МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ – ҚЫРАН ТАҒДЫРЛЫ АҚЫН


Ахметова Айман Баяхметовна

«Щучинск қаласы, жоғары техникалық  колледжі» МКҚК қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы

Мақсаты: Қазақ ақыны М.Мақатаевтың  өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып,қызығушылықтарын дамыту,арттыру. Отанға, тілге,туған жеріне сүйіспеншілік таныту.

Цель: познакомить с жизнью  и творчеством казахского поэта М. Макатаева, развить интерес к  поэзии, воспитывать любовь  и уважение к  языку, Родине.

Средства обеспечения: на проекторе портрет поэта, слайды.

Сабақтың барысы

1 жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі қонақтар мен  студент қауымы!  Бүгін біз ақиық ақынымыз  Мұқағали  Мақатаевтың мерейтойына орай жиналып отырмыз .Ақын тойы-бәріміздің тойымыз, өзін қазақпын деп санайтын бүкіл халық тойы.

2 ведущий: Добрый вечер, уважаемые гости и наши студенты! Мы приветствуем вас на уроке, посвященном  казахскому поэту Мукагали Макатаева, поэта, которого так щедро одарила природа; человека, который был и остается для нас живым примером того, как можно достойно прожить жизнь во времена, самые что ни  есть неблагоприятные для честного человека и, не сломавшись, остаться таким до конца.

1 жүргізуші: Иә, Мұқағали-ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.  Хантәңірдің биік шоқтығындай болған Мұқағали аға! Жатқан жеріңнен, туған топырағыңнан тұрып, бір сәт болса да орал, арамызда бол!

           М. Макатаевтың өлеңі  «Арыз жазып кетейін».

Мұқағали: Бүгін менің туған күнім,

Ой ,пәлі-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай –ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

“Мынау-шапан,

Мынау атың ,мін демей.

Мына жұртқа жақпады маәлденем?!

Бекер өмір сүргенім бе, әлде мен?

Халқым,

Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен, бәрібір өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

1 жүргізуші: Ақын мұңы бізге жетті. Оның тілегін орындау біздің парызымыз. Ендеше бүгінгі кешті ашық деп жариялаймыз.

Инсценирование стихотворения «Менің анкетам».

Сұрақ қоюшы: Туған жерің?

Мұқағали: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

Сұрақ қоюшы: Туған жылың?

Мұқағали: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Сұрақ қоюшы: Жынысың кім?

Мұқағали: Еркекпін ғой, еркекпін!

                     Және дағы тәуірмін…

Сұрақ қоюшы: Партияда барсың ба?

Мұқағали: Жоқпын.

                     Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

Сұрақ қоюшы: Шыққан тегің?

Мұқағали: Шаруамын.

                     Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Сұрақ қоюшы: Білімің ше?

Мұқағали: Орташа ғой.

                    Алайда өзім жоғарыға балаймын.

Сұрақ қоюшы: Ана тілің?

Мұқағали: Қазақша.

                    Қысылғанда орысша да, немісше де тағ

Сұрақ қоюшы: Қайда істедің?

Мұқағали: Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.

                    Оқымаған, дипломсыз демесең,

                    Бір басымнан бар мамандық табылар.

Сұрақ қоюшы: Міндеттісің бе әскерге?

Мұқағали: Міндеттімін.

                     Біздің әлі жас кеуде.

                     Жауынгердің ұлымын ғой,

                     Жанын қиған Мәскеуге.

Сұрақ қоюшы: Сөгіс алып көрдің бе?

Мұқағали: Ол жағынан періште едім деп алмаймын

                     Мен мүлде.

                     Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

                     Ол өзі бір еншісі ғой ездіңәрі ердің де…

Сұрақ қоюшы: Шетелдерде болдың ба?

Мұқағали: Болғаным жоқ.

                     Олар маған тұрған да жоқ қол былғап.

                     Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

                     Осы отырған орнымда-ақ.

Сұрақ қоюшы: Мекен-жайың?

Мұқағали: Мекен-жайым – жер менің.

                     Жерде жүрген ақын деген пендемін.

                     Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздан,

       Мен өмірді жырлау үшін келгенбін!.

2 ведущий: «Я поэт, пришедший воспеть жизнь», – пишет Мукагали. И действительно, главным в творчестве поэта  является любовь к жизни. Жизнь в постоянном поиске, в творчестве, любви к окружающим, в поэтическом осмыслении.

Стихотворение «Мои мысли»

Владислав:   Журчат сверкающие мысли,

Как будто горные ключи.

Они над безднами повисли

В сиянье дня, в слепой ночи.

Вот что-то их слегка тревожит,

Вот веселы они опять…

Но ни одна из них не может

Свое волнение унять!..

Они блистательны,

 Не спорю.

Они ликуют и гремят.

Но каждый миг стремятся к морю

Уже который год подряд.

Что за надежда,

Что за причина

Ведет их в столь далекий путь?

Чем привлекает их пучина?

Неужто жаждой отдохнуть?

Но ведь не все впадают в море

Нетерпеливые ручьи…

Я пребываю с ними  в споре.

Они мои или ничьи?!

А ежели мои-

Навеки

Оставлю их в родном краю

Пусть мысли добрые,

Как реки,

Напоят лучше степь мою

2 ведущий: «Степь мою!..». Огромна любовь к земле, на которой он родился. Это село Карасаз в  живописном горном районе Казахстана на границе Китая и Киргизии, у подножия великой горы Хан Тенгри – «Властителя Духов», на жайляу Каркара (ныне это  Нарынкольский район Алматинской области). Белое безмолвие снежных вершин  окружало с детства Мукагали. Наверное, поэтому его поэтический дар обладает высокой духовностью и достигает вершин философской мысли.

1 жүргізуші: Мұқағалиды тек ақын деп айту, оның шығармашылығын толық ашпағандық болар, оның өлеңдерінің мазмұны терең де ойлы сондықтан сазгерлер оның өлеңдеріне жан бітіріп ән қылып шырқатқан. «Сен көріктісің», сөзі: Мұқағали Мақатаевтікі, орындайтын  Ықылас Райымбек.

Мұқағалидың шығармашылығын үш кезеңде алып қарастыруға болады.  Бірінші: жартылай ашаршылық балалық шағы. Жасөспірім шағындағы қиыншылықтар. Бұл  жылдар ақын есінде мәңгі өшпес өз іздерін қалдырып кетті. Өзінің ең алғашқы өлеңін Мұқағали сол кездің ақындарына еліктеп 10 жасында жазды.

2 ведущий: Первой его Музой была Сердце-Дарига. Она замечательно пела, и он заслушивался её пением, и поэтическая искра уже тревожила его душу. Дариге посвящена поэма. Дарига любит. Любит и стыдится своей любви – запретной, осуждаемой всеми в ауле. Любит юного Мукагали. И он её тоже любит, как можно любить только в первой молодости: горячо и мучительно.

 Дариға  және  Мұкағали.

Махаббат диалогы.

Дариға: Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

Мұқағали: Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

Дариға: Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

Мұқағали: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

Дариға: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

Мұқағали: Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

Дариға: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

Мұқағали: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

2 ведущий: Но любовь их оборвалась трагически. Прекрасная Дарига погибла, потрясение от её гибели останется с поэтом навсегда. Потрясение и вина. Сердце-Дарига, о которой он говорит: «Она сделала меня поэтом», трагическим крылом осенит всю его поэзию.

Исполняется вальс под песню «Дариға – жүрек».

2 ведущий: В сердце поэта жила доброта к людям. Нельзя без слёз читать стихотворение «Жизнь», в котором человек, степняк, не может собрать и перевезти на летнее кочевье свою юрту, потому что на шаныраке – крестовине юрты –   свили гнездо ласточки. И человек ждёт, когда же они выучат своих птенцов летать, не может же он разрушить это гнездо.… Это не сентиментальность поэта, это душа его плачет и стонет, пытаясь пробудить в сердцах людей светлое и доброе.

Стихотворение «Өмір»

Есен :     Қойлы ауыл көшіп кеткен жайлауында,

Жалғыз үй неғып отыр мына?!

Шопан жігіт элдене ойлауда,

Ойлануда, келе алмай байламына.

Бәрі көшкен малшының маңайдағы,

Жайлауына жайғасты талайлары.

Үйін әлі жыға алмай қамсыз жігіт,

Әлденені қия алмай қарайлады.

Көшсем деген салқынмен таң атарда,

Жүгін артпай әлі отыр сары атаңға.

…Қос қарлығаш тынымсыз жем тасуда,

Ұядағы тойымсыз балапанға.

Не деген балажанды құрғыр еді,

Киіз үйге бір шығып, бір кіреді.

… Шопанның шаңыраққа көзі түссе,

Шарасы таусылғандай ділгіреді.

Ойының болмай қояды тиянағы,

Қарайды балапанға ұядағы.

Үлбіреп қауыз ашқан үш өмірді,

Қалайша құрбандыққа қия алады.

Тәңірі дәрменсіз ғып жаратар ма!..

Тағдыры үш өмірдің алақанда.

…Қос қарлығаш ойында дәнеңе жоқ,

Жем тасуда тойымсыз балапанға.

Үй иесі су берді сары атанға,

– Көшермін ,-деп, – келесі таң атарда.

Ақ боз үйдің атан тұр іргесінде,

Шопан отыр ойының түрмесінде.

Талай Құстың ордасын ойрандаған,

Алаңғасар жас шағы тұрды есінде.

1 жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі  – «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланды. Енді поэмаға кезек берейік.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.

Автор: Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

             Жылға да жоқ даламен жалғасуға

             Таста  тұнған жаңбырдың тамшысындай

             Қалай біткен мынау көл тау басына?

             Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

             Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә?

             Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

             Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

             Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

             Жетім көлге қараудан шаршамаған?

             Ортаймаған Жетім көл толмаған да,

             Болған өмір ұқсайды болмағанға

             Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ,

             Айдынына аққуы қонбаған ба?!

Аққу күйі ойнайды (4 аққу киімін кигендер билейді)  Төсекте бала, жанында анасы отырады.(көрініс)

Автор: Бала жатыр төсекте албыраған,

             Әке жатыр еденде қалжыраған

             Таң күзетіп ана отыр, қос жанары

             Шарасыздан шаршаған қалжыраған

Анасы: Мана  күндіз тәуіп шал не деп кетті?

              Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті….

              Аққуменен баланы аластаңдар

              Деді дағы жәйімен жөнеп кетті

              Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға

              Неткен жансың санасыз жаратылған?

              Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі

              Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

Әкесі:  Апырай, қалай барам қалай барам?!

             Атармын аққу құсты қалай ғана?!

             Айдынның аққулары ұйықтағанда,

             Өрген мал, өскен шырша абайлаған

             Барлығы қасиетке қарайлаған,

             Оқ атам қасиетке қалай ғана?

             Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?

Анасы: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

              Балам өлсе, бақыттың керегі не?

              Топан су басып кетсін қалғандарын

              Перзент сұрап несіне армандадың?

              Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

              Мылтықты әкел! Атты ертте! Жалған бәрі!

Аққулар ұйқыда, көл беті тыныш,

Автор: Қасқа таң

             Бұлбұл үні

             Көл бетінде

             Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле,

             Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

             Таңданып тәкәппар құс келбетіне.

             Аққулар….

             Аққу мойын,  сүмбе қанат

             Алаңсыз тарануда күнге қарап.

             Айдынның еркелері, білмей тұрмын

             Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Осы кезде мылтық атылады, көлдің беті шу, алыстан жылқышы шал келеді

Жылқышы шал:

Апырай, бұл кім болды таңсәріде?!

Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан.

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?!

Тастағын қаруыңды келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның барда!

Анак жылқышы шалдың қасына келіп жылап, баяндайды.

Жылқышы шал: Әй, балам!..

Болмады ғой, болмады ғой….

Қасиет кетті көлден сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!

Ана үйіне келе жатқанда үйінің жанынан көп кісілерді көреді.

Автор: Абыр-сабыр үй маңы дүрбелең-ді

Алғаш ана абыржып, білмеген –ді

Ат үстінен түсе алмай қатып қалды

Білмейді қайда келді, кімге келді.

Ана жынданып кетеді.

Анасы: Жоқ!

Мен емес…..

Мен атпадым

Кешіре гөр, кешіре гөр жаратқаным?!

 Қазір, ботам…

Мінекей, таң атады….

Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын…

Жазыласың, құлыным, балапаным!

Автор: Аққулар…

             Аңыз көп қой олар жайлы,

             Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды…

             Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

             Шошыса, екінші рет оралмайды.

             Орнында екен Жетім көл жоғалмапты,

             Ортаймапты немесе тола алмапты,

             Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

             Қасиетті аққулар оралмапты.

2 ведущий: Мукагали Макатаев был влюблен в «солнечный город с ласковым именем», город, окруженный горами, в котором жил и творил  – в Алматы. Именно этот город. Представлявшийся поэту воплощением земного рая, открыл всю глубину его великого таланта. Поэтому и появилась в конце 80-х годов в центре Алматы улица имени Мукагали Макатаева. Этот человек умел жить и любить, испепеляя  душу и сердце, отдавая себя всего людям, которым верил.  В жизни Мукагали всегда улыбался. Улыбались его глаза, скрывавшие грусть и тоску: и все же он был счастливым человеком. 

Стихотворение «Ғашықпын»

Жанзақ Есен: Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам болмайын.  Сол аман ба!?

О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын!

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын  оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Шарықтап,қолым жетпес көкте Күнге,

Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?

Шарық ұрып бар ғаламды шыр айналып,

Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт, бар сенімді шашып болып,

Өтермін сірә да мен бұл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.

1 жүргізуші: Мұқағали –лирик ақын. Біз атайтын азаматтық ардың өзін ол лирикамен ұштастыра білген. 17 жасар Мұқағалидың өлеңі 1948 жылы  «Кеңес шекарасы» атты газетте жарық көреді. Бірінші кітабы ол 33 жасқа келгенде жарық көреді. Ақын салиқалы жігіт ағасы жасына келгенімен,  оған атақ,   газеттер мен журналдарда жарияланған  шығармалары арқылы ерте келген еді. Оның шығармаларының басты тақырыптары  – Отан туралы.  Өзінің әйгілі «Үш бақытым» өлеңінде ол  «ең бірінші бақытым- халқым менің» деп басталады, егер халқым өмір сүрсе мен де бармын дейді, ал  ол мен үшін-қуаныш.

Стихотворение «Үш бақытым» .

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер,

Жадыңда ұста:

Жақсылық күтпегейсің!

От емес; оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

2 ведущий: Поэт Мукагали Макатаев обладал счастьем творчества сполна. Честный человек, он никогда не просил за себя, ничего не требовал. Жил крайне скромно, любил жену Лашын, дочерей Алму, Шолпан, Жулдыз, сына Айбара. Дочь Майгуль трагически погибла, Мукагали тяжело переживал её смерть.

1 жүргізуші: Өмірінің екінші кезеңінде Мұқағали Еуропа классик ақындарының шығармаларын аударуға кіріседі У.Шекспирдің сонет жинақтары мен У.Уитменнің  «Шөптің жапырақтары», Дантенің «Керемет комедиясы» шеберлікпен қазақ тіліне аударады.

2 ведущий: Третий период – время учёбы поэта в Москве на Высших  литературных курсах и после него. Это был уже другой Мукагали…

Стихотворение «Уезжая из Москвы»

Зазывает московская злая метель,

Я по снегу идти не могу.

Как корабль, внезапно севший на мель,

Самолёт наш тонет в снегу…

Напоследок вдохну морозов твоих,

Я не знаю буранов милей,

И московский северный снежный вихрь

Повторится ли в жизни моей?

Оказался я для Москвы чужой,

И вот вынужден уезжать.

Что сказать мне близким, вернувшись, домой,

Что сказать мне им, как сказать?

Вот и утро.

Поземка в аэропорту

Заметает наши следы.

Самолёт, поскорее отрапортуй,

Что доставил нас в Алматы!

1 жүргізуші: Мұқағали туған әдебиетке деген фантастикалық ойларын әлемдік әдебиетке де қолданады. Оған Пушкиннің, Некрасовтың, Блоктың таңғажайып шығармалары жатады.

2 ведущий: Поэту трудно жилось, работал он много, издавали его мало… Прижизненные его   издания можно пречесть на пальцах одной руки. Одну из лучших своих  книг «Жизнь – поэма» поэт подготовил, но не увидел вышедшей в свет. Когда в 1979 году в издательстве “Жазушы”вышла книга “Жизнь – озеро”, а в 1984 году – “Шолпан”, то стало очевидным: Мукагали не издал при жизни и половины написанного им. В этом трагизм существования для каждого пишущего человека, а для него, осознающего свою поэтическую силу, свое место в национальной поэзии, тем более. В его стихах и поэмах усилилась трагическая нота, что только еще больше подчеркнуло его любовь к жизни и людям. Это уже зрелый Мукагали. В те годы поэт поднялся до вершин своей поэзии.

Стихотворение «Нені көрдім»

Не көрмедім демеймін,

Нені көрдім?

Маған, өмір,

Көрсін деп нені бердің?

Ештеңе де көрген жоқ,

Көрмей, білмей,

Жөніме өлгім келеді,жөніме өлгім.

Көргенім жоқ қуаныш, қайғыны да,

Қуануға мұрса жоқ, қайғыруға.

Жоқшылық та жат маған, байлығың да,

Қонысым бар қос жолдың айрығында.

Махаббаты білмеймін, сүюді де,

Сүймей өмір өткерген күйім міне.

Жүрегіме бірреулер ғашық болып,

Иілді ме, білмеймін, күйінді ме?

Жақсылығын біреудің, қорлығын да

Көргенім жоқ, білмеймін барлығын да.

Қуанышымбелгісіз, зар-мұңым да,

Таң нұры да белгісіз тағдырым да.

Не көрмедім демеймін,

Не көрдім мен?

Көрермін деп бәрін де келер күннен,

Айрығына қос жолдың қосым тіктім,

Қос өркешті түйемді шөгердім мен.

1 жүргізуші: Ақын ағамыздың артында қалған мұраларының бірі – ақын күнделігі, енді бір сәт күнделікке кезек берсек, ол бізге былай деп сыр шертер еді.  «Ақын болу үшін ақында не болуы керек?  Бірінші: талант. Білімді, сұнғыла талант (диплом міндетті емес).  Екінші: ұят, өзінің нашар өлеңдерін оқығанда өзінен өзі ұялу үшін.  Үшінші: қарапайымдылық. Пушкин мен Абайдікіндей болмаса да, басқалар түсінетіндей  адамдық қарапайымдылық. Ақылдымсымау, түсіндірмеу, тек жырлау. Төртінші: түйсік.Басқалар көре алмайтынды көру және тану.   Бесінші: еңбек, үнемі шындалып отыру үшін.  Алтыншы: жан байлығын әмәнда сақтау қажет».

2 ведущий: Истинный поэт, поэт от Бога, не может не творить. В 1976 году в больнице, уже зная, что обречен, писал по 5-6 стихотворений  в день. Все они собраны в в двухтомнике «Өмір-өзен» уже после кончины поэта.

1 жүргізуші: Ақындықпен айналасқан 30 жыл ішінде ол көзімен көргендерін, ақындық санамен  түйсінгендерін қазақтың қара өлең үлгісімен төгілтіп жырлай берді, жырлай берді.

 Ақын жүреі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Қиналғанда  нағыз   ақын өзінің тілін  ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты.

2 ведущий: Сын фронтовика, погибшего в первый год войны в Подмосковье, в 33 года издал  первый сборник стихов, а на 45-м году жизни, полный замыслов и вдохновения  следующий свой шедевр.

1 жүргізуші: М.Мақатаев – заманымыздың ғажайып ақындарының бірі. «Мақатаев атты алып  ақынның жарқын жүзіне,миллион адам миллион түрлі пікір дайындаса да ешбір  кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек – дейді  Ә.Тәжібаев. Бұл сияқты лебіздер аз емес.

«Бақытыңды жырлайды»

1 жүргізуші: Мұқағали поэзиясына бас имейтін адам жоқ. Жер-жерде еңбектеген сәбиден еңкейген  қартқа дейін ұлы аруаққа мың-мың мәрте тағзым етуде.Оның өлеңдері өз рухымен  бірге жер әлемді аралай берсін.  Ақын тойы құтты болсын! Құт өлеңнен, өлең құттан арылмасын.  «Жүректен қозғайын,   Әдептен озбайын.  Өзі де сезбей ме, Көп сөйлеп созбайын», –деп ұлы Абай атамыз айқандай, осымен жыр алыбы Мұқағали Мақатаев туралы сазды-әдеби кешіміз аяқталады.

2 ведущий: И по доброй традиции  мы заканчиваем наш литературный урок-вечер  песней на стихи М.Макатаева «Есіңе мені алғайсың».