Тәрбие сағаты “Жаса,гүлден,Тәуелсіз Қазақстан! “


 

Т.Позолотин атындағы №1 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Еркалина Гульнар Камашовна



Мақсаты: Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы мағлумат беру.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,балаларды туған жерін, Отанын қастерлеп,сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
Мемлекеттік рәміздер,Қазақстан картасы,, Тәуелсіздік күніне арналған нақыл сөздер түрлі қанатты сөздер.«Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні», Желтоқсан құрбандарының суреттері, қабырға газеттері, буктемелер, компьютер,экран/слайд-шоу/,шарлар.

Барысы:

Қош келдіңіздер,құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар!Сіздердің назарларыңызға 5-ші сынып оқушыларының қатысуымен өтетін Жаса,гүлден,Тәуелсіз  Қазақстан! атты тәрбие сағатын ұсынамыз.

1-ші жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін,егеменмін,дербеспін.

Ән «Жаса,Қазақстан» 

2-ші  жүргізуші:      Бүгін қазақ халқы өзінің көптеген аңсаған арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Халқының ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

1-ші оқушы: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде т ұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Репрессия құрбандары жайлы слайдттар көрсетіледі.

2-ші оқушы
Қазақстан ! Туды алтын дәуірің ,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным !

1-ші жүргізуші:  Қазақ халқының бастан кешкен қасіретін сөзбен айтып жеткізу өте қиын.
Алашты бір тудың астына біріктірген Абылай хан, қазақтың тура билері Төле, Әйтеке, Қазыбектердің, ержүрек батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлардың аңсаған азаттығын алуды көксеген Алаш зиалылары «халық жауы»аталып, атылып кете барды.
Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

2-ші  жүргізуші:        

Сонымен, тәуелсіз елміз. Бұл-үлкен мәртебе.  Біз осы тәуесіз елдің ұланымыз, болашағымыз. Елімізді, жерімізді сүйеміз. Ендеше келесі кезекші біздің көрермендерге береміз. «Жорға» кезеңі:

1.Біздің мемлекетіміздің негізгі заңы?

2.Мемлекеттік рәміздерді атаңдар?

3.Мемлекеттік тудың авторы кім?

4.Ел-Ордамыз қай қала?

5.Астана Қазақстанның нешінші астанасы?

6.Қазақстанда неше облыс бар?

7.Қазақстанның Президенті Н.Ә Назарбаев қашан сайланды?

8.Республика күні қашан тойланады?

9.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

10.Қазақстан қандай мемлекет?

1-ші  жүргізуші:

Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып күрметті оқушылар «Жорға» кезеңіне қатысып білімдеріңді ортаға салдыңдар көп рахмет .

3-ші оқушы

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Ән «Туған жер» 

4-ші оқушы

Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті бостандықты иеленгендер.

2-ші  жүргізуші:  Міне, көрдіңіздер ме, балаларымыздың армандары да асқақ.

Құрметті көрермендер! Бізге бөлінген уақыт та аяқталуға жақын қалды. Егеменді еліміздің болашағы, армандары асқар таудай – сіз бен біздің балаларымыздың өнерін тамашалауға келген сіздерге, көп рахмет! Елдің ертеңгі ұрпағы бақытты болсын! Оқушылар барлығымыз да бақытты болуға жаралғанбыз. Ендеше, өз бақыттарыңызды бағалай отырып, лайым бақытты болайық.

Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Осымен ашық тәрбие сабағымызды  қорытындылаймыз!

Назарларыңызға «Қазақстан»атты фильм көрсетіледі.

1-ші -жүргізуші: Бүгінгі кештің қорытынды сөзін әдістеме бірлестік жетекшіміз Әсенбаева Алмагүл Сайранқызына береміз.

 

Метки: , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *