Жеңіс күні


Ибраева Гульнур Машраповна, Баянбаева Гульмира Кабылкаровна, Батаева Мерует Айтмухамбетовна, Бикен Ақмарал Жандиярқызы, Жунусова Асемгуль Муратовна

МҚҚК Ақбота бөбектер бақшасы тәрбиешілері

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет көрсету. Балалардың Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
         Көрнекілігі: Сахнада «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» жазуы жазылады. «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі», «Ешкім де ұмытылмайды, Еш нәрсе де ұмыт қалмайды» жазулары ілініп, шарлармен безендіріледі. Мәңгі алау қойылып, слайд қолданылады. 
         Барысы:«Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты кешке жиналған қауым!
         2-жүргізуші: Қайырлы күн кештің қадірлі қонақтары,  және бүгінгі бүлдіршіндеріміз!
         1-жүргізуші:
Жеңістің жырын айтсын тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедектері жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
         Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.
         Рахмет, отырыңыздар! 
         Енді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бүгінгі қонақтарымыз бен бүлдіршіндеріміз мәңгі алауға гүл шоқтарын қоюға рұқсат етеміз.
         2-жүргізуші: 
         Ал енді балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

Ақнұр:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем, шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, қане, біздің Жеңіс шешуі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі?

Арлан:
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Адэля:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды,

Қорғап батыр атанды.

Нұрислам:

Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.

Аяулым:

Тосты бәрі құлағын,

Дұрыс десті сұрағың.

Бейбіт күні бәрі де,

Жеңіс күні шырағым.

Қайрат:

Анамыздай тілеу-ақ,

Отан бізде біреу-ақ.

Ол біздің Қазақстан!

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

1-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Ерліктің қос қанаты деп білемін,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Көрініс:    Ортаға киіз басуға жиналған аналар шығады. Бір-біріне  Салимаштың үйіне киіз басуға баратындарын айтып, Салимаштың үйіне келеді. Аналар ән айтып, әңгімелесіп отырып киіз басады. Осы кезде соғыстың басталғаны турлы   радиодан дауыс естіледі.

Радиодағы дауыс:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс, соғыс басталды,  Неміс  басқыншылары  тұтқиылдан  шабуыл жасады.» Аналар жаман хабарды естіп, залдан шуласып  шығып  кетеді.  (таспадан шулаған, жылаған әйелдер мен балалардың дыбыстары  естіліп тұрады) Соғысқа аттануға дайындалған солдаттар (ересек тобының бүлдіршіндері) музыка әуенімен сап түзеп,  залға кіреді: Командирі (тәрбиеші) солдаттарды  дайындық жаттығулар жасауға тұрғызады.

-Саппен жүру.

-Бірінші әскери топ алға шығып еңбектеу.

-Екіші әскери топ жүрелеп жүру.

-Қаруларын ұстау тәсілдерін үйрену.

-Ұранмен соғысқа аттану.

Ұран: Отанды біз қорғаймыз

           Жаудың алдын ораймыз.

Командир: Отан үшін алға!

Солдаттар: Ура, ура, ура!

Солдаттар залдан саппен жүріп шығып кетеді.

Слаидтан кино фильмнен үзінді көрсетіледі.

Ортада тылдағы әйелдер диірмен тартқан, келі түйген, тоқыма тоқып отырған аналар  көрінісі көрсетіледі.

Ана сөзі: Е, бұл соғыс бірімізді де есеңгіретіп жіберді-ау. Осы кезде таспадан  почташы қыздың келе жатқаны хабарланады. Почташы қыз жүгіріп келеді.

 Почташы  қыз: Сүйіші, сүйінші хат келді. Аналар дабырласып  хаттың  кімге келгенін білуге асығады. Почташы қыз Күләйша апаның баласына келген

хатты  беріп, басқада ауылға хат апарып беретінін айтып қоштасып кетеді. Ана  баласынан  келген хатты ашып оқиды. Майданнан келген хат таспадан тыңдалып , аналар  қуанып, қауқылдасып тұрады. Сол қуаныш артынан радиодан соғыстың біткені      хабарланады. 

Радиодағы дыбыс:  Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!  1945 жыл 8 май Совет армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндірді. Жауынгерлеріміз елге оралады,  залға  соғыстан келген солдаттар кіреді. Алдарынан гүл шоқтарын ұстаған қыздар шығады. Аналар өз балаларын құшақтап, музыка әунімен барлығы билеп залдан  шығып  кетеді.

2-жүргізуші: 

Жеңіс, жеңіс-желісі дастанымның.

Жырым бөлек сырым да басқа бүгін.

Туғандар 45-тің көктемінде.

Немере көріп сүйер жаста бүгін.

Тұрғандай болғанда  өмір сең үстінде.

Хабары жеткен жұртқа «Жеңіс» деген.

Шаттық үні шарықтаған ел үстіне.

Сіздерді  өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың халқымыздың шексіз қаһармандығымен мұқалмас қажыр-қайратының мерекесі Ұлы Жеңістің  75  жылдығымен  құттықтаймын.  Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген  сүйіспеншілік  аса  қатыгез  сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жауынгер- майдангерлер  өлшеусіз  өжеттілік  пен жеңіске деген мұқалмас ерлік-жігер таныта білді.

1-жүргізуші:

Талай жанды қиды ажал балтасы.

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.

Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз.

Ел қорғаған батырлардың арқасы.

Би: «Сарбаздар»

2 -жүргізуші: 

Жігіт жастан қан майданға кеттің бе?

Сағындырдың көз ілдірмей көп түнде.

Зарықтырған Жеңіс туым-Жауынгер.

Байтақ елге аман-есен жеттің бе?

Би: «Катюша» 

1-жүргізуші:   

Сұм соғыс қайтіп болмасын

Бәйшешектер солмасын

Еліміз бейбіт күн кешіп,

Бір Алла өзі қолдасын.

Бірлікпен күн кешіп,

Бейбітшілік орнасын.

-Осымен бүгінгі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Қош, сау болыңыздар! («Жеңіс күні» әуені жүріп тұрады).

Тақырыбы: «Желбіреген жеңіс жалауы»

Мақсаты: Балаларды ерлікке өз Отанын сүюге, еліміздің соғысқа аттанған ерлерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Жүргізуші: 1941 жылы миллиондаған адам сұрапыл соғысқа аттанды. Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отрядтары құрылды.
«Бәрі де, соғыс үшін» деп ұран тасталды.
Балалар көрініс көрсетеді.

Көрініс:
1-бала: Соғыс бұлты төнгенде,
             Серік болып ерлерге.
             Жаудың бетін тойтарған,
              Елдің кегін қайтарған.
2-бала: Армиямыз айбынды,
             Армиямыз қаһарман.
              Күзетеді ай нұрлы,
              Күн сәулеті Отанды.
3-бала: Шекарада күзетте,
              Қас қақпайды ағалар.
              Балбыраймыз төсекте,
              Біз алаңсыз балалар.
Жүргізуші: Қыр қызы орындады берген антын
Халқына адал болу ердің салты
Ел үшін қасық қанын аямаған.
Жүректе мәңгі өшпейді Әлия, Мәншүк  аты.
Ән:«Әлия, Мәншүк апалар»

Жүргізуші: Соғыс отын жақпаңдар,
                     Балаларды бақытынан қақпаңдар.
                     Жер бетінде тіршіліктің тәңірі,
                     Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар.
Би:«Теңізшілер»
Жүргізуші: Балалар сендер ертең өскенде, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін үлкен азамат болып өсетіндеріңе сенеміз.

Ән:«Ағалардай боламыз»
Жүргізуші: Сұрапыл соғыста да жауынгерлеріміз жауға қарсы шығып, қайратты күштеріне сеніп, ән айтып би билеген.
Би:«Айбынды ағалар»
Жүргізуші:Алақай, алақай,
                     Сүйінші, сүйінші.
                     Жеңіс келді далама,
                     Қуан, шаттан,
                     Құтты болсын бұл мейрам.
                     Балалар бірге Ура! Жеңіс келді! – деп айтады.

Жүргізуші:  Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! –деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындаймыз.

                                               «Бейбіт күн жасасын әлемде…»

 Мақсаты:  Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу. 

         Жүргізуші: Құрметті: Ата аналар, ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. «Бейбіт күн жасасын әлемде….» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Жүргізуші:   Алақай-ай! Әйгілі!

                       Тоғызыншы май бүгін

                      Алғаш күні шаттықтың

                      Соңғы күні қайғының,-дегендей бүлдіршіндеріміздің жыр шумақтарын қабыл алыныздар. 

Алуа:

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

— Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де —

Жеңіс күні, шырағым!

Мерхан:

Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.

Жүргізуші: Отаным еркелеймін енді кімге,

                     Өзіңмен нені болса бірге көрем.

                     Қалайша қабырғама батпас менің,

                     Басына қатер болды төнген күнге,-дегендей Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ,әнменде келді.Жауынгерлерді ән алға жетеледі,жігерлендірді.Жаңа ерліктерге көтеріп,үлкен ұрыстарға жеңіс дабыл қақты.Ендеше келесі кезекті  «Біз бақытты баламыз» әніне берейік

Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

                     Санамызға жарық берген.

                     Әкелері аталардың

                     Бұл Жеңісті алып келген.

                     Қуантамыз ән сап жұртты,

                      Келе берсін бақыт таңы.

                     Жеңіс күнің болсын құтты,

                     Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекті  «Солдаттар» биіне береміз

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

   Ақерке мен Аяулымды тақпақтарын айтуға ортамызға шақырамыз

 Нұрәлі: Үйлер де құламайды,

                Ешкім де жыламайды.

                Бейбітшілік болса,

                Балалар болады аман,

               Аналар болады аман,

               Бейбітшілік болса.

Ақерке: Әлия, Мәншүк апамыз,

                Бауыржандай атамыз.

                Фашистерден Отанды

                Қорғап батыр атанды

Аяулым:  Әлияны бұл күнде

                  Барлық бала біледі.

                  Әлия аты-көңілде,

                  Әпкеміз деп жүреді.

Жүргізуші: Жеңіс-күні бар әлемге әгілі
                    Көктем шуақ тоғызыншы май күні
                    Айтшы кане,біздің жеңіс шеруі
                    Кездейсоқ па көктемге тұс келуі!- дей отыра ортада  орыс биі «Катюша»

 Жүргізуші: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

                       Жас сәбилер думандатып ойнайды.

                       Ардагерлер көздеріне жас алып,

                       Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

                       Алуаның орындауында «Алақай» атты әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр! Кішкентай бөбектеріміздің орындауында «қазақ» биі

Жүргізуші: Осымен «Бейбіт күн жасасын әлемде…» атты мерекелік жарысымыз аяқталды. Аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік болсын, еліміз тыныш болсын!Тыңдап көргендеріңіз үшін көп-көп рахмет.  

Алуа:Атамнан да сұрадым,

           Көкемнен де сұрадым.

           Ағамнан да сұрадым,

          Апамнан да сұрадым.

          Тосты бәрі құлағын:

          Дұрыс, — десті, — сұрағың!

          Бейбіт күні бәрі де —

          Жеңіс күні, шырағым!

Мерхан:Тоғызыншы мамырда,

               Гүл қоям алау-қабырға!

              Еске алып атамды.

             Үн қосамын дабырға.            

Нұрәлі: Үйлер де құламайды,

                Ешкім де жыламайды.

                Бейбітшілік болса,

                Балалар болады аман,

               Аналар болады аман,

               Бейбітшілік болса.

Ақерке: Әлия, Мәншүк апамыз,

                Бауыржандай атамыз.

                Фашистерден Отанды

                Қорғап батыр атанды

Аяулым:  Әлияны бұл күнде

                  Барлық бала біледі.

                  Әлия аты-көңілде,

                  Әпкеміз деп жүреді.

Тақырыбы:  Жеңіс туы желбіре
Мақсаты:
1. Білімділік:
Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға – апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге – қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл – ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.

Жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құрметті ұстаздар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр – 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 73 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата – бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Қазір біздің балалардың Жеңіс күніне арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар. Осы ертеңгілімізді бастамас бұрын балабақша директоры Сарбиназ Талапқалиқызына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды – деп тәрбиеленушілері «Баласын сағынған ана» музыкалық көрініс
Жүргізуші:
Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн – түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Жүргузіші: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап – жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. Сол батыр апаларымыз бен ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ән: «Көгершін»тобының тәрбиеленушісі Сайын Құндызды ортаға «Анашым» әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер – азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні – түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.
Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, аяулы аналарымызда жетерлік.
Аналар осылайша жүзге жеткін
Ұл – қызын енді өзіңді еркелетсін
Әрқашан шаттықтардан орын алып
Уайымның не екенін білмей өткің!
Би: «Жұлдызша» тобының тәрбиеленушілерін «Жігіттер» биімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.
Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! – деп «Жұлдызша»тобының тәрбиеленушісі Асқар Гүлсезімді «Мен қазақтың қызымын» әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Би:
«Жұлдызша»тобының тәрбиеленушілерін «А ты меня любишь» биімен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Көрініс –
(Балабақша педагог қызметкерлері)
Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса! Балалар болады аман Аналар болады аман Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған.
Флешмоб: «Сарбаздар»
Жүргізуші: Балалар, біз аға – апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру – сіздердің және біздердің парызымыз!
Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата – ананың солмасыншы
Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы
Бейбіт болып әрбір күніміз
Береке тола берсін жылымыз
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп
Көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп «Көк тудың желбірегені»әнімен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз.

«Ұлы жеңіс жасасын»


Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.

Тәрбиеші:
Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.

Ән:
Ән ұран.

– Балалар Отан – туған жер туралы тақпақтар.

З. Нұрхан.
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.

Айзере.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.

Ислам.
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

Диас
Отан – сенің, ата – анаң,
Отан – досың бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.

Жарқынай.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағынды гүл атам.

Дияр.
Асыр салған таласып,
Біз туған ел – баласы.
Қандай байтақ – Отаным,
Жан – жағына қарашы.

Ажар.
Отаным – кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған шал, алып дән,
Бәрі менім несібем.

Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!

– Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.

Адия.
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып – қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.

Самғат.
Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат алады.

Әлішер.
Ағайлардан, апайлардан, інімнен,
Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.

Жамиля.
Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
Жаңарладан алтын шуақ шашылған.

Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.

Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?

Балалар: Солдаттар.
Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.

Ән: Бұл шақта.

« Осымен «Ұлы жеңіс – жасасын» атты тәрбие сағаты аяқталды.