«Этностильдегі Ұлттық бас киімді безендіру (сәукеле)»


 Омарова Сагдат Бакеновна

Степногорск қаласы, Ақсу кенті«Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» КММКөркем еңбек және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі                                  «Степногорск қаласының білім бөлімі» ММ                                                                                                                                                                                                                                                      «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

Тақырыбы:                                                                                «Этностилдегі ұлттық бас киімдерді сәндеу (сәукеле)»

25.12.2019

Омарова  Сагдат Бакеновна, көркем еңбек және өзін-өзі тану пәндерінің жоғары санатты мұғалімі, педагог-зерттеуші

Көркем еңбек пәнінен шығармашылық сабақтың

қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сәндік қолданбалы өнер Мектеп:   «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» КММ
Күні: 20.11.2019   Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Сагдат Бакеновна
Сынып: 8 Қатысқандар: 10 Қатыспағандар: 0
Сабақтың тақырыбы Этностильдегі ұлттық бас киімдерді (сәукеле) әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу
Оқу мақсаты 8.2.3.3.Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану. 8.2.6.1. Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалана алады.
Кейбір оқушылар:
Шығармашылық жұмыстарды әшекейлерді пайдалана отырып, сәндей алады.
Бағалау критерийлері   Қазақ ұлттық мәдениет элементтерін шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қолдана алады.
Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын біледі және сақтық шараларын сақтау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалана алады.
Әр түрлі шығармашылық жұмыстарды түрлі әшекейлермен сәндей алады.
Тілдік мақсат   Пәнге қатысты сөздік  қор  мен  терминдер : декоративті лента, бисер, әйнек моншақтар, ұсақ моншақтар, стеклярус, ызба, таспа, бау, лента т.б.
Құндылықтарға баулу     «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы. Жалпыадамзаттық -5-құндылық. Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлттық құндылығымызды бағалауға баулу.
Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері, математика
Алдыңғы оқу Шығармашылық жұмыстарды орындау (сәукеле жасау т.б) Қазақтың ұлттық киімдерінің қандай ерекшеліктері бар? Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы туралы не білесіңдер? «Этностиль» дегеніміз не? Біздің салт-дәстүрімізде қандай ұлттық рәсімдерді білесіңдер?
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы 1 минут   1-2 мин                           2 минут   Ұйымдастыру  кезеңі Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар алдыңғы сабақтағы топ құрамымен жұмыс жасайды. «Өткенге шолу» 1.Баскиімнің өлшемін алу үшін қандай өлшемдер қажет және шартты белгіленуі? (Көлденең алынған бас айналымы және көлденең өлшем, Ба.к және КӨ шартты белгіленуі) 2.Көлденеңінен алынған бас айналымы қалай алынады? (Сантиметрлік таспамен басты айнала маңдай бөлігі бойымен, құлақтың үстімен, желкенің ең шығыңқы жерінен көлденең өлшенеді. Қастан 1,5-2,5 см жоғары алынады) 3.Көлденең өлшем қалай өлшенеді және ол өлшем не үшін алынады?(См таспамен құлақ үстінен бастың еі жоғарғы нүктесі арқылы екінші құлаққа дейінгі аралық өлшенеді және бұл өлшем баскиімнің тереңдігін анықтауға қажет) (ҚБ) Қызығушылықты ояту. Бейне көрсетілім. 1. Біздің салт-дәстүрімізде қандай ұлттық рәсімдерді білесіңдер? 2. Қазақтың ұлттық киімдерінің қандай ерекшеліктері бар? 3. Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы туралы не білесіңдер? 4. «Этностиль» дегеніміз не? «Шеберлер», «Ісмерлер» «Дизайнерлер» -деген сөздер жазылған қағаздар                           Дескрипторларға бағалау жасау
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау 3 мин                     1 мин.           Жаңа сабақты түсіндіру 1 минут   Кім жылдам? Берілген уақыт ішінде әр топ жобалық бұйымды сәндеуге байланысты сөздер мен сөз тіркестерін мүмкіндігінше көбірек жазуы қажет, мысалы, сәндеу материалдары, жасау техникасы т.б. бисер, фольга, меруерт, ызба,  бау, кесте, жапсырма және т.б. Әр топ шығармашылық жұмыстарына байланысты кезекпен өз сөздерін айтады, қай топта сөздер көп айтылса, сол топ жеңімпаз болып саналады. Бұл ойынның сөздерін партадағы түймедақ гүлінің жапырактарына жазады, гүл жапырақтарын оқу бөлмесінің қабырғасына орналастырылған түймедақ гүлін сәндейді, қажет болған жағдайда оқушылар оған назар аударып, бұйымды сәндеу туралы ақпарат алады. Бұл жерде жазылған сөздер не үшін қажет деп ойлайсыздар? Ендеше сабақтың тақырыбы: түймедақтың ортасында жазылған сары жағы аударылады. Сабақтың мақсатын анықтау Оқушылар алдыңғы тапсырмада жазылған жапырақтарындағы сөздерді қолдана отырып,, сонымен бірге өздерінің қазақ ұлттық бас киімдерінің нобайы салынған суреттеріне қарап, осы сабақтың мақсатын анықтайды.   Мұғалім тақтаға қажетті жазулар жазады, ал оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып алады.  Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері: Кесте – әрлеудің бұл түрін қолдана отырып, мата фактурасын, формасы, бұйым конструкциясын, сонымен бірге фасоны мен адамның жасын ескеру қажет. Кестелеу үшін әртүрлі материалдарды: акрильді жіптер, бисер, стеклярус, жібек таспа, мулине жібі және т.б. қолдануға болады.Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті ызба және т.б. болуы мүмкін.Жапсырма — онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады. Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы ескеру қажет. Топтық бағалау, әр топ келесі топты бағалайды, дескрипторларға топтық бағалау бас бармақтар арқылы қойылады           Дескрипторлар арқылы бағалау                                                
Нұсқаулық  жұмыстар. 2 минут                                 Шығармашылық жұмыс 15 минут                                                                     Топтық жұмыс 7 минут                                             Сабақты қорытындылау 3 минут                     Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын еске түсіру. Арнайы алжапқышты тағу керек.Құралдарды орнымен қолдану керек.Желіммен жұмыс кезінде мұқият болу.Ыстық желіммен жұмыс кезінде пистолеттің бауы мен корпусын тексеру керекПистолеттің металл ұшын қолмен ұстауға болмайды.Ине мен қайшыны ұқыпты пайдалып және қорапта сақтау керек. Жұмыс соңында орныңды жинастырып, қолды жуу керек. Дескриптор: -ыстық желіммен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі. -құралдарды орнымен қолдана адлады. ҚБ.   Оқушылар алдыңғы сабақтағыдай сол құрамда топқа бірігеді. 1-тапсырма Бірлескен әңгіме Алдыңғы сабақта дайындалған бұйымды қолөнер элементтерін пайдалана отырып, ұлттық нақышта сәндеу. Эскиздерін қарап шығады. Мұғалім әр топқа бір-бір сұрақтан беріп, ойланып, ортаға салуды ұсынады. Топтар осы жайында өз ойларын постерге жазады және шығармашылық жұмыстарын орындайды. Топта өз шығармашылық жұмыстарыңды қарастырыңдар. Альбом немесе жеке А4 форматты парақтың жоғарғы жағына өз жұмысыңды өңдеу және сәндеуге арналған шығармашылық идеяларыңды жазыңдар, топта талқылаңдар. Ең жақсы идеяны таңдаңдар. Өз таңдауыңды дәлелдей отырып, жобалық бұйымды сәндеуге арналған материалдар мен техникалардың әртүрлі нұсқаларын ұсыныңдар. Өз идеяларыңды өзге топқа көрсетіңдер.   «Шеберлер»  тобы: «Бойжеткен қыздың сәукелесін  сәндеу» «Дизайнерлер» тобы: «Фетрден жасалған сәукелені сәндеу» «Ісмерлер» тобы: «Қатпарланып қапталған сәукелені сәндеу»   Дескриптор: -шығармашылық бұйымдарын түрлі фурнитуралармен әрлейді; -ұлттық ою-өрнектерді қолданады; -қауіпсіздік және сақтық шараларын қолданады, -жұмыстарын қорғайды. ҚБ.   2-тапсырма. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі.   Рухани жаңғыру бағдарласы аясында ұлттық салт – дәстүр бұйымдарын моншақпен, ызбамен, таспамен, баумен, лентамен, стекляруспен сәндеу. 1-топ. «Сырға салу» қобдишасын сәндеу. 2-топ. Тұсау кесер бұйымдарын сәндеу. 3-топ. Қырқынан шығару рәсімінің бұйымдарын сәндеу. Дескриптор: -ұлттық мәдениет элементтерін біледі; -ою-өрнектерді бұйымдарға орынды қолданады. -безендіру түстерін дұрыс шеше алады. ҚБ   «Шашу» әдісі. Конфет қағазына жапсырылған стикерлерге сұрақтар жазылып, шашу болып шашылады, сұрақтарға жауап алынады.   Пәнге қатысты лексика мен терминология: Баскиім – головной убор –  Headwear Этностиль – этностиь – ethnostyle Жұқа киіз – фетр –  thin felt Сәндеу –  декорирование – decoration Бұйым – изделие – product Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Қазақ ұлттық киімдерінің өзге ұлттардан айырмашылығы … Оның ерекшелігін … анықтауға болады. Бұйымды көркемдеп әрлеу үшін  қандай фурнитуралар қолданылады Этностильдегі бұйымды әртүрлі материалдармен қалай сәндеуге болады? Жобалық бұйымды сәндеудің қандай әдіс-тәсілдерімен түрлендіруге болады? Сәндеу кез келген бұйымның функционалдық сапасын жақсарта ала ма? Неліктен?    « Еске түсіру» әдісі А4 форматты қағаз                                     Бас бармақ арқылы бағалау                           «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Мадақтау  сөздер арқылы бағалау: Тамаша! Бәрекелді! Жарайсың! Өте  жақсы! Өте керемет! Жақсы! Сабаққа жақсы атсалысып отырдың!                                 «Жариялау»  әдісі Шығармашылық бұйымдар, түрлі фурнитуралар                                              
Рефлексия 3 минут                             Кері  байланыс   «Бес саусақ» әдісі А3 форматты қағазға «Бес саусақ» салынған сурет.
Сабағымыз аяқталды, барлығыңызға рахмет, бес саусақта қалдырған пікірлеріңізбен «Күлімдеген күн» суретін  толықтыруларыңызға болады. Сау болыңыздар.