Ерке төлдер «Қозы мен лақ»


Рысбай Гүлзада Тыныштыққызы

КМҚК «Ертөстік» бөбекжайы тәрбиешісі

Рысбай Гүлзада Тыныштыққызы.

 Қарағанды облысы.

 Жезқазған қаласы.

 ҚМҚК №13 «Ертөстік» бөбекжайының тәрбиешісі.

ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Ерке төлдер «Қозы мен лақ».

Мақсаты: үй жануарлары мен олардың төлдері туралы түсінік беру.

 Білімділік: балаларды үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту,оларды бір-бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды  үйрету.

ә) Дамытушылық:үй жануарларының дыбыстарына дұрыс еліктеуін қадағалау,,есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту, ұсақ қол маторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасауды қалыптастыру. Ойын барысында балалардың сөздік қорларын, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын дамыту.

б) Тәрбиелік: үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Жасайды: суреттен үй жануарларын  көрсете отырып, олардың төлдерінен  ажыратады.

Түсінеді: үй жануарларын және олардың төлдері туралы мәліметті.

Қолданады: қағаздан умаждап, белгілі бір пішінге келтіріп, оны кеңістікте дұрыс орналастыруды.

 Қолданылатын көрнекі құралдар:үй жануарларының төлдері мен суреттері,атрибуттар, үлгі суреттер, үлкен және кіші көлемді қағаздар.

Сөздік жұмыс: қозы мен лақ.

Билингвальді компонент: қой–овца, қошақан–ягнëнок,   ешкі-коза, лақ- козленок.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.әңгімелесу.

Оқу қызметінің кезеңдері                 Тәрбиешінің іс-әрекеті
    Мотивациялық-қозғаушылық Балаларға шеңбер болып тұруды ұсынады.                                          Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың. Бұлтыйып тұр бүйірің,                                         Қай өрістен тойдың                                         Секең-секең, ей лақ, Жүрмін саған кейіп-ақ,     Тыным тапсаң болмайма?                                         Секірмей-ақ кей уақ.
      Ұйымдастыру-шылық-ізденістік – Балалар, сендерді ата – әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
– Балалар: ботақаным, қозым, құлыным, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата – әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша! (Осы кезде ата кіріп келеді.)
Бақташы ата: амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
– Бұл қай жер екен?
– Балабақша.
– Қандай балабақша?
-«Ертөстік» балабақшасы.
– Естілмейді қандай балабақша?
-«Ертөстік» балабақшасы.
– Мен төлдерімді  іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді.  көрмедіңдер ме?
Балалар: Жоқ, көрмедік.
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде төлдер туралы айтып жатыр едік. Бірге болыңыз. Сіздің де төлдеріңіз табылып қалар. -Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? -Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз?  Қолда ұстайтын, адам күтіп бағатын жануарларды үй жануарлары деп атаймыз. Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні, терісі-киім. Естеріңе түсіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз? -Ия дұрыс. Қозыны еркелетіп қошақан, ботаны- ботақан, құлынды-құлыншақ деп атайды. Мынау ешкі. Қасындағы төлдері лақтар. -Енді атай біздің балаларымыздың дайындаған «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін тамашалаңыз. (Балалардың қатысуымен «Жеті лақ» ертегісі сахналап көрсетіледі).   Билингвальді компонент: қой–овца, қошақан–ягнëнок,ешкі-коза, лақ- козленок. Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты. (Үнтаспадан дыбысын тыңдатады.)  Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды екен.
Сүйінші, сүйінші ата сіздің қозыңызды тауып алдым.
Рахмет, балам өркенің өссін!. Балалар, бұл менің қозым. Қане, балалар ұстап көріңдерші. Қандай екен?
 Сүйкімді, әдемі, кішкентай.  Кім қошақан туралы  тақпақ  біледі?   Қошақаны қойдың,    Қайда қалып қойдың.      Бұлтыйып тұр бүйірің,  Қай өрістен тойдың.   Қой сүйеді баласын қошақаным деп, Ештеңені білмейтін «момыным» деп.                             Ешкі сүйеді баласын лағым деп, Тастан тасқа секірген «шұнағым» деп.  
–Осындай әдемі қошақандарды қазір қағаздан жасап көреміз. Ол үшін балаларға үлгі суретті көрсетіп таныстырады, әр балаға жайылымдағы қошақандардың суретін таратып береді. Ақ түсті қағаздан үзіп алып, қошақандардың бұйра жүндерін жасаймыз деп түсіндіреді. Ақ қағазды бөліп алып, алақан арасына салып умаждап, оны қошақандардың үстіне жапсырады. Осылайша қошақанды жасап шығады. -Жолдасбек,сенің қозың өте жақсы шығыпты. Осы қозыңды атаға сыйлыққа бере ғой. -Жарайсыңдар балалар, қошақанды өте жақсы жасадыңдар.  Ал, енді орнымыздан тұрып сергіп алайық.                    Сергіту сәті.   «Қошақаным» әнінің музыкасымен қимыл қозғалыс жасатады (секіреді, жүгіреді, отырады, бастарын түйістіріп сүзіседі т.б.). Бақташы ата: ой рахмет балалар, мен де сергіп қалдым.Енді қайтайын.Жақсы сау болыңдар.
Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!
Қане, балалар  атамен қоштасайық Төлдерін тап ойыны. Кинезиологиялық жаттығу.  
        Рефлексиялық-түзетушілік Сұрақ жауап арқылы балалардың түсінгендерін сұрау. -Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? -Қандай үй жануарларын білесіңдер? -Балалар біз бүгін не жасадық? -Сендер қошақанның бұйра жүнін неден жасадыңдар? -Малдардың төлдерін қалай атаймыз? -Қойдың төлі қалай аталады? -Ешкінің төлі қалай аталады? -Балалар, жеті лақ ертегісіндегі қасқыр қандай? Жақсы ма, жаман ба? Балалардың түсінгеніне қарай , жақсы қатысқанына қарай баға беру, мадақтау.