Абай-дана, Абай –дара қазақта . (музыкалық сахналандырылған қойылым)


Қадыргожина Айгул Жетпискалиевна

Круглоозерный ЖОББМ мектепалды даярлық тәрбиешісі

Орал қаласы. Круглоозерный ЖОББМ

 Мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Қадырғожина Айгул Жетпискалиевна

Тақырыбы: Абай-дана, Абай –дара қазақта

(музыкалық сахналандырылған қойылым) 

Қош келдіңіз, қонақтар,

Балбұлақтай бақшаға.

Құшақ жая қарсы аламыз,

Сіздерді бүгін куана.

Жақсы өнерге көрімдік,

Болсын сізден халайық.

Бүлдіршіндер өнерін,

Ортаға біз салайық.

 «Абай-дара,  Абай-дана қазақта» атты Круглоозерный ЖОББМ мектепалды  даярлық тобы  бүлдіршіндерінің  музыкалық қойылымын тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны -Абай Құнанбаев 1845 жылы

Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында

дүниеге келген. Туған жылы – жылан. Ибраһим деген атын

бұзып, Абай деп қойған шешесі екен. Әкесі Құнанбай,

шешесі Ұлжан, руы-тобықты. Абайдың жеті атасы: Айтек,

Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай.

Айнаш : Кең дала нұрын шашқан маңайына,

Қараймын мақтанышпен Абайыма.

Алдында Ұлжан ана басымды ием,

Абайды берген қазақ талайына.

Теңесер ақылды ару, саналы ермен,

Жұлдызы ондай жанның –

Жанады өрден.

Ұлжанды ұлы демей, мен кім деймін,

Қазаққа

Қайталанбас дана берген.

Абай жас кезінен әңгімеге , өлеңге әуес болды. Ертегі , аңыздарды зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың кішкентай Абай үшін маңызы зор болған. 

І-көрініс 
Жүргізуші: Биыл Абай мүшел жаста.Ол атқа мініп

жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Оның

күндегі ермегі- әжесі мен анасына әңгіме айтуды өтіну. 
Абай: Әже бір қызықты әңгіме айтып беріңізші. 
Байкөкше: Сәлем бердік. Үйлеріңізге құдайы қонақ келді. 
Әжесі: Сәлеметсіңдерме? Онда түсіңдер.Қонақ болыңдар.

Жоғары шығыңдар.Жақсы болды ғой.


Ұлжан: Ал, балам! Әжеңмен екеумізді қажай беруші едің,

әңгіме жырдың дүкені , міне, жаңа келді. Мына кісі-

Барлас ақын. Ал, мына ақынды сен танисың. 

Абай: Ия , апа ! Мен Байкөкше ақынды танимын.Былтыр бізге

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын айтып берген.

Ол жыр әлі есімде. 
Барлас: Е, балам! Қазақ – сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел.

Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға біз де жалықпаймыз!


Әжесі: Тамақ әзір болғанша, жыр әңгімелеріңді айта отырыңдар 
Байкөкше: Олай болса Барлас ақын «Қобыланды батыр» жырын

жырлап берсін.


Барлас :«Қобыланды батыр»жырынан үзінді оқиды.

Кешегі өткен заманда,

Қарақыпшақ Қобыланды

Мініп алып атына,

Қызыл Ерге келеді.

Мініп алып торы атқа,

Дүрілдетіп жөнелді.

Қызыл ерді сүйретті,

Ішінде шеңгел тікенге,

Өкпе –бауырын түйретті,

Қабырғасын күйретті.

Менсінбеген дұшпанды,

Ақыл тауып үйретті,

Қобыланды ерлік көрсетті.


Абай: Ата , мұны айтқан кім? Осы жырды шығарған кім? 
Барлас: Әуелден келе жатқан жыр ғой. Халық аузынан тараған балам. 
Байкөкше. Ал, рұқсат болса біз жүрейік. Алда барар жеріміз көп. 
Әжесі: Асықпаңдар. Әлі біраз күн қонақ болып кетіңдер. 
Барлас: Шырағым ер жетерсің,

Ер жетсең , сірә не етерсің.

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыңдасаң, шыңға жетерсің. –деп Абайға домбырасын ұсынады.


Абай: Апа ,қонақтарды жақсы сый беріп аттандырыңызшы. 
Ұлжан: Міне, сіздер жақсы сөздеріңізбен баламның көңілін

көтеріп, ем әкелгендей болдыңыздар.


Әжесі: Тағы да келіп тұрыңдар. Жолдарың болсын! Келген

сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым, ала

кетіңдер. Риза болып аттаныңдар. 

Рахмет айтып барлығы сахнадан шығып кетеді. 

Абай әнінің әуені орындалады, заттар жиыстырылады 

ІІ-көрініс (1 бөлім ) 

АйнашЖеткіншек шақтың 15-тен басталып, жігіттік шаққа

ауысатын 30-дың арасындағы аздаған жылдарды Абай

жырлаған. Ғашықтық азабын бір кісідей көріп, сезе

білген Абай жүрек толқынысын нәзік үнмен шығара

білді. 

( Үстел үстінде кітаптар, сия сауыт, қалам. Абай ойланып, ойын парақ бетіне түсіріп отыр) 

Тыныштық . Абай өлең жазып отыр. Есіктен досы Ербол кіреді. 
Бекназар : Абай, досым, тағы да өлең жазып отырмысың? Шаршадың

ғой, бір сәт демалсаңшы.


Абай: Бекназар  тыңдашы (ыңылдап)

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы.

Бітпейді іштегі,

Ғашықтық жарасы. 

Бекназар:  Абай, неткен әдемі ән. Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең.

Тамаша! Абай, Сүйіндік аулында екі күннен кейін

алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді?

Осы әнді жастарға сый етіп тартайық .


Абай: (басын изеп) Жарайды… – деп екеуі бірлесіп сахнадан шығып кетеді. 
2-бөлім 
Жастар жиналып отыр. Олар «Айттым саған Қаламқасты» айтып отыр.

Абай , Ербол келіп шетке тұрады.


Айша : Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр. 
Томирис: Қасындағы Бекназар  ғой. 
Тілеужан Абай, Бекназар  келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер! 
Абай: Ойын-сауықтарың қызық болсын! 
          Ән-күйлерің қанатты болсын! 

Қыздар: Бірге болсын! 

Ұлдар: Айтқаның келсін! 
Маханбет аулының палуаны: Ортамызға Абай келіп қалған екен. 
Мұқан : Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз? 
Илияс: Ал, Сүйіндік аулының палуаны, сен сөзге де ұста едің, өзің

бастап жіберші.


Махамбет ауылының палуаны : Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. 
Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы? 

Бекназар : Сүйіндік аулының жастары тыңдаңдар. Абай сендерге

жаңа әнін сый қып тартады. Қабыл алыңдар.


Абай: Көзімнің қарасы Қазақтың данасы

Көңілімнің санасы. Жасы үлкен ағасы.

Бітпейді іштегі, Бар демес сендей бір,

Ғашықтық жарасы. Адамның баласы.


Айару: Неткен тамаша ән. Терең сырлы ән. Рахмет, Абай. 
Абай: Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рақмет!

Өзгеге көңілім тоярсың

Өлеңді қайтып қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың. 
«Желсіз түнде жарық ай» хормен әні орындалады 
Айша :Абай өзінің зеректігі арқасында парсы , неміс, орыс тілдерін де жақсы меңгерген.Орыстың ұлы ақыны Пушкинді өзіне рухани ұстаз тұтты. Лермонтов,Крыловтың шығармаларымен терең танысып, қазақ тілінде сөйлетті. (Сахнада музыка ойнап тұрады) 
Крылов мысалынан аударма: «Құмырсқа мен шегіртке» 
Зарина: Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың,

Бірінде тамақ, бірінде үй.

Жапырақ кетті , жаз кетті.

Күз болған соң кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тоңған қарны ашқа

Ойын қайда , ән қайда?

Оныменен тұрмады.

Қар көрініп қыс болды

Суықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Саламда жатып дән жиған,

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды, аяғына бас ұра. 
Шегіртке: Қарағым жылыт, тамақ бе,

                     Жаз шыққанша асыра. 
Құмырсқа: Мұның жаным, сөз емес

                     Жаз өтерін білмеп пе ең?

                   Жаның үш ін еш шаруа,

                  Ала жаздай қылмап па ең? 
Шегіртке: Мен өзіңдей шаруашыл,

                  Жұмсақ илеу үйлі ме.

                  Көгалды қуып ән салып,

                  Өлеңнен қолым тиді ме?

Құмырсқа: Қайтсін қолы тимепті,

                        Өлеңші, әнші есіл ер!

                      Ала жаздай ән салсаң,

                      Селкілде де билей бер!

Інкар:Абай- ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл, дана адам. Ол-адамгершілігі биік, әділетті жан.

Абай артына қалдырған мол мұрасын оқып, тану, тағлым 
алу, өзгеге жеткізу-біздің міндетіміз.