Сценарий Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы


Акмолдина Жанылшак Оралбаевна

КМҚК «Ақбота» бөбекжайы Қарағанды қаласы тәрбиешісі

Тәрбиеші: Акмолдина Жанылшак Оралбаевна                                                                             КМҚК «Ақбота» бөбекжайы. Қарағанды қаласы

Ұлыстың  Ұлы  күні  Наурыз  мейрамы

Мақсаты: 

Білімділік: Балалардың Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушлық: Балалардың  танымдық  қабілеттерін арттыру.Эстетикалық талғамдарын ұлттық санамен қалыптастыру. Сөздік қорларын арттыру. 

Тәрбиелік: Балаларды ұлттық салт дәстүрлер арқылы рухани азықтандыру арқылы патриоттық тәрбие беру.

Тәрбиеші: Күншығыстың  Наурызы  келгенде  Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!

Баршамызға белгілі 22-наурыз бүкіл қазақ кауымының жаңа таңының жаңа қадамы, яғни жаңа жыл мерекесі. Бұл мереке адамзат баласына тек нұры мен шуағын, шапағаты мен қуанышын сыйлап, ешбір жанның жүзіне күлкі сәулесін төкпей қоймасы анық. Қайғы мұңның бәрі ұмытылып, алдыңғы күндерді тек қуанышқа толтырудың жолы ашылады.

 «Қош келдің, Наурызым!» Олай болса, балаларымыздың бойына салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау мақсатында өткізгелі отырған ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймын.«Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

«Наурыз» әні

Тәрбиеші: Балалар әдетте ертеңгілікке қонақтар келетін бүгін кім келеді екен бізге?

Таусоғар: Амансың ба, жұртым. Мерекелі да берекелі наурыз мейрамы құтты болсын. тастардың арасында ішім пысып, тау тауды біріне соққан Таусоғар мен боламын. мен де сендермен ойын ойнап, көңіл көтергім келеді. «Қол күреске» қалай қарайсыңдар?!

Кәнекей ортаға шығыңдар….

Ойын: «Білек сайысы»

Таусоғар балалармен қоштасып кетіп қалады

Тәрбиеші: Балалар бұл мереке адамзат баласына тек нұры мен шуағын, шапағаты мен қуанышын сыйлап, ешбір жанның жүзіне күлкі сәулесін төкпей қоймасы анық. Қайғы мұңның бәрі ұмытылып, алдыңғы күндерді тек қуанышқа толтырудың жолы ашылады.

Сондықтан да салт дәстүрімізді тағы бір жаңғыртар тұсы ол, наурыз мейрамында айтылатын жарапазан екен. Кәнекей барлығымыз бірге тыңдайық.

Ортаға Жарапазаншы кіреді:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

 Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Тәрбиеші: Балалар салт дәстүр бойынша біз Жарапазан айтқан кісіге сый сыяпат көрсетуіміз керек. Кәне ендеше тақпақтарыңды айтыңдар.

Балалардың тақпақтары:

Сары аяққа толтырып сары уызын,

Құт мереке, қош келдің, Наурызым!

Сен де келдің көктемде төлдің басы,

Мағыраған бұйра шаш қара қозым.

Бар дүние наурызда сілкінеді,

Жарасады кәрі, жас күлкілері.

Жердің беті құлпырып шыға келді.

Ақша қармен жанарын сүртіп еді.

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

Тәрбиеші: «Көктем әні»

Ән «Көктем»

Тәрбиеші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын.

Ортаға Күн мен Түнді шақырайық:

Көрініс.

Дильназ бен Акмарал

(Күн мен түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.

Тәрбиеші: Балалар сендер асық ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Олай болса, Мына асықтарды мен жерге төгемін, кім асықтарды көп сандығына көп жинаса сол жеңімпаз болады.

Ойын: «Асықтар»

Тәрбиеші: Балалар кәне кім тағы да наурыз мейрамына арнап тақпақ айтады ортаға шыңығыңдар.

Балалардың тақпақтары:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

Күн шығыстың самал желі ескенде,

Күн күлімдеп, шуақ нұрын төккенде

Даламызды жадыратып жаңа жыл,

Біздің елге келеді ылғи көктемде.

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

Сары аяққа толтырып сары уызын,

Құт мереке, қош келдің, Наурызым!

Сен де келдің көктемде төлдің басы,

Мағыраған бұйра шаш қара қозым.

Бар дүние наурызда сілкінеді,

Жарасады кәрі, жас күлкілері.

Жердің беті құлпырып шыға келді.

Ақша қармен жанарын сүртіп еді.

Тәрбиеші:Балалар орнымыздан тұрып «Наурыз» биін билейік.

«Наурыз» биі

 Тәрбиеші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!