РЕЦЕНЗИЯ №33 – 11.06.2020 ж.


Ақмола облысы, Жақсы №1 орта мектебінің мұғалімі Карабаева Улжан Умирбайқызының жаңартылған бағдарлама бойынша «Периодтық жүйе» атты 8-сынып оқушыларына арналған факультатив жұмыс дәптеріне

Пікір

«Периодтық жүйе» атты 8-сыныпқа арналған факультативтік сабаққа арналған жұмыс дәптері курсты таңдаған балалардың ынтасын оятып, химия пәніне деген қызығушылығын оятуға бағытталған. Жұмыс дәптеріндегі зертханалық, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы әр тақырыпты түсінуге ұмтылып, химия пәнінің қыр-сырымен жете танысады. Сондай-ақ,  автор «Периодтық жүйе» факультатив сабақ арқылы оқушыны пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуді мақсат еткен.

Жұмыс дәптерінде көрсетілген зертханалық, практикалық жұмыстарды орындаумен қатар, оқушылар жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасауды үйреніп, эксперименттік жұмысқа бейімделеді.

Сонымен қатар, жұмыс дәптерінде берілген жаңа ақпараттық технологиялар бойынша оқушылар өз беттерімен электрондық  сайттармен виртуалды тәжірибелер жасап, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндіктері болатыны байқалып тұр. Ең бастысы, зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдырады, бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысады, химия ғылымының қыр-сырын зерттеуді үйренеді.

«Периодтық жүйе» атты 8-сыныпқа арналған факультативтік сабаққа арналған жұмыс дәптері заман талабына сай, оқушылардың қызығушылығын тудыратын қосымша білім беру құралы ретінде пайдалы. Оны қызықты етіп құрастыру тапқырлықты, ізденуді қажет етеді. Сондықтан да бұл авторлық бағдарламаны  құптарлық деп бағалаймыз. Жұмыс дәптерін тек факультативтік курсқа ғана емес 8-сыныптарға арналған «Химия» пәнінен қосымша пайдалануына болады. Оқу құралы ойын түрінде құрастырылғандықтан оқушылардың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.  Тыңдай, оқи отырып тапсырмаларды орындау, олардың нәтижесін көре отырып, тапсырманы қайта орындау мүмкіндігі бар. Салынған  суреттер мен олардың сұхбаты бала ұғымына сай жеңіл етіп құрастырылған. Қаріп өлшемдері оқушының жас ерекшелігіне ыңғайлы. Жұмыс дәптерін жасауда педагогикалық, психологиялық талаптар ескерілген.

п.ғ.к., доцент                                       Н.Х. Шадиева