Сынып сағаты “Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш”


Петропавл қаласы

«№21 орта мектеп» КММ

Орындаған: 5 «ә» сынып жетекшісі

Токина Жанель Асановна

Мақсаты:          

Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;

Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Көрнекілігі: рәміздердің суреті, елбасының суреті, кітаптар

Барысы:

Мұғалім:  Мектеп өмірі білім баспалдағы тәрізді. Бір сатыдан екінші сатыға әр түрлі қиындықтар мен қуаныштардан өтіп, жоғарылай бересіздер. Барлық қиындықтарды бірге жеңеміз деген үміттемін. Тек қана білім алуды ғана емес, сонымен қатар дос болуға да үйренеміз. Біздің сыныбымыздағы жақсы қарым-қатынасымыздан әрдайым жылулық сезінсін.

Шаттық шеңбері(Төменде айтылғанға келіссеңіз, қимылдарды жасаңыз)

–         Егер сіз мектепке қуана-қуана барсаңыз, оң қолыңызбен бұлғаңыз;

–         Егер сіз адамдардың адалдығы мен ар-ұяттылығын бағаласаңыз, бір қадам алға басыңыз;

–         Егер өз күшіңізге сенсеңіз, орныңызда секіріңіз;

–         Егер біз айналадамыздағы адамдардың ұлтына және әлеуметтік жағдайына қарамай құқықтарын сыйлауымыз керек деп ойласаңыз, бір қадам артқа басыңыз;

–         Егер біздің еліміздің тағдыры сізді алаңдатса, алақаныңызбен шапалақ соғыңыз;

–         Егер өзіңізді патриот санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;

–         Егер біздің мемлекетіміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;

–         Егер еліміздің болашағы сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, қолдарыңызды ұстаңыз.

1-жүргізуші: Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.

2-жүргізуші: Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.

1-жүргізуші: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.

2-жүргізуші:Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»  атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

1-жүргізуші: Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

Рәміздеріміз туралы не айтасыздар?

(Оқушылар рәміздерді суреттеп береді)

1-жүргізуші:                     Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер  де.

Жаһандағы  ең жауынгер халықта

Кім сенеді Ту болмады дегенге ?

2-жүргізуші:                     Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса  ен – таңба ?!

1-жүргізуші:                   Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын , өзі әнші халықта ,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ? !

2-жүргізуші:                   Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным  алды жаулап  ғұмырды .

Босағада  қалып келген Елтаңбам

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Оқушылар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

«Қыз қуу» ойынын ойнайық

Бұл ойында сіздердің қаншалықты орыс тілін меңгергендігіңізді білеміз. Берілген сөздерді орыс тіліне аударасыздар. Әуен тоқтаған кезде, ойын аяқталады. Егер қыз жеңсе, ұлды қамшымен ұрады. Егер ұл жеңсе, қыздың бетінен сүйіп, тәтті береді.

Аударуға берілген сөздер:  отан – родина, елтаңба – герб, тіл – язык, халық – народ, мемлекет – государство, отбасы – семья, ту – флаг, бірлік – единство, татулық – дружба, туған жер – родная земля, әнұран – гимн.

Енді мынадай ертегіні тыңдайық. «Әкесі мен балалары»

Әкесі:

–         Балаларым, әрдайым ауыздарын бір болсын. Бір-бірлеріңе көмектесіп, қиындық болғанда бір-бірлеріңізді құтқарыңдар, – дейді.

Бірақ балалары, ешқашан әкесін тыңдамады, күнде ұрыса беретін болыпты. Сонда әкесі ұлдарына сыпырғыш әкелуді бұйырыпты.

–         Ал, енді сыпырғышты сындырыңдар

Қанша тырысқанымен, балалары сындыра алмапты. Сонда әкесі сыпырғыштың түйінін шешіп, бір-бірден сындыруды бұйырады. Балалары тез сындырады. Сонда әкесі:

–         Сендер де сыпырғыш сияқтысыңдар. Егер ауыздарың бір болса, сендерді ешкім жеңе алмайды, ал егер үнемі ұрысып, әркім өз бетінше жұмыс жасайтын болса, сендерді кез-келген адам ренжітетін болады.

Оқушылар, біздің де ауызбіршілігіміз мол, бір-бірімізге көмектесетіндей дос болуым керек. Сонда ғана мемлекетіміз өркендеп, әлемде беделді орынға ие болады. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда.

   Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір орам жіпті алып, бір-біріне деген тілектерін айтып лақтырады.

–         Осы шеңбер секілді татулығымыз, бірліміз жарасқан ел болайық

1-жүргізуші:   Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,

Тыңдарсың оң жүректің сазын әлі.

Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

Әсемдетіп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан- Қазақ елім!

Енді оқушылар, біздің ең басты байлығымыз- денсаулық. Деніміз сау болсын десек, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Спорт- денсаулық кепілі. Ендеше, қолымыз бос кезінде спорттық ойындармен айналысуымыз қажет. Тамыз айында өткен ХХХ жазғы Лондон олимпиадасында Отандастарымыз атой салып, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен әлемге көк туымызды паш еткен болатын. Лондон олимпиадасына  жанкүйер болған қазақ жұртының спортқа деген ықыласы арта түсіп,  көптеген спорттық кешендер ашыла бастады. Толағайларымыздың олимп төрінде жасындай жарқылдауына бірден-бір үлес қосқан, рухани көмек көрсеткен Елбасымызға алғыс шексіз. Елбасының ұстанып отырған саясаты арқасында тек саяси жиындарда емес, спорттық шараларда да көк туымыз көк аспанда желбіреуде.

Олай болса, «Бокс» ойынын ойнайық. /Екі оқушыға бокс қолғабы кигізіледі. Сол бокс қолғабымен тиынды алу керек. Кім бірінші алады, сол оқушы жеңімпаз атанады./

«Сен сүйетін спорт түрі» ойыны /Әр оқушы өзі сүйетін спорт түрінен бір көрініс көрсетеді./

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Таяудағы үш жылдың  өзінде мемлекеттік, жекеменшіктік әріптестік тетігін пайдалану арқылы Қазақстан өңірлерінде  100 аурухана салынды. Осымен бір мезгілде халықтың қалың топтарының қолы жететін жоғары технологиялық денсаулық сақтау жүйесін жасақтауға тиіспіз» деген сөзі дәлел бола алады.

Мемлекетімізге жарқын болашақ, елімізге саналы ұрпақ тілейміз. Айымыз үнемі оңымыздан тусын, ағайын! Осымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты кешіміз аяқталды. Деніміз сау, санамыз ояу болсын! Көріскенше сау болыңыздар!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *