Ашық сабақ “ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМ”


Н. Наушабаев Затобол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Затобол кенті,

Қостанай ауданы,

Қостанай облысы

Кабдуллин Малдыбай Серикбаевич 

Отбасында адам бойындағы  асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,                                                                                                                                                                                                                                                                                                              туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

                                                                                       Н.Ә.Назарбаев

 

Тақырыбы: ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Отбасы және қоғам, жастар туралы, отбасын құру, ұстанымдарын, атқаратын функциясын, тұрпаттарын, отбасындағы қатынастар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Өмірде кездескен және өз отбасылары туралы түсініктерімен теориялық білімді ұштастыруға,түйген ойларын, ұжымдар  мен зандылықтарды игерудегі танымдылық  белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік : Оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға,  әдептілікке, сыйластыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті  болу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдістері: СТО – стратегиясы, ақпараттық, оқытудың құрылымдық логикалық технологиясы

Сабақтың корнекіліктері: ҚР Конституциясы, «Неке және отбасы» туралы заңы, Бала кұкықтары туралы Конвенция, карточкалар, кестелер, деректі фильм «Қарттар үйі».

 

Сабақтың барысы:

  1. Үйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Оқушыларды топқа бөлу

2.   Жаңа білімді игеру:

3.   Жаңа білімді бекіту:

4.   Жаңа білімді пысықтау:

5.   Үй тапсырма.

6.   Қорытынды.

 

I. Қызығушылықты ояту.

 

А) Кестедегі сөздерден мақал – мәтелдерді дұрыс табу

Отбасы қоғамның ұясы
Отбасы тәрбие бақыты
Отбасы махаббат іргетасы
Отбасы бала көзі

 

Б) Мақалдың мән – мағынасына көңіл бөлу

В) Мағынаны ажырату.

 

 

ІІ. Жаңа білімді игеру

«Отбасы» – сөзіне ассоциация жасау.

Новый рисунок

1а.  Отбасын құру.

–        еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

–        отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі;

–        бөгде адамның отбасы ісіне араласуын болдырмау;

–        балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;

–        отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;

–        отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;

–        отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.

Отбасының атқаратын функциялары:

–        бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету;

–        баланы әлеуметтенуге, қоғамда өмір сүруге дайындау;

–        отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

2а. «Неке»

Отбасын құру негізі – махаббат.

3а. Балалар мен ата-ана құқықтары мен міндеті.

  • Ата – ана өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті, тәрбиелеуге құқылы және өсіп – жетілуіне жауапты.
  • Ата – аналары балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуіне міндетті. Ата – аналары, әдетте баласы оқитын мекемені баласымен келісе отырып таңдайды. Ата – аналары баласының сабақтан қалуын, мектепте нашар қылық көрсетуін қолпаштамауы тиіс.
  • Ата – аналардың балаларды өз бетінше жеке тәрбиелеуге құқығы бар.
  • Ата – аналары әр түрлі теріс қылықтардың алдын алу үшін балаларын қадағалап отыруға міндетті
  • Баласына патриоттық, имандылық, ұлтжандылық тәрбие беруге міндетті.
  • Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т. б улы затарды қолданбауға, балаға зиян екенін түсіндіруге міндетті.

Отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:

ž   Отбасындағы баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту,  бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

ž   Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне – өзі қызмет ету дағдыларын үйрету.

ž   Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

ž   Оқудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру.

ž   Отбасыдағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

ž   Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануға ұйымдастыру.

ž   Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Бақылау, тексеру, бағалау.

ž   Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естелікке баулу.

ž   Өзін – өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

 

ІІІ. Жаңа білімді бекіту(топпен жұмыс).

Жағдаяттар талдау.

  1. Қарттар үйінде тұрып жатырған Бекзат ата атақты еңбек ері, зейнеткер, 5 баланың әкесі, 9 немеренің атасы. Балаларына жақсы  тәрбие, білім беріп өсірген.Бекзат ата күнде таңертең терезеге қарайды да, ойланып отырады. Бекзат ата не ойлап отырады деп ойлайсыңдар?
  2. “Ата – ананың көңілі балады, баланың көңілі далада” – деген мақалмен мына бір жағдаятқа назар аударып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Майра ауылдан мектеп бітіргенен кейін, қалаға келіп коледжге оқуға түсті. Студент болды, жақын туыстары болмағасын, жатаханадан орын алды. Бірінші курсты өте жақсы аяқтады, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Курстастарының алдында беделді болды. Екінші курста сабағы төмендеді, себепсіз жиі –жиі сабақ қалдырды. Сөйтіп жүріп ол коледжді тастап кетті. Ауылда ата – анасы қызына сенімді оқып жүр деп ойлады, бірақ Майра өз бетімен білгенін істеп жүр. Майраның осындай жағдайға жеткеніне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
  3. Жадыра есімді ана соғыстан кейін жолдасынан айырылып, Айгүл есімді қызымен жалғыз қалды. Анасы  қызына мейірімділік танытпай, қатал ұстады. Тіпті кей жағдайларда дауыс көтеріп, қол жұмсауға дейін барды. Бір күндері  анасы өмірден озды. Айгүл өзіне “менің қызым болғанда, алақаныма ұстап, аялап өсіремін деп  өзіне уәде берді”. Сол күндерге де келіп жетті. Айгүл уәдесінде тұрып, қызын еркелетіп, өсіріп, оқытып, алақанында ұстады. Бірақ қызы мейірімділігіне мән бермей, кей кезде анасына дауыс көтеретін болды. Қалай түсінуге болады,  себебі неде деп ойлайсыңдар?

 

IV. Ой толғанысы.

V. Жаңа білімді пысықтау.

ФИОБЭК – әдісі арқылы.

Деректі фильм «Қарттар үйі»

VI. Үй тапсырма. Параграф 14 эссе «Менің болашақтағы  отбасым »

VI. Қорытындылау. Бағалау.   

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *