«Сүйікті Отанымыз – Қазакстан!» Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілік


Ақмола облысы, Степногорск қаласы.

МКҚК №2 «Балдырған» балабақшасының музыка жетекшісі

Жумабекова Майра Еслямовна

Кейіпкерлер;

Ересек: Жургізүші, Ертөстік

Балалар: Күнекей, Тазшы бала, екі қанатты тұлпар.

 

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, , Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, ән мен би билеу, ұлтық музыкалық ойындар, слайдтық презентациялар  арқылы еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

 

Құрал- жабдықтары:  Мультемедие, презентация, Бәйтерек ойынға: үш шеңбер, үш сары шар, тақия тастамақ ойынға: тақия.

 

«Жаса Қазақстан»  әуенімен  балалар  залға  кіреді, орындарына барып тұрады.

 

Жургізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біз еліміздің ең басты, маңызды  мерекесін атап өтеміз! Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні! Мереке құтты болсын!

1слайд

Әнұран тындалады.

Тақпақтар:

1.бала

Байтақ елім  Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем  сағынам

Отаным сен Қазақстан!

2бала

Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік ұлы той

3.бала

Аялап ару Ананы
Өсірген еркін баланы,
Бесігім болып тербеткен
Отаным – Қазақстаным!

4.бала

Отан – бізің әніміз,
Отан – біздің сәніміз.
Ер жетеміз туған ел,
Сені сүйіп бәріміз.

Ән «Туған жер»

Музыкамен балалар орындықтарына барып отырады.

Залға Ертөстік кіреді.

Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме қонақтар! Сәлеметсіңдер ме балалар!

Ертөстігім деп елім,

Ертегі айтып шертеді.

Мәңгі жасап келемін,

Мен қазақтың өркені.

– Ертөстік деген батыр мен боламын.

Жургізуші: Сәлеметсің бе Ертөстік! Бізге  келгенің  қандай жақсы болды.

Ал бізде бүгін үлкен мереке – ҚР Тәуелсіздік  күні.

Ертөстік: Ия, бұл мереке  жайында  мен  де көп естідім, ал сендер не білесіңдер?!

Жургізуші:  Әр мемлекеттің  белгісі  болады. Бұл белгілерді  рәміздер  дейміз.

Қанекей  балалар ҚР рәміздер туралы тақпақ айтып беріндер!

2слайд

Экранға көрсетіп айтады

1бала

Мынау біздің елтаңба

Бөліктерін кел жатта

Ортада күн – шаңырақ

Қорғайды оны қос пырақ

Көрінеді биіктен

Жұлдызымыз  жарқырап.

2бала

Туға зер сал анықтып,

Аспан түстес көгілдір

Қыран еркін шарықтап

Күн шуағын төгіп тұр!

3бала

Әнұраным –жан ұраны
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республикамның Әнұраны!

Ертөстік: Мемлекетіміздің  рәміздерін  жақсы  біледі  екенсіңдер. Ал біздің елбасымыз кім?

3слайд

1бала

Қазақстан деген елім бар,

Нұрсұлтан деген атам бар.

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды.

4слайд

2.бала

Біздін Отан – Қазақстан
Ел басымыз – Нурсултан
Бас қаламыз – Астана
Жаңа туған жас қала

Жургізуші:  Дұрыс балалар еліміздің бас қаласы Астана қаласы! Отанымыздың  жүрегі, тәуелсіздігіміздің  тірегі, Астана-қазақстанның  жаңа  бейнесі, жарық келбеті! Ертөстік біздің балалар Астана қаласы туралы ән біледі, кәне тындап көр!айд

Ән «Астана» муз: А. Досмағамбетова.

5слайд

Ертөстік: экранда Бәйтекті көріп сұрайды. Балалар айтындаршы ал мынау, қандай әдемі ғимарат бұл не?

Балалар:  Бәйтерек!

6слайд

Жургізуші: Дұрыс айтасындар балалар! Бәйтерек – Астана қаласының символы. Бәйтеректе Президенттін алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады.  Ертөстік бізбен бірге Бәйтерек деген өте қызықты ойын ойнауға шақырамыз!

Музыкалық ойын «Бәйтерек»

Ертөстік: Рахмет балалар ойындарын, тақпақтарын тамаша екен, маған өте ұнады! Сендер Отан туралы көп білесіндер! Ал мен мерекеге өзімнің достарымды алып келдім! Кәне Күнекей кел ғой!

Музыкамен ортаға Күнекей қыз шығады.

Күнекей: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Күнекеймін, күн нұрынан жаралған қызбын! Сендерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Сендерге әдемі би алып келдім!

Ортаға қыздар шығып билейді

6слйд

Би «Туған жердей жер болмас» Б. Бесенова әні

Ертөстік: Менің досым Тазшы бала осында! Кәне Тазшы бала келе ғой!

Музыкамен Ортаға Желаяқ бала шығады.

Тазшы бала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Қулығымен танылған, ақылымен  көрінген Тазшы баламын! Сендерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!  Сендермен бірге тақия тастамақ деген ойын ойнауға келдім!

Ұлттық ойын «Тақия тастамақ»

Ертөстік: Тұлпар ердің серігі! Жан достарым менің тұлпарлар осында!

Музыкамен ортаға Тұлпарлар шығады.

Қанатты тұлпар:

Қатар шапқан  қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған  жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Қанатты тұлпар

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Балалар ортаға шығып билейді

Би «Тұлпарым» Б. Бейсенова.

Ертөстік:  Ал, балалар  осындай  керемет  ертеңгіліктеріне  көптен  көп  рахмет, еліміз  тыныш, жұртымыз  аман  болсын, сендердің  шаттық  күлкілерің  жиылмасын,  еліміздің  қалаулы  үлкен  азаматы  болыңдар! Ал енді  мен  кетейін, сау  болыңдар!

Жүргізуші: Рахмет, Ертөстік сау бол! Осымен  ертеңгілігіміз   аяқталды.

 

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *