Ертеңгілік «Қазақстан – Республикам менің»


Акмолинская область
г.Степногорск

Мини-центр «Балдаурен»

ГУ «Средняя школа №2 п.Аксу»

Воспитатель: Калгужинова Айгуль Кайыргельдиновна

 

 

Мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.  Шарлар,  гүлдер,  музыкамен жабдықталған.

Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Тәрбеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата – аналар және балалар. Біздің тобымыздың «Қазақстан – Республикам менің» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!  Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, Отанымызға тыныштық тілейміз.  «Жұлдыздар» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран айтылады.
Тәрбеші: Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Ән “Біз бақытты балалар”
Тәрбиеші: ортамызға балаларды шақырайық, бізге өз тақпақтарын айтсын.
Мейрхан: 16-шы желтоқсан –
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.
Мерей:     Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік – ұлы той.
Дидар:     Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Ақжан:   16-шы желтоқсан –
Тәуелсіздік алған күн
Мерекені ел тосқан,
Шырқатып ән саламыз.
Бахтияр: Отан-менің ата-анам.
Отан-досым, бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым.

Тимур:  Отан-асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз
Есейгенде ел болып,
Елді жаудан сақтаймыз.
Кәусар: Отан-атам,
Отан-әкем!
Осы сөзім қате неге екен?
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны Атамекен.

Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін.
Би: «Қара жорға» –ұлдардың орындауында.
Тәрбиеші: Бақыт құсы қонды ғой,
Бүгін туған жеріме,
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.
Наргиз:  Бақытты боп жүргенім –
Сенің арқаң, Қазақстан!
Елім – менің тірегім,
Құшағында гүл атам.
Амира:  Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан.

Дильнғаз: Гүл жайнаған Астана,
Қазақстан отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны.
Тәрбиеші:  -Енді бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Күш сынасу»
Келесі тақпақтарды ең кішкентайларға берейік.
Дильназ: Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның құдіретті үнін сүйем.

Даяна:      Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Жан:        Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл-қаланы.

Адина:     Ардақты атамекенім,
Отаным-Қазақстаным.

Тәрбиеші: еңді ортаға ата – аналарымызды шақырайық, ойынға қатысыныздар.

Ойын: «Арқан тарту».

Ата – аналарға тілек айтуға сөз беру.

Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар, ата – аналар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *