақтар сіздерге де шығармашылық табыстар тілеймін. Сабағымызға қатысып, қызықты ойларыңызбен бөліскендеріңіз үшін көп рахмет. Сабағымыздың қорытынды бөлімі «Соңғы сөзді мен айтайыншы» деп аталады. Сондықтан сөз кезегі сіздерде.

фото5

 

Метки: , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *