Ашық сабақ жоспары 10 сынып ” Менің Отаным – Қазақстан”


Ақмола облысының Бурабай ауданының Щучинск қаласының № 1 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мұғалімі Даулеталиева Бибигуль Сабиржановна

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Даулеталиева Бибигуль Сабиржановна Күні: 17.09.15         10 сынып- А
Сабақтың тақырыбы  Менің Отаным-Қазақстан
Сілтеме Слайдтар, мәтіндер, интерактивті тақта, видео
Сабақтың мақсаты Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау,мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,қызығушылығын,белсенділігін арттыру.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап,өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу,бойларына «Елім» деген патриоттық сезім ұялатуМіндеттеріМәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіреді; сабақта алған білімдерін  қолдана алады; ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызығушылығы артады; тілдері дамиды;Күтілетін нәтижеТоптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені, қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды.Сабақтың түріАралас сабақ.Әдіс-тәсілдеріСТО, АҚТ, топтық, жеке , жұптық жұмыс, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, бағалау, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру.Пәнаралық байланысТарих

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу2.Кезекшімен сұхбат

 

3.Психологиялық дайындық.

М.; Сәлеметсіңдер ме, балалар! барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық! Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік! Жақсы ,балалар,  орындарына жайғасып отырыңдар. Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші? Кезекшімен сұхбат.

Оқушылар бір- біріне жылы лебіздер айтады.

 

Кезекші сұрақтарға жауап беріп, өз міндетін атқарады.

 

Қайталау кезеңі

Үйге қандай тапсырма берілді?Үйлерінде дайындаған мақал- мәтелдерін тыңдаймын.Екі жұп үйде дайындаған мақалдарды жатқа  және мазмұнын айтып шығады.

Топқа бөлу. Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу.Балалар, қазір сурет арқылы топқа бөлінеміз. Үстелдерінде қиынды қағаздан әріптер жатыр. Сол суреттер бойынша екі топ қалыптасады. Ал кәнеки ,топтың атауын атап , мағынасын айтып шығыңдар.
Бағалау парағын тарату.
Балалар, сабақтың әрбір кезеңінде топ басшысы топ мүшелерін жалпы бағалап отырады.  Сендер сабаққа белсенді қатысуға тырысыңдар.

 

 

Қызығушылықты ояту . Психологиялық ортаны қалыптастыру

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру үшін қазақ ақыны М.Мақатаевтың өлеңінен үзінді оқумен бастағым келеді.

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бұл өлең не туралы? Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  және мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы – Менің Отаны-Қазақстан . Сабақтың мақсатымен таныстырамын

 

 

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазыңдар.

 

 

 

Жеке жұмыс

Қазақстан туралы не білеміз, ассоциациалық алаң  құрастырайық

 

 

 

Балалар , сабағымыздың тақырыбын әрі қарай жалғастырып үш тілде толығырақ тоқталамыз. Тақтаға  назар аударыңдар. «Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» бейнеролигін көрсетемін.Топ атауларын атайды, неге байланысты екенін айтады.1 топ – Топтың аты- «Қазақстан».

2топ –  Топтың аты- «Ресей».

3 топ- Топтың атауы-«Ұлыбритания».

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады, мақсатын қояды.

 

 

 

Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазады.

 

 

Оқушылар Қазақстан тақырыбына ауызша ассоциациалық алаң құрайды

Тақтаға  назар аударады. « Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» бейнеролигін көреді

Мағынаны тану

Топтық жұмысТопта «Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» туралы барлық мәліметтерді талқылап, кластер құрастырасыңдар және  тақтаға шығып қорғайсыңдар

 

Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 2008  жылғы  ресми санақ бойынша Қазақстанда 17 миллион  шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде 130-ға өлт өкілдері тату тұрады.

Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент.

Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді.

 

Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар

 

 

 

Сергіту сәті.

Тақтадан бейнеролик көрсетемін. «Қара жорға»

 

Деңгейлік тапсырмалар

Ал  , балалар, мәтіннің мазмұнын түсіндік ,  енді деңгейлік тапсырмаларды орындап шығайық.

Әрқайсысына деңгейлік тапсырма таратамын.

3 деңгей – 

Жұптық жұмыс. «Өз жұбыңды тап» ойыны.
Ойынның шарты: берілген сұраққа дұрыс жауап немесе оқылған жауапқа қойылатын сұрақты дұрыс таба білу қажет. Оқушыларға араластырылып біреуіне сұрақ, біреуіне жауаптар үлестіріледі. Бірінші отырған бала сұрағын оқығанда оқушы қолындағы жауапты тексеріп,дұрыс болса жауап беру қажет.

1. Ұлттық ойындарды ата (Тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар, қыз қуу, асық, аударыспақ )

2. Қызға байланысты салт дәстүрлерді ата (беташар, келін түсіру, сүт ақы, атастыру )

3. Бала туғанда жасалатын той? (шілдехана)

4. Қырқынан шығару қашан жасалады? (бала туғанына қырық күн толғанда)

5. Тұсаукесер туралы айт. (Тұсаукесер-бала жүре бастағанда жасалатын салт)

6.Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды?
1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды.
7. Тәуелсіздік не әкелді?
Республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.

8.Туған жер дегеніміз не?
Ол адамның туып-өскен жері, сол елдің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, салт-дәстүрі, табиғаты

9.Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз , егеменді, көп ұлтты мемлекет)

 

Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар

 

2 деңгей

«Топтастыру» статегиясы  –

Ұсынылған сөздерден сөйлем құрастырып , оған синтиксистік талдау жасаңдар.

Тәуелсіз, қадірлеу, мемлекеттік, халық , ұлт өкілі, сайлау, көшірілу

Мемлекеттік   деген сын есімге морфологиялық талдау жасаңдар.

 

 

 

 

Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар

 

 

1 деңгей

– өз елін мадақап,  Қазақстанға жарнама   жасаңдар

 

 

Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар

 

Бекіту

Ассоциацияға қайта оралу. Сонымен,балалар сабағымыздың басында құрастырылған ассоциациялық  алаңға қайта оралайық . Қазақстан туралы не толықтырасыңдар?

Ал енді Топ басшылары оқушыларға қойған бағаларын айтып шығыңдар.
Бағалау парағын тапсырады.

 

 

 

 

Рефлексия.
Сабақтың қорытындысын шығару.
Үйге тапсырма: .«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына эссе жазу

 

 

Топта «Менің Отаным- Қазақстан» туралы барлық мәліметтерді талқылап, кластер құрастырады және  тақтаға шығып қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ басшылары топ мүшелерін бағалап отырады.

 

 

 

 

 

деңгейлік тапсырмаларды орындап шығады.

 

 

 

 

 

Сұрақтарын, жауаптарын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалап отырады

 

«Топтастыру» статегиясы арқылы сөйлемдер құрастырады, ұсынылған сөздерден сөйлем құрастырып , оған синтиксистік талдау жасайды, сын есімге морфологиялық талдау жасайды

 

 

Топ басшылары бағалайды

 

 

өз елін мадақап, Қазақстанға жарнама        жасаңдар

 

Бағалайды

 

 

Ассоциацияға қайта оралады.

Қазақстан туралы толықтырады

Топ басшылары оқушыларға қойған бағаларын айтып шығады.
Бағалау парағын тапсырады.
Рефлексия.
Үй жұмысын жазып алады.

 

 

 

 

Метки: , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *