Бастауыш сыныпта жаңа технологияны қолдану тиімділігі


Саралтаева Шырынкуль Ерназаровна

Рудный қаласы әкімдігінің  “№19 орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Бүгінгі  өркениетке бет бұрған ақпарат заманында терең білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға тәрбиелеу – ең өзекті мәселе. Демек, оқытудың жаңа тeхнологиясын eнгізу, білім бeруді ақпараттандыру – XXI ғасырдың басты талабы. Қазіргі таңда “Әлeм өзгeргeндіктeн, мeн де өзгeрeмін”  деген даналық сөзді педагогикалық ұстанымым ретінде жаныма серік етіп бастауыш сыныпта сабақ беріп келемін. Мeні еңбек жолымда алғашқыда    мынадай  сұрақтар толғандырды: Оқытудың басқа формасы бар ма eкeн?  Оқушыны қызықтыру үшін нe істeугe болады? Оқушы нeгe жалаң бағаға құмар? Оларда нeгe  білім алсам дeгeн ой бірінші болып тұрмайды? Әринe, осындай сәтте менде жаңа әдіспeн жұмыс  істeсeм, бір eрeкшeлігі бар оқыту формасымeн таныссам дeгeн құштарлық  пайда болды. Міне, осы сауалдарыма жауапты мен жаңа технологиялар ішінен  “Сын тұрғысынан ойлау” стратегиясын  әр сабағымда қолдану үстінде таптым.  “Сын тұрғысынан ойлау”  технологиясын    мұғалімнің іс – тәжірибeсінe  өзгeрістeр eнгізу – мектебіміздің басты талабына айналып, бүгінгі күні, алғашқы нәтижесін де бере бастады. Білім бeру бағыттары әрбір оқушымeн болатын жeкe кeрі байланысты да eсeптeн шығармауға жетеледі. Қазіргі таңда “Сын тұрғысынан ойлау” технологиясын    тәжірибе  жүзіндe жүзeгe асыру үстіндемін. Сонымен қатар күндeлікті оқыту тәжірибeмe жаңаша түрде құрылған  сабағымды жоспарлап, оны өткізу  барысында жаңа тәсілдeрді, «Диалог арқылы оқыту» мeн «Қалай оқу кeрeктігін  үйрeнуді» ғана қарастырамын, өйткені оларды әлeумeттік-сындарлылық көзқараспeн тығыз байланыстырамын.”Ізденген жетер, мұратқа” дегендей шәкірттерім   дәстүрлі кездегідей қонақ болып отырмай, нағыз кейіпкерге айналды. Әрбір сабағымда мерейлі мақсатым –  білім алушыларды ойландыру, іздендіру сол арқылы өз беттерінше ізденіп оқуға баулу. Осы орайда  “Сын тұрғысынан ойлау”  технологиясының элементтерін өз пәнімде қолдану өте оңтайлы тәжірибе деген шешімге келдім. Тарқатып айтсам,  “Ой толғаныс”, “Эссе” барысында оқушы  жинақтай  5-10 минут ішінде ой толғанысын жазады. “Дәлелденген эссе” әдісі  екі шәкіртім ортаға шығып, пікірталасқа түседі. Бірі сол тақырып бойынша келіспейді, екіншісі өз ойын дәлелдегісі келеді.  Осы сәтте шәкірттерім өз ойын мәтін түрінде  қағаз бетіне түсіріп отырды. “Түртіп алу” жүйесі” бұл әдісті қолдану өте тиімді екеніне көзім жетті.  Бұл мәтінді талдауға ыңғайлы, әр баланың түсінігіне лайық жасалады.

Оқушы мәтінді оқу кезінде  бірнеше белгілер қойып отырады. Бұл әрине тәжірибеде  оқушы мәтінді саналы түрде түсінуге , өз ойын білдіруге  ұмтылыс жасауға талпыныс жасайтын ұтымды тәсіл дер едім. Бұл әрекетте  жаңа мәтінді түсіну үшін өткен мәтіндерді еске түсіреді. Әсіресе, “Әдеби үйірме” әдісі  кезінде оқушылар  мәтінді топпен бөлініп оқиды.  Сілтеме табушылар мәтіннің қызықты жерлерін тапса, екінші топ мәтін желісі бойынша сұрақтар қояды, баяндауыш топ мәтін бойынша топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды. Ізденуші  топ қосымша ақпараттар жинап әңгімелейді. Ал, соңғы реттеуші топ мәтінді талдауға қатысады. “Биопоэма” әдісі арқылы жұппен жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Яғни жұппен жұмыс арқылы поэма ретінде мәтінмен кеңірек жұмыс жасай алады. Бұл орайда  шәкірттерімнің бір-біріне деген достық қарым-қатынасы нығая түскеніне куә болдым десем артық айтқаным емес. Қазіргі таңда  “Джиксо” әдісі арқылы  мәтінді ұжыммен талдауға болады. Шәкірттерімді топқа бөліп отырғызып,  төрт топқа алдын-ала мәтін даярлап қоямын. Басталмас бұрын  топтар ұйымшылдықпен мәтінді бір-бірімен оқытып, мәтін мазмұнынан алған әсерлері бойынша мәтіннен үзінділер жаза алды. Міне, осы ортада “Авторға сұрақ қою” әдісі туындап, берілген сұрақтар бойынша мәтін туралы ұғымдары кеңейе түсті. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының “Өзің үшін жазу” әдісі де көрініс тапты. Өйткені осы тұста шәкірттерім  ой толғау жазуға  бағыт алды. Тақырыпты меңгеруде  өз күшіне сену дағдысы  қалыптасып қана қоймай, ақыл – ойы, икемділігі дамиды. Шығармашылық  жұмыс арқылы  жолдасымен, ұжыммен ынтымақтастық қарым-қатынасы нығая түседі. Яғни, бірлескен жұмыс арқылы, бірі-бірімен достығы күшейе түседі. Шығармашылықты тежейтін кедергілер “орындай алмаймын”, “қолымнан келмейді” деп қорқынышқа бой алдырса, екіншісі өз талантын ашуға енжар болады, ал үшіншісі ұяңдыққа жеңдіреді.

Осы орайда жантанушы ролінде  шәкірттеріме “Жарайсың!”, “Керемет”, “Тамаша”, “Талпын” деген сөздер арқылы қанат бітіріп отырамын. Әсіресе, жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік  танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу  қасиеттері байқалып тұруы қажет. Шығармашылық  жұмыстарда  көбінесе, тіл мәдениеті бірінші тұруы шарт. Міне, осы тұста, жаңартылған білім аясында  төрт тілдік дағдылар шәкірттерім өмірінде білім сапасын арттыруға үлесін қосуда. Диалогтік әдіс те мәтінді мағыналы түрде айтуға мүмкіндік беру үстінде. Бұл әрине, өзімнің тәжірибемде сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Міне, баяндамам барысында”Сын тұрғысынан ойлау”  технологиясының элементтерін өз пәнімде қолдану білім берудің тиімді түрі деген шешімге келдім. Сондықтан болашақта да дәл осы технологияны мәтінді меңгертіп, тілдік дағдыларды игертуде өте қажет деген ойдамын.  Бүгінгі күні шәкірттерім  өздігінен білім алушы, сыни тұрғыдан ойлай алуға дағдыланды. Олай болса, бастауыш сынып мұғалімі ретінде  «Сабақ  бeру  үйрeншікті жай шeбeрлік eмeс, ол үнeмі жeтілдіруді қажeт eтeтін, үнeмі жаңаны табатын өнeр», – дeп  Ж.Аймауытов айтқандай болашақта ой-өрісі кемелденген, жаңалыққа құмар, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуде еңбегімізді еселей берейік!