0506000«Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығына арналған кәсіптік қазақ тілі бойынша оқу жұмыс бағдарламасы.


Хасенова Анар Тналиевна

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы,Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК қазақ тілі  пәнінің оқытушысы

Қосымша  П

Бурабай  ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары  техникалық колледж

Высший технический  колледж, город Щучинск, Бурабайский  район

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

                                                                                           _____________К.М.Жаманбаева

                                                                                       «_____» ______________ 20__ 

ТЕХНИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ  КӘСІПТІК  БІЛІМ

0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы

0506010 2 «Шаштараз-модельер» біліктілігіне арналған

                               КӘСІПТІК  ҚАЗАҚ ТІЛІ

                 бойынша оқу  жұмыс  бағдарламасы

                                             Щучинск-2019 ж.

Берілген оқу жұмыс бағдарламасын Бурабай  ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары  техникалық колледждің кәсіптік  қазақ  тілі пәнінің оқытушысы Хасенова А.Т. құрастырды.

Бағдарлама Бурабай  ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары  техникалық колледждің  тілдер және әдебиет пәндері әдістемелік  бірлестігі отырысында қаралды және  мақұлданды.

«___ »    ________      2019 ж.  № ______    хаттамасы

Әдістемелік  бірлестік төрайымы____________А.Б. Мукатаева

« ___ »    ________      2019 ж.

Рецензент: Бурабай  ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары  колледждің кәсіптік қазақ тілі пәнінің оқытушысы Б.Х. Букаева

Мазмұны

  1. Түсіндірмелік жазба
  2.  «Кәсіптік  қазақ  тілі»  пәнін  оқытуда  күтілетін  нәтижелер
  3. Тақырыптық жоспар
  4. Оқу  пәнінің  мазмұны. Модульдерге қатысты қалыптасатын білім-дағды мен лексикалық минимум. Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар
  5. «Кәсіптік  қазақ  тілі»  оқу  пәні  бойынша студенттердің  өздік  жұмысына (СӨЖ)  берілетін  сұрақтар  мен  тақырыптар  атауы
  6. Студенттердің  білімін  бақылау түрлері
  7. Ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиеттер

Түсіндірмелік  жазба

       0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы           0506010 2 «Шаштараз-модельер » біліктілігіне арналған кәсіптік  қазақ  тілі бойынша оқу  жұмыс  бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 22.01.2016 ж.№ 72 бұйрығының 46 қосымшасымен бекітілген мемлекеттік стандартына, Ақмола облысының білім басқармасымен және Жоғары техникалық колледж директорымен  бекітілген  жұмыс  жоспарына  сәйкес  құрастырылды.

    «Кәсіптік  қазақ  тілі» курсының  мақсаты – мемлекеттік  тілдің  қолданылу  аясын  кеңейту,  студенттердің  өз  мамандығына  қатысты кәсіби  лексикалық дағдыларын  дамыту. Лексикалық  тақырыптар студенттердің білім деңгейін, кәсіби мамандық талаптарын ескере отырып, грамматикалық тапсырмалармен тығыз байланыста құрастырылған.  Бағдарламаның  мазмұны студенттердің  тілдік  қорын  молайтуға,  кәсіптік  қазақ  тілін  оқып  игеруге, оның  қоғамдық-әлеуметтік  мәнін түсінетін, тілдік  қарым-қатынасты, іскерлік дағдыларын  жүйелі  меңгерген мамандарды  даярлау бойынша  мақсат-міндеттерді  орындауға бағытталған.

     «Кәсіптік  қазақ  тілі» пәні І курстың І семестінде жүргізіледі.  Курс бойынша жылдық  сағат саны – 33. Пәнді  оқу  барысында  студенттер  семестрлік бақылау  жұмысын  орындайды.

Курс Семестр Жалпы  сағат  саны Практикалық,  зертханалық  сабақтар Міндетті  бақылау  жұмыстары  сынақ емтихан
І І 33 33 1

2. «Кәсіптік  қазақ  тілі»  пәнін  оқытуда  күтілетін  нәтижелер

Стандарт пен білім беру бағдарламасында  жоспарланған оқытудың нәтижелері. Білім алушылар келесі құзыреттіліктерді игеру керек: Базалық құзыреттілік: 1.Нақты өмірлік жағдайдағы тапсырмаларды орындау үшін қазақ  және өзге тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникация құралдарын пайдалану; 2.Қажет жағдайда  ақпарат негізінде шешімдер қабылдау;3.Қазіргі заман ақпараттық- коммуникациялық технологиялар көмегімен ақпаратты өздігінен табу,талдау, іріктеу, қайта жасау, сақтау. 4.Әр түрлі талдау үлгілерін пайдалана отырып,лексикалық, морфологиялық,синтаксистік,фонетикалық  талдау жасай алу. 5.Өзінің жұмыс орнын ғылыми ұйымдастыра алу керек, жұмыс тәртібін орындау керек. Кәсіби құзыреттілік:  1. Шаштараз мамандығына қатысты мәтіндермен жұмыс жасай білу және сөйлем құру негізінде мамандыққа керекті сөздердің мағынасын анықтау; 2.Шаштараз мамандығын  сипаттайтын сөйлемдер құру және оны анықтайтын сұрақтарды білу. 3. Кәсіби бағдары бар мәтінді білім жүйесінде қолдану, тілдің грамматикалық құралдарын монологтық және диалогтық сипаттағы мәтіндерді тиімді қолдану. 4.Нақты үрдістердің сипаттамаларын анықтама көмегімен анықтау. 5. Кәсіби жағдайдағы қарым- қатынаспен байла нысты тілдің барынша өнімді грамматикалық модельдерін ендіруді іске қосу. 6. Өз бетінше кәсіби лексиканы меңгеру, лингвистикалық және коммуникативті хабарларды арттыруда қабілет пен дағдыларды қолдану. Арнаулы құзыреттілік: 1.Шаштараз  мамандығына байланысты анықтамаларды сөздіктер көмегімен сипаттау, 2.Қоғамдағы қазақ тілінің маңызы мен рөлін анықтау; 3.Тілдің грамматикалық ерекшеліктерін игеру; 4. Мамандыққа  қатысты заманауи мәтіндерді құра білу; 5. Анықтамалықтар арқылы сөздердің мағыналарын ашып, жұмыс жасай білу; 6. Заман талабына сай мәтіндерімен жұмыс істеу барысында термин сөздермен жұмыс жасай білу;   Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелері – Оқу барысында білім алушылар төмендегідей құзыреттіліктерге ие болуы керек: Базалық құзыреттілік: Біледі: шаштараз мамандығы бойынша керекті материалдарды білу. Меңгерді:мамандыққа қатысты сөздік жұмыс жасауды,кәсіби мәтінмен жұмыс жүргізуді; Дағдыланды: қазақ тіліндегі әдебиеттерді еркін қолдануға; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару үшін граммати калық және лексикалық минимумды білуді. Кәсіби құзыреттілік:  Біледі:-Сөз таптарының анықтамасын. Шаштараз мамандығына қатысты мәтіндер ұғымын болашақ мамандықта қолдануды; сөздікпен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін,омоним, антоним, синоним,тұрақты  сөз тіркестерін ажырата білу. -сөйлеу мәнері мен мәнерлеп оқудың ережелерін білу -лексикалық мәтіндердің кәсіптік мағынасын білу. Меңгерді:Таратпа материал түрінде берілген кәсіби бағыттағы мәтіндерді жазуды; -кәсіби  тақырыптарға әңгіме құруды, -берілген тапсырмалар бойынша деңгейлік тапсырма құра алуды; – Сөздіктерді пайдаланып, мамандық бойынша мәтін құрастыра білуді. – Тест үлгілерімен жұмыс жасай білуді. Дағдыланды:Пәнаралық байланысты талдауға;-тест, сурет  түрінде берілген ақпаратпен жұмыс жасай білуді. Арнаулы құзыреттілік: Біледі:-сөйлем құру барысында негізгі мағынасын;анықтама,сөздік,оқулықтармен жұмыс жасауды; -пәнаралық байланысты. Меңгерді: Заманауи мәтіндердің ерекшеліктері мен ,маңыздылығын; -сөйлем мүшесіне талдау барысында мүшелердің орын тәртібін; -тест арқылы деңгейлі оқытуды игеруді; -жеңілден күрделілігіне қарай мәтін құрастыра білуді; -шаш қию әдістерін,қайшы түрлерін  ажырата  білу, -шашатараз бөлмесін  сипаттау; Дағдыланды: сөздіктер және анықтамалардың көмегімен жұмыс жүргізе білуді; -жай және күрделі, құрмалас сөйлемдерді анықтауға, құрастыруға; – кәсіби  лексиканы  пайдалануға, шаш қиюда қолданылатын құрал түрлерін,  атауларын білуге. Жұмыс бағдарламада жоспарланған нәтижелері – Оқу барысында білім алушылар төмендегідей құзыреттіліктерге ие болуы керек: Базалық құзыреттілік: Біледі: шаштараз мамандығы бойынша керекті материалдарды білу. Меңгерді:мамандыққа қатысты сөздік жұмыс жасауды,кәсіби мәтінмен жұмыс жүргізуді; Дағдыланды: қазақ тіліндегі әдебиеттерді еркін қолдануға; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару үшін граммати калық және лексикалық минимумды білуді. Кәсіби құзыреттілік:  Біледі:-Сөз таптарының анықтамасын.Шаштараз мамандығына қатысты мәтіндер ұғымын болашақ мамандықта қолдануды; сөздікпен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін, омоним, антоним, синоним,тұрақты  сөз тіркестерін ажырата білу. -сөйлеу мәнері мен мәнерлеп оқудың ережелерін білу -лексикалық мәтіндердің кәсіптік мағынасын білу. Меңгерді:Таратпа материал түрінде берілген кәсіби бағыттағы мәтіндерді жазуды; -кәсіби  тақырыптарға әңгіме құруды, берілген тапсырмалар бойынша деңгейлік тапсырма құра алуды; – Сөздіктерді пайдаланып, мамандық бойынша мәтін құрастыра білуді. – Тест үлгілерімен жұмыс жасай білуді. Дағдыланды:Пәнаралық байланысты талдауға;-кесте, тест, сурет  түрінде берілген ақпаратпен жұмыс жасай білуді.Арнаулы құзыреттілік: Біледі: –сөйлем құру барысында негізгі анықтама, сөздік, оқулықтармен жұмыс жасауды; -пәнаралық байланысты.Меңгерді: Заманауи мәтіндердің ерекшеліктері мен, маңыздылығын; -сөйлем мүшесіне талдау барысында мүшелердің орын тәртібін; -тест арқылы деңгейлі оқытуды игеруді; -жеңілден күрделілігіне қарай мәтін құрастыра білуді; -шаш қию әдістерін,қайшы түрлерін  ажырата  білу, -шашатараз бөлмесін  сипаттау; Дағдыланды: сөздіктер және анықтамалардың көмегімен жұмыс жүргізе білуді; -жай және күрделі, құрмалас сөйлемдерді анықтауға, құрастыруға;  кәсіби  лексиканы  пайдалануға, , шаш қиюда қолданылатын құрал түрлерін,  атауларын білуге.

3. ТАҚЫРЫПТЫҚ  ЖОСПАР

І курс

Жылдық  сағат саны  – 33; апталық  сағат  саны -4

Бөлімдер  мен  тақырыптардың  аттары              Сабақтардың мазмұны   Сағат саны
1      1-модуль.      (8 сағат)   Мамандыққа кіріс- пе.Мамандыққа байланысты кәсіби сөздер.   Оқу-танымдылық құзыреттілік Кіріспе.  Мамандыққа байланысты кәсіби сөздер.Фонетика. Дауысты дыбыстар. 2
2 Шаштараз ісі . Дауыссыз дыбыстарды қайталау. 2
3 Менің оқу орным және менің мамандығым. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау. 2
4 «Шаштараз мамандығының даму тарихы»  мәтіні  бойынша    жұмыс.  Дауыссыз дыбыстарды қайталау. 2
  5   2-модуль (8 сағат) Шаштараз салоны -ның жұмысын ұйымдастыру   Ақпараттық  құзыреттілік       Шаштараз бөлмесін жабдықтау. Жұмыс орындарын жарықтандыру ережелері.Үндестік заңы. ілгерінді, кейінді,тоғыспалы ықпал).   2
6 Шаштараздар мен сән салондарына қойылатын негізгі талаптар. Сөз құрамы. Түбір.

2
7 Шаш қию кезінде қолданылатын құралдар. Қайшының түрлері.Тарақты ұстау тәсілдері. Қосымшаның түрлері: жұрнақ, жалғау. 2
8 Санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережесі. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау.

2
  9 3-модуль (17 сағат) Шаш қию,шаш сәндеу   Кәсіптік біліктілік. Шаш қиюдың негізгі топтары. Шаштың типіне байланысты қиылым түрлері. Жіктік жалғау. Септік жалғаулар. 2
10 Шашты күту.Бас жууға арналған заттар. Шаш күтіміндегі үш қателік. Сөз таптары. Зат есім. 2
11 Келушіге қызмет көрсету. Сын есімнің түрлері. 2
12 Әйелдер шаш қиылым түрлері.Ерлер шаш қиылым түрлері.  Етістік. 2
13   Шаш бұйралауға арналған химиялық құралдар. Шашты жылтырату жолдары. Есімдікті қайталау. 2
14 Химиялық бұйралау және бояу. Шашты бигудиге ораудың ережелері. Сан есім 2
15 Балалар шаш қиылым түрлері.Кекілді кесу жолдары және оның түрлері. Yстеу. 2
16 Қорытынды          ( 3 сағат) Семестрлік  бақылау  жұмысы 2
17 Қорытынды сабақ. 1
    Барлығы: 33

4. Оқу  пәнінің  мазмұны. Модульдерге қатысты қалыптасатын білім-дағды мен лексикалық минимум. Модульдер бойынша білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар

 1-модуль  (8 сағат). Мамандыққа кіріспе.Мамандыққа байланысты кәсіби сөздер

   «Шаштараз ісі»,  «Менің оқу орным және менің мамандығым», «Шаштараз мамандығының даму тарихы» мәтіндері бойынша тіл ұстарту  жұмыстары жүргізіледі.Тақырыпқа қатысты жаттығулар арқылы лексикалық минимумды меңгерту, студенттердің тілдік икем-дағдыларын қалыптастыру қажет.

1-модуль  бойынша білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар

  • мамандығына қатысты минимумды меңгеру;
  • тақырыпқа қатысты жаттығулар арқылы лексикалық материалдың  мазмұнын баяндау;
  • тірек материалдар арқылы хабарлама дайындау;
  • арнайы пәндерден алған білімдерін тақырыппен байланысты қолдану;
  • тақырыпқа қатысты диалог, монолог құрастыра білу.

терминдерді әртүрлі грамматикалық тұлғада қолдана білу;

  • қарапайым синтакситік құрылымдарды меңгеру;
  • терминдер мен лексикалық  материалдарды қатыстырып,сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыра білу.

2-модуль.  Шаштараз салонының жұмысын ұйымдастыру (8 сағат)

«Шаштараз бөлмесін жабдықтау», «Жұмыс орындарын жарықтандыру ережелері», «Шаштараздар мен сән салондарына қойылатын негізгі талаптар»,  «Шаш қию кезінде қолданылатын құралдар», «Қайшының түрлері», «Тарақты ұстау тәсілдері», «Санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережесі» мәтіндері бойынша тіл ұстарту  жұмыстары жүргізіледі.Тақырыпқа қатысты жаттығулар арқылы лексикалық минимумды меңгерту, студенттердің тілдік икем-дағдыларын қалыптастыруға  синтаксистік  құрылымдармен  жұмыс  түрлеріне  жаттығуға  назар  аударылады.

 2-модуль  бойынша білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар

  • мамандығына қатысты минимумды меңгеру;
  • тақырыпқа қатысты жаттығулар арқылы лексикалық материалдың  мазмұнын баяндау;
  • тірек материалдар арқылы хабарлама дайындау;
  • арнайы пәндерден алған білімдерін тақырыппен байланысты қолдану;
  • тақырыпқа қатысты диалог, монолог құрастыра білу.

3-модуль. Кәсіптік біліктілік. Шаш қию,шаш сәндеу (17 сағат)

«Шаш қиюдың негізгі топтары», «Шаштың типіне байланысты қиылым түрлері», «Шашты күту»,  «Бас жууға арналған заттар»,  «Шаш күтіміндегі үш қателік», «Келушіге қызмет көрсету», «Әйелдер шаш қиылым түрлері», «Ерлер шаш қиылым түрлері», «Шаш бұйралауға арналған химиялық құралдар», «Шашты жылтырату жолдары», «Химиялық бұйралау және бояу», «Шашты бигудиге ораудың ережелері», «Балалар шаш қиылым түрлері»,  «Кекілді кесу жолдары және оның түрлері» тақырыбына қатысты синтаксистік құрылымдарды талдау, мәтін бойынша жаттығу жұмыстарын орындау арқылы тілдік тренинг, практикум арқылы өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру көзделеді.

3-модуль  бойынша білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар

– қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау;

– диалог, монолог, мәтін құрастыру;

– аталған тақырыптар бойынша лексикалық минимумды білу;

– ситуативтік тапсырмаларды орындау;

– тақырыпқа қатысты хабарлама дайындау; қосымша материалдармен жұмыс істей білу;

– арнайы пәндерден алған білімдерін тақырыпқа байланысты пайдаланып, 

тақырыпқа қатысты әртүрлі тілдік тренингті орындау, диалог, монолог құрастыра білу.

5. «Кәсіптік  қазақ  тілі» пәні  бойынша  студенттердің өздік  жұмысына (СӨЖ) енгізілетін  сұрақтар мен  жеке жұмысқа берілетін тақырыптар

Жұмыстың түрі Жұмыстың тақырыбы Ұсынылатын әдебиет Тапсыру уақыты       
1.       СӨЖ №1 Шығарма жазу     Мамандығым-мақтанышым   «Қазақ тілі» оқу кітабы. Ф.Оразбаева., Т.Т.Аяпова.   Алматы, «Жазушы» 2007 ж.  2-апта, 1-семестр          
2.      СӨЖ №2 Презентация дайындау «Шаш қию кезінде қолданылатын құралдар. Қайшының түрлері. Тарақты ұстау тәсілдері» Ғаламтор қорынан, қосымша  әдебиет.  4-апта, 1-семестр
3.   СӨЖ №3 Реферат дайындау « Шаштараз мамандығының даму тарихы» «Қазақ тілі» Электрондық оқулық. Қ.Қ.Қадашева. 6-апта, 1-семестр
4.       СӨЖ №4 Дәріс материал дарын пайдалану   Химиялық бұйралау және бояу. Шашты бигудиге ораудың ережелері. Ғаламтор қорынан, қосымша  әдебиет. 7-апта, 1-семестр

 6.Студенттердің  оқу үлгерімін бақылау түрлері

    Пәнді оқыту кезінде  үлгерімнің ағымдық, аралық және қорытынды  бақы -лауы ұйымдастырылады. Ағымдық (бақылау  сұрақтары,  тестілеу);

аралық  (тест  үлгілері, бақылау  жұмыстары, модуль  тапсыру, реферат, презентация  дайындау)  және қорытынды (семестрлік  бақылау  жұмыстары ,  сынақ  тапсыру) түрлері жатады.

 Ағымдық бақылау аудиториялық жұмыс барысында студенттердің  жазбаша жұмыстарын бақылау, өткен лексикалық, грамматикалық тақырыптар бойынша жүргізілетін өздік жұмысы, кәсіби мәтіндерді оқу және аудару, сөздік қорын тексеру,белсенді лексиканы қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы бақылау нәтижелері оқу сабақтарының журналына тіркеледі  және бұл мәлімет әрбір студентке  жеткізіледі.

Аралық бақылау студенттің үй жұмыстарын жасауы, сабақтағы үлгерімі,  өткен тақырыптарды ауызша сұрау, тест сұрақтарына жауап беру  түрінде өткізіледі. « Кәсіптік қазақ  тілі» пәні бойынша  семестрлік  бақылау  жұмысы, сынақ  тапсыру  қорытынды бақылау  түрі болып есептеледі. Бақылау жұмысы және сынақ  осы пәнді оқытуға бөлінген уақыт себінен жүргізіледі.

                  Студенттердің білімін  бағалау көрсеткіштері

    «5» (өте жақсы) – оқу материалдарының мазмұнын толық және терең

меңгергені үшін, өз ойын жүйелі, нақты жеткізгені , қатесіз жазғаны

және қосымша әдебиеттерді пайдаланып өз пікірін айта алғаны үшін. Жазба жұмысында 1-2 қате жібергені үшін.

    «4» (жақсы) –  оқу материалын толық меңгерген,дегенмен қосымша жауап   беру үшін 2-3 сұрақты қажет ететіндігі үшін.Жазба жұмысында 2-3 қате   жібергені үшін.

     «3» (қанағаттанарлық) – оқу материалын біледі,түсінген, бірақ

баяндау мен өз ойын жеткізудегі кемшіліктері,тақырыптан

ауытку.Жазба жұмысында 5-6 қате жібергені үшін.

    «2» (қанағаттанарлықсыз) – білім, сөйлем құраудағы кемшілігі,өз

ойын жеткізе алмауы, жазба жұмысындағы стилистикалық, грамматикалық қателердің мейлінше көп болғандығы үшін қойылады.

     Тест тапсырмасы 30 сұрақтан тұрады.Тест бағалауы төменгі көрсеткіш бойынша:

27-30  аралығындағы дұрыс жауап «5» бағаланады.

23-26 аралығындағы дұрыс жауап «4» бағаланады

18-22 арасы «3»

17 төмені «2»

7.Ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиеттер 

1.«Қазақстан» энциклопедиясы

2.«Қазақ тілі» жоғары  сынып оқушылары  мен студенттерге  арналған  әмбебап  анықтамалығы.

3.Ветрова, А.В. Шаштараз-стилист: орта кәсіптік білімге арналған оқулық /          А.В. Ветров Ростов-на-Дону. “Феникс”, 2003. – 350б.

4.Гутыря, Л.Г. Шаштараз шеберлігі  / Л.Г. Гутыря. Харьков. “Фолио”, 2007. – 478 б.

5.Ильина Т.В. «Шаштараз мамандығының даму тарихы» – М. Жоғары мектеп, 2009

6.Кудинова Л.А. Ұзын шаш. 2009.

7.Тихонов М. Н. Шаштараз ісі. М., 1968.

8.Файнер Б. М., Биллеп Д. П. «Шаштаразшыға арналған оқу құралы» . Киев, 1969.

9.Фельдман С. С. Шашты бояу және бұйралау. М., 1966.