Сабақтың нәтижелілігі мен тиімділік критерийі


Оспанова Толқын Қуанышқызы

Абай ауданының білім бөлімі «№ 14 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

САБАҚТЫҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІК КРИТЕРИЙІ

Оқу бағдарламасы аясында сабақты құрылымдау үшін сабақтың күтілетін нәтижесі не болатындығын білу аса маңызды. Нәтижелілік – қандай да бір процестің белгілі бір көрсеткіші, алдын ала жоспарланған дүниенің процесс соңында шығуы.

Мұғалім ҚР МЖББС көрсетілген пән бойынша күтілетін нәтижелерді негізге алып отырса, сабақ нәтижелілігін жоспарлауы оңайға түседі [8].

Қазақ тілі пәнін оқытуда күтілетін нәтиже:

1) Тыңдалым және айтылым: Білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық саралауды есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды.

2) Оқылым: Білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып және шешу жолдарын ұсына отырып, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды.

3) Жазылым: Білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда күтілетін нәтиже:

Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:

1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;

2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;

3) көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілікрухани қасиетін көрсете отырып, көркем бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін дайындағанда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;

4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;

5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;

6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.

Қысқа мерзімді сабақ құрылыман сәйкес өткізілген сабақтың тиімділігін бағалау жүзеге асырылады (1-кесте. Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері).

Тиімділік – соңғы нәтижеге жету көрсеткіші, бірақ маңыздысы нәтиженің өзі емес, нұсқаның дұрыстығы мен оған (соңғы нәтижеге) бағыттаудың айқындығы болады [6]