Жаңартылған бағдарлама бойынша Периодтық жүйе» атты 8-сынып оқушыларына арналған факультатив жұмыс дәптері


Карабаева Улжан Умирбаевна
Жақсы №1 орта мектебінің
Биология және химия пәндерінің мұғалімі

«Периодтық жүйе» бағдарламасы

Курстың мазмұны. Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.

          Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың ұстанымдарының бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы болатыны сөзсіз.

         Бағдарламаны шартты түрде екіге бөлуге болады:  1) қызығушылығына қарай; 2) регионалдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан бұл курсқа қатысқысы келетіндігіне көп еңбектеніп пәнге құштарлығын оятып, пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс. Бұл факультатив сабақ «Периодтық жүйе» деп аталады, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.

       Курсты өткізгенде практикалық бағытқа аса назар аударылады. Күнбе-күнгі сабақ барысында да зертханалық, практикалық жұмыстарды орындаумен қатар, оның біліктілігін дамыту. Жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасау,  оқушылардың эксперимнттік жұмысқа икемін арттыру. Жаңа ақпараттық технология бойынша өз беттерімен электрондық  сайттармен , виртуалды тәжірибелер жасап, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу. Шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін оқушылар санын арттыру.

       «Периодтық жүйе» бағдарламасының мақсаты: химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде алғашқы химия пәнінің әліппесіне аяқ басқан 8-сынып оқушыларының пәне деген қызығуын арттыру. Сол арқылы жаратылыстану ғылымдары ішіндегі төрден орын алатын химия ғылымының қыр-сырын зерттеуге баулу. Периодтық жүйені суреттеудің (аналитикалық қисық сызықтар, кестелер, геометриялық фигуралар, және т.с.с) барлығы бірнеше жүздеген [1] (кітабында 400-ден астам деп айтылады) нұсқасы ұсынылған. Жүйенің қазіргі кездегі нұсқасында элементтерді екіөлшемді кестеге жинақтау қарастырылады. Мұндағы әрбір бағана (периодтық жүйенің тобы) негізгі физико-химиялық қасиеттерді анықтаса, қатарлар периодтық жүйенің периодын құрайды және белгілі мөлшерде бір-біріне ұқсас боп келеді. Оқушыларға табиғатта, тірі ағзада жүретін өзгерістерді, құбылыстарды биология, физика, география ғылымдары толық  дәлелді түсіндіре алмайтынын, ол өзгерістерді тек химия ғылымы ғана дәлелдеп көз жеткізетіндігін ескерту.

Міндеттері:

– химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту;

– зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу;

– кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру;

– оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Курстың негізгі идеясы – химияның өмірдегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы маңызын, экологияның бір аспектісі – қоршаған ортаны қорғау

Толығырақ…