Тақырыбы: «Отбасылық қонақ бөлмесі»


Нигметова Динара Адилхановна

Степногрск қаласының білім бөлімі жанындағы «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі

Степногорск қаласы білім

бөлімінің жанындағы

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы


Отбасылық қонақ бөлмесі

Тақырыбы: Гүлдер

(ТРИЗ әдісімен сурет салу)

Дайындаған: Нигметова Д.А.

«Бәйтерек» тобының тәрбиешісі

2018-2019 о.қ.

ТРИЗ әдісімен сурет салу

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі:  сурет

Тақырыбы:  Гүлдер

Мақсаты:  Гүлдердің сабағы мен жапырақтарын мақта таяқшасымен  немесе шаблонмен  бастырып, салып үйрету.  Гуашьпен сурет салу дағдысын қалыптастыру.                                                                                                                                                  Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, мақталы таяқшалар.                       

Балалар жарты шеңберге тұрып қонақтармен амандасады.

Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Hello!

Алақанды ашайық

Күннің нұрын шашайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылу шуақты

Қонақтарға шашайық.

(Балалар орындарына барып отырады.)

Музыка қосылып, ұлдар гүлдерге дән сеуіп, ал қыздар су құйғышпен су құяды.

Сол кезде гүлдер ашылады, ішінен қыздар тұрып, шайқалып билеп тұрады.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі гүлдер.

-Бұл гүлдер сендерге таныс па?

-Ия.

-Қандай гүлдерді көріп тұрмыз (Бәйшешек, түймедақ, раушан гүл).

Жарайсыңдар, балалар. Ендеше гүлдер өздерін таңыстыра өтсің.

Бәйшешек: 

Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз, күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.

Раушан гүл:

Құлпырған мен раушан гүлімін,

Жапырағым жайылған.

Сұлулық бар бойымда,

Тамырым терең тараған.

Түймедақ

Түймедақ деген гүл болам,

Достарым менің қызғалдақ.

Өсе тұғын жайқалып,

Көп болса екен саябақ.

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін сабағымызда гүлдер туралы, гүлдерді әртүрлі тәсілмен салуға үйренеміз.                                                                                                                              – Балалар, гүлдер не үшін керек?                                                                                                    – Бала: Гүлдер әдемілік үшін керек, гүлді туған күн иесіне мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.                                                                                                        – Тәрбиеші: Балалар, біз гүлдердің қандай түрерін білеміз?                                                      –Амина: Гүлдер 3 топқа бөлінеді. Бөлме гүлдері, емдік гүлдері, дала гүлдері.                    Дала гүлдеріне: бәйшешек, раушангүлі.      Бөлме гүлдеріне: әйел бақыты, кактус, фикус гүлдері. Емдік гүлдері: алоэ, адыраспан, түймедеқ.                                                                          – Тәрбиеші: Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?                                                                                             – Бала:Топырақ, күннің көзі, су қажет.   Дұрыс айтасыңдар.

Ал гүлдің құрылысын кім атап береді.                                                                                         Әсел: Бірінші тамыры, екінші сабағы, содан кейін жапырағы және гүлі.

Тәрбиеші: балалар, сендер білесіңдер ме, гүлдер біз секілді тірі ағза. Гүлдер де өседі, қоректенеді, сендер секілді олар да түнде ұйықтап, таңертең оянады. Гүлдердің оянып ашылатының көргілерін келе ме? (Балаларға бейнетаспа көрсету).

Бейнетаспа.

Тәжірибе: Су құйылған ыдысқа тәрбиеші түрлі – түсті гүлдерді салады да, гүл ашылады. Осы тәжірибені балалар да істеп көреді.

Тәрбиеші: гүлдер туралы дайындаған тақпақтар және мақал-мәтелдер айтып берейікші.

Мақсат: Тамшы, тамшы, тамшылар

                Көгерді ағаш талшылар.

                Тамшылардан өнетін

               Тамаша гүлдер бар шығар.

Жандарбек: Көктем болды алақай,

                      Қуанар барлық балақай.

                      Көктемде жаңбыр болады,

                      Бақшаға гүлдер толады.

Нұрдаулет: Бақшаларға гүл егіп,

                     Жемістерді тереміз.

                     Дала жасыл түске еніп,

                     Көктем мезгілі келіпті.

Абдулмалик: Бүршік жарып ағаштар,

                        Құстар ұя салады.

                        Сылдыраған бұлақтар,

                         Ағып бара жатады.

Рамир: Әр атаның өз ұлы бар,

             Әр бұтаның өз гүлі бар.

Илигай: Қыз өссе елдің көркі,

               Гүл өссе жердің көркі.

Муфида: Гүл қайда болса,

                 Көбелек сонда.

Арилана: Ер елінде,

                 Гүл жерінде

Даяна: Гүл бар жерде тікен бар.

Тәрбиеші: Бүгін біздер ТРИЗ әдісімен яғни сурет салудың дәстүрлі емес жолымен сурет саламыз. ТРИЗ әдісінің «Үрлеу», «Сүтке сурет салу», «Орк стекло» және «Сусымалы техника»  түрін пайдаланамыз.

Саусақ жаттығуы: (Балалар аналармен бірге шеңберге тұрып саусақ жаттығуын жасайды).

Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де, (сұқ саусақты ашып жұмамыз)

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті, (бас бармақ пен сұқ саусақты қосамыз)

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды, (бас бармақ пен сұқ саусақты және ортанғыны

қосып қимыл жасаймыз)

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ! (он саусақты көрсетеміз)

Қала салсақ, жол салсақ. (қолымызды алдыға қарай созамыз)

«Үрлеу» әдісі: қағаз бетінде салынған адамның бейнесі бар. Бірақ ол суретте адамның шашы жетіспей жатыр екен. Ата-ана мен баласы сол жетіспейтін шашты үрлеу техникасын қолданып,  түтік арлылы бояуды үрлеп сурет салады.

«Сүтке сурет салу» әдісі: Бұл әдісте сүтке кезекпен  пипеткамен түрлі-түсті тамақ бояғыштары салынады да, оның үстіне ыдыс жуатын сусабыны құйылады. Сол кезде түрлі суреттер пайда болады.

«Орк стекло» әдісі: Анасы мен баласы қарама-қарсы отырып, алдында тұрған орк стеклоға салынған суретті бояп салулары керек.

«Сусымалы техника» әдісі: Бұл техникада түрлі-түсті етіп боялған тұзды шыны  бөтелкеге кезекпен салады.

(Ата-аналар мен балалар 4 топқа бөлініп отырады. Әр топ жоғарыда айтылып кеткен әдістің бір түрімен сурет салады).

Cуреттерді салып болғаннан кейін балалар аналарымен бірге тыныс алу жаттығуын жасайды.

Шар үрлеу.

Қолға, алып шарды,

Үрлеймін мен былай.

Уф-ф-ф,

Үрлеймін деп қатты,

Жарып алдым шарды.

Пах.

«Гүлдер» биі. Ортаға қыздар шығып би билеп берді.

Ұлдар «Ковбой» биін билеп береді.

Тәрбиеші: Бөлмеде шам өшіріліп, балалар саусақтарымен жанып тұрған сиқырлы тұзбен сурет салады. Бұл техникада балалардың ұсақ қол моторикасы дамиды. 

Сабақтың қорытындысы:  Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Біз бүгін сабақта не істедік?

Балалар сабақтан алған әсерлерін айтып береді.

Келген қонақтармен қоштасып алайық.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Бүкіл тапсырманы орындағандарын үшін сендерге беретін сыйлығым бар. (Балаларға жұлдызшалар таратылады).