Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу


Кулмуханбетова Хамаруан Сейтмухамедовна

Ш.Уәлиханов  атындағы №1 мектеп физика математика пәнінің мұғалімі

Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.2.3. Техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру
  Сабақтың мақсаты – Тұрмыстағы жылу берілу түрлері туралы білу, күнделікті өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру – Техникадағы жылу берілу түрлерін білу, өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру  Жылу берілудің түрлерінің ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі – Тұрмыс пен техникадағы жылу беру түрлері туралы біледі  Тұрмыс пен техникадағы жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіре алады  Жылу берілудің түрлерінің ерекшеліктерін сипаттай алады
Тілдік мақсаттар Арнайы пәндік лексика мен терминология Вакуум – ауасыз бос кеңістік, термос – суық және ыстық заттарды сақтауға арналған құрал, конвекция – сұйық немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі, энергия – дененің жұмыс істей алу қабілеті
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы: « Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» еңбекке, шығармашылық өсуіне, ортамен ынмақтастық қатынас орнатып, өмір бойы білім алуына баулу.
Пән аралық байланыс Жаратылыстану пәнімен – ауа ағыны, күн энергиялары, топырақ пен ауа арасындағы жылу алмасуға ауа райының әсерін түсіндіруде 5-6 сыныпта өтілген тақырыптарын еске түсіруде қолданылады, биология пәнімен – өсімдіктердің, қар жамылғысы астында көшеттерді сақтауда жылу берілу түрлерін айтуда қолданылады.
Алдыңғы білім Жер мен теңіздің температурасының арасындағы айырмашылықты, Қазақстанның батысындағы теңіздер жайында 6-сынып география, жылу берілудің түрлері, жылуөткізгіштік туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері   Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері   Ресурстар
    Сабақтың басы 10 мин                                                           Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеп, сабақты жағымды көңіл-күйде бастайды. Оқушыларды топқа біріктіру. «Мозаика» әдісі. Суреттер арқылы үш топқа бірігеді: Жылу өткізгіштік 2. Конвекция 3. Сәуле шығару         Үй тапсырмасын текеру, жаңа сабаққа бастама жасау мақсатында жылу берілу турлеріне байланысты сұрақтар «Сәйкестігін тап» және «Кім жылдам?» әдістері арқылы оқушыларға беріледі. «Сәйкестігін тап»     «Кім жылдам?» әдісі (қойылатын сұрақтар) Жылу алмасу дегеніміз не? Жылу берілу деп нені түсінесіңдер және қандай түрлері бар? Жылу өткізгіштік дегеніміз не? Конвекция дегеніміз не? Сәуле шығару дегеніміз не? Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не? Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері қандай?   Дескриптор: Жылу берілу түрлерін біледі. Жылу берілу түрлерін ажырата алады. Жылу берілу түрлеріне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді біледі. Дененің ішкі энергиясы және оны өзгерту тәсілдерін айта алады. Жинаған жұлдызшаларына қарай бағаланады.     Бөліктерге бөлінген суреттер, оқушылар құрастыра отырып, топтарға бөлінеді.                 Сәйкестендіру парақшалары, интерактивті тақта, жұлдызашалар                                   Интерактивті тақта, смаиликтер  
      Сабақтың ортасы 25 мин   «Ойлан–жұптас–бөліс» әдісі бойынша оқушылар мәтінді оқып топ ішінде талқылайды. Мәтінде берілген ақпаратты пайдалана отырып, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілу түрлері турлы мағлұмат алады. Мағлұмат бойынша тұрмыс пен техникадағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді. Мәтінді оқи отырып алдымен жеке ойланады, кейін жұптарда талқылап, ойша елестетіп, сурет, сызба, ретінде қағазға түсіріп, үлкен топ алдында талқылайды. Адамдар бұрыннан күнделікті өмірде жылу берудің әртүрлі түрлерін қолданған. Тіпті ертеде адам отты жағып үйреніп, отпен жылынып, өз тағамдарын дайындады, суықтан қорғану үшін аң терісін пайдаланды. Үйлеріңді бақылап қарасаңдар, көптеген жылу берілу құбылыстарын байқайсыңдар. Жылуөткізгіштігі жоғары екенін біліп, тағам дайындайтын ыдыстарды металдан, ал олардың ұстағышын ағаш немесе пластмассадан, яғни жылуөткізгіштігі нашар материалдан жасайды. Кірпіш, бетон, шыны сияқты материалдар жылуды нашар өткізетінін ескере отырып, үй тұрғызады, терезені екі рамадан салады, себебі оның арасындағы ауа да жылуды нашар өткізеді. Әуе шары — ауадан жеңіл алғашқы ұшу аппараты, ол қыздырылған ауаның әсерінен көтеріледі. Бүгінде әлемнің көптеген қалаларында әуе шарларымен туристерді серуендетеді, әуе шарларының фестивальдары өткізіледі, ғылыми зерттеулерде қолданады. Заманауи конвекциялық пештердің жұмысы еріксіз конвекция құбылысына негізделген. Мұндай пештер қазір үйде түрлі кафе, ресторандарда кеңінен қолданылады. Олардың артқы қабырғасына қыздырғыш элемент (ТЭН) және желдеткіш орнатылады. Пешті қосқанда ыстық ауаның еріксіз конвекциясы жүріп, пештің бүкіл көлемінде ауа біркелкі қызып, бірдей жағдай қалыптасады. Мұндай пештер ұннан жасалған түрлі тағамдарды және гастрономиялық өнімдерді даярлауға пайдаланылып жүр. Конвекциялық пештердің тағы бір артықшылығы – олар өте үнемді және экологиялық таза. Қосылған кезде ыстық ауа айналымы орын алады. Осы еріксіз конвекция әсерінен тағам толығымен біркелкі және жылдам қыздырылады. Мұндай пештерде тағам дайындау әрдайым жеңіл болады. Конвекцияның арқасында бөлмені жы лыт қыш батареяларымен қыздыруға болады. Оларды терезенің төменгі жағына орнатады, ол ауаның жылы ағындарымен алмасып, бөлмені жылытады.   Талқылау барысында келесі сұрақтарға жауап береді? 1.Тұрмыста жылу берілудің қандай түрлері қолданылады? Мысал келтір. 2.Техникада жылу берілудің қандай түрлері қолданылады? Мысал келтір. 3. Не себепті үйлер кірпіштен немесе ағаштан жасалады? 4. Бөлмені жылу радиаторларымен жылыту қалай жүзеге асады? Жылу радиаторлары әсерінен бөлмедегі ауа ағындарының бөлме ішіндегі алмасу схемасын сызыңдар. 5. Неліктен біздің елде терезе жақтауларын қосарлы етіп жасайды? 6. Әуе шарларының әлем кеңістігінде қозғалыс алуына жылу берілудің ролі қандай?   Дескриптор   Жылу берілудің тұрмыста қолданылуын айтады Жылу берілудің техникада қолданылуын айтады Жылу берілудің түрлерін ажырата алады Жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіре алады. Жылу берілу түрлерінің ерекшеліктерін сипаттайды.   «Айырмашылығын тап» әдісі Оқушыларға түрлі суреттер беріледі, оқушылар суреттер арсынан тұрмыста және техникадағы жылу берілу түрлеріне қай сурет сәйкес келетінін анықтап, сипаттайды, өмірмен байланыстырып түсіндіреді.                     Дескриптор Жылу берілудің тұрмыста немесе техникадағы түрін анықтап, қай түріне жататынын түсіндіреді. Жылу берілу түріне сипаттама береді.     Сурет, сызба, сызуға арналған қағаздар, маркерлер, компьютер               Бағалау парақшалары                   Суретті тапсырмалар           Мәтін                                                                           Суреттер                        
Сабақтың соңы 5 мин                               Әр оқушы өздеріне берілген жұмыс дәптерлеріне сабаққа қатысты, өздерінің белсенділіктеріне қатысты ойларын жазады.   Оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды Жұмыс дәптерлері  
Үйге тапсырма Техникада және тұрмыста жылу беру түрлеріне мысалдар келтіру