«Әдебиет әлемі» бағдарламасы


Каскаева Ляззат Байсеркеевна
Жақсы №1 орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

«Әдебиет әлемі» бағдарламасы

 (барлығы 34 сағат, аптасына – 1 сағат)

6-сыныпқа арналған.

Бағдарлама Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

6 – сыныпта оқу процесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады. «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу, ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру, көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру. «Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (театр, кино, музыка) скалыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері:

оқушыларға төл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;

көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және зерделі ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге машықтандыру

Оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

Әдеби теориялық білімін сауатты қолдана алу,ауызша және жазбаша тілін дамыту;

Қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне қолдана алуға үйрету.

Көркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи-әдеби мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту;

Оқушыларды көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуға дағдыландыру;

Оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:

1) түсіну және жауап беру;2) анализ және интерпретация;3) бағалау және салыстыру.1) түсіну және жауап беру дағдысы шеңберінде оқушы ұсынылған әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, кейіпкерлер портреті мен образын ашады; шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын түсініп, пікір алысады;2) анализ және интерпретация дағдысын игеру арқылы білім алушы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады; шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер мен қайталауларды табады, өлең құрылысын талдап үйренеді; эпикалық шығармадағы автор бейнесін табады; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады;3) бағалау және салыстыру дағдысы арқылы шығарманың тарихи құндылығын бағалайды; кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды; шығармадағы мәселеге өз ойын қосып әдеби эссе; сыни хабарлама жазып үйренеді. Базалық білім мазмұны. Әдебиет әлемі. Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2020/06/Әдебиет-әлемі-6-cынып-ҚМЖ-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]

Күнтізбелік – Көшіріп алу

Кітапша – Көшіріп алу