Талант педагога


Нургалиева Гуля Ислямовна, Сагындыкова Асем Салкеновна, Айтмаганбетова Жанар Айбатыровна, Палжерова Инкар Пердебаевна, Бейсембекова Лунара Барлыбаевна, Якубаева Куралай Халилаевна, Тажибаева Жадыра Нурлыбаевна, Бектибаева Акбобек Жангабуловна, Мирзаева Палия Закирбаевна,  Мырзагалиева Кымбат Мырзахановна,  Кубышева Анара Калиевна, Досмуратова Меруерт Шакизадаевна, Илясова Клара Сагатбековна

Степногрск қаласының білім бөлімі жанындағы «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы педагогтары

Ашық сабақ

Тақырып: «Ғажайып математик

  Дайындаған:Палжерова Инкар Пердебаевна

 

“Ғажайып математика”

Білім беру саласы:Таным

Бөлімдері:Қарапайым математика.

Тақырыбы:Ғажайып математика.

Мақсаты:Балалармен сандарды тура санап, сандарды дұрыс ажыратып айтуды,қарама-қарсы сөздер айтуды пысықтау.Жыл мезгілдері жайлы ұғымдарын пысықтау.Геометриялық пішіндерді қайталау,түстерді ажырату.Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар:сандар,суреттер,үлестірмелі құралдар,слайт.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, теңестіру,сұрақ-жауап,салыстыру,ойын.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне және қонақтарға жылы тілектерін айтады.

Біздің топта ұл қыздар,

Татту тәтті ойнаймыз

Айналаға бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз,

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршанызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар орындықтарға отырады

(Сол кезде есік қағылады ,жылап қоян кіреді.Балалардан түлкіні үйінен қуып шығуға көмек сұрайды,ол үшін балалар берілген тапсырмаларды орындау керек).

1.Жыл мезгілдерін ата.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Төрт мезгіл.Кәне, атап шығайық.

(қыс,көктем,жаз,күз)

Кәзір жылдың қай мезгілі?

(қыс)

2.1-ден 5-ке дейін санау.

Балалар тақтаға шығып 1-ден 5-ке дейін санайды.

Себеттен алмұрт алып тәрелкеге санап салады .

Қанша тәрелкеге алмұрт салса, сондай санды көрсетеді.

3.Өлшемдер.

Қарама-қарсы сөздерді айту.

Алыс-жақын,

Ұзын-қысқа,

Биік-аласа,

Жуан-жіңішке,

Ауыр-женіл,

Қалын-жұқа

Сергіту сәті:

Қане бәріміз тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық.

Он жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып,

Бір тұрып,

Орнымызды табайық.

4.Түстерді айту.

Балалар суреттегі шарлардын түстерін айтады.

(қызыл,көк, сары,жасыл, қызғылт сары)

5.Қандай геометриалық пішінге ұқсайды?

Біз қандай геометриалық пішіндерді білеміз?

(үшбұрыш,шаршы ,шеңбер)

Мынау не

Теледидар .

Қандай пішінге ұқсайды?

Шаршыға.

Орамал ше?

Үшбұрышқа

Доп?

Шеңберге.

6.Топпен жұмыс.

Балалар геометриалық пішіндерден қоянның үйін жасайды.

Санамақ:

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым-әкем.

Балан үйрек-анам.

Ортан терек-ағам

Шылдыр шүмек-әпкем,

Кішкене бөбек-мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Ойын:Кім жылдам.

Қоян балалармен ойын ойнады.

Қоян балаларға түлкіні үйінен шығаруға көмектескендері үшін рахметін айтып ,сыйлық беріп қоштасады.

Қорытынды :Балалар сендерге сабағымыз ұнады ма?

Жарайсындар !

Біз сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?

Санадық, геометриялық пішіндерді атадық түстерді ажыраттық ,жыл мезгілдерді айтық т.б.

Сендерге рахмет.

Қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!

Дайындаған:   

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Описание: D:\картинки\профессии\img322.jpg

Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Описание: http://azbyka.kz/images/1944/5.jpg

Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Описание: http://erketai.kz/wp-content/uploads/2013/01/balabaksha.jpg

Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат  қойдылады:

– Сурет салу өнері арқылы  мектеп жасына дейінгі баланың  сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық  талғамын  және  шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Алдымызға қойған бағытымыз:

Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;

Балалармен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

– Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;

– Күннің  екінші   жартысында бейнелеу  өнері  бойынша жеке  жұмыстар жүргізу.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

– Әңгімелесу, кеңес беру, жиналыс, көрмелер ұйымдастыру, ашық есік күндері;

Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

– Кеңестер беру;

-Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеттерін өткізу;

Описание: http://www.inform.kz/fotoarticles/20140821070632.jpg

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:

– Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық  дағдыларды меңгерту;

– сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;

– көркемдік талғамын арттыру;

– іскерлік дағдыларын меңгерту;

Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:

– айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;

– бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен  таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;

– іскерлік дағдыларды меңгерту.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің  негізгі  түрлері болып  саналатын сурет салу жапсыру, илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.

Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді.

Описание: http://www.nurorda.kz/sites/default/files/201400%20(1)_0.jpg?1415783972

Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

Сурет салу әдістері:

«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру  арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді.  Аталмыш техника  арқылы жұмыс істеу балаларда  жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;

Описание: http://moya-ymnica.ru/wp-content/uploads/2013/10/%D0%BD%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B8-%D1%80%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F.jpg
Описание: http://moya-ymnica.ru/wp-content/uploads/2013/10/%D0%BD%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B8-%D1%80%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F.jpg

Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын  іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан  түрлі пішіндер жасауға болады.

Описание: C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\3bc2ab2416e50cc88470d987863d29ea.jpg.jpg

Мысалы: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау; картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру;  Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің  оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден   сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде  ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың аттарын атап есіне сақтайды.

Описание: C:\Users\user\Desktop\0_934e4_dec1f5a7_S.png
Описание: C:\Users\user\Desktop\0_934c1_d1bc0870_S.png

«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.  Балаларға алақан немесе саусаққа  әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.

Описание: http://luntiki.ru/uploads/images/e/b/0/a/3/318694aee7.jpg

Қолдану ережесі:

– бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;

– әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен  немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.

Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда  (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен  балалар өз алақандарын бастыру арқылы  түсірсе өте әдемі сурет шығады.

Описание: http://festival.1september.ru/articles/598390/image011.jpg

«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды  жатқызуға болады. Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды  бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын  бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының  далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен  сурет салуды  ұйымдастыру  бала тілегінің  орындалуына  мүмкіндік тудырады  және ол пайдалы іс болып саналады.

«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)  дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам  ұшымен тықылдату  әдісі арқылы  түсіріледі, нүктелердің көлемдері  ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы  салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

Описание: http://estalsad30.edumsko.ru/images/users-files/KrytikovaSV/8c62d16de15819a98a488666f2def3ba.jpg

«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

Қолдану ережесі: – ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;

– Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;

– Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.

Описание: http://www.pinokkio-nn.ru/Image/0rEhJnTq2Bg.jpg

Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын   бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;

– бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;

– өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;

– бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары  жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;

-сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; – ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;

Описание: http://qiyan.kz/wp-content/uploads/2015/04/20121117152329.jpg

– көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;

Балабақшада тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші көмегін аса қажет етеді. Міне осындай деңгейді анықтау үшін әр топта балалар білімін зерттеу  үшін бірінші жарты жылдықта және жылдық қорытынды  бойынша мониторинг жүргізіледі. Осыған байланысты мынандай қорытынды жасалады:

Оқу жылының   жыл басында  жүргізілген  бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері.

Оқу жылының 1-ші жарты жылдығында жүргізілген  бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері.

Описание: http://strategy2050.kz/storage/realise/31/23/6e/87/96/31236e8796c1e2cf931b7e964362536d.jpeg

Мектепке дейінгі түрлі жастағы  топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі  сабақтарда  балалар  шығармашылығын дамыту үшін  оқып  үйретудің сан- алуан  әдістері және ең  алдымен  балалар дербестігін,  белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне  әсемдікке  эмоция  білдіружатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі  әсемдікке, адамдардың  мейірбан сезіміне  үн  қосады.  Мұның   өзіне   сәбидің   басынан кешкен  қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ф.Ниязбекова.  М. Сансызбайқызы. «Балабақшада баланы мектепке дайындау». Алматы «Шартарап»

2000 жыл.

2. Д.А.Кошанова.,  А.Г.Молдаханова. «Біздің балабақша» 2007жыл.

5.БолатбаевҚ.Қ. Бейнелеу өнеріне арналған дәптер.-Алматы. Атамұра 2000жыл.

6.Швайко Г.С.  Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары.-М.: Валдос. 2000 жыл.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Шығармашылық. Бөлімдері: Экология,Сурет

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін ұғындыру. ТРИЗ әдісі бойынша сурет салуға үйрету. Фроттаж әдісімен таныстыру. Түстерді қабылдауын дамыту. Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Балалардың шығармашылық және логикалық қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: Фроттаж,үлкейткіш әйнек,нөсер

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Қосымша
  Мотивациялық қозғаушылық 1-слайд көрсету. Балалардан жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін сұрау.Слайд арқылы жылдың қай мезгілі екенін айтып кету. Балалар қызығушылықпен тыңдады. 1-слайд
Ұйымдастыру- іздестіру       2-слайд Күз мезгілінің ерекшеліктерін атап кету. 1.Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін. Бұл күндері киіпті, Сары жібек көйлегін 2.Алтын-сары,қызыл-көк, Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады жапырлап. 3.Ұшты талдан жапырақ, Сары көбелек секілді Аспанда жай шатырлап, Тамшы жерде секірді. №3-слайд. Күз айлары. 1.Бір-біріне жер аспан, Мейіріммен қарасқан Ұстаз-шәкірт жүздескен Қош келіпсіз күз дескен. 2.Қазан айы болыпты, Қамбаға астық толыпты. Сары даланы сәндетіп, Думандатып, әндетіп. 3.Күн суытып барады. Малдар қолға қарады, Қараша ауыл даламыз, Қысқа дайын боламыз. №4-слайд.Көзге арналған жаттығу.Жапырақтар қай жаққа ұшса,сонда қарау.5-слайд.Дидактикалық ойын: «Бақшада ма, бауда ма?» Демалу жаттығуы: Ыдыстардағы сарымсақ пен жуаны иіскеп, ажырату. Сергіту жаттығуы: ән: «Күзгі бақ» Күз ханшайымы келеді.6-слайд«Не артық?»
Күз ханшайымының тосын сыйы.Өнерлі балаларға сиқырлы жапырағын ала келген. Сиқырлы сурет салып үйреткенім жөн болар. (Жапырақтар береді)7-слайд. Фроттаж әдісін слайдпен көрсету. Сурет салу ретін көрсету. Күз ханшайымы кетеді. №8-слайд. 4 жол тақпақ жаттау:
Балалар күз ерекшеліктерін атайды.   Анель,Бикжан,Айхан күз туралы тақпақтарын айтады                 Күз айлары-тақпақтарын айтады: Нұрайым,Наргиз,Томирис           Балалар слайд арқылы көзге арналған жаттығуды орындады.   Жемістер мен көкністерді ажыратып, бақшада ма әлде бауда өсетінін айтады.   Әр бала ыдыстардағы сарымсақ пен жуаны иіскеп ажыратты. Қимыл-қозғалыс арқылы әнді орындады. Балалар қуанды. Балалар қандай заттар артық екенін тапты. Жапырақтарды алып, үлкейткіш әйнекпен қарайды. Теріс және оң жағын табады. Жапырақты бастырғанда бұдыр, яғни теріс жағынан бастырадыКүз ханшайымымен қоштасады. Жапырақтар сарғайып, Күн бұлтты болады. Жаңбыр жиі жауады. Құстар ұшып барады. 2-слайд                           №3-слайд                         №4-слайд     №5-слайд                 №6-слайд       №7-слайд       №8-слайд
Рефлексивті түзетушілік Қорытындылау, көрме ұйымдастыру.№2-слайд Балалар алған әсерлерін слайд арқылы айтады.Бастырған жапырақтарынан көрме ұйымдастырады. 2-слайд

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Күз мезгілін және ерекшеліктерін.

Қандай түсініктерді игерді?: Фроттаж әдісі бойынша сурет салуды, суреттер арқылы тақпақ жаттау.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ажырата алады, жемістер мен көкөністердің айырмашылықтаырын. Фроттаж әдісі арқылы сурет салуды.

Описание: C:\Users\User\Desktop\робочи стол новый\жанар сурет фото\IMG_20191023_112705.jpg

«Айболит және оның көмекшілері»

Дайындаған денешынықтыру нұсқаушысы:

                                                    Бейсембекова  Л.Б

Степногорск 2018

«Бәйтерек» жоғарғы тобы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі:Дене шынықтыру

Тақырыбы:

Дәрігер Айболиттің көмекшілері.

Міндеттері:

балаларға қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, жұппен жүруді, жүгіруді үйрету.

тосқауылдар арқылы секіріп жүгіруге баулу.

гимнастикалық отырғышта түзу қолмен созылып, ішпен еңбектеп жүруді үйрету.

Өзектілігі:

Мектеп жасына дейінгі балалардың күш қуатын нығайту, алдағы өмірге дені сау нық қадам басуға баулу.

 Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды қолдану.

 Балаларға ертегі кейіпкерлерін сахналауды үйрету.

Мақсаты: бір қатармен жүруді, жүгіруді үйрету; қолға арналған жаттығуларды аңдардың қимылына салып жасату; аяқтың жанымен жүруді үйрету.

Әдіс – тәсілдері:сұрақ-жауап,әңгімелесу,мадақтау.

Құрал- жабдықтар: Мата, гимнастикалық бөрене, балықтар, кингуру доп,

Билингвалды компонент: Жануарлар- Звери, Море- Теңіз.

Өткізілу орны: спорт зал

I.Мотивациялық-қозғаушылық

-Бір қатар сапқа тұрады.

Қане жаттығу жасап, бой сергітіп алайық.

1.жүру аяқтың ұшымен жүру

2.өкше мен жүру.

3.қол тізеде, тіземізді бүкпей жүру.

4. шынтакпен төрт аяқтап жүру.

5. Оң иықпен жүгіру.

6.жай жүру.

 II.Ұйымдастыру –іздестіру

Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін сендермен бірге адам үшін ең қажетті нәрсемен сөйлескім келіп тұр. Әрине ол адамның ден саулығы.

-Сендер қалай ойлайсыңдар қайрымды дегеніміз не?

-Қандай қайрымды істерді істей аламыз?

Балалар біздің жүрегіміз ауырмау үшін сендермен бірге күнде жақсы жұмыстар жасауымыз қажет.

Ал қанеки балалар сендермен бірге дәрігер Айболитке барайық. Мүмкін ол бізге қандай адал жұмыстар істейтінін айтар.

Мінеки Айболиткеде келдік.

Амандасады.

Д/Н: Айболит неге көңіл күйің жоқ?

Айболит: Гипопотам телеграмма жіреріпті Африкадағы жануарлар ауырып қалыпты.

Д/Н: Барлық жануарлар ауырып қалғанба?

Айболит: Аха оларда Ангина, Скоротина, Дифтерия және аппендицит болып қалыпты.

Д/Н: Онда тезрек барыңыз.

Айболит: Телегамманы алған соң бірден барам деп шештім, бір-ақ бір өзім қалайша барамын. Жол алыс және де дәрі дәрмектерде алуым қажет. Жолда адасып кетсем қалай болады? Жоқ бір өзім бара алмаймын.

Д/Н: Ендеше балалар бір дәріген Айболитке көмектесейік? Арине көмектесеміз. Ауырып жатқан адамдардың қалін білсек ол қайрымды іске жатады. Ендеше Балалар дәрігер Айболитпен Африкаға жол жүрейік.

Д/Н: Африкада әр түрлі өсімдіктер өседі және түрлі жануарлар өмір сүреді.

Мысалы: Жираф (Керік) мойны мен аяғы ұзын. Бойының ұзындығы 5 метрге дейін болады.

Керік-болып жүреміз-қол жоғары көтере отырып аяқтың ұшымен жүреміз.          

Тотықұс– қолымызды артқа қоя отырып өкшемен жүреміз.

Түйеқұс– алға қарай денемізді еңкейіп қолды тізеге қойып жүреміз.

Сілеусін (рысь)-шынтақты еденге қойып төрт аяқтап жүреміз.

Жолақ жылқы- Оң жақ бүйірімен, сол жақ бүйірімен біріңғай жүгіріс.

Демімізді дұрыстаймыз. Осындай қызықты жануарлар тұрады. Біз сапқа бөлінеміз. Балалар қараңдаршы алдымызда теңіз.

Жай толқын

Үлкен толқын

Теңіз асты балықтары

Дильфиндар

Балалар қатты толқыннан біздің Айболит Дәрігеріміз теңіз ортасында қалып қойды қанеки бәріміз бірге көмектемейік

Қимылды ойын: «Балықтарды құтқару»

 Ойын шарты:Балаларға екі топқа бқлініп. Бір бірден тоселген матаның үстіндегі түрлі түсті дөңгелектердің үстімен өтіп теңіздің жағалауындағы балықтар құтқарып оны теңізге жібері.

Балалар Жануарлар мен балықтарға көмегімізді көрсеттік. Ал енді біздің маймылдарымызға көмек көрсетейік. Бірақ олар тау үстінде отыр. Балалар сендермен бірге саяхатымызды жалғастырамыз.

Тауға өрмелеу

Доппен секіру

Д/Н: Маймылдар айтыңдаршы сендер таңғы жаттығу жасайсыңдарма?

Деніміз сау және ауырмау үшін біз таңғы жаттығуды кунделікті жасауымыз қажет. Ал қанекі балалар сендермен бірге маймылдарымызға жаттығуды үйретейік.

Дәрігер Айболит: Жарайсыңдар балалар сендер бүгін менімен бірге Африкадағы барлық жануарларға көмектесіп мейрімді істер жасадық. Сондықтан сендерге мен тосынсыйым бар.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: матамен орындалатын жаттығуларды;

Түсінеді: ойынның шарттарын;

Қолданады: гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру, доп үстінде секіре отырып тепетеңдікті сақтау.

«М.Монтессори технологиясын

қолданудың әдіс-тәсілдері»

Екігнші кіші «Ақбота»  тобының  тәрбиешісі

Бектибаева Акбобек Жангабуловна

Акмола облысы, Степнагорск  қаласы

«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы

«Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері»

Жоспар:

І. Кіріспе

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Монтессори  технологиясын  қолданудың  әдіс-тәсілдері.
  • Монтессори методикасы.
  •  Тәжірибелік жолмен іске асатын  жаттығулар.
  • Мүмкіншіліктері шектелген балаларды түзете-дамыту жұмыстарында Монтессори әдісін қолдану.

ІІІ. Қорытынды.

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның   маңызы

Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен Бала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата-анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәр­демін аяп отырған жоқ. Өткен жылғы халық санағының қоры­тындысы бойынша еліміздегі осындай балалардың саны 58 мыңдай екені анықталды.ырғақта дамиды. Соңғы жылдардағы тағы бір жетістігіміз – Монтессори әдіс­теме­сін енгізуіміз. Бізде қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда жалпы білім беру, қосымша білім беру бойынша және психо­физиологиялық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған бағ­дар­лама бойынша сабақ оқыты­лады. Мектепте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған меди­циналық және психологиялық негізде адам дамуы туралы білім­дерден құрылған екі Монтессори-педагогика кабинеті жұмыс істейді. Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елесте­туді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығу­ларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқы­туда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабі­летін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психоло­гиялық жайлылық, таңдау ерік­тілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты еке­ніне біртіндеп көз жеткізіп келе­міз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отыр­ғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдіс­те­месінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда Монтессори терапия деп аталады. Бізде осы терапия бойынша әдіс­темені арнайы үйренген 140 педагог жұмыс істеп жатыр. Оларды оқыту үшін грант ұтып алған болатынбыз. Соның арқасында біздің педагогтар осы бір жыл көлемінде науқас балалармен жұмыс жасауда қолайлы жүйені таңдап отыр.

Монтессори  технологиясын  қолданудың  әдіс-тәсілдері.

Мария Мантессори -1870  жылы  31тамыз айында  дүниеге келген.

Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол  балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық  факультетін бітіргеннен  кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.

Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.

1900ж  Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардыңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.

Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу,жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.

1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.                        

1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды,оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы,докторлыққұрметті дәрежесі берілді.

          Бұл әдіс бойынша 3 жастан  6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық  материалдар  мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін  айналыс, бірақ  басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.

Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.

Монтессори  әдісінің мақсаты:

балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;

өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;

балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Монтессори  ұстазының міндеті:

балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;

негізгі түстерді айыра білуге үйрету;

ұсақ моториканы дамыту;

алғашқы математикалық,  ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;

зейінін тұрақтандыру;

тәртіпке үйрету;

Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:

1.Сенсорлық аймақ.     2.Математика-лық аймақ. 3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы. 4.Тілдік аймақ. 5.Ғарыштық аймақ.

Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы

тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен

бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын

әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамиды.

Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған Білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретінде емес, оқушылар сынамалар мен қателіктер арқылыпроблемалардышешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретінде елестетіңіз.                                  

Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған. Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болады. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдына қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалайша тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмысқана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан оқушының қолымен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшуі тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, бізоқытубарысындатабиғатпенүйлесімдежұмысістей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену,жұмыспен тапсырма орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. Туғаннан бастап жеткіншек шағы арқылы даму деңгейлері адамзат табиғатымен үйлесімде үйрену әдісіне сценарий бола алады. «Өзін-өзіқалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, Біз өзіміздің педагогтар ретіндегі роліміздің сәулет Инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз оқушылардың шығармашылығын, қиялымен дербестігін ынталандыру барысында дағдылары мен білімдерін қалыптастыратынжоспарлар,материалдар, құралдармен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек.

Монтессори методикасы

Еңбасты Монтессори Бағдарламаның Айырмашылығы сынып–сабақты

Жүйесінің жоқтығы: Бала өзінің қызығушылық саласын өзі таңдайды.   

Ата – аналар мен педагогтар бұл үрдісте қараушы рөлін ойнайды, сезгіш және ықыласты болады,неге десе олар жас Зерттеушінің Түсіну үшін

Лайықты шарттар жасау керек. Біздің балабақшада Баланың әртүрл іәрекет

Салалары тек қана балаларда емес, олардың ата–аналар алдында үлкен

 Танымалдығын білдіреді.  Санау оқу, бөлу жәнет.б. сабақтарда тақырыптың презентациясы өтеді. Бұдан кейін бала өзі онымен жұмыс істеуге үйренеді, онымен қатар материалдың түсін,пішінін өзгерте алады.Жасалған материалды қолыңа алғың келе береді,өйткені ол өзі Әрекет жасауға магнит сияқты тартады. Одан қалды ол қауіпсіз және онда зор потенциалы бар.

Әрине, біздің балабақшада балалар тек қана күнде жаңа материалмен таныса бермейді.Бізде балалардың қатысуларымен өте қызықтымерекелер болады.

Сөйтіп маңызды мәдени оқиғалар балардың жанынан өтіп кетпейді.

Бірақ, еңбекпен сабақты сауықтан айыра алады: іске уақыт—сауыққа бірсағат.Айтар болсақ, балабақшада педагогтар өт етәжиребел іжәне«жаныптұрған»адамдар,олар үнемі бір жаңа нәрселерге үйреніп жатады, өздері әртүрлімерекелерд іойлап табады, балалармен жұмысты қызықты формалардажүргізеді.Монтессори формасымен оқи отыра,балалар өз ойын білдірусаласында барынша көп еркіндік алады, мектепке дайындық мерзімдіжеңіл өтеді. Олар онда үйлеріне барған сияқты. Ең бастысы, олар өздіктүрде білім алады, және олардың құмарлықтарын тоқтата алмайсың! Әрине, бұнда ең маңызды рөлді мұғалімдермен ата–аналар ойнайды, олар баланың ерекшілігін қабылдау үшін тілектестікАтмосфера жасауларықажет. Баланыңер екшілік қасиеттерін бастапқылыққа қойып нақты адамды

тәрбиелеуге болады.

«М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс – тәсілдері»

ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық Технологиялық

Бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны

Болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән – мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.Баланың жеке тұлға Ретіндегі дамуы

Өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңеюіБалабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,тумысынан-ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына замандаБалабақшадағы педагогтардың

ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің Әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,Өздігінен шешім

қабылдауына, топтада,жекеде жұмысжасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғимінезін,

қабілетін,тәрбиешінің нұсқауымен  емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында

 тәрбиелеу.

«Өзімнің  жасауыма мүмкіндік  бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап

сөйлеу бұл әдісте мүлдем  жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра  мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі,  3пен 6 жас бірге өз қалауларымен  жұмыс  жасайды.Бұлжастың  қабілетін ашуға,

үлкеннің  кішіге мейірім,қамқорлығын  сезінуге мүмкіндік  берері  сөзсіз.

Қай салада жұмыс жасау  бала қалауында:зертханада,  жаратылыстану,

аспанәлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс  жасау

барысында жетістігін  өзі  көріп,  қатесінде өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында  қалай  тұрғанын   бақылаған  бала  жұмыс аяғында  тап  солай  жинастырып, тазартып  қояды.

Мектепке дейінгі  оқу тәрбие  жүйесін жетілдіру  мақсатында  шынайы өмірде тиімді ету  қабілеттерін  дамыту үшін–монтессори  әдісін  қолдану тиімді.Монтессори материалы  арқылы  бала затты  түсінеді және оны

қолдануға тырысады.Монтессори материалы  қандайда бір  іс-әрекетке

итермелейді. Монтессори  материалы  төрттүрлі жолмен  іске  асады:

 Тәжірибелік жолмен іске асатын  жаттығулар.ең алғашқы  жылында балақозғалыс  жасау  үстінде  жүреді.Онда сензитивтік  периодтың  даму  жолықалыптасады.Алғашында қозғалысы  онша болмағандықтан, моторлықжүйесін қосу  үшін  тәрбиенің  негізіне  үлеседі.Моторлық  даму жеке-дарақозғалыс темпін  құлшындыруға әсерін  тигізеді.Оған   қозғалыс жасау үшінтүрлі  жаттығулар жасалады,  өзіндік  іс-әрекетке  итермелейді.Бір сызықтыңбойымен  жүру  тепе-тендік  сақтауға итермелейді.Басқа да  топтықжаттығулар  балалар  арасындағы  қарым-қатынасты  жақсартуға көмектеседі.Мысалы, рөлді койындар  бір-бірін  сыйлауға  үйретеді.Жаттығуға  арналған   материал  тәжірибе  жасау  барысында   жас  ерекшелігіне  сай  болу керек.Жаттығудың  шарты  түсінікті  болу  керек.

Нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйренеді.

Жаттығулардың негізгімақсаты:баланы қоршаған ортаға   деген  жауапкершілік Қасиеттерін Қалыптастыру болып табылады.

Тәжірибелік жолмен  іске  асатын  жаттығулардың түрлері:

1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа  құю.

2.Металды тазалау.

3.Кесілген гүлдерді  күту   жолдары.

4.Бір сызықтың  бойымен  жүру.

5.Тыныштандыру жаттығулары.

6.Қоғамдық  өмірге  қатысы  бар  жаттығулар.

 Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа  құю

Керекті құралдар: поднос,шүберек,лейка

Мақсаты:Қозғалыс  жүйесін  дамыту,қоршаған  әлем ішінде  тепетендікті

сақтауға үйрету. Жас  мөлшері  3жастағы балалар. Материалмен  жұмыс  жасау  жолдары: лейка суға  толтырылады.Мұғалім  лейканы қолына алып

жоғары  көтереді.Ыдысқа суды құяды. Лейканы қай

тадан үстел  үстінеқойып,ыдыстағы суды  қайтадан лейкаға  құйды.Төгіліп қалған суды сүртіпотыру қажет.

 Сезім мүшесін  дамытатын  материалдар: әр сезім мүшелерін дамытуды

ұсынады.Бұл материал  арқылы   заттардың  көлемін, түсін, өлшемін,

дыбысын  ажырата алады.Жеңілден  ауырға  көтеру ұғымы  қолданылады.

Бала  моторикасымен  сенсорикасын   жаттықтыру  үшін    материалды

қайталауға тура келеді. Материалды  қолданған соң  бала  жоспарлау,дайындау, бір  тапсырманы  соңына  дейін  орындауға  тырысады.

Бірақ  сабақ  кезінде  бала  сол  материалмен   жұмыс жасау  жолын

толығымен  таныс болу керек.Мұнда жұмыс  барысында  балаға сөз

беріледі.Тапсырманы   орындай   алмайтындарға  қайтадан  тағы   бір сабақ

өткізу  керек. Алған  білімін  бекітіп, содан   кейін  жаңа  сабақт өтілуі керек.

 Сабақ 3 құрылымнан  тұрады:

1. Көлемін  анықтауға  арналған   материалдар;

2. Бір сызықтың  бойымен   жүру;

3. Тыныштандыру   жаттығулары;

Сабақ   балаға өзін-өзі   танытуға   талпындырады.

1.Көлемін  анықтауға  арналған    материалдар:

Ойынның   түрі  «Қызғылт   башня»

Керекті құралдар: «Қызғыл  тбашня» 10 шаршыдан   құралады (ауырағаш, қызғылттүс) шаршының   мөлшері 1см-ден 10 –смге дейін  барады.

Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері  қалыптасады.

Моторикасын дамытады.   Жас мөлшері  3 жастағы  балалар.

Материалмен  жұмыс  жасау жолдары:кілемнің  үстінде шаршылар  шашылып  жатады.Тәрбиеші  баланың   алдына ең  үлкен   шаршыны  қояды,

Ал бала сондай   шаршыны   сол   шаршының   үстіне   қою  керек.

1.Затты  дұрыс  атауға  үйрету.

2.Заттың   атына   тауып   бала сол затты алып   келеді.

3.Затты  атап жаттығады.

Математикалық   материалдар: математикалық   материалдар    ойлау

қабілетінің   дамуына көп   септігін  тигізеді.Бала  ең  алғашқыда   көптеген

заттар мен  жұмыс  жасау   арқылы   өз  білімін   жетілдіреді.Монтессори 

материалы  сезімді  дамытады, оған   қоса  математика әлеміне   жетелейді.

Бала   мұнда  математикалық   ұғымдарды тез   игереді.Сан  және онға дейін

санау  жүйесін  тез   игереді.Математикалық  монтессори   материалы  

баланы   сенсоматорлық  ішкі   қажеттілігіне  сүйене отырып қанағаттандыру

жолдарыніздеугетырысады.Математикалық   материалды    пайдалану

жүйесін білген  соң,  түрлі қиын  тапсырмаларын   қиындықсыз  орындайды.

Мысалы:ашық  түсті   моншақтарды  пайдалану   арқылы  сан  құрамымен

пішін  туралы   түсініктері   пайда  болады.Ойынның  аты:«Сылдыр қағаздағы  сандар»Керекті құралдар: ағаш кестелер, сылдыр қағазға 0-9-ға дейін сандардың атауларымен  таңбаларымен таныстыру.Қол икемділіктерін

дамыту.Жас мөлшері: үш  жастағы   балалар.

Материалмен  жасау жолдары: тәрбиеші 13 сандарды   үстел   үстіне қойып

бастырады.Балаға кез-келген  санды   тандауға   рұқсат етіледі.

Сабақекісандытандауданбасталады.Балаалдынатәрбиешісандыжазу

кестесін  қойып,санның    жазылу  ережесіне   сүйеніп  таңбасын  түсіреді.

Балаалдыменсандыатап,сосынтаңбасынжазуғакіріседі.Осылай  бірнеше

рет қайталанады.

1.Математикалық  ұғымдарды  тез  игереді.

2.Сан жәнесанау  жүйесін  игереді.

3.Берілген тапсырмаларды қиындықсыз  орындайды.

Сөздік  қорын дамыту  материалдары: қарым-қатынас жасау  үшін  адам-ның  сөздік  қоры  ең басты  роль атқарады.Бала   туғаннан өсе  келе

қоршаған  ортадағы  адамдар  мен  қарым-қатынас жасау үшін  сөйлеуге

тура келеді. Балабақшаға келген балаларда сенсорлық  период  болғандықтан, түрлі  ойындар,әңгімелесу  мен сұрақтар  қою  арқылы  ойлау  қабілетімен

сөйлеу  қабілеті  күрт  дамиды. Түрлі әңгімелер  айтып тыңдауға  көмекшілер

ата-аналар  болып   келеді.Жалпы  2  жастағы  бала  негізінен   200-ден

астам  сөздерді  меңгереді, ал 5 жастағы  бала 3000-нан  астам  сөздерді 

игереді.Бала  түрлі  сұрақтар   қою арқылы өзіндік  сөздік  қорындағы жетпей

жатқан  қажеттілігін   қанағаттандырады.Сөйлеу  қабілетін   дамыту  үшін

ойындар  мен түрлі жаттығулар  қолданады.  Мысалы:затты  атау,ойын-

сипаттама, әңгімені  жалғастыр  т.б

Ойынның аты: «Қозғалмалы  алфавит»

Керекті  құралдар:екі жәшікте  толық  алфавит  бойынша  штамтық  әріптердің  бірнеше  түрлері  салынады.Сылдыр  қағаздың   көлеміндей

әріптер  болуы   керек.Дауысты  дыбыстар  қызыл  түспен,ал  дауыссыз

дыбыстар көгілдір  түспен  белгіленеді.Екі жәшікте бір жолда  жазылған

әріптер  салынады.

Мақсаты: әріппен  дыбыс  туралы  түсініктерін   қалыптастыру.

Материалмен   жұмыс  жасау  жолдары:Тәрбиеші  себетке  бірнеше заттарды салады.Мұнда  атауларымен  жазулары   сәйкес  болады.Бала  затты  алып

атын  атайды,ал  тәрбиеші  оған  сәйкес бірінші  әріпін  таңдап  береді.Бала

сосын  қалған  әріптерді  құрып, сөзді  тізіп  береді.

1.Дыбыс пен шуды  ажыратады

2.Сөздік қоры  байиды

3.Сұраққа  толық   жауап  береді.

4.Сурет  бойынша  әңгіме  құрастырады.

Күтілетін  нәтиже:

1.Заттардың  көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын  ажырата  алады.

2.Алдарына қойған  мәселені   шешуге үйренеді.

3.Өз бетінше  жұмыс жасауға  машықтанады.

Бұл әдістің  тиімділігі  балалар  өзін-өзі  тәрбиелеуге  және  ұқыпты  болуға

үйренеді.Монтессори  бақылаушы   ретінде   баланың   ішкі  дүниесімен

таныса  отырып, қажеттіліктерін  қанағаттандыру  жолында көп  еңбек

сіңіреді.Айналадағы  заттық  орта  туралы  түсініктерін   қалыптастыруда

монтессори  әдісін   жүйелі  түрде  қолданамын.

Педагогикада  мектепке  дейінгі  әсіресе  сәбилік  жаста  ерекше  назар

аударатын түрі- заттық орта. Заттық  орта  әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық,дене,адамгершілік  т.б  тәрбие түрлерімен  қоса жеке тұлғаның

дамуына  негіз болады.Соған байланысты   заттық ортаны  мектепке дейінгі

педагогикалық  құрамның  бір бөлігі деп  айтуға  болады.

Заттық  ортаны  алдымен  қоршаған  ортадағы   болмысты   қабылдаумен

түйсіккенегізделеді.Айналадағы  қоршаған  ортаны, заттар мен құбылыстарды  көру,есту  қабылдау   арқылы   өзіндік   үрдістер:ес, қиял,

  ойлау  пайда  болады. Бір  нәрсені  еске  түсіру  үшін  алдымен оны  көруіне

есту керек.  Адамның  ақыл-ойының  дамуына қабылдау мәнді рөл  атқарады

әртүрлі  іс-әрекетте  әрқилы   тәжірибелік  істердің   реттеушісі  болады.

Көркемдік  шығармада  заттық ортаның  рөлі зор.Мысалы:музыкалық 

шығармаларды  музыкалық  есту  қабілетінсіз, бейнелеуді  нәзік  түстерді

қабылдаусыз,поэзияны  жетілген  тіл сенімінсіз  түсіну мүмкін  емес.

Психологиялық  дамуда  заттық үрдісінің рөлін  бағалай  отырып, белгілі

Бір біліммен дағдыны  меңгеруде   баланың жеке  қабілетін  ескеру  өте

маңызды.Ақыл-ой  және дене еңбегінің  барлық  түрлерінде, баланы

болашаққа  қоғамдық   іс-әрекетке  даярлауда,  оның  сезімдік   қабілетін

дамыту  қажет ,яғни  түстерді,  пішіндерді, дыбыстарды  дәл  және  дұрыс

айыра  білуге  үйрету, қоршаған  ортадағы  құбылыстардың   өзіндік

қасиеттерін   дұрыс  қабылдау  қажет. Сәбилік шақта айналадағы  қоршаған ортаның  үдемелі  дамуы  өте  маңызды  мәнге ие   болады.Дәл   осышақта

баланың  психологиялық  дамуының   негізі   қаланады.

Тақырыбы:Мүмкіншіліктері шектелген балаларды түзете-дамыту жұмыстарында Монтессори әдісін қолдану (шағын топтық жұмыс)

 Психикалық дамуы тежелген  топта өткен сабақ.(Монтессори әдісінде сабақ жоспарланбайды.)

Мақсаты:

  • балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
  • өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
  • балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Монтессори маман қолындағы  қоңырауды сылдырлатып:

-Ал,қанеки,балалар

Ойнайықшы сылдырмақ.

Әдемі, бізге сылдырлат,

Келесіге ойнап-ап,

Бере салшы сылдырмақ.

Қоырауды балалар сылдырлатып, бір-біріне береді. Бұл жерде балалар бір затты бір-біріне беруді, өзара қарым-қатынасқа түсуді үйренеді.

Монтессори маман: Жарайсыңдар балалар. Енді қалаған аймақтарыңа барып, қалаған жаттығуларыңмен шұғылдануға болады.

Балалар еркін қимылдап, қалаған Монтессори құралын алып, ойнай бастайды.

Сол кезден бастап Монтессори маман бөлмеге үнтаспадан жәй әуенді жіберді.

Маман: Балалар,сендер өздерің де білесіңдер әуеннің басталғаны сабақтың басталғанын, ал тоқтағаны аяқталғанын білдіреді.

I- бала Дамир.

Дамир саусақ бассейнін үстел үстіне әкеліп ойнай бастады.

Мақсаты: Ішіне әр түрлі ақ , қызыл фасолдар толтырылған ыдыстың ішіне жасырылған кішкентай ойыншықтарды табу.

Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы және есте сақтау қабілетін дамыту.

Маманға бірге ойнайық дегенді ишарамен түсіндірді.

Монтессори маман: Дамир, мынау ақ күшік пен қоңыр күшік. Мен осы күшіктерді бассейннің ішіне жасырамын, ал сен тауып аласың.

Дамир бар ынтасымен екі қолын тесік арқылы бассейнге салып, күшіктерді іздей бастады.Тауып алып маманға беріп, енді өзі жасыратынын, ал маманға көзін жұмуды ыммен түсіндіреді. Ойынның Дамирге ұнағаны сондай ол қайта-қайта осы ойынды ойнады. Осы ойыннан соң үстел үстінде тұрған қызғылт мұнараны құрастыра бастады.

Қызғылт мұнара.

Мақсаты:Көлемі әртүрлі кесектерден мұнара тұрғызу.

Жанама мақсаты: Көлемді көру арқылы қабылдауды дамыту.Үлкен-кіші деген ұғымдарды енгізу.

Райымбек маманның көмегімен мұнараны тұрғызып шықты.

II-бала- Әдемі.

         Әдемі үстел үстіне күнделікті өмір жаттығулары аймағынан  түймелі раманы алып келді.  

Түймелі рама.

Мақсаты: Түймелерді ағытып және тағып үйрену.

Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту, зейін тұрақтандыру.

Әдемі түймелі раманы жасап болғасын орнына іліп қойды.Содан соң ішінде пинцеті, моншақтары бар подносты алды.

Мақсаты: Пинцетпен моншақтарды ұстап ұяшықтарға салу.

Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Әдемі моншақтарды ұяшыққа салып болғасын қайтадан ұяшықтан алып ыдыстың ішіне салып қойды. Бұл Әдемінің келесі балаға дайындап қойғаны .

III-бала Бексұлтан сенсорлық аймақтағы жануарлар пазлдарын алып,ойнай бастады.

Жануарлар пазлдары.

Мақсаты: Тақтада орналасқан ат, құс, бақа, тасбақа бейнесін көріп қабылдау. Бейне алып тасталады, соны орнына қайтадан орналастыру.

Жанама мақсаты: Есте сақтауды дамыту және жануарлар туралы түсінік қалыптастыру.

Нұртас жануарлар пазлын ұқыптылықпен құрастырып, орнына қойды. Сосын математикалық аймақтағы математика үйін алып келді.

Математика үйі.

Мақсаты: Үйдің сыртына шыққан сандар мен пішіндерді үй қабырғасындағы орны арқылы үйге кіргізу.

Жанама мақсаты: Математиканы үйрену,моториканы дамыту.

Нұртас маманның көмегімен орындады.

Әуен тоқтады. Балалар сонда да жаттығуларын жалғастыра берді. Осы кезде маман қоңырауды соғып, Дамирді шақырды.

Маман: Дамир, қане  қоңырауды сылдырлатып, балаларға сабағымыздың аяқталғанын тағы да ескертіп қояйық. Содан кейін ғана балалар Монтессори құралдарын орнына қойып, топтарына беттеді.

Қорытынды                                                                                                            Заттарды тасымалдауға үйрену және қимыл-қозғалысты үйлестіру. Монтессори бөлмесінде еркін жүріп, қандай аймаққа баратындары өз еріктерінде екенін сезінді.         М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. 
Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі – ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Себеттегі қыстырғыштар

Жасы: 2-5

Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Зейінін шоғырландыру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.

Қажетті құрал-жабдықтар: Ағаш қыстырғыш қыстырылған себет. Себеттің шеті қалың болмау керек. Себеттің орнына қалың картонды алмастыруға болады.

Ойынның барысы:  Бала өзінің жұмыс орнына қыстырғыштар бар себетті қояды. Тәрбиеші балаларға қыстырғыштарды бірінен кейін бірін алып, үш негізгі саусақтарымен  себеттің шетіне қыстыруын ұсынады. Бала өздігінен жұмыс жасайды.

Түсініктеме: Бала жазуды бастамас бұрын, оның ұсақ қол қимыл қозғалыстары соншалықты  дамыған болу керек, яғни жазу құралын; қарындаш пен қаламды саусақтары жеңіл және нық ұстауы үшін. Қыстырғыштарды себетке бірнеше рет қыстырып және қайта алу арқылы жасалған қимылдар баланың оң және сол қолдарының саусақтарын өте жақсы жаттықтырады. Баланың қай қолымен жұмыс жасағанын бақылау арқылы оның оң және солақай екенін бақылауға болады. Бұны түзету қажет емес.

Түрлі-түсті тамшылар

Жасы: 2-5

Мақсаты: Ұсақ қол қимыл-қозғалыстарын дамыту.  Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Зейінін шоғырландыру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.

Қажетті құрал-жабдықтар: Мұздатқышта су қатыратын 12 ұяшықтан тұратын тұғырнама. Жоғарыда 4 ұяшықты бөліп тұратын көк, сары, қызыл түсті белгілер  белгіленген. Түрлі-түсті суы бар төрт  колба. Колбадағы  суы бар қызыл және көк түсті ас бояумен боялған. Әр колбада қалың резиналы қалпағы  бар пипетка. Кішкентай губка.

Жұмыс барысы:  Бала материалдарды алып өзінің алдына қояды. Колбадағы түрлі-түсті суды пипетканың көмегімен тұғырнама ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтарды түстеріне қарай бірте-бірте суға толтырады. Содан кейін осы пипетканың көмегімен суды қайтадан колбаға ауыстырады.

Түсініктеме: Пипеткамен жасалған жаттығулар баланың қол саусақтарының қосылыстарын дамытып қана қоймай, түстерді бөлшектеп, салыстырып және айыруға жаттықтырады. Сондай-ақ бұл жаттығуды психомоторлыққа жатқызуға болады.

                                                    Ұяшықтағы тамшылар                                                                                Жасы: 2-5 жас                                                                                                                   Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Зейінін шоғырландыру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.  Қажетті құрал-жабдықтар: Кішкентай ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама және пипетка. Суы аз ғана боялған колба тұр. Барлық  заттар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.                                                                                                                 Ойынның барысы:  Бала жабдықтары бар ыдыста өзінің алдына қояды. Ол пипетканы үш негізгі саусақтарымен қалпағынан қысып колбадан суды алады. Бала пипетканың қалпағын қысу арқылы суды тұғырнама ұяшықтарына ауыстырады. Тұғырнаманың барлық ұяшықтары толғаннан кейін пипетканың көмегімен тамшылар колбаға қайта құйылады.                                          Түсініктеме: Пипетканың қалпағын 3 негізгі саусақтарымен қысып және ашу арқылы бала осы жазатын саусақтарымен жаттығады. Жаттығу үзіліссіз назар аударуды, зейіннін шоғырлануын талап етеді.

Құмырадағы пипетка

Жасы: 5 жасқа дейін

Мақсаты: Екі қолдың қимыл қозғалыстарын дамыту. Зейінін шоғырландыру. Қосымша космостық тәрбиеге дайындау (физика)

Қажетті өқрал-жабдықтар: Ашық пластмассалы құмыра және сумен пипетка. Құмыраның іргесінде түрлі-түсті сызықтар жапсырылған. Құмыра сументолық толтырылады, ал пипетка-деңгейге дейін жіберіледі. Пипетка құмырадағы суда тік түрінде малтиды.құмыра қақпағымен жабылады. Ауызы жабылған құмыраны қысқанда ауа шықпауы қажет.

Түсініктеме: Осы жаттығуды орындау барысында баланың қол бұлшық еттері жаттығады, жазу жазуға қол саусақтарын дайындайды. Бұл жаттығуда екі қол бірге жұмыс жасайды. Қол саусақтарының дұрыс дамуы бастың оң және сол жақ ми қызметінің дамуымен байланысты, жаттығу өте көп болмағандықтан, екі қол бірге жұмыс жасайды, яғни екі жақ ми қызметі де дамиды.

Моншақтарды пинцетпен ауыстыру

Жасы: 2-5 жас

Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.

Қажетті құрал-жабдықтар: Кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама (платформа), кішкентай қысқыш (пинцет медициналық) және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ саны тең болу керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.

Жұмыстың барысы:  Бала бұйымдар бар ыдысты алдына қояды. Кішкентай қысқышты оң қолына алып, ыдыстағы моншақтарды тұғырнаманың ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтар толтырылғаннан кейін, керісінше моншақтарды кішкентай қысқышпен ыдысқа ауыстырады.

Түсініктеме: Бұл жаттығу қол қимылдарының үйлесуін жақсы жетілдіреді, бала кейін ұсақ әріптерді жазады. Жаттығу баланың зейінінің шоғырлануын және ішкі тыныштықты талап етеді. Бала жаттығу үстінде моншақты түсіріп алса, ол қате деп есептелмейді. Жіберген қатесін бала өз бетінше тузетуге алады.

Қайшымен қалай қияды

Жасы: 2-5 жас

Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстрын дамыту. Қолдың сүйек бұлшық еттерін жаттықтыру. Қолды жазуға дайындау.

Қажетті құрал-жабдықтар: Баланың  алдында қайшы жән түрлі-түсті қағаздары бар табақша. Қағазда қию сызығы белгіленген.

Жұмыстың барысы:  Бала оң қолына қайшы, сол қолына қағазды алып, кішкене бөліктер қияды. Кейін бала сызықтың бойымен қия бастайды және әр түрлі өрнектерді қиюға арналған күрделі қимылдар жасайды.

Түсініктеме: бұл жаттығу тікелей баланың қолын жазуға дайындауға арналмаған. Бірақ, қайшыны дұрыс ұстау және белгіленген сызықтарды қию дағдыларын игере отырып, бала қолына қарындашты дұрыс ұстауды және қағазды нақты сызықтарды жүргізуді үйренеді, қолы жаттығады.

Қатырма қағазды тігу

Жасы: 2 жас

Мақсаты: Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Қол саусақтарының қимылын жетілдіру. Үйлестік. Зейіннің шоғырлануы. Жазуға қолды дайындау.

Қажетті құрал-жабдықтар: Табақшада сызықтар салынған қатырма қағаздар. Балаларға жеңіл суреттер немесе күрделі суреттер болуы мүмкін. Салынған сызықтардың  бойында ине мен жіп өтетін нүктелер белгіленген. Сонымен қатар табақшада жіп және 1-2 жуан ине болуы тиіс.

Жұмыстың барысы: Бала алдында тұрған бұйымдары бар табақшадан өрнек салынған картонды таңдап алады. Бала тәрбиешінің көмегімен иненің тесігінен жіпті өткізеді, жіптің ұштарын бекітеді. Қағазда бейнеленген нүктелердің көмегімен өрнекті тігіп шығады.   

Түсініктеме: Кішкене балаға инемен  жұмыс жасау, жіппен сабақтау, жіпті бекіту өте қиын, сондықтан балаға бұл қимылдарды тек көрсетіп қана қоймай, оны төзімділікпен, баламен бірге жасау керек. Кейін балаға өз бетінше әрекет жасауды ұсыну. Баланың зейінінің жоғары деңгейде шоғырлануын, жинақталуын бақылауға болады. Осы жаттығу арқылы баланың қол саусақтарының қимылдары жетіледі, көз мөлшері және қимылдарының жүйелілігі дамиды.  Кейін бала қолына қарындаш алып, жазуға кірісе бастаған кезде бұның бәрі үлкен көмегін тигізеді.

Судағы жұмсақ ысқыш

  Жасы: 3-6 жас

   Мақсаты: Ұсақ-қол моторикасы дамиды. Қолдың алақан, сауасақтары      арқылы заттарды нық ұстауға дағдыландырады.                                                                Қажетті құрал-жабдықтар:  Табақшалар, жұмсақ ысқыш.

Жұмыстың барысы: Бір табақша бос, екінші табақша суға толы болады. Жұмсақ ысқышты (губка) суы бар табақшаға салып, екінші табақшаға алып келіп қысу қажет. Осылайша бос табақшаны сумен толтыру керек. Ал үстел үстіне шашыраған суларды жұмсақ ысқыштың көмегімен қалай сүртуге болатындығын көрсетіп үйрету керек.

Түрлі-түсті жұмсақ ысқыштар (губкалар)

Мақсаты: Ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Танымдық үрдісін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті жұмсақ ысқыштар, табақшалар, қысқыштар.

  Жұмыстың барысы:  Үстел үстіне суға және түрлі-түсті жұмсақ ысқыштарға толы ыдыс қойылады. Сол ыдыстың жанына тағыда қосымша ыдыстар қойылады, бала жұмсақ ысқыштардың  түсін ажыратып қысқыштың көмегімен түстеріне қарай жұмсақ ысқыштарды бөледі.

Күріш ұнтағымен жармалар

Мақсаты:  Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Баланың жүйке жүйесін тыныштандыру. Зейінін шоғырландыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: күріш ұнтағы, түрлі жармалар.

  Жұмыстың барысы:   Столға күріш ұнтағын салу, күріш ұнтағына тары жармасын, қарақұмық жармаларын салып араластыру. Бала сол күріш ұнтағынан негізгі үш саусақтың қимылы арқылы тары жармасымен сурет салу. Жаттығуды одан әрі қиындату үшін басқа да жармаларды күріш ұнтағына қосуға болады.

 «Сиқырлы елеуіштер»

Мақсаты: Баланың танымдық үрдістерін дамыту. Эмоционалды көңіл-күйін тұрақтандыру.

Қажетті құрал-жабдықтар:  електер, манка ұнтағы, жармалар.

  Жұмыстың барысы: Ыдыста манка ұнтағы мен күріш араласып салынған. Манка ұнтағынан күрішті бөліп алу үшін баланың кішкентай қолдарының икемі де келмейді. Сол себепті бізге бұл жерде елеуіштің көмегі қажет. Манка ұнтағы мен күрішті елеуіштен өткізіп манканы бір бөлек табақшаға, күрішті бір бөлек табақшаға бөліп аламыз. Олардың бөлінуі балаға бір жағынан сиқыр арқылы жасалғандай көрінеді.   

«Манка ұнтағының тақтасы»

Мақсаты: Баланы жазуға, көркем сурет салуға дағдыландыру. Қиялын дамыту. Ұсақ-қол моторикасын дамыту. Саусақтарын жазуға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: шыны ұстел, манка ұнтағы.

Барысы: Арнайы шыны үстелдің үстіне манка ұнтағы себіледі, сол манка ұнтағына бала әріптер жазады немесе өз еркімен әр түрлі суреттер салады.

«Түрлі түсті жіптер»

Мақсаты: түстердің атауларын меңгерту, ойлауын дамыту

Қажетті құралдар: оралған түрлі-түсті жіптер.

Себетке түрлі-түсті жіптер салынады, оларды жұптастыру қажет. Бірінші кезеңде бала 2 қызыл, 2 сары, 2 көк жіпті табуы керек.

Педагог немесе кез келген ересек адам балаға қалай жіптерді түсіне қарай жұптастыруға болатындығын көрсетеді. Мысалы, алдымен екі қызыл оралған жіптің үстіне көк, содан кейін сары жіптер қойылады, бала реттілікті сақтай отырып қатарды қайталауы қажет. бала жаттығуды орындай отырып, жүптің түсін атай білмеуі де мүмкін.

Бала түстерді меңгеруі үшін үш сатылы Монтессори сабағы жүргізіледі.

Бірінші кезең: педагог жіптердің түстерін атап шығады, бала қайталайды.

Екінші кезең: педагог баладан аталған түсті жіпті беруді сұрайды: «Қызыл жіпті бер», т.б. Үшінші кезеңде педагог «ана жіпті беріп, түсін ата» деген ғана нұсқау береді.

Бұл жаттығу сөздерді енді меңгере бастаған  2-3 жасар балаларға лайықты түстерді меңгерту ойынын ойнатуға болады: күлгін, қызғылтсары, көгілдір, сұр т.б.

Топпен ойнатқанда «Жұбыңды тап» деген атаумен ойнатуға болады. Балалар шеңбер бойымен отырады. Әрқайсысында түрлі-түсті оралған жіп бар. Педагог кез-келген балаға өз жібін ортадағы үстелге қоюды ұсынады. Дәл сондай түсті жібі бар екінші бала орнынан тұрады. Балалардың түстерді ажырата алатынын байқаған соң, өз жіптерінің түсін айтуды сұрауға болады.

Бұл ойынның бастапқы кезеңі

Бұдан әрі ойынды әрқалай қиындатуға болады. Мысалы балалар топта еркін қозғалып жүреді. Белгі берілген соң олар тез «түрлі-түсті» жұп құрулары керек. Ең соңғы жұптасқан балалар ойыннан шығады.

Балаларға жоғарыдағы нұсқаны көзді жұмып орындауды ұсынуға болады.

«Қоңыраулар»

Мақсаты: есту қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: түрлі дыбыстар шығаратын бес қоңырау.

Қоңыраулар баланың алдындағы үстелге қойылады. бала көзі орамалмен байланады. Педагог кез-келген қоңырауды алып сылдырлатады. Бала көзін ашып әр қоңырауды сылдырлатып көреді. Қай қоңырауды сылдырлатқанын табуы керек.

«Дыбыстаушы заттар»

Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту;

Қажетті құралдар: әртүрлі дыбыстар (сылдыр, даңғыр, тықылдау) шығаратын заттар

Барлық заттар себетке салынады. Мысалы: оралған газет, жаңғақ салынған банка т.б. Педагог олардың дыбыстарын балаға естіртеді. Бала заттарды қарап шығып, олардың дыбыстарына құлақ түреді.

Бұдан кейін педагог екі балаға жұптасып жұмыс істеуді тапсырады.

Балалардың бірі бастаушы болады. Оның көзін байлайды немесе серігін көре алмайтындай етіп бетін бұрып отырғызады. Көзі ашық бала себеттен кез-келген затты алып оның дауысын екіншісіне естіртеді, ал бастаушы қай заттың дыбысы екенін табады. Екі бала өзара орын ауыстыруыларына болады.

Балабақшада Монтессори тобы қалай құрылады.                                          

 Монтессори жүйесінің классикалық варианты 3 жастан бастап оқыту жүргізуді болжайды. Балабакшадағы әр топ – бұл отбасы, онда 3-12 жасар балалар сабақпен айналысады. Олар бірге оқиды, бірге үйренеді.

Марияның байқауынша, балалар баска балаларды ересектерден гөрі жақсы оқытады. Бұл байқауды пайдалана отырып, Мария өз сыныптарын түрлі жастағы балалармен топтастырып, екі топқа бөлді. Бірінші – 3-6 жасар балалар, екінші топта – 6 – 12 жасар балалар болды. Олардың міндеттері әртүрлі. Алты жасқа дейін бала өз санасын жасайды, алты жастан кейін мәдениетті белсенді меңгереді. Егер балалар өз қарқыны бойынша ақыл қосса, ал мәдениетті түрлі формалар мен бағыттарды меңгеруі қажет.

Монтессори-топта балалар саны 15-20 адам болған тиімді болып табылады. Балабақша-мектептегі сабақтар топтық емес. 3-5 жасар балаларға арналған топтағы топтық сабаққа 15 минут жұмсалады.

Өмірдің негізгі тәсілі – қоршаған ортаның заттарымен еркін жұмыс жасау. Бұл көшеге де, үйге де, балабакшаның барлық бөлмелерін – асхана, шешіну бөлмесі, т.б. барлығына қатысты. Екінші топқа көмек көрсету күрделірек, сондықтан әлемде 6-12 жасар балаларға арналған сыныптар аз, ал 3-6 жасар балаларға арналған сыныптар саны көп. Әлемнің кейбір елдерінде (АҚШ, Нидерланды) Монтессори мектептері көп.

Қолданылған әдебиеттер: 

  1. [Мария    монтессори: Дом  ребенка]
  2. [«Сарыарқа  самалы»   газеті  авторы   Ержан  Абенов]
  3. [Мария  монтессори:  Помоги  мне  сделать  это  самаму]
  4. [Е. Хилтунин   упражнения  с  монтессори – материалом]
  5. [Сумнителная  С.Ш  Мне  сделать  это  самаму?]

                          Тақырыбы:«Жемістер»

                                   /Ашық сабақ /«Балапан тобы»

                                                          Тәрбиешілер: Мырзағалиева Қ.М.

Степногорск қаласы

2019 жыл

Мақсаты:  Балаларға  жемістер  туралы  түсінік  беру, Жемістер туралы білімдерін бекіту. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұматтар беру.
Білімділік:   
«Жемістер» сөз туралы түсінік беру; жемістердің санын, түрлерін ажырата білуге үйрету.                                              

  Дамытушылық: Қабылдауын, есте  сақтау қабілеті, зейінін  дамыту.                                                                                                     Тәрбиелік:  Достарына, туыстарына қамқорлық көрсетуге, бөлісе білуге тәрбиелеу. .                                                                                             Көрнекілік:  Жемістердің суреті, мульяждар, қалта, және себетке салынған  жемістер.

Билингвизм: Жемістер-фрукты, алма-яблоко, жүзім-виноград, алмұрт-груша., слива-қара өрік.

Тәрбиеші: Балаларды ортаға шаттық шеңберіне шақыру.

Шаттық шеңбері.             Тоңазып атырап,

                                             Көп жеміс піседі

                                             Сарғайып жапырақ,

                                             Саудырап түседі

                                             «Күз-жомарт»- дейміз біз,

                                              Жемісін жейміз біз.

Балалар орындарына отырады.

– Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?

-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

-Қандай жемістердің түрлерін білесіңдер?.

-Алма, алмұрт, өрік , шие, шабдалыны  не деп атаймыз ?-Жемістер

-Жемістер қайда өседі ? -Ағашта

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар

Тәрбиеші: Балалар,  жемістерді көбірек жеп тұру керек. Жемістердің құрамында көптеген дәрумендер болады,ол адамның деңсаулығына өте пайдалы.  Алманың- құрамында су, қант қышқылы  адам ағзасын ауыр металлдардан тазартуға, қан бұзылуын және жүрек аурын емдеуге көмектеседі. Ол терімен шырышты қабаттың қалыпты қалпын сақтайды, көру қабілетін жақсартады. Алмұртта витаминдері бар. Имунитетті көтереді. Депрессиямен күреседі.   Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Балалар  жемістер туралы біраз мағлұматтар алдық, енді осы жемістердің орыс тілінде аудармасын айтып көрейік.

Тәрбиеші : балаларға жемістердің салынған суретін көрсетіп оларды атап беруін сұрайды және орыс тілінде аудармасын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Алма-яблока, алмұрт-груша, жүзім –виноград, шабдалы-персик, өрік-урюк, қара-өрік-слива , жеміс-фрукты, құлпынай-клубника, ананас-ананас,шие-вишня. лимон.

Түстері: қызыл-красный, сары-желтый, қара-черный, күлгін-фиолетовый.

-Өте тамаша, балалар жарйсыңдар!

Ғажайып сәт:

-Осы кезде есік қағылып, қонақ  келеді.

-Тыңдаңдаршы, бізге біреу келіп тұр.

-Қонаққа  Майра апай келеді. (қолында себетке салынған жемістері бар) Майра апай сәлеметсізбе! Төрлетіңіз. 

Балалар Майра апаймен амандасады.

Майра апай балаларға арнап жемістер әкелгенін айтады.

Балалар жемістер жайлы тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:(әр бала жемістер киімінде).

Ажар:                                   Іші толған шәрбәт,

                                                Дәмі қандай әйбәт.

                                                Үзесің бірден жүзін,

                                                Менің атым-(ЖҮЗІМ)

Аңсар:                                    Пісетін кезі дәл күзде,

                                                Мезгілсіз оны ұзбе.

                                                Аузыңнан кетпес бал дәмі

                                                Менің атым- (ШАБДАЛЫ)

Айбек.К:                                     Өрік,алма,шие.ағашы

                                                 Жеміс-жидек  піседі.

                                                 Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз,

                                                 Дүкендерге  түседі.

Айлин:                                     Мен шиемін,шиемін,

                                                  Күннің көзін сүйемін.

                                                  Қышқыл  шырын менде бар,

                                                  Басымды  төмен  иемін.

Әлижан:                                Жапырақты  тасалап,

                                                  Өскен жері бақша-бақ.

                                                  Күрең қызыл шіркін-ай,

                                                  Оның аты – құлпынай.

Дина:                                      Жүзім пісті бір-бірлеп,

                                                  Үзіп мәзбіз біз енді.

                                                  Қоңырауы күмбірлеп

                                                  Қыркүйекте  күз келді.

Айбек:                                    Алма кетті домалап

                                                  Көше бойын жағалап.

                                                  Кім алманы табады,

                                                  Сол ойыннан шығады.

Бағлан:                                   Жұлып едім жүзімді,

                                                  Жүзі бірден үзілді.

                                                  Жүзінде  жеп қойыппын

                                                  Өзім  әбден тойыппын.

Кәусар:                                   Бір тістеп өзім алғанда

                                                  Дәмі аузымда қалғанда

                                                  Домалатып жеймін мен

                                                  Күнде  қызыл  алмамды.

Әлишер:                                  Көктем келе бүрлеймін,

                                                  Ең алдымен гүлдеймін

                                                  Шілде болмай пісемін,

                                                  Дастарханға түсемін.

Тәрбиеші :Балалар жемістер туралы тамаша тақпақтар айттыңдар, кәне ,енді ойын ойнап көрейік.

Ойын:  «Дәмін татып, не екенін тауып көр»

Ойын шарты: Тәрбиеші жемістерді жуып бөліктерге бөліп, балаларға көздерін жұмуды ұсынып, кезекпен жемістердің бөліктерін ауыздарына салады.

Сенің аузыңдағы не? Алма ма, әлде алмұрт па? Тауып көр.

-Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Кір қолмен жемістерді ұстауға болмайды.

Дидактикалық  ойын «Ғажайып қалта»

Шарты:  Қалтаның  ішінде әр түрлі жемістер бар .Қалтадағы  жемістерді танып, атын және түсін ,  атап айту.

-Жарайсыңдар, балалар! Ойынды жақсы ойнадыңдар.

Сергіту сәті: (қимыл-қозғалыспен орындайды).  J

                                                   Алма, алма, көп алма,

                                                   Қызыл, жасыл, көк алма

                                                   Теріп, теріп алайық,

                                                   Қалтамызға салайық

Майра апай : Балалар, мен сендерге арнайы бау-бақшадан жемістер жинап әкелдім келдім, дәмін татыңдар.Ал, балалар, мен енді қайтайын. Тамаша жемістер туралы тақпақ айттыңдар,қызықты ойын ойнадыңдар.Сендерге көп-көп рахмет.

Сау болыңдар, балалар.

Балалар Майра апаймен  қоштасады.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау:

Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрайды.

Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітіп,  оқу іс-әректін қорытындылайды..Бүгін бізге қонаққа кім келді? Алманың құрамында қандай дәрумендер бар екен?  Қандай жемістермен таныстық?  Балаларды мақтап, мадақтақтайды.

Меңгереді: Жемістердің өзіне тән сипаттарын анықтай білді, және орыс тілінде аудармаларын.

Түсінеді: Жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар екенін және денсаулыққа пайдалы екенін түсінді.

Қолдануы: Жемістер туралы дидактикалық материал, Ғажайып қалта  ойыны, дидактикалық ойын.,шаттық шеңбері, сергіту сәті.         

 Дайындаған: Илясова Клара Сагатбековна

Ата-аналармен қонақжай.

Тобы: «Балапан»

Тақырыбы: «Балабақша мен отбасы»

Мақсаты: Ата – аналардың  өзара қарым – қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым – қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарты жұмыстарын жүргізу. Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен  қарым – қатынасын жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

Көрнекіліктер: Жазылған  плакаттар, мақал – мәтелдер, шарлар, алмалар, ағаш, үнтаспа, қағаз, қалам.

Әдістері: Пікір алмасы, сұрақ – жауап, психологиялық жаттығулар.

  1. Шаттық шеңбері.
  2. Танысу.
  3. Ойын «Кім жылдам?».
  4. Психологиялық тренинг.
  5. Ойын «Балама қандай жылулық беремін?».
  6. Би «Домбыра» биі.
  7. Жаттығу «Жанұя бақыты».
  8. Жаттығу «Тілек шамы».
  9. Ой түйін «сиқырлы жүрек».
  10.  Қорытынды.

Шаттық шеңбері: Ата – аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек.  Шеңберге тұрып, бір – бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атайды. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Танысу: Әр ата – ана өзін таныстыру керек.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ата – аналар ортаға шығып өз балаларымен бірге аяқ киімді баулайды.

Психологиялық тренинг:

Ойын: «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны.

Нұсқау. Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата – аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бір неше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын,мейірімін уақытын таңдамай, орын  таңдамай сыйлап жатыр. Біз  де, ата – атаналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек. 

Би: «Домбыра биі»

Жаттығу: «Жанұя бақыты» жаттығуы.

Мақсаты: Ата – ананың бала » тәрбиесіндегі  қарым – қатынасы туралы түсініктерін беру арқылы ата – аналардың білімін көтеруге көмектесу.

«Жанұя бақыты»  атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата – ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетір, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

«Сөйлемді аяқта» әдістемесі.

  • Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
  • Отбасы бұл…
  • Отбасым бақытты болу үшін…
  • Мен қалар едім отбасымның…
  • Біздің отбасы…

Жаттығу: «Тілек шамы».

Мақсаты: Ата – аналар өткізілген қонақжай туралы өз пікірлерінортаға салады, жазбаша түрде жазып қалдырады.

Құрметті ата – аналар!  Біз сіздермен жанұядағы ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы ұшақ ұя – жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Ой – түйін: «Сиқырлы жүрек »

Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналу қажет.

Қорытынды:

Ата – анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой – өлкесі, – деп абай атамыз ата – ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата –аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» – деп ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп ,еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен балабақша тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің  ұл – қыздары  жан – жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Тәрбиешілер: Бектибаева Акбобек Жангабулаовна

                          Мырзағалиева Кымбат Мырзахановна