Металдардың химиялық қасиеттері


Кыздарбекова Акжибек Орынбаевна

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі химия пән мұғалімі

Металдардың химиялық қасиеттері  (ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Металдардың химиялық қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділіктерімен  ой-өрісін  дамыту, өз бетімен еңбектену іскерлігін арттыру.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ, баяндау-әңгімелесу.

Сабақтың тегі: жаңа сабақ, жаттығу есептер шығару, тақырыптық қайталау.

Сабақтың әдісі: жобалау технологиясы, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау.      

Сабақтың тәсілі: жалпы сыныпен, жеке оқушымен.

Көрнекі құрал-жабдықтар: Ақпарат құралдар, элементтердің периодтық кестесі, металдар түрлері, қышқыл, тұз, мультимедия, «лабораториялық жұмыстар»

Сабақтың барысы:    

І. Ұйымдастыру  (Оқушыларды түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру,

  бағалау   парағы бойынша оқушылар өз өзін бағалайтынын ескертіп өту)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І кезең «Сергіту» кезеңі 

І тапсырма  «Сандарды сөйлетейік» ойыны

( І, ІІ, ІІІ ),  ІҮ – ҮІ ,    І-ҮІІІ,   22,    +1 – +3,   0,5 ,  22,  26

Жауабы:

І,ІІ,ІІІ   топтың негізгі топшаларында Н пен В басқасы металдар

ІҮ-ҮІ топтың негізгі топшаларының төменгі сол жағында орналасқан элементтер – металдар

І-ҮІІІ топтардың қосымша топшаларында металдар орналасқан

80 – химиялық элементтердің 80 астамы металдар

22 – титанның реттік саны

+1 — +3  металдардың период бойынша тотығу дәрежелері +1 ден +3 ке дейін артады

0,5 жеңіл метал Литийдің тығыздығы

22  ауыр метал   висмуттың тығыздығы

26 темірдің реттік саны

      ІІ тапсырма   «Ой шақыру»                                                                                    

      1.Металдардың физикалық қасиеттеріне ассосация құру :   ең  оңай балқиды,   қиын балқиды.     Ауыр, жеңіл.     Жұмсақ, қатты. 

  1. Металдық байланыс дегеніміз не?

      ІІ кезең    «Мағынаны ажырату» Металдардың химиялық қасиеттері  

                 Б.Ү. Б  кестесін толтыру

   Білемін   Үйрендім  Тереңірек білгім келеді
     

 Оқулықпен жұмыс

           Жоба:

  1. Металдар күшті тотықсыздандырғыш
  2. Металдар әрекеттесуі:

Жай заттармен              Күрделі заттармен

  1. Металдардың электрхимиялық кернеу қатары

ІІІ кезең  «Ғажайып тәжірибелер»

        1  Металдардың жай заттармен әрекеттесуі; Метал электрондарын беріп,

   тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді

  1. 2Ca + O2 = 2CaO
  2. Na + Cl2 = 2NaCІ

Металдар- тотықсыздандырғыш.     Бейметалдар – тотықтырғыш.

Металдардың электр химиялық кернеу қатарында металдар тотықсыздандырғыш қасиеттерінің кемуіне қарай орналасады.

1. Тәжірибе « Металдардың сумен әрекеттесуі» (Электронды оқулықтан)

Металдардың сумен әрекеттесуі:

2Li + 2H2O = 2LiOH + H2

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

2K + 2H2O = 2KOH + H2

  1. Магнийге дейін орналасқан металдар кәдімгі жағдайда сумен әрекеттесіп, сутек бөліп шығарады және өзінен кейін орналасқан металдарды олардың тұздарынан ығыстырады.

2.тәжірибе Металдардың қышқылмен әрекеттесуі.Мультимедиядан қарау

HCl + Zn = ZnCl2 + H2  — тез жүреді.

HCl + Fe = FeCl2 + H2 – баяу жүреді.

HCl + Cu = жүрмейді.

Электро химиялық кернеу қатарында  сутекке дейін орналасқан металдар қышқыл құрамыныан сутекті ығыстырып шығарады.

  1. Металдардың тұздармен әрекеттесуі. (Электронды оқулықтан)

CuSO+ Zn → ZnSO4 + Cu       реакция тез жүреді

CuSO4 + Fe → FeSO4 + Cu         баяу жүреді

FeSO4 + Cu →                              жүрмейді.

Белсенді металдар өзінен белсенділігі төмен металды олардың тұзынан  ығыстырып шығарады. Мыс сульфаты ерітіндісінде  белсенді металдар ерітіндіден  мысты ығыстырып оның орнын басады, нәтижесінде тұз түзеді

ІҮ  кезең:     Сабақты қорыту   “Ой толғау”

  1. Есепті шығар.

             2 гр. мырышты еріту үшін күкірт қышқылының қандай массасы керек?

  1. Темір сульфаты мына металдардың қайсыларымен әрекеттеседі: алюминий, мыс, қалайы.
  2. Б.Ү.К кестесіне қайтып оралу.  Оқушыларды бағалау

          ҮІ      Үйге тапсырма:

  • 28.     3-5 жаттығу.
  • Металдар және олардың қолданылуы туралы мәліметтер жазып келу.