Рухани жаңғыру-жаңа білімнің бастауы


Байкасынова Балауса Кикбаевна

Қостанай  облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылы” Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Жаңа технология мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін – өзі дамытуына, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бұл технологияның ұтымды  әдіс – тәсілдерін өз тәжірибемде жиі қолданамын. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс – әрекетінің жүйелі дамып, отыратын жобасы  ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Яғни, “Сын тұрғысынан ойлау  технологиясы арқылы   оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту” әдістемелік тақырыбым шеңберінде шәкірттерім өз қабілетін көрсете бастады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Яғни,  тиімділігі тақырыпқа байланысты не біледі, соны жазады өз білімін, тәжірибесіне сүйеніп немесе өздері тақырыптық сызба жасаулары мүмкін. Бұл жұмыстарды орындау барысында балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып, білімдері кеңейеді. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс – әрекетін ұйымдастыру тақырыпты мазмұнына сай жинақтау, сөз жұмбақ құрау, шешу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау т.б жұмыс түрлері арқылы іске асады.  Бірлескен және топтық жұмыс, мектеп пен сыныптағы мәдениет, мінсіз мұғалім мен мінсіз оқушы, сыныптағы психологиялық ахуал, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны,  шығармашылықты қолдана білу және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдістерді-тәсілдерді   жаңартылған білім аясында  ұғындым.  Әр сабағымда   ең алдымен, тақырыптарға SMART – мақсат қойдым. Ал, «Мінсіз мұғалім мен мінсіз оқушы» болу оңай емес. Қазіргі таңда  тілдік дағдыларды дамытуды өз тәжірибемде  қолданып жүрмін. Яғни, тілдік дағдылар айтылым, тыңдалым, жазылымға шәкірттерім төселіп те қалды. Сыныпқа кіргеннен бастап, көңіл-күйді көтеру үшін жағымды психологиялық ахуал жасау  күнделікті дағдыма  айналды. Ұйымдастыру, шаттық шеңбері, оқу мақсаты, мақсаттан ауытқымау, тақырыпты ашу, тапсырмаға сай бағалау критерийн құру мен қатар    әр тапсырмадан соң кері байланыс орнатуға үйрендім. Қалыптастырушы бағалау түрлері  бағдаршам, бес саусақ т.б   түрлері арқылы шәкірттерім өздеріне сыни тұрғыда қарап өзін-өзі әділ бағалауға  жаттығып қалды. Сонымен қатар ұжымда  жаңа бағдарлама аясында әріптестеріммен жиі  тәжірибе бөлісіп отырамыз. Ойымды түйіндей келе, жаңа әдіс-тәсілдердің  тиімділігі білімнің сапасын арттырады. Олай болса, білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістерді білім беру процесіне оңтайлы енгізуге үлесімді қосу басты парызым деп түсінемін.