Ашық сабақ “Жай есептерді шығаруды үйрету”


Ахметова Айнұр Көбегеновна

“М.О.Әуезоватындағы педагогикалық колледжі” КМҚК математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы

АШЫҚ   САБАҚ

Тақырыбы: Жай есептерді шығаруға үйрету.

Пәні:  Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі

Мамандығы:  0105000  «Бастауыш білім беру»

       Біліктілігі: 0105013«Бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы:  31

Ахметова Айнұр Көбегеновна «Математика және информатика,  жаратылыстану » ПӘК Математика оқытушысы  

Семей,  2020

КЕЛІСЕМІН Директордың ғылыми-әдістемелік  жұмысы жөніндегі орынбасары                              _______________А.К.Бөленбаева          «___ »  _______ 20__ ж  
 БЕКІТЕМІН Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары                              _______________ М.Ш.Тоқтарбек «___ »  _______  20___ ж  
«Математика және информатика, жаратылыстану» пәндік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды ПӘК төрағасы_______________Қ.Ғ.Мусаев  «__»  ______ 20____ ж

Директордың ғылыми-әдістемелік  жұмысы

жөніндегі орынбасары                            

 _______________А.К.Бөленбаева

 «___ »  _______ 20__ ж

Сабақтың технологиялық картасы 

Пән: Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі Топ: 31                                                  
Сабақ тақырыбы:  Жай есептерді шығаруға үйрету.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Жай есептер туралы түсінік алады, оның түрлерімен танысады, жай есептерді шығару жолдары туралы ақпарат алады.
Сабақ мақсаттары Жай есептердің түрлерімен танысады, топқа бөліп ажырата біледі, есептердің берілгенін дұрыс жазып қолданады.
Бағалау критерийлері Жай есептерді шешу барысында есепті және оның құрамын ажырата алады;Жай есептерді шешу барысында  есеппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін түсінедіЖай есептерді шешу барысында бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының бірі – арифметикалық амалдар, олардың қасиеттері мен өзара байланысын практикада қолдана алады.
Тілдік мақсаттар: Арифметикалық амалдар, амал компоненттері, қатынастың мән
Құндылықтарды дарыту Дұрыс әрекет (Жауапкершілік, әдептілік)
Пәнаралық байланыс Математика, информатика
АКТ қолдану дағдылары Zoom, гугл-форма, Jambord, Quizizz сайттарымен жұмыс
Бастапқы білім Көбейту және бөлу, жіктеу, есеп, есеп шешудің әдістері мен тәсілдері
Сабақ типі Аралас 
Сабақ әдістері Түсіндірмелі, практикалық, жарыс, талқылау
Сабақта қолданылатын әдебиеттер 1.  Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Құрманалина С.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. –Астана: Фолиант, 2007 ж.- §7 2. https://www.tarbie.kz/15661 3. http://talimger.org/load/ash/matem/esep_zh_ne_ony_shy_aru/11-1-0-2565

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 3 мин                                   7 мин         Психологиялық ахуал Логикалық есептер  Мақсаты: білім алушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Шарты: гугл-формада, білім алушылар өз жауаптарын жаза алады 1. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?  Жауабы: Бір ғана мотоцикл 2. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді? Жауабы: 9 есе 3. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36;12  4. 1,2,3 цифрлары бір ретғана кездесетін неше үш таңбалы сан бар? Жауабы: 3! =1*2*3=6 5. Егер кез келген хатты кез келген курьерге бере алатын болсақ, әртүрлі 6 хатты 3 курьер арқылы поштаға неше тәсілмен жіберуге болады? Жауабы:3*3*3*3*3*3=729 Өткен тақырыпты қайталау (canvas платформасында тапсрымалар берілген). Есеп қандай бөліктерден тұрады? Есеп мәтінін талдаудың қандай түрлері бар? Есеп шығару жалпы неше кезеңнен тұрады? Есепті шешудің қандай түрлері бар? Есептің жауабын тексерудің қандай әдістері бар?  Берілген сұрақтарға жауап бере отырып презентация жасау
    гугл-форма                                          
Сабақтың ортасы                                     15 мин                                                                                                                                                                                                                                                       Жаңа тақырыпты түсіндіру: Білім алушыларға сұрақ қойылады, сұраққа жауап беру арқылы жаңа тақырыпқа келеміз. Сұрақ: Арифметикалық амалдар(+,-,:,*), олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғым қалыптастыратын есептер? (жай есептер)   Сабақтың оқу мақсаты таныстырылады. 1. Білемін 2. Білгім келеді 3. Білдім Не білгілері келеді, соған байланысты жоспар құрылады. Жоспар: Жай есептің рөлі;Әр арифметикалық амалдың мән – мағынасын ашуға арналған жай есептер.Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты тағайындайтын жай есептер Þбелгісіз компонентті табуға арналған есептер.Қатынастың мән – мағынасын ашуға арналған жай есептер. Жай есеп – бір амалмен шығарылатын есеп. Жай есептердің рөлі: Жай есептерді шешу барысында есеппен және оның құрамымен алғашқы таныстыру жүзеге асырылады.Жай есептерді шешу барысында оқушылар есеппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игереді.Жай есептерді шешу барысында бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының бірі – арифметикалық амалдар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғым қалыптасады.Жай есептерді шешу – құрама есептерді шешу біліктерін игерудің дайындық басқышы, яғни құрама есептер бірнеше жай есептерді шығару барысында шешіледі.   ЖАЙ ЕСЕПТЕРДІ ТОПТАУ.       Есептерді шешу барысында қалыптасатын ұғымдарға байланысты оларды топтауға болады. І топ.  Әр арифметикалық амалдың мән – мағынасын ашуға арналған жай есептер. 1. Қосындыны табуға арналған есеп.  «Аулада  екі қыз ойнап жүр еді. Оларға тағы 4 қыз келіп қосылды. Аулада қанша қыз бала бар?» Болғаны – 2 қ Келді – 4 қ Барлығы – ? Шешуі: 2+4 =  6 (қ) Жауабы: барлығы 6 қыз бала. 2. Қалдықты табуға арналған есеп. «Ыдыста 5 алма болған еді. Оның 3 – еуі желінді. Ыдыста неше алма қалды?» Болғаны – 5 Желінді – 3 Қалды – ? 5-3 = 2 (а) Жауабы: 2 алма қалды. 3. Бірдей қосылғыштардың қосындысын (көбейтіндісін) табуға арналған есеп. «12 балаға әрқайсысына 3-тен келетіндей кәмпит берілді. Балалар барлығы неше кәмпит алды?» 1 б. – 3 к. 12 б. – ? к. 3*12 = 36 к. Жауабы: барлығы кәмпит. Бөлуге арналған есеп: а) теңдей бөлу. «36 кәмпит 12 балаға тең бөлінді. Әр бала неше кәмпит алды?» 36:12 = 3 к. Жауабы: 3 кәмпит. ә) тиісінше бөлу. «36 кәмпит балалардың әрқайсысына үш – үштен бөлінді. Неше бала кәмпит алды?» 1 б. – 3 к. ? б. – 36 к. 36:3 = 12 к. Жауабы: 12 бала. ІІ топ. Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты тағайындайтын жай есептер Þбелгісіз компонентті табуға арналған есептер. Белгісіз қосылғышты табу. а) Бірінші: «Қыз бала бірнеше үлкен және 5 кіші тәрелке жуды. Ол барлығы 12 тәрелке жуды. Қыз бала неше үлкен тәрелке жуды?» Ү. – ? т. К. – 5 т.       12 т. 12 – 5 = 7 (т) Жауабы: үлкен тәрелке 7. Белгісіз азайғышты табу. «Ыдыста бірнеше кәмпит бар еді. Оның 12 – сі желінгенде, 9 кәмпит қалды. Ыдыста барлығы қанша кәмпит бар еді?» Болғаны – ? к. Желінді – 12 к. Қалғаны –  9 к. 12 + 9 = 21 (к) Жауабы: барлығы 21 кәмпит. Белгісіз азайтқышты табу. «Сөреде 15 кітап болған еді. Оның бірнешеуін алғанда, 8 кітап қалды?» Болғаны – 15 к. Алды -? к. Қалды – 8 к. 15 – 8 = 7(к) Жауабы: 7 кітап алынды. ІІІ топ. Қатынастың мән – мағынасын ашуға арналған жай есептер. Санды бірнеше бірлікке арттыру (тура түрі). «Серік бірінші күні 2 кітап, ал екінші күні одан 3 кітап артық түптеді. Серік екінші күні неше кітап түптеді?» І – 2 к. ІІ – ? 3-еуі артық. Шешуі: 2 + 3 = 5 (к). Жауабы: екінші күні 5 кітап. Санды бірнеше бірлікке кеміту (тура түрі). «Бірінші үйде 8 тұрғын, ал екінші үйде одан 3-еуі кем тұрғын бар. Екінші үйде неше тұрғын бар?» І – 8 т. ІІ – ? 3-еуі кем. Шешуі: 8 – 3 = 5 (т). Жауабы: екінші үйде 5 тұрғын бар. 3) Санды айырмалық салыстыру.  «нешеуі артық?» «Бір бумада 10 дәптер, ал екіншісінде – 6 дәптер бар. Бірінші бумада екіншіге қарағанда неше дәптер артық?» І – 10 д.        ? артық.      ІІ – 6 д. Шешуі: 10 – 6 = 4 (д) Жауабы: 4 дәптер артық. Санды бірнеше бірлікке арттыру (жанама түрі). «Бір қорапта 10 қарындаш, екіншісіне қарағанда оның 3-еуі кем. Екінші қорапта неше қарындаш бар?» І – 10 қ. Оның 3-еуі кем. ІІ – ? қ. Шешуі: 10 + 3 = 13 (қ.) Жауабы: екінші қорапта 13 қарындаш бар. Санды бірнеше бірлікке кеміту (жанама түрі). «Бірінші автотұрақта 7 машина бар, оның екіншідегіден 2-еуі артық. Екінші автотұрақта неше машина бар?» І – 7 м. Оның 2-еуі артық ІІ – ?  Шешуі: 7-2 = 5(м) Жауабы: екінші автотұрақта 5 машина бар. Санды бірнеше есе арттыру (тура түрі). «Омардың 4 қарындашы бар, ал Арманның қарындашы одан 2 есе артық. Арманның қарындашы нешеу?» О – 4 қ. А – ?, 2 есе артық. Шешуі: 4*2 = 8(қ). Жауабы: 8 қарындаш. Санды бірнеше есе кеміту (тура түрі). «Туристер бірінші күні 20 км, ал екінші күні 2 есе кем жүрді. Туристер екінші күні неше километр жол жүрді?»  І – 20 км. ІІ – ?, 2 есе кем. Шешуі: 20 : 2 = 10 (км) Жауабы: 10 километр. Сандарды еселік салыстыру.  «Неше есе артық?»: «Қыз балалар 15 жалауша, ал ұл балалар 5 жалауша жасады. Қыз балалар неше есе артық жалауша жасады?» Қ – 15 ж. Ұ – 5 ж.      ? есе артық.  Шешуі: 15 : 5 = 3 Жауабы: 3 есе артық. Санды бірнеше есе арттыру (жанама түрі). «Бір метр сәтен 90 теңге, ол бір метр жібектен 3 есе арзан. Бір метр жібек неше теңге тұрады?» С. – 90 тг, ол 3 есе арзан Ж. – ? тг. Шешуі: 90*3 = 270 (тг) Жауабы: 270 теңге. Санды бірнеше есе кеміту (жанама түрі). «Альбом 96 теңге тұрады, ол дәптерден 8 есе артық. Дәптер неше теңге тұрады?» А. – 96 тг, бұл 8 есе артық Д. – ? тг Шешуі: 96 : 8 = 12 (тг) Жауабы: 12 теңге.   Тапсырма: топты 3 секцияға бөлемін (Jambord бойынша тапсырма даярланып беріледі) 1-топ: Есептердің атын, тобын анықта және шығар: а) Аққу 88 км ұшты. Бұл көгершіннің ұшқанынан 26 км артық. Көгершін неше километр ұшты? ә) Спорт алаңында 8 ұл және 4 қыз бала ойнап жүр. Қыз балалар ұлдарға қарағанда неше есе кем? б) Оқушылар 6 қараторғай ұясын жасады. Екі ұяны ағаш басына іліп қойды. Енді ілуге тиісті қанша ұя қалды? 2-топ: . Есеп құрастыр және шығар: а) Белгісіз көбейткішті табуға. ә) Айырмалық салыстыруға. 3-топ: Жай есептердің 3 тобын топтастыр.                                 оқулық, кесте, презентация                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Jambord    
Сабақтың соңы 7 мин     3 мин       3 мин     2 мин Бекіту. Әр білім алушы ссылка жіберіледі   Quizizz платформасында тест жаңа тақырыпты қорытындылау үшін тест шешеді.   Тест 1 нұсқа, 5 сұрақтан тұрады. Рефлексия. Сабақ басындағы білгім келеді, білдім бөлімі толтырылса, сабақ соңында бүгінгі сабақтан  не білгені туралы сұралады. Бағалау. Бағалау сабаққа қатысқан білім алушыларға қойылады Кері байланыс. экранға  жүрекшелер қою арқылы  Үйге тапсырма: Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Құрманалина С.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. –Астана: Фолиант, 2007 ж.- бет 244-246 сурет бойынша есеп құрастыру   Quizizz платформасы             Zoom